Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Рамазан  айында  есінен  танған  адамның  үкімі



Pdf көрінісі
бет64/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

Сұрақ:

  Рамазан  айында  есінен  танған  адамның  үкімі 

қандай?

Жолаушы және науқас адамдардың оразасы


40

Жауап: 

Рамазан  айында  ораза  тұтуға  ниет  етіп,  күндіз 

есінен  танып  қалса,  бұл  күннің  қазасын  өтеу  парыз  емес. 

Есінен  тануы  көпке  созылса,  айыққан  соң  ораза  ұстауға  

ниет  еткен  күнінен  басқа  күндердің  қазаларын  өтейді. 

Сондай-ақ, Рамазан айында жынды болып қалған адамның 

ақылы  кірсе,  қалған  күндерді  тұтып,  өткен  күндерінің 

қазасын өтейді.



Сұрақ:

  Аяқасты жолға шыққан адам оразасын бұза ма?

Жауап: 

Таң  намазы  кіргеннен  кейін  жолға  шыққан 

адам қиналмаса, сол күнгі оразасын бұзбай, соңына дейін 

аяқтайды. Егер ол адам оразасын бұзатын болса, тек қазасын 

өтейді, кәффарат қажет емес. Таң намазына дейін сапарға 

шықса,  онда  жолаушыға  берілген  жеңілдікті  пайдаланып, 

оразаға  ниет  етпеуіне  болады.  Бірақ  бұл  күндердің  қаза- 

сын өтейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет