59
ПІТІР САДАҚАСЫ
Сұрақ:
Пітір садақа дегеніміз не?
Жауап:
Пітір – Рамазан айының соңында яғни айтқа
жетіп, негізгі қажеттіліктерінен тыс ең кемінде нисап
мөлшеріндей дүниеге ие, бас бостандығы бар әрбір
мұсылман үшін уәжіп болған садақа. Хадисте: «Алла Елшісі
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаған
адамды ұнамсыз сөздер мен жағымсыз іс-әрекеттерден
тазарту әрі кедейлерді тамақтандыру үшін пітір садақаны
міндеттеді. Кім пітірді (айт) намаздан бұрын берсе, ол пітір
садақа болып қабылданады, ал
намаздан кейін берсе,
жай
ғана садақа болып есептеледі», –
делінген
(Бұхари)
.
Достарыңызбен бөлісу: