Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет31/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

бөлігінде не істеуі керек?

Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


21

Жауап: 

Мұндайда зәрулік болмаса ішпей-жемей оразаны 

жалғастыруы  міндет.  Сонымен  бірге,  сол  күннің  оразасын 

қаза етіп өтейді.



Сұрақ:

  Қаза оразаны қатарынан ұстау шарт па?

Жауап: 

Шарт емес.



Сұрақ:

  Қандай оразаның қазасын қатарынан өтеу шарт?

Жауап: 

Каффарат  оразасының  қазасын  қатарынан  өтеу 

шарт.

Сұрақ:

 

Бірнеше жыл Рамазан оразасын қаза еткен әйел 



пидия беруі керек пе?

Жауап: 

Жоқ.  Пидияны  тек  өмір  бақи  ораза  ұстай 

алмайтын адам ғана береді.

Сұрақ:

  Рамазан оразасынан басқа кезде оразаны әдейі 

бұзу каффаратты міндеттей ме?

Жауап: 

Рамазан  айынан  басқа  бұзылған  оразаның 

каффараты жоқ. Тіпті, рамазан оразасының қазасын ұстап, 

оны әдейі бұзса да каффарат емес, тек қазаны басқа күні 

қайтадан өтейді.

Сұрақ:

  Рамазан оразасын ұстаған адам ғайбат айттым, 

оразам бұзылды деп әдейі жеп қойса, не болады?

Жауап: 

Ғайбат,  өтірік  сөз  оразаны  бұзбайтын  амал  

екенін  біле  тұра,  оразам  бұзылды  деп  ішіп-жесе,  каффа- 

рат міндет. Ал егер ғайбат оразаны бұзбайтынын білмесе, 

әрі хадисті қате түсініп, оразам бұзылды деп жеп-ішсе, бір 

күндік қазаны ғана өтейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет