Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Жолаушы және науқас адамдардың оразасы



Pdf көрінісі
бет70/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   130
Жолаушы және науқас адамдардың оразасы


43

Сұрақ:

  Ер  кісінің  жыныстық  мүшесінің  ұшына  дәрі 

тамызса оразасы бұзыла ма?

Жауап: 

Әбу Ханифа мен шәкірті Мұхаммедтің пікірінде 

бұл жағдайда ораза  бұзылмайды. 

Сұрақ:

  Ораза кезінде укол салдыруға бола ма?

Жауап: 

Негізінде, шариғат бойынша табиғи жолдар (ауыз, 

мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірген нәрсе оразаны бұзады. 

Ал  дене  арқылы  кірсе  ораза  бұзылмайды.  Оған:  «Терідегі 

жасушалар арқылы май секілді заттың ішке кіруі оразаны 

бұзбайды», – деген пәтуа дәлел. Имам Әбу Юсуф пен имам 

Мухаммад  бұл  үкімді  былай  тұжырымдаған:  «Қарындағы 

және  бастағы  терең  жараны  емдеу  оразаны  бұзбайды». 

Өйткені  олардың  пікірі  бойынша,  ораза  бұзылуы  үшін 

дәрінің ішке негізгі (табиғи) жолдармен баруы шарт. Сондай-

ақ  жара  арқылы  ішке  баратын  жолдың  тығыздылығынан 

және  емделу  барысында  оның  бітеліп  қалуынан  дәрінің 

ішке жетуі екіталай. Бірақ имам Әбу Ханифа: «Қарындағы 

немесе бастағы терең жараны емдегенде дәрі ішке немесе 

миға  жеткені  үшін  ораза  бұзылады»,  –  деген  және  сұйық 

дәрінің ішке, миға жететінін ескерткен. 

Қазіргі  заман  ғалымдары  ине  арқылы  салынатын  дәрі-

лерді  ас-су  сияқты  денеге  азық,  қуат  болатын  және 

емделу үшін денеге қуат, азық болмайтын етіп, екіге бөліп 

қарастырады. Тері астына және бұлшық етке емделу үшін 

денеге қуат, азық болмайтын ине салса, ауыз ашылмайды. 

Бірақ көк тамырға ине салу қан құюдан басқа мәселесінде 

ғалымдардың  көзқарастары  бірдей  емес.  Көп  ғалымдар 

тамырға салынатын ине денеге қуат, азық болмаса, ораза 

бұзылмайды  дейді.  Осыған  орай,  емделу  және  аурудың 

алдын  алу  мақсатында  денеге  (тері  астына,  бұлшық  етке, 

жамбасқа, көк тамырға) ине шаншып, ішке ас-судың орнын 

баспайтын  пенициллин,  инсулин,  екпе,  дененің  белсенді- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет