Күнделікті тіршілікте қолданылатын негізгі
қажеттілікке жататын заттардан зекет берілмейді. Олар:
1. Баспанасы, үй жиһаздары мен пайдаланатын құралдары;
2. Ғылым адамдарының кітаптары мен өнер адамдарының
аспаптары;
3. Өзі және әйелі мен балаларына жететін бір айлық
(басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері;
4. Өзі және отбасының киетін киімдері;
5. Дәрі-дәрмектер;
6. Егістік және шаруашылықта қолданатын трактор,
комбайн, мінетін көлік сияқты техника мен құрал-
саймандарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен
жалданып, ақша табатын болса тапқан ақшасынан зекет
алынады.