Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Ораза кезінде жүрегі айнып құсса, ораза бұзыла



Pdf көрінісі
бет43/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

Сұрақ:

  Ораза кезінде жүрегі айнып құсса, ораза бұзыла 

ма?

Жауап: 

Хадисте:  «Кім  еркінен  тыс  құсып  қойған  болса, 

оразасының  орнын  толтырмайды.  Ал  кімде-кім  әдейілеп 

құсқан  болса,  сол  күннің  қазасын  өтейді»,  –  делінген 

(Әбу  Дәуід).  Демек  еріксіз  құсса,  оразасы  бұзылмайды. 

Ауыз  толтырып  құсқан  жағдайда,  жұтылсын-жұтылмасын, 

оразаны бұзады.

Сұрақ:

  Ғайбат айту, өсек тасу немесе біреуге тіл тигізу 

оразаны бұза ма?

Жауап: 

Шариғатта  біреудің  сыртынан  жамандап  ғайбат 

айту,  сөз  тасу  –  үлкен  күнә.  Алайда  оразаны  бұзбайды. 

Хадисте: «Кімде-кім ораза ұстағанымен жаман әдеттерден 



тыйылмаса,  оның  оразасы  бекер»,  –  десе,  басқа  бір 

риуаятта:  «Ораза  –  тозақтың  қалқаны.  Ғайбат  айту 



арқылы  бұзбайынша  ораза  оны  қорғайды»,  –  деген  сияқты 

хадистердің  мағынасын  ғалымдар  бір  ауыздан  ораза 

бұзады  деп  айтпаған.  Алайда  оразаның  сауабын  кемітеді 

деп  түсіндірген.  Демек  оразаның  негізгі  хикметі  тек  ішіп-

жеуден  ғана  тыйылу  емес.  Сонымен  қатар  ғайбат,  өсек, 

өтірік  айту  сияқты  түрлі  күнәлардан  да  тыйылу  міндетті 

екендігін естен шығармаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет