Сұрақ:
Асқазанды тексеру үшін медициналық құралды
пайдалану (зонд жұту) оразаны бұза ма?
Жауап:
Егер ішке кіретін тарапы құрғақ болса ораза
бұзылмайды, ал егер ішке кіретін жағына мазь не болмаса
сол секілді заттар жағылса, ораза бұзылады.
Сұрақ:
Вагиналды
ультра дыбысты зерттеу оразаны
бұза ма?
Жауап:
Вагиналды УДЗ құрылғысы сыртқы денеге де,
қынап жолдарына да қолданылады. Сондықтан аталмыш
құрылғыға түрлі жақпаларды қолданып сыртқа пайдаланған
жағдайда оразаны бұзбайды. Ал егер құрылғының басына
жағылған түрлі жақпалар қынап арқылы ішке кіретін болса
ораза бұзылады. Сондықтан мүкіндігінше сақ болған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |