Сұрақ:
Ораза кезінде жүрегі айнып құсса, ораза бұзыла
ма?
Жауап:
Хадисте: «Кім еркінен тыс құсып қойған болса,
оразасының орнын толтырмайды. Ал кімде-кім әдейілеп
құсқан болса, сол күннің қазасын өтейді», – делінген
(Әбу Дәуід). Демек еріксіз құсса, оразасы бұзылмайды.
Ауыз толтырып құсқан жағдайда, жұтылсын-жұтылмасын,
оразаны бұзады.
Сұрақ:
Ғайбат айту, өсек тасу немесе біреуге тіл тигізу
оразаны бұза ма?
Жауап:
Шариғатта біреудің сыртынан жамандап ғайбат
айту, сөз тасу – үлкен күнә. Алайда оразаны бұзбайды.
Хадисте: «Кімде-кім ораза ұстағанымен жаман әдеттерден
тыйылмаса, оның оразасы бекер», – десе, басқа бір
риуаятта: «Ораза – тозақтың қалқаны. Ғайбат айту
арқылы бұзбайынша ораза оны қорғайды», – деген сияқты
хадистердің мағынасын ғалымдар бір ауыздан ораза
бұзады деп айтпаған. Алайда оразаның сауабын кемітеді
деп түсіндірген. Демек оразаның негізгі хикметі тек ішіп-
жеуден ғана тыйылу емес. Сонымен қатар ғайбат, өсек,
өтірік айту сияқты түрлі күнәлардан да тыйылу міндетті
екендігін естен шығармаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |