Әйел адам етеккірін кешіктіру үшін әдейі дәрі
ішуіне бола ма?
Жауап:
Мұндай дәрі ішіп етеккірі келмей ауыз бекітсе,
оразасы дұрыс болып есептеледі. Алайда бұл әрекеті
ағзасына зиян келтіруі мүмкін. Асыл дініміз денсаулыққа
зиян тигізетін факторлардан сақтануға үндейді. Сол себепті
мұндай дәрі қолданбағаны жөн. Етеккір кезінде ұстамаған
оразаның қазасын кейіннен өтеуге болатындығын ескерген
жөн.
Сұрақ:
Тығындәрі (свеча) салу оразаны бұзады ма?
Жауап:
Иә, оразаны бұзады. Бір күн қазасын өтеуі керек.
Сұрақ:
Әйел ішкі дәрет жолына дәрі тамызса ораза
бұзыла ма?
Жауап:
Ханафи мазһабы бойынша мұндай жағдай
оразаны бұзады. Бір күн қазасын өтейді.
Сұрақ:
Достарыңызбен бөлісу: |