Қазақстан Оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Отырар» колледжі
СӨЖ
Кесте құру және онымен жұмыс атқару
Орындаған: Махмұт Б.Ж
Топ:1304-120
Қабылдаған:Алдаберген Ұ.Е
Шымкент 20__
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Вирус таралу жолдары
Вирусқа қарсы бағдарламалар
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Электрондық кестесі экономикалық және математикалық күрледі есептеулерді, диаграммаларды және т.б. көптеген іс - әрекеттерді орындауға арналған.
«Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс-әрекеттер:
1 Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.
2 Түрлі-түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
3 Тиімді ету мәселелерін шешу.
4 Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.
5 Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
6 Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің құндылығы олардағы мәліметтерді өңдеу тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы болып табылады.
Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондык кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті етіп көркемдеуге, әрі жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т. б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 65536-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула ) енгізеді.
Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.
Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А -Z, содан соң АА - AZ, одан кейін ВА
- BZ және т. с. с.
Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, ВЗ адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
Ағымдағы ұяшық – курсор көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады.
Блок (ұялар жиыны, аймағы) - тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Мысалы: B13:D19 блогы - бұл B13-D13, D13-D19, D19- B19, B19-B13 торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, А1:Н1, А1:А20, A12:D27 немесе D:F - D, Е, F бағаналарының барлық торлары, т.с.с. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Ехсеl-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ, - кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез-келген бетті ашып көруге болады.
Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:
- бағананы белгілеу - бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен тандап алып, оны бір рет шерту;
- бірнеше бағананы ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;
- жолды ерекшелеу - жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту;
- бірнеше жолды ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды жоғары не төмен созу;
- блокты ерекшелеу - тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басып, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу;
- жұмыс парағын толық ерекшелеу - тышқан курсорын бағана аттары мен жол нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет шерту.
Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе F8 пернесін басып, белгілеу режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады.
Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда, былай істеу керек:
- алғашқы ұяшықты немесе тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;
- Ctrl пернесін басу және оны басулы күйінде ұстай тұру;
- келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т.с.с.;
- Ctrl пернесін қоя беру.
Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.
Ұяшықтардағы мәліметтер
Excel-де кестенің кез-келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе "'" (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі, Егерде бірінші символ цифр немесе "=" белгісі болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.
Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады.
Мәтін енгізу
Мәтін - кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді "'" символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оңжақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады)
Назар аударыңыздар! Қателесуден қорықпаңыздар! Орындалған әрбір әрекетті болдырмай алып тастауға болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін Түзету=>Болдырмау командасын пайдаланын алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.
Сандарды енгізу
Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына # ### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).
Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01E+08 болып жазылады, яғни ол 5,01 108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады (5 109). Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.
Формулаларды енгізу
Excel-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа C1+F5 формуласын енгізу үшін оны =C1+F5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Интернет желісі
Microsoft Launches Windows Vista and the 2007 Office System to Consumers. PressCentre. Microsoft New Zealand (30 қаңтар 2007).
http://baurzhan.info/2009/06/28/linux-бастауыштар-үшін-бөлім-1-негіздер-мен/
How 16-Bit and 32-Bit Programs Multitask in Windows 95. support.microsoft.com (15 қараша 2006). Тексерілді, 9 сәуір 2010.
↑ Windows 95 Architecture Components (ағыл.). technet.microsoft.com. Тексерілді, 9 сәуір 2010.
↑ Windows 'Prettified' Filenames
Достарыңызбен бөлісу: |