Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Тарауих намазы қай уақытта оқылады?



Pdf көрінісі
бет85/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   130
Сұрақ:

  Тарауих намазы қай уақытта оқылады?

Жауап: 

Тарауих намазының уақыты – құптан намазы мен 

сәресі аралығы. Құптаннан бұрын оқылған тарауих намазы 

саналмайды.  Тарауих  намазын  оқудың  ең  абзал  мезгілі  – 

түннің үшінші бөлігі кіруден бұрын. Имам тарауих намазын 

оқып тұрған болса, кешігіп келген адам алдымен құптанның 

парызы  мен  екі  рәкағат  сүннетін  оқып,  кейін  тарауих 

намазына тұрады. Мешітке бара алмаған жағдайда тарауих 

намазын  үйде  оқуға  болады.  Алайда  мешітте  жамағатпен 

оқығанның сауабы мол.



Сұрақ:

  Тарауих намазының таспихы қандай?

Жауап: 

Оқылуы:

 

«Субханә  зил-мулки  уәл-мәләкут. 



Субханә зил-ъиззәти уәл-азомәти уәл қудроти уәл кибриә-и 

уәл  жәбәрут.  Субханәл  мәликил  хайил-ләзи  лә  йәмут. 

Суббухун қуддусун роббунә уә роббул мәлә-икәти уәррух. 

Лә иләһә иллаллаһу нәстағфируллаһ нәс-әлукәл жәннәтә уә 

нәъузу бика минән-нәр».

Мағынасы: «Патшалық және мүліктер иесі Алла кемшілік 

атауынан пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет және өктемдік иесі 

Алла  кемшілік  атауынан  пәк.  Өлмейтін  (мәңгі)  тірі,  патша 

болған  Алла  пәк.  Мінсіз  Раббымыз,  әрі  періштелердің 



Тарауих намазы


54

Раббысы, әрі Жәбірейілдің Раббысы! Алладан басқа тәңір 

жоқ, Алладан кешірім сұраймыз. Уа, Алла Тағалам, Өзіңнен 

жәннатты сұрап, тозақ отына қарсы Өзіңнен пана іздейміз».





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет