44
лігін арттыратын, ауырсынуды басатын, денені мұздататын,
дене қызуын кемітетін дәрілер мен дәрумендерді қолдану
оразаны бұзбайды. Демек, ораза тұтатын адам алдымен
дәрігерден иненің қандай дәрі екенін сұрап білуі керек.
Алайда ораза кезінде ине салу қатты қажет болмаса, оны
ауыз ашқаннан кейін немесе рамазан айынан тыс күндерге
қалдырған абзал.
Сұрақ:
Қан алдыру немесе хижама жасату оразаны бұза
ма?
Жауап:
Хижама дегеніміз – емдік мақсатпен дененің
ауырған орнынан қан алдыру. Ораза кезінде түрлі се-
бептермен денеден қан алдыру немесе емдік мақсатта
хижама жасату оразаны бұзбайды. Дегенмен, қан алдыру
иммунитеттің әлсіреуіне, нәтижеде оразаны бұзуға мәжбүр
ететіндей болса, ораза кезінде қан алдыру мәкрүһ болып
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: