«Оразаны түнге дейін (күн батқанға дейін) толық ұстаң-
дар», – делінген. Бұл сапарда ораза ұстағысы келген адам
үшін берілетін үкім. Алайда, жолаушы адам сол күндері
ораза ұстамауына рұқсат екенін ескерген жөн.
Сұрақ:
Арақ ішкен адам оразасын 40 күннен кейін
бастауы керек пе?
Жауап:
Ішімдік ішу – үлкен күнә. Егер адам ішімдік ішіп
қойған болса, есін жиысымен тәубе
етуі керек. Одан кейін
намазын оқып, оразасын ұстай береді. Адамның ішімдік
ішуі – өз алдына күнә, алайда сол үшін парызын тәрк етсе
күнәнің үстіне күнә қосқан болады. Демек, намаз оқып,
ораза ұстау үшін қырық күн күтпейді. Әрине хадистерде
ішімдік ішкен адамның намазы қырық күн қабыл болмай-
тыны айтылады. Бұл риуаятты қырық күн намаз оқымайды
немесе ораза ұстамайды деп қабылдау қате. Мұндағы
мағына басқа. Имам Нәуауи (Алла оны рақымына алсын)
аталмыш хадисті түсіндіріп: «Мұндағы «қабыл болмайды»
дегені – осы қырық күн ішінде оқыған намазы үшін сауап
алмайды дегені. Әйтпесе, намазы құлшылық ретінде
есептеледі әрі қырық күннен кейін қайта оқуды қажет
етпейді», – дейді. Сонымен қатар, мастық немесе басқа да
Достарыңызбен бөлісу: |