Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет112/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

  Зекеттің үкімі қандай?

Жауап: 

Исламның негізгі бес тірегінің бірі Зекет ғибадаты 

Һижраның екінші жылы рамазан оразасынан кейін шәууәл 

айында парыз болды. Қасиетті Құрандағы: 



«Намаз оқыңдар, 

зекет  беріңдер» 

(«Бақара»  сүресі,  34,  83-аяттар)

,

 

«Олардың 

күнәларынан  тазаланып,  малдары  көбейіп  берекеттенуі 

үшін  олардың  (мұсылмандардың)  малдарынан  садақа 

(зекет)


 ал» 

(«Тәубе» сүресі, 103-аят)

,

 

«Шын мәнінде, садақалар 

(зекеттер) кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті 

жинауға  тағайындалған  адамдарға,  көңілдері  жібітілуі 

мақсат етілгендерге (жаңа мұсылмандарға т.б.), құлдарды 

азат  етуге,  қарызға  батқандарға,  Алла  жолына  және 

қиналған  жолаушыларға  берілуі  Алла  тарапынан  парыз 

етілді»,  –  деген 

(«Тәубе»  сүресі,  60-аят)

  аяттары  зекеттің 

парыздығына дәлел болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың 

салауаты мен сәлемі болсын): «Ислам бес негізге құрылған: 

Алладан  басқа  құдай  жоқ  екеніне  және  Мұхаммед  Алланың 

құлы  әрі  Елшісі  екеніне  куәлік  ету,  намаз  оқу,  зекет  беру, 



71

рамазан  оразасын  ұстау  және  шамасы  келсе,  қажылыққа 

бару»,  –  дейді 

(Бұхари)


.  Барлық  Исламның  ғұлама-мүжта-

һидтері  зекет  ғибадатының  парыз  екеніне  бірауыздан 

келіскен.  Тіпті  сахабалар:  «Зекетті  бермейміз  дегендерге 

қарсы соғыс ашу керек» деген пікір айтқан. Кімде-кім зекет 

ғибадатының парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Ал 

парыздығын қабылдап орындамаса, күнәһар болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет