82
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
тебемді пайғамбарлықпен үстем етті. Маған бұдан
артық құрмет көрсетулеріңді қаламаймын», - дейді.
133
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ақ көңілділігі мен қарапайымдылығы жайында атақты
Хатем-и Таинің ұлы Адийді (радиаллаһу анһу)
тыңдап көрейік: «Мен Мәдинада айбынды патша-
мен кездесетінімді ойлаған едім. Мәдина мешітінде
Хазіреті Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасына барып сәлем бердім. Ол:
«Бұл кім болады екен?» - деп сұрады.
Мен:
«Хатем ұлы Адиймін»,-дедім.
Орнынан тұрып мені үйіне шақырды. Құдай ақы,
мұны тек мен үшін істеді. Жолда арық бір қарт әйел
кезігіп, бізді тоқтатты. Ол әйелдің сөзін аяғына дейін
тыңдады. Мен ішімнен «бұл патшаның ісі емес» дедім.
Үйіне кірдік. Іші құрма талшықтарына толы бір
жастық алып, маған берді де:
«Мә, мынаған отыр», - деді. Мен:
«Жоқ, сіз отырыңыз», - дедім. Ол:
«Жоқ, сіз-сіз...» - деп қайталады. Отырдым. Өзі құрғақ
бір жерге отырды. Мен тағы да ішімнен «құдай-ау, бұл
патшаның ісі емес қой»-дедім. Сосын әңгімеге көштік:
- Е-е-е... Хатем ұлы Адий! Сен - Рәкусисің,солай ма?
- Иә.
- Сен қауымыңнан ғаниметтің (соғыс олжасы)
төрттен бірін алатын ба едің?
133. Әбу Дәуіт, Әдеп, 10
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
83
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
- Иә, алатын едім.
- Міне, бұл сенің дінің бойынша харам еді,- деді.
Ия, расында да солай еді. Бұл сөзінен оның хақ
пайғамбар екенін білдім. Ол ешкім білмейтін жай-
ларды білетін еді. Сосын Расулұллаһ (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) сөзін одан әрі былай сабақтады:
«Ей, Адий! Бәлкім, бұл дінге кіруіңе кедергі болған се-
беп – бұл дінге кірген адамдардың (мұсылмандардың)
жағдайының нашарлығы шығар. Ант етемін, олардың
дүние-мүліктері жақын арада көбейіп, ырыстарының
мол болатыны соншалық, келешекте (қайырға не
қарызға) сұрайтын бір адам да болмайды. Мүмкін,
олардың дұшпандарының көптігі саған кедергі болатын
шығар. Ант етемін, жақында бір әйелдің сонау Кади-
сиядан мына Қағбаны зиярат ету үшін қорықпастан
түйемен жолға шыққанын естисің. Мүмкін, олардың мем-
лекет басшылығын игеруі саған тыйым салатын шығар.
Аллаһ атымен ант етемін, жақын арада Бабилдің ақ
үйлерінің (сарайларының) мұсылмандар тарапы-
нан алынғандығын естисің», - деді.
Осы сөздерді естігеннен кейін мұсылман болдым».
Адий Кадисия шайқасынан кейін Бабил сарайлары
мұсылмандар тарапынан алынған оқиғаларды өз көзімен
көріп ұзақ жасқа жеткен.
134
Мыңдаған жанкешті жолдастарымен жеңіске
жеткен әскер басшысының көкірек кермеуі мүмкін
бе? Бірақ Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи
134. Ибн Хишам, Сира, ІV, 227
|