деген көзқарастар бар. Десе де, нақтысын білмейміз. Өйткені Аллаһ тағала ол ағаштың есімін
бізге нақты айтпаған. Хақ тағала жұмақта Адам атаға үлкен ерік нығметін берумен қатар шағын
тыйым да қойған еді. Егер бұл тыйымға құлақ аспаған жағдайда өздеріңе зұлымдық
жасағандардан боласыңдар делінген еді. Мұндағы мақсат – жұмақта бұл ағашты жеу емес,
өмірінде тəртіпке бас идіру еді
?">[47]
?">.
Сонымен қатар бұл ағашты «нəсіл» дейтін болсақ, ерлі-зайыптылардың ең осал тұсы да осы
нəсіл мəселесі екені рас. «Шаңырағым шайқалмаса екен, ұрпағым мəңгілік жалғасса екен» деу –
отбасының негізгі мəселесі. Шамасы, əурат жерлерінің ашылуы да осы мағынаны қуаттайды.
Яғни шайтан Адам ата мен Хауа ананы жаннаттан шығару жолын іздеген. Оның ұрпағының да
болатынын білген. Сол себепті шайтан ол екеуінің ұрпақтары тез арада болғанын қалаған.
Өйткені Жаннат бала-шаға бағып, ризық іздеп, бейнет тартатын жер емес. Негізінде аяттағы
«Шəжəрə» деген сөз де қазақ тіліне «шежіре» болып енген. Шежіре – ұрпақ деген ұғым. Ұрпақ
жетілдіру – ата-ана үшін ауыр сынақ. Ендеше, сол сынақ жаннатта емес, жер бетінде болуы тиіс
еді.
Тəубе
Адам ата мен Хауа ана Ібілістің азғырғанына алданып, тыйым салынған ағаш жемісін ауызға
салуы мұң екен, екеуінің əбүйірі ашылып, үлкен қате жасағандарын аңғарды. Екеуі дереу жаннат
жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Хазірет Адам мен Хауа ана шайтанның ант
еткеніне алданып, оның өздеріне деген дұшпандығын жəне сол жолда неден болса да
тайынбайтынын естен шығарып алд?">ы
?">[48]
. Сонда Аллаһ тағала оларға:
«Мен екеуіңе де бұл
ағашқа жақындауға тыйым салған жоқ па едім? Шайтан сендердің қас жауларың деген жоқ
па едім?»
?">
[49]
?"> – дейді. Аллаһ тағала осылайша шайтанның сөзіне ергені үшін, сөгіп, ескерту
жасайды. Осы кезде Адам ата мен Хауа ана дереу жаза басып, жазықты болғанын түсініп:
«Ей,
Раббымыз! Екеуміз де нəпсімізге зұлымдық жасадық. Егер Сен бізге кешірім етіп, рақым
қылмасаң, біз қасіретке ұшырағандардан боламыз»
?">
[50]
?">, – деп тəубесіне келді. Ерекше
мейірімді Аллаһ тағала да олардың бұл тəубесін қабыл етт?">і
?">[51]
?">. Хазірет Адамның осы кешірім
тілеп, шынайы тəубеге келуі Аллаһ тағаланың шарапатының шексіз екендігі, Адамның жəне
Ібілістің іс-əрекеті арасында қаншалықты айырмашылық бар екенін көрсетіп берді. Ғалымдар
Адамның бес нəрсемен қуанышқа бөленгенін айтады. Əмірге қарсы келуін мойындау, пұшайман
болу, нəпсісінен жеру, тəубеге ұмтылу, рақымдылықтан үмітін үзбеу. Ібіліс те бес нəрсемен
бақытсыз күйге душар болды. Күнəсін мойындамады, тіпті өкінбеді де. Өзімбілермендікке
салып, Аллаһ тағаланы кінəлады жəне рақымдылықтан үмітін үзді
?">[52]
.
Ібілістің тыйым салған ағаштың жемісін қайткен күнде де жегізуді көздеген ниеті Адам ата
мен Хауа ананы Аллаһ тағалаға қарсы айдап салып, жаннатқа жолатпау еді. Сонда олар дəл өзі
тəрізді қуылып, мəңгілік қасіреттің құшағында тұншығады деп ойлады. Алайда ол Аллаһ
тағаланың шексіз рақым иесі екенін ұмытқан-ды. Ібіліс олардың жасаған қателіктеріне тəубе ету
арқылы азаптан құтылатындықтарын ойламаған. Негізінде, ол тəубе ететіндерін білгенде,
адамдарға жақындамайтын да еді. Оның мақсаты – адамдарды күнəға сүйреу арқылы
жүректеріндегі иманын жою. Бірақ олар шынайы тəубе етіп, жасаған күнəларын жуып-шайған
заматта, шайтан оңбай жеңілді, əрі ашуға ерік беріп, қасарысқан үстіне қасарысып, кескілескен
жау болуға ант ішті.
Достарыңызбен бөлісу: