Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет57/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65
102



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
етеді. Таң атқаннан кейін Әбу Суфян келеді де, Хазіреті 
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдын-
да Исламды қабылдайды. Сонымен Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны кешірді.
Сонда Хазіреті Аббас (радиаллаһу анһу) былай деді:
«Я, Расулұллаһ! Әбу Суфян мақтанғанды жаны 
сүйетін адам. Оған бір мүмкіндік беріп көріңіз!». 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тұрып:
«Ия, кім Әбу Суфянның үйіне кірсе, соған тиіспейміз. 
Есігін тарс жауып алып, үйінде отырғандарға да және 
Харам Мешітін паналағандарға да тиіспейміз», - деп 
бұйырады.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әскері Меккеге қарай жылжып келе жатқанда, Әбу Суфян 
тездетіп Меккеге келген еді. Өз-өзіне «Бұларға қарсы 
тұруға ешкімнің күш-қуаты жете қоймас», - дейді.
Қауымына жақындап бар даусымен былай 
деп айқайлады: «Ей, Құрайыш! Мына келе жатқан - 
Мұхаммед. Оған қарсы тұратын күш жоқ сендерде. Кім 
Әбу Суфянның үйіне кірсе, соларға тиіспейді.» Халық 
шуылдасып: «Аллаһтың қаһарына ұшырағыр! Сенің 
үйіңе қаншамыз сия қоямыз», - деп жамырады.
Ұхұд соғысында Хазіреті Хамзаға (радиаллаһу 
анһу) азап көрсеткен әйелі орнынан атып тұрып, Әбу 
Суфянның сақалына жабыса кетіп:
«Мына қауымның сатқын жансызын өлтіріңдер!»-
деп айқайға басты.
Әбу Суфян: «Мәселе сіздердің өмірлеріңіз жай-


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
103



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
ында болып тұр. Бұл сіздерді алдамасын. Ол біз қарсы 
келе алмайтын қалың колмен келе жатыр. Кім мешітке 
кірсе, жанын сақтап қалады. Үйіне кіріп кетіп, есігін жа-
уып алғандар да жанын арашалап қалады», - деп жауап 
берді.
165
Бұдан асқан қандай «кешірім» үлгісі бар екен!
Әбу Суфян мұсылмандарға шексіз жамандық 
жасаған, Ұхұдта Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) жанын қинаған және Хәндак соғысында 
қоршауымен мұсылмандардың тынышын кетірген біреу 
еді.
Хашим ұлдарына қарсы Махзум және Сәхм тай-
паларымен бірігіп келісім жасаған тағы да Абдүлманаф 
әулетінен осы Әбу Суфян емес пе еді?
Міне, оның жалғыз үміті аман-сау қалуы болып 
тұрғанда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) оны кешіріп қана қоймай, оған ерекше орын 
берген.
Хазіреті Хамзаның баскесері Уахши былай дейді:
«Тайф пен Меккенің алынуынан кейін Расулұллаһқа 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бару үшін жолға 
шықтым. Алдына кіріп, кәлима-и шәһадат (Тілімді 
кәлимаға келтірген соң) айтқанымда, маған қарап:
«Сен Уахшисің бе?» - деп сұрады. «Ия, уа, Расулұллаһ!» 
- дедім.
«Отыр да Хамзаны қалай өлтіргеніңді айт!» - деді. 
Отырып айттым.
165. Ибн Хишам, Сира, IV ,47




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет