себебі неде?
Жауап:
Мұсылман елдерінде жаңа айдың тууын
нақтылауда екі түрлі тәсіл қолданылады. Біріншісі, айды
көру ескі әдіс бойынша көзбен көру арқылы амалға асады.
Екіншісі, заманауи технологияның қызметіне жүгіну арқылы
айдың кіргенін анықтауға болады, әрі бұл шариғатқа қайшы
емес деп есептейді. Міне, осы екі пікір нәтижесінде екі ел
арасында бір күн айырмашылық болуы ықтимал.
Сұрақ:
Ораза айы неліктен жылда өзгеріп отырады?
Жауап:
Мұсылмандық діни құлшылықтар ай күнтізбесі-
мен жүргізіледі. Ол күнтізбеде ай 29 немесе 30 күнде
қайта туады. Ал, күн күнтізбесінде 1 ай 30 және 31 күнге
(ақпанда 29 немесе 28 күн) тең. Бір жылдық ай күнтізбесі
күн күнтізбесінен шамамен он күнге қысқа. Сондықтан
Рамазан әр жылы шамамен он күн кері жылжып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |