1. «(Әй, Мұхаммед!) Оларға айт: егер әкелерің,
балаларың, ағайындарың, әйелдерің, туысқандарың,
жиған мал-мүліктерің (дүниелерің), тоқтап қала
ма деп қорыққан саудаларың, жақсы көрген үй-
жайларың сендерге Аллаһтан, пайғамбарынан және
Аллаһ жолында соғысудан артық көрінсе, онда
сендер Аллаһтың әмірі келгенше күтіңдер. Аллаһ
пасықтар қауымын тура жолға салмайды».
29
Бұл аяттағы
«Онда сендер Аллаһтың әмірі келгенше
күтіңдер» дегенінде мал-мүлкі, туысқаны, балашағасы
және саудасы өзіне Аллаһ пен Расулінен артық сүйкімді
көрінетін адамдардың жағдайларының жаман екендігі
және азапталатындықтары баяндалған.
2.
«пайғамбар мүминдерге өз жандарынан
(нәпсілерінен)
да аяулы. пайғамбардың жұбай-
лары - оларға ана».
30
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне
деген сүйіспеншілік жайлы былай дейді:
1. «Ешбіріңіз мені өзінен баласынан, ата-анасынан
және бүкіл адамдардан да жақын тартып, сүйіктісі
етпейін-ше, толық иман еткен бола алмайсыздар.
31
29. Тәубә сүресі, 24-аят.
30. Ахзаб сүресі, 6-аят.
31. Бұхари, Иман 8; Мүслим, Иман 69.
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
15
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
2. «Кімде мына үш ерекшелік-қасиет болса, ол
иманның ләззатын алады:
а. Аллаһ пен Расулі өзіне барлық нәрселерден
сүйікті болу,
ә. Сүйгенін тек Аллаһ үшін сүю,
б. Күпірліктен құтылғаннан кейін одан отқа таста-
лудан қорыққандай үрейлену».
32
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) бір күні Пай-
ғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірге отырған еді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Омардың (радиаллаһу
анһу) қолын алақанына қойды. Сонда Хазіреті Омар
(радиаллаһу анһу):
«Аллаһқа ант етемін, сен маған өз жаным-
нан басқа барлық нәрседен де сүйіктісің», - деп
Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
деген махаббатын көрсетті. Бұған Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Мен саған жаныңнан да артық болмайын-
ша иманың кемелденген болып саналмайды», - деп
бұйырды. Ал, Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу):
«Сені Құранмен жіберген Аллаһқа ант етемін, енді
сен маған өз жанымнан да аяулысың», - дегенінде, ол:
«Ей Омар, енді иманың кемелденді», - деді.
33
Осы тұста мынадай бір сұрақ туындауы мүмкін.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
32. Нәсәй, Иман 2-4; Ибн Мәжә, Фитән, 23.
33. Бұхари, «Әйман ән-Нур».
|