Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет46/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65
84



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
уә сәлләм) әсіресе, осындай кездерде барынша 
ақкөңілділік пен парасаттылық танытып, Аллаһтың 
ұлылығы алдында басын иетін еді. Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеңіске жеткен әскерінің 
басында болып, Хайбарға кірер кезде ноқтасы жіптен 
жасалған есек мініп жүрген еді.
135
Ол «патша пайғамбар немесе құл пайғамбар» 
болу жайында таңдауға жол берілгенде, ақ 
көңілімен «құл пайғамбар» болуды жөн көрген еді.
136
Осыған байланысты ол мемлекет басшысы, әрі әскери 
қолбасшы ретінде Меккеге кірерде түйеге мініп жүрген. 
Кішіпейілділікпен басын төмен игенде, сақалы түйенің 
ыңыршағына дейін жететін еді.
137
5. Әдебі мен ұяңдығы
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
беті ашылмаған қыздан да ұялшақ еді. Аса ұяңдығынан 
өмірде ешбір адамға ұрыспаған, жүріп келе жатқанда 
үндемейтін, еш уақытта қарқылдап күлмеген.
Сол кездерде Арабстан және басқа мемлекеттерде 
әдеп пен сыпайылыққа құрмет көрсетілмейтін. Араб-
тар тыр-жалаңаш жуынатын, тіпті Қағбаны тыр-
жалаңаш айналып тауаф ететін. Расулұллаһ (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) бұл іс-әрекеттен жиіркенетін 
еді. Тіпті осы себепті моншалардан сақтануды 
бұйырған еді. Тек монша орамалын қолданып шомылуға 
135. Асры Сағадат, II, 96
136. Хайсети, IX, 192
137. Ибн Хишам, Сира, IV, 48


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
85



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
ғана рұқсат берген. Бірақ, бұл рұқсат әйелдерге 
берілмеген.
Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әдеп сақтап ел арасында, көпшілік жерлерде, жәрмеңке 
мен базарларда қатты сөйлемейтін еді. Көңілге 
қонымсыз сөздер айтпайтын. Мұнымен қатар, 
ұяңдығынан біреудің жүзіне ұзақ қарап тұра алмай-
тын. Адамдардың көрілмесін деген жерлеріне және 
кемшіліктеріне қарамайтын, оны көрсе де көрмегендей 
болатын. Хазіреті Айша (радиаллаһу анһу) анамыз 
Оның әуретті жерін еш көрмегендігін айтады.
138
Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
адамдарды ұяңдыққа баулып, ұяңдық – иманның 
бір белісі екендігін түсіндіретін және оларды харам 
іске барудан сақтандыратын.
Бір күні бір жас жігіт келіп, Одан зина жасауына 
рұқсат беруін сұрады. Құзырында отырған сахабалар 
жас жігітті сөйлетпеуге тырысқанымен Ол «жіберіңдер, 
қасыма келсін» - деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) жанына келген жас жігіттен:
«Бұл жамандықтың анаңа, қызыңа, әпке-қарындас-
тарыңа, немере әпкеңе және нағашы әпке-қарындаста-
рыңа жасалуын қалайсың ба?» - деп сұрады.
Жас жігіт барлығына да: «Жоқ қаламаймын», - деп 
жауап берді.
Осыған байланысты Пайғамбарымыз (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
138. Шәмәйлул-Мухаммәдия, 283




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет