Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет10/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

Оны СүюДің белГілері
Бір нәрсені немесе біреуді сүйген адам онымен 
бірге болғысы, оған ұқсағысы келеді. Махаббаттағы 
шынайылықтың өлшемі осы. Осы себепті, Аллаһтың 
Расулін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйетіндігін 
айтатын адамдарда мына белгілердің табылуы керек.
1. Оған еру, Оның сүннетін орындау, сөз бен іс-
әрекеттеріне тәуелді болу, Оның әдептерінен тәрбие 
алу және мінезінен үлгі алу керек. Расында Аллаһ Тағала 
былай дейді:
«(Ей, пайғамбарым!) айт: егер сендер Аллаһты 
сүйетін болсаңдар, тез маған еріңдер. Сонда Аллаһ 


18



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
сендерді сүйеді және күнәларыңды кешіреді. 
өйткені Аллаһ асқан рақымды, ерекше 
мейірімді».
35
2. Оның әмірлерін өз арман-мүдделерінен де 
жоғары ұстау керек. Осы жайында Аллаһ Тағала бы-
лай дейді:
«Олардан (Мұхажирлерден) бұрыннан мәдинада 
тұрып иманға ұйыған жарандар (ансарлар) кейін 
қастарына хижрет етіп (көшіп) келгендерді жақын 
тұтып, оларға берілген нәрселерге іштарлық жа-
самайды. өздері мұқтаждық көрсе де, оларды 
өздерінен артық көреді. Кімдер сараңдықтан өз 
басын тартса, солар мұратына жететіндер болып 
саналады».
36
3. Оның сүйген адамдарын, жанұясы мен тегінен 
тарағандарды және Ансар мен Мұхажирлерден құ-
ралған сахабаларын сүю-оларға іштерінен қастандық 
ойлап дұшпан болғандарды жек көру. Өйткені, біреуді 
сүйген адам оның сүйгендерін де сүйеді.
Аллаһ пен Пайғамбарын жек көріп, оларды 
қорлағандарды жек көру керек және Пайғамбардың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұшпандарына 
дұшпан болу керек. Аллаһ Тағала былай дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет