60
Дегенмен, азық-түліктің орнына пітір садақаға оның
ақшалай құнын бергені абзал («Әл-фәтауа әл-һиндия»,
1/210-211).
Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді
оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаны ұнмен
есептеуге пәтуа шығарды. Өйткені шариғатта бидаймен
қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат
етіледі. Сондай-ақ, хадистегі «бір сағ» өлшем бірлігі – 4
келі, «жарты сағ» – 2 келі деп бекітілген. Аталған өнімдердің
базардағы құнымен пітірді ақшалай беру мұқтаждарға
тиімдірек.
Достарыңызбен бөлісу: