Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет31/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

117
болғанға  дән  разы  едi.  Қара  көзi  мөлдiреп,  миығынан  шаттық 
алауы  есiп,  бiздi  күткенiне  қуанатын.  Достарым  да  оны  аялай 
бiлетiн-дi.  Жазды  күнi  орта  мектеп  сейiл,  серуенге    шыққан 
кездерде  Гүлсияның  балаға  айналып,  үйде  қалып  қойғанын 
сезген  Оразхан, Рақымжан, Мұсабек тепсеңнен қос ат алып түсiп, 
Гүлсияны ойын-тамаша болып жатқан жерге алып баратын.
-  Сен  қатiгезсiң,  сенде  шапағат  аз!  –  деп  сындайтын  олар 
менi.  Отаумыздың отын, соғым, қымыз, сүтiн де сол достарым 
өздерi  қамдиды.  Келiншегiмдi,  сүйкiмдi  ұлым  –  Шалқарды 
көру үшiн орман майданының мынау арғымақ сары атымен күн 
құрғатпай келетiнiмдi өздерi де бiледi. Ырғайдан иiп, шебікпен 
қоршап  жасап  берген  кiшкене  кресломда,  Шалқардың  далаға 
қашып,  маңайынан  өткен  қозы-лаққа  қол  сермеп,  мәз    болған 
жүзi  көз  алдымнан  бiр  сәт  кеткен  емес.  Қозы-лақты  ұстап  бер 
дегендей  ме,  үйрек-қазды  қасыма  қондыр  дегендей  ме,  әлде 
көкке шығар дегендей ме, менi көре сала далбаңдап талпынады 
балапаным! Шыбын жаным болса мен сенi арманыңа жеткiзуiм 
керек  қой,  Шалқарым!  Балаға  жүрек  қанын  сарқып  берудi  мен 
әкем Қанапиядан үйренгенмiн. Әке–шешеме өтейтiн қарызымды 
сен тапсырып алуың керек!
Мектептiң  тәлiм-тәрбие  жұмысында  жасампаздық  болып 
тұруға  тиiстi  болғанымен,  сақа  оқытушылардың  сынып 
басқаруы,  сабақ  өтуi,  конспект    дайындау  тәжiрибесiне  де 
мұқтаж  едiк.  Абайдың  химияны  реакция  арқылы    мазмұнды 
түсiндiрiп, 
оқушылардың 
өздерiн–өздерiне 
басқаруы; 
Ұлтуғанның  саясат  пен  қоғамды  салыстырып,  Маркс,  Энгельс, 
Лениндер  байымдаған қағидалардан ауа жайылған iстердi тауып 
шығуы; Ғинаяттың   әдебиеттен кiсi жанын, қоғам мiнезiн iздеуге 
жетелеуi жақсы. Бiрi мерейлi, бiрi сүрлі, бiрi жадағай әлпетпен 
сөйлесе  де,  педагогика  мен  сабақты    сәйкестiрiп  оқушыларға 
қажеттi тәрбие бере алатын.
Рақымжанның тарих сабағын өтуi, тiптi, айта қалсын едi. Ол 
сыныпқа  балалардың досындай, күлiмсiреп ғана кiредi. Жоқтама 
жасау,  өтiлген    сабақты  пысықтау,  тапсырма  беру  секiлдi  бес 
басқыштық  сабақ  өту    дағдысын  адақтап  жатпайды.  Кiм  бар, 
кiм жоқ екенiн класкомнан ұғысып, жаңа сабақты бастап кетедi. 
Өтiлетiн сабақтың тақырыбы, адресi, дәуiрi  карта болып тақтаға 
жазылып, сызылып жатқан кезде ауызы тынбайды.  Рақымжанның 
жазуы,  тақтаға  сызылған  картасы  реттi,  әрi  көкейге    қонымды 
болатын. Тақта алдындағы қимыл-қозғалысы да өзi өтiп жатқан 
тарихқа  сәйкестi  болатын,  тарихи  жекелердiң  аты,  ұлы  өзгерiс 
тудырған  қоғамдық  себептер  бәрi–бәрi  қағыс  қалмайтын. 
Оқушылар  бір  заманды  серуендеп  келгендей  желпiнiп,  жарыса 
қол көтерiп еркiндiк, теңдiк сезiнетiн.
Десе  де,  сақа  оқытушылардың  бәрi  бiрдей  емес  -  тi. 
Кейбiр  оқытушының  сабаққа  дайындалуы,  сабақ  өтуi    көңiл 
қалдырарлық едi. Олар сыныпқа кiрудiң алдында жаңа сабақты 
үтiр, нүктесiне дейiн қалдырмай жаттайды. Оқушыларға құран 
аударғандай    судыртып  айтып  бередi.  Солай  болғандықтан 
ол  сыныпқа  кiргенде  не  қарадай  суқаны  қашып  оқушыларға 
түзу  қарай  алмайды,  не  ақсиып  түлен  тұтады.  Осындайлардың 
жағарапия  сабағын  өтетiндерi  қабырғада  iлулi  тұрған  дүние 
картасы, Қытай картасына, өзi ала кiрген глобуска да қарамайтын. 
Ал қарай қалғанда орта Қытай жазығы деген кезде, iшкi Моңғол 
үстiртiн  сыйпап  көрсететiн.  Мұндай  кезде  оқушылар  ду  күлсе, 
есiктi тарс еткiзiп жауып шығып кетiп, жылайтындар да болатын. 
Гангу орта мектебiнiң сенбi күнгi кешi жанданып кетушi едi. Ел 
жиылғанша мен ертегi  айтатынмын. “Ер Төстік”, “Уәзір бала” , 
“Алтын сақа”, “Аламан мен жоламан”, “Жерден шыққан желiм 
батыр”, “Күн астындағы Күнiкей қыз”, “Қорқыт”, “Асан қайғы” 
тағы басқаларының бәрi-бәрi айтылатын. Мұнан басқа “Мұңлық 
- Зарлық”,  “Қобыланды”, “Арқалық батыр”, “Салиқка-Сәмен”, 
“Әсет  пен  Ырысжанның  айтысы”,    “Бiржан  мен  Сараның 
айтысы” секiлдi мектеп тәлiм тәрбиесi үшiн залалы жоқ хисалар, 
айтыстар да оқылатын.  
Менiң  көздейтiнiм  –  оқушылардың  ойлау,  сөйлеу,  бейнелеу 
қуатын  өсiре  беру.  Ұлттық  арман-тiлегiн,  мәдениет  тарихын 
құлағына  құю.  Кейде  Абай    екеумiз  кезектесiп  өлең  оқимыз. 
Оқушылар  сынып-сынып  бойынша  дайындаған  концерт 
номерлерiн орындайды. Рақымжан өзi баулыған бiр топ оқушыны 
қасына  алып:  ”Сарыарқа”,  “Адай”,  “Балбырауын”,  “Алатау”, 
“Қайран шешем”, “Кiсен ашқан”, “Ақбай”, “Әсемқоңыр”, “Сары 
жайлау”,  “Дайымқол”,  “Кеңес”,  “Төрт  жаяу”,  “Той  бастар”,  
“Шалқыма”,  “Шыңырау”  күйлерiн  топтық  орындайды.  Кейде 
Оразхан  мен    Рақымжан  бiр–екi  оқушыны  қосалқы  ролдерге 
алып, “Шағылған  төсек”, “Қырықбай”, “Қалың мал” пьесаларын 
ойнайды.  Оразаңның    ойнау  өнерi  кейіпкерлердiң  кітаптағы 
образынан  көп  жоғары,  жанды,  жан–жақтылы  едi.  Мейлi 
Орықбай, мейлi Қырықбай, мейлi Итбай болсын  бар болмысымен 
жұртқа iшiн ашып көрiнетiн де, көрушiнi мәз-мейрам ететiн.
Сенбi  күндерiнiң  кей  кешiнде  Қадиша  ән  айтады.  Оның 
талдап, таңдап алған әндерi өз көңiлiндей назды, мұңды болушы 
едi. Дауысы пәлендей  ашты, немесе бәсең емес, қора шетiнде, 
айлы кеште, қоңыр ырғақпен  шығандап кететiн қазақ әйелiнiң 
дауысы  жүрекке,  жұлын,  жүйкеге  шабатын.  Осындай  кештiң 
бiрiнде Молдаш:
- Мектеп ендi ғана өңiне кiре бастады ғой! - дедi қуанып. 
Коп  сөйлемей,  оқытушы,  оқушылармен  көп  араласпай,  10-
шы  сыныпқа  ханзу  әрпi  мен  тiлiн  ғана  үйретiп,  мектеп  iшiнде 
салбырап  жүретiн  меңгерушiден  бар  адам  айнығанымен, 
тапсырығын  бұра  алмағанымен,    тасада  қараңдаған  бiр–екi 
көлеңке байқалатын. Оның бiрiншiсi –  Молдаштың сары iзiне 
шөп салып, басқан, тұрғанын аңдып, барлық сөз  әрекетiн саясиға 
байлап, осы адамның көзiн жоюды қастаған көлеңке. Екiншiсi – 
мүлде мұның керiсiнше. Молдашты бар күшпен қолдап, қорғап,  
жасанды, жалған мiнезге дәлме-дәл қарсы тұратын, арман, мұрат 
дегендi      халықтық  тұрғыдан  түсiндiретiн  көлеңке.  Мектептiң 
оқыту,  оқуы  тәлiм    тәрбиесi,  мәдениетi  осы  көлеңкенiң 
ықпалында  болатын.  Бұл  -  тұтас  қоғамда  сайысқанына  талай 
жыл болған екi  түрлi психологияның Гангудегі бейнесi едi. Дана 
психологияның басында  тау, дала, қараторғай, сарыала қаз, көк 
мойын, ұзақ, қарақұйрық. Дәлелхан, менiң әкем, Молдаш жүредi. 
Азғын психологияның басында  қара боран, қарға, бәлен-сәлен, 
есiм–сесiмдер  қараңдайды.  Гангу  орта    мектебiндегi  көпшiлiк 
алдынғы  топқа  табиғи  түрде  екшеліп  шыққан  едiк.  Жағдай 
барған сайын ушыға бастады. 
Бiз  келгеннен  берi  Молдаш  сөзге  көп  шықпаған.  Биылғы 
жылдың сабақ бастау зор жиынында: 
Өтiрiк, өсек, мақтаншақ ,
Ерiншек, бекер мал шашпақ. 
Бес дұшпанын бiлсеңiз.  
Талап, еңбек, терең ой,  
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл iс көнсеңiз.
деген едi ұлы Абай, бiз осыны ұстанайық, «өз ағасын ағалай  
алмаған, кiсi ағасын жағалай алмас» деген болатын. Кейiн мен 
Есiмбектiң қылығын  дәттеп барғанда ол: 
- Бiреу өмiрден аламын деп келедi, бiреу өмiрге беремiн деп 
келедi.    Жан-жануар,  өсiмдiкке  қорек,  пана  болған  топырақтан 
суық бауыр тасты да көресiң. Ол өмiрге де, өлiмге де құшақ ашып 
тұрған   сияқтанады. Мынасын құптаймын, анасын құптамаймын 
дей алмайсың. Таңдау еркi адамда емес, әуелi,- деп күлген. 
Меңгерушiнiң осындай сөздерiнен–ақ диалектикалық арманы 
байқалатын  -  ды.  Ол:  “жаттау  -  бiлгендiк  емес,  тар  шеңберге 
кiргендiк!” - деген менiң нақылымды қызыл қағазға жаздырып 
сыныпқа  iлдiрiп  койыпты. 
-  Көсемдердiң  сөз  үзiндiлерi  iлiнетiн  жерге  Ғалымның 
сандырағын iлдiрiптi!
- Мектеп ақ сүйектер мен оңшылдардың тәлiмiн басқа көтеріп 
“ендi  өңіне кiре бастаған екен!” 
- Гоминданның қалдығы Молдаш мектептi басқарып отырған 
соң, дүние миша былықпай қоймайды.
- Албасты қабаққа қарай басады! – деген сөздер әр-әр жерден 
күңк етiп, бұрқ етiп қалып жүрдi. Жақсының жағасынан алуды 
ерлiк,  батылдық    санайтын  Оразбай,  Тәкежан  бақастығы  бұл 
күннiң соқыр белсенділерінен мол базар тауып, тiптi, қабындап 
кеткен.  Кезiнде  Абайды  да  күңiренткен  қазақы      надандықтың 
жалғасын, жерден алтын тапқандай Ақжарқын, Есiмбектер қолға 
алған.  Құйрығын  ширата  аң  торыған    қабылан  секiлдi  түрлi 
тұрғыдан  бақылап  қалатын  жоғарғыдай  сес  те  осылардың  сесi  
едi.  Алайда,  Молдаш  бұған  былық  еткен  жоқ.  Бiз  көпшiлiк  те 
былқ етпедiк.

118
Қандай бiр қоғам, қандай бiр мектеп бiлiм  жұртында әдебиет 
сабағы  маңызды  сабақтардың  бiрi  есептелiнедi.  Шынында 
солай. Әдебиет  оқушылардың байымдау өресiн, кiсiлiк моралiн, 
бейнелеу  қуатын  асырып    қана  қалмастан,  жаңа  өмiр  жасау 
сенiмiн де жақсартады. Жаратылыстық орта мен адамзат қоғамы 
арасындағы  ортақтықты,  даралықты    бiрiне–бiрiнiң  әсерiн 
ашады.  Сондықтан  әдебиет  оқулығына  алынған  текст  саяси  
жақтан ғана емес, ғылыми жақтан барынша сараланып, мол бiлiм 
бере  алатындай  болуы  шарт.  Күнде-күнде  шығарманың  өзектi 
идеясы,  көркемдiк  ерекшелiгi,  құрылысы  делiне  беретiн  болса 
ұзақ сапар үстiндегi  түйе ырғағында отырғандай, оқушы ұғымы 
бiр қалыпқа натуралистiк тұйыққа қамалып ақыры қажиды. Жаңа 
өрiс–қоныс,  түкпiр  көрiлмеген  соң  сабақтан  түңiледi.  Әдебиет 
дегенiмiз мылжың бiрдеме дейтiн жиренiштi  ұғым қалдырады.  
“Құр күлемiн жымыңдап!” деп басталатын бiр шумақ өлеңдi 
бiр  сағаттық  сабақ  уақытында  өтiп  болу  мүмкiн  бе?  Өлең 
жазылған заман, жазылу себебi, философиялық, психологиялық, 
диалектикалық  қармаулар.  Суреткерлiгi  мен  тiлдiк  қоры, 
қазақ  поэзиясынан  ұстайтын  орыны  қатарлыларды  сөйлейсiң. 
Сөйлеп отырғаның әдебиет – адамның жан дүниесi болғандығы 
үшiн,  соның  iшiнде  қазақ  классикалық  әдебиетiнiң    негiзiн 
салушы  Абай  өлеңi  болғандығы  үшiн  15-16  ғасырдағы  жырау 
жырларынан, әсiресе 18 ғасырдағы дүние әдебиетiнiң шарықтау 
толқынынан  айналып  өте  алмайсың.  Сонда  мұндай  бiр  шумақ 
өлең бейне атом элементi секiлдi өз бойына сұрапыл  күш-қуат, 
ғылым, бiлiм, қыруар  қайшылық жиған болады. Оқытушы деген 
осынын бәрi-бәрiн сөйлеуi керек. Дәуiрлiк даралығы, бейнелеу 
жаңалығы бар сабақтарды ат үстi емес,  алтын iздегендей, терең 
қазып отырып, қанша тас, қанша құм шықса да  ерiнбей отырып 
шаю керек. Бiрнеше жылдық бейнетiнiң құны оқушы таңдайына 
салатын нәрiң сонда.  
Мұндай тексттер маған көп кезiкпедi. 1962 жылғы оқулықта, 
Қытайдың Таң заманындағы ақыны Дуфудың “Фын янға саяхат” 
деген  өлеңi  мен    Пушкиннiң  “Қысқы  кешi”  және  Михаил 
Шолаховтың “Адам тағдыры” атты шығармасы болды. Мен осы 
үш сабаққа бар қуатымды, уақыттың денiн жұмсадым.
Романтизм  әдебиетiнiң  дүниеге  келуi  мен  даму  тарихын, 
елiмiздiң  Таң    дәуiрiнде  болып  өткен  iрi–iрi  қоғамдық 
бұрылыстарды,  ықты  сәт  пен  мәдениеттiң  гүлденуiн  егжей-
тегжейлi  сөйледiм.  Романтизмнiң  арман-тiлекке  сай,  кейде 
қайшы келетiн сипаттарын да аштым. Адамзат  ойының құпиясы 
мен  табиғат  сырының  үндестiгiне  көп  тоқталдым.  “Фын  ян” 
бiр  ғана  мекеннiң  аты.  Бiрақ  автордың  суреттеп  отырғаны  бiр 
заман,  және  бiр  замандық  адамзат  бейнесі.  Табиғатқа  жастап, 
қоғамдық  өмiрге  жастап,  көңiл  күйге  жастап  кесек–кесек 
суреттелген  сол  романтизм    оқырманды  ереуiлге  шақырады, 
бостандық,  теңдiк  iздеуге  үндейдi.  Бұл  адамзат  тарихы,  жан- 
дүниенiң  көкейiндегi  образ.  Диалектикалық  материализiмнiң 
адам ойын ежелден ұштап келе жатқанының дәлелi. “Фын янға 
саяхаттың”  әр  шумақ,  әр  тармағына  дейiн  жiктеп,  өмiрмен, 
тарихпен,  автордың  дара  үлгісімен  байланыстыра  дәлелдеп  
шықтым.  “Қысқы  кештегi”  боран,  қасқыр,  кемпiр,  шал  және 
олардың арасындағы  тағдырластық та шет қалмады. Бұл әдебиет 
алыптарының  өзара  елiктеуiнен  туған  құбылыс  емес.  Адамзат 
арманының,  тiршiлiгiнiң,  сезiмiнiң  ортақ  қан  айналысы  екенiн 
тұжырымдадым.  Шолоховтың  “Адам  тағдырын”  сөйлеу  мұнан 
да  қиынға  түстi.  Өйткенi,  автордың  бейнелеу  тәсiлiнде  хикмет 
жәйіттер  бар  едi.  Кейiпкер  тұрмысы  мен  мiнезi,  тақырып  пен 
өзектi идея, баяндау мен суреттеудiң тоғысып кетуi жәй лекция 
мен жеткiзiлетiндей емес - тi. Сондықтан “Адам тағдырындағы” 
кейiпкердің жанын сахнаға көтерiп шығып, өз тiлi, өз сезiмi, өз 
арманы ретiнде сөйлетуге тура келдi. Мен әңгiменi  нақышына 
келтiре  отырып  оқып  бердiм.  Оқушылардың  жанары  мөлдiреп,  
ішнаралары  күрсiне  демiгiп,  маған  мұңмен  қарасып  отырды. 
Көзiне  бiрдеме  түсiп  кеткендей,  саусағымен,  бет  орамалымен 
жанарын сүрткен  балалар да байқалды. Мен әңгiменi оқып болған 
соң,  реализм  бағытын    сөйледiм:  “Адам  тағдыры”  социалистiк 
реализм  негiзiнде  жазылғанын,  тарихи  жақтан  диалектикалық 
материализм тұрғысынан  дәлелдедiм.
Шолаховтың  өмiрдi,  құбылысты  бақылауы,  тақырыпты, 
кейiпкердi,  заманды  көңiл-күйдi  игеруi  сол  көрегендiгiне 
үйлескен, тiл оралымы   керемет-ақ. Жасанды, жалған, азғын ой–
пiкiрлерге жынысын қоспайды. Тек қоғамдық болмысты ғана көз 
алдан шұбыртады.
 “Адам  тағдырына” екi апталық уақытымды жұмсап, басынан 
бақайшығына,  тақырыбынан  абзацтарына  дейiн  бақшалап, 
сөйлеп  шықтым.  Оқушылардың  жаттығу  жасауына,  талдау 
жүргiзуiне, жаңа ой iзденуiне осы бiр–екi сабағымның рөлi зор 
болды. Өмiрдi, қоғамды бақылауына да көмегі тидi.
  Маусым  айының  соңында,  жылдық  емтихан  алынып, 
оқушылар  таратылды.  Өткен  сабақ,  ұстаған  сыныбымның 
нәтижесi  жақсы  болды.  Мұндай  бағалау  Молдаштың, 
жолдастардың қолдауымен болғанын  бiлемiн. Осы 1962 жылы 
Гангу  орта  мектебiнiң  әдебиет  көркем  өнерi  тасқындаған  бiр 
жыл едi. Абай Боранбайұлы, Рақымжан Оралханұлы бiр қауым 
жақсы өлең, дастандар жазды. Ғинаят Әбiлханұлы сын, зерттеу 
мақалаларын  көтердi.  Оразан  Мұсабекұлы,  Хамит  Жакеұлы, 
Қамай  Айтұлы  бұрқыратып  өлең,  әңгiмелер  жазды.  Осындай 
қамау, қоршау менiң кiсiлiк моралiмдi, эстетикалық талғамымды, 
педагогикалық  қабiлетiмдi    сынға  салды.  Ойлау,  сөйлеу,  жазу 
қуатымды  өсiруге,  өзгеге  талап  қою  үшiн    алдымен  өзiмдi 
өсiруге  барымды  салдым.  “Лихулан”,  “Еренқабырға”    “Сұлу 
көктем”,  “Еске  алу”,  “Нөсер”,  “Пiшен  басында”,  “Күз  таңы”, 
“Өртенген  инелiк”,  “Шат  хабар”,  “Лифың  туралы  толғау”  осы 
жылы  жазылып,  жарияланды.  “Соғыс  қылмыстарына”,  “Өзіңдi 
iздеп келемiн”,  “Алуан мiнез бар” деген өлеңiм мен “Шешемнiң 
тауықтары”  “Жанұзақтың жанын алған кiм?” деген әңгiмелерiм 
басылмады. Әуелi, Мақатан көшiртiп алып кеткен “Жәннаттағы 
кiсiден” де күнi бүгiнге  дейiн дерек жоқ. Мүмкін психологиялық 
азғындық  теңiзiнде  қарық  болған  баспасөзбен  бiрге  жоғалған 
болса керек!
 Шiлде деген - жайлау айы. Қымыз молайған, қозы жетілген, 
жер  дүние  қауашақ  аша  құлпырған  шақ.  Мектеп  оқушыларды 
таратқан  күннiң  ертеңiнде  үшiншi  отрядқа  екi  арба  оқушыны 
алып  жүрдiк.  Соғым  ұғыса  келу,  жаңадан  оқушы  қабылдау, 
қыстау,  жайлау  сұрау  мiндетiмiз  тағы  бар.    Хушианы  көру 
арманым болғанымен, жолын бiлмейтiнмiн. Оразанның  қосылуы 
жақсы болды, жер сырына, ауыл аңғарына судай қанықтық.
Арба Теректiнiң аузынан күлдiрей ойға түсiп, Үрiмжi – Кушар 
тас  жолына  iлiндi.  Сай  тағанында  көкбурыл  өзен  аунақшып 
жатыр.  Жартас,  қойтастарды  кеудесiмен  соғып,  алдашыдай 
күркiреген тентек судың дауысы Еренқабырғаны күңiренткендей. 
Өзеннiң аты “Ташiнку” деп аталады екен. Байырғы халық қойған 
тасқынды  деген  есiм  бұл  күндерi  мүлдем  ұмтылмаған.  Әуелi 
“Еренқабырға”,  “Боғда”,  “Қаратау”,  “Қаражал”,  “Үшбұзау”, 
“Обалы”, “Бұтсай”, “Жаргез”, “Мыңбұлақ”, “Бабығай” деген жер 
аттары ұлы кәрiлердiң аузында ғана қалған. Мынау “Ташiнкудiң”  
байырғы атауы «тасқынды су» екен.
Тас  жол  тау  iшiне  сұғынған  сайын  Ташынкудың  бұрынғы 
бейнесi    айқындала  бердi.  Бұрын  көш  жолы  шатаңмен  емес, 
айналып  жүретiн  тәрiздi,  өзен  суы  ұзаққа  дейiн  тауды  жарып 
ағады екен. Өрлен кiргендегi  кең қонысқа шейiн өзеннiң екi жағы 
ылғи  қара  көк  жартас,  серек  шың  талғар  биiк.  Сол  биiктермен 
бәсекелескендей  жамырап  самырсын,  қайың,  долана,  бақа 
тал,  қара  талдар  өскен  екен.  Бұл  жердiң  елi  самырсынын  өзiн 
қарағай  дей  бередi  екен.  Табиғаттың  көрiктiлiгiнде,  таулардың 
заңғарлығында баға жоқ.
Ташынкуды өрлей қара көк таудың бетiн қашап машина жол 
салыныпты.    Көлденеңi  алты-жетi  метрдей,  иiн  шынтақтардан 
қарсыдан  келе  жатқан  машина  айқасып  өтерлiктей,  танап 
қалдырған тау iшiн жаңғыртқан сигнал сол айқасу белгiсi тәрiздi. 
Бiз «ой, ахауға» басып өрлей бердiк. Мұндай  даңғаза айқайдың 
сан  мыңын  бастан  кешкен  серек  шың,  ну  орман,  сай-сала 
қосыла  ереуiлдегендей  болады.  Ташынку  кей  жерде  құтырына 
аласұрып,  кей  жерде  қарауыта  бұлқынып,  қапы  кезiмiздi 
тосқандай шiмiркендiредi. Жол шетiндегi жартастардың бетiнен, 
құлама құздардың алқымнан алынбай қалған темiр арқан, болат 
қазық,  кендiр  тор,  темiр  тор    самсап  тұр.  Кей  төскей  толайым 
бiр-ақ  ағып  түсiп,  басып  қалардай  үрейлендiредi.  Ұшқан  арба, 
трактор.  Машиналардың  қаңқасы  сай  тағанынан  оқтын-оқтын 
көрiнiп те қалады. Табиғат бiздiң көңіл-күйiмiзге қарайтын емес. 
Тұнық  ауасын  аңқыта  шашып,  жанға  жайлы  қоңыр    самалмен 

119
аймалайды. Көкек, бұлбұл, бәбiсек, суыр дауысы мың құбылады. 
Соған сәйкескендей қайдағы шырқау биiктен:
«Угай,  угай,  ай,  угай,  Ах,  Қазина  дариға-ай!»  -  деген  жас 
әйелдiң  ән  дауысы  естiледi.  Бала  кезiмде,  түнгi  қора  күзетiнде 
әйелдердiң  айлы  кешке  мұң  шаққандай,  оңаша  отырып,  ағыл-
тегiл  ақтарылғанын талай естiген едiм. Мынау да тау, далаға, ақша 
бұлтқа, орман тоғайға дәт айтқан сол әйелдiң бiрi сияқтанады. 
Жиырма-отыз  километр  өрлеген  соң,  шатқал  созылып, 
шалқайған кер  каптал қыртысты, шымды бел-белес көлденеңнен 
көлбеген орманды сай дара болып кетедi екен. Өзеннiң де тынысы 
кеңiп,  жайылып  ағады.  Жағада    шашау-шашау  қазақ  ауылдары 
отыр.  Бiз  Тшынкуден  батыска  қарай  қиып  өтiп,  таусылып 
бітпейтін    шаңдақ  жолмен  өрлей  бердiк.  Жердiң  жаратылысы 
жақсы,  сырықты,  бетегелi,  шымды  болғанымен,  жолы  жаман,  
қиқы-шойқы,  боз  топырақты  шаңдақ  екен.  Бiз  сайды  өрлеп 
келемiз. Үп еткен жел жоқ. Оның үстiне төбеден шаншылып, тiк 
түскен күннiң нұры  атты да, адамды да қаталатып барады.
Сардауан (сары асу) бас-аяғы ат шаптырымдай сырықты жон 
екен.  Жон  үстiнде  қар  суынан  сарқылып  ағатын  неше  бұлақ, 
бастау бар. Шығысы Ташынку, батысы Ляңгу (салқын сай) деп 
аталатын  терең  шатқал  аралықтағы  осы  жонды  “Дауан”  деп 
атайды екен. Жонда он бес-жиырма үйлi қалың ауыл отыр. Бейне 
баулары созылып, өрелерi майысып, iрге есiктерi түрiлiп, күлiгiп 
келе  жатқан  жолаушыны  үнсiз,  тiлсiз  сусынға  шақырғандай.  
Ауыл шетiне таяп қалған кезiмiзде:
- Бiздiң үйге жүрiңiздер! 
- Қане, бiздiң үйден дәм татыңыз, мұғалiм. Бие байлап, қой 
сайлап, даяр отыр екен бiздiң үй - деген дабыр молайды.
- Осында Масиянiң үйi де болса керек едi - дедi Оразан, өзi 
атаған кiсiнi  iздегендей ауылға жағалата көз салып. Сөйткенше 
өр жақтан:
- Әй, Ғалым, әй-әй, көк соққан, тарт берi! - деп айқайлаған 
таныс дауыспен қатар, өңкiлдеп келе жатқан Мақатанның атан 
түйедей  денесi  көрiндi:  -  Қайдан  келесiң,  екi  көзiн  шаңнан 
жылтырап? - дейдi менi  қалыңдығындай қайыстыра қысып.
- Қымыз бар ма? - деппiн мен.
- Бар, бар. Бәрi де табылады. Жуын алдымен! - деп менi алды-
артыма қаратпай дедектете жөнелдi Мақатан.
Бастау  басына  барып  жуынып,  шайындым.  Үстi  басымның 
шаңын қағып, реттелiп алдым. Мақатан көгалға жантайып, бiр 
тал қарабас бидайықты ширатып, сөйлеп жатыр:
- Көкталдан келгенiме жетi күн болды, ертең қайтам. Сәтiне 
басқанда  келiп  қалғаныңды  қарашы.  Бiрнеше  өлең,  екi  очерк 
жаздым, оқып көр. Диярдың атын сұрап мiнген едiм, саған тастап 
кетудi  тапсырған.  Таңертеңнен  бастап  арбаның  қиқырағынан 
құтыласың.  Құлағы  тас  төбесiне  бiткен  сұлу,  торы  ат  астыңда 
болады. 
Бiз  әңгiмелесе  отырып  Мәнсияның  үйiне  кiрдiк.  Үй  иесi 
Қабдiкәрiм  қайтыс  болғандықтан  ба,  әлде  Мәнсия  зерделi, 
абыройлы мұғалiм  болғандықтан ба, ауыл Мәнсияның атымен 
аталған  екен.  Оразан  ат  арбасын  доғарып,  үйге  бiзден  бұрын 
кiрiп, қымыз iшiп жатыпты. Есiктен сәлем бере кiрген кезiмiзде 
сәлемдi  Оразан  алып,  қопарыла  орнынан  тұрды.  Көз  шарасы 
үлкен, қыр мұрынды, биязы, аққұба келiншек: 
- Жоғары шығыңыздар, жоғары шығыңыздар! - дедi әдеппен 
иiлiп.
Молдаш  мақтаныш  еткен  Гангу  орта  мектебiнiң  тұңғыш 
түлегi  Мәнсия осы болды. Сұрғылт жанарынан саналылықтың 
оты  жалындағандай  сезiледi  маған.  Кебеже  алдындағы  бөстек 
үстiнде байыпты, қызыл қоңыр бәйбiше, шүйке созып отыр.
-  Мәнсия,  iргенi  түре  түссеңшi,  пысынап  келдi  ғой 
жолаушылар! - деп аналық мейiрiн де шашып үлгердi. Шешем 
Кәмиланы көргендей, өзегiмдi  өрлеген бiр толқынды зорға тежеп 
амандаса  бердiм.  Алдына  аунап,  мойнына  асылып,  жоғалып 
табылған күшiктей бұраңдағым келедi-ақ. Амал не, сый-құрмет 
дейтiн бiрдеме бөгеп отыр. Шайдан бұрын қымызға бас қойған 
кезде  де  сол  кiсiден  көзiмдi  алмадым.  Отырысы,  ықыласы, 
бейнесі не деген ұқсайды. Сiрiкке жайылған жылқының қымызы 
әрi қою, әрi тәттi, өтімді екен. Жуан екi тегененi түгетiп жiбердiк. 
Бағана  бiз  сай  тағанынан  көрiнгенде-ақ  бұл  үй  көп  жұмысқа 
қам  қылған  сияқты.  Есiк  алдында  қой  сойылып,  бас  үйтiлiп, 
бауырсақ, шелпек пiсiрiлiп жатыр.
-  Төстiгiн  қақтап  жiбершi,  Ахмет!  -  дедi  Мақатан  ошақ 
басынан  көрiнген  бiреуге  үңiле  дауыстап.  -  Мына  Ғалым 
қымызды аш өзегiне құйып жатыр, басытқы болсын. 
Мақатан  қазақтың  қайсы  үйiне  кiрсе  де  емiн-еркiн  араласа 
кететiн.  Жұрт  оның  осы  қылығын  ұнатушы  едi.  “Өзiмсiңгенi 
ғой”, “Шақаңнан қалған жалғыз көз ғой!” десетiн. Сол жалғыз 
көз  менiң  қазiргi  сәттегi  тiлегiмдi  дәп  басты.  Төстiк  қақтап 
алдымызға  әкелiндi.  Базар  халқы  тiске  сыздық,  ерiнге  жуғын 
болмайтын  қауапты  да  “па  шiркiн”  деп  жатады–ау  әйтеуiр. 
Ағаш  шоғына  бабында  қақталған  етектей  төстiк  Ахметтің  ақ 
бәкiсiмен  жұқаланып  ыстық  күйiнде  ауызына  түссе  ғой,  мiне, 
кәуап дегеннiң не екенiн, оның дәмi қалай болатынын мәңгi бақи 
ұмыта алмас едiң.
Бiз төстiктi жеп, қымызды көп iштiк. Шайға да қандық. Кешкі 
асты  жейтiн  жер  қалмапты.  Тау  сарымсағының  қош  иісi  тәбет 
ашып, табаққа әншейiн қол созғанымыз болмаса, өктей алмадық. 
Мешкей Оразан да бес-алты сыпырудан ары бара алмады. 
-  Әттеген-ай,  әттеген-ай!  Шелпек,  бауырсақты  бекер  нығай 
берiппiн,- дей бередi. Табақты көбiнесе ауыл азаматтары еңсерiп, 
бiздiң мiндетiмiздi солар жеңiлдеттi.  
- Тамақ жей алмадыңыздар-ау, ә! Әлгi қақтаған ет жұмыршаққа 
тұрып  қалды ғой, құрғыр! - дейдi бәйбiше қарадай қамығып.
 Түстен берi  iшiп, жеген тамағымызда қисап бар ма?! Жесең 
тағы жемедiң деп, iшсең тағы iшпедiң деп қамыққан қазағым-ай! 
деймiн iшiмнен.
Малшылар  жайлауға  шыққаннан  кейiн  мал  қоралана  бере, 
ойын-сауығын бастайды. Әлгiнде ауыл шетiнен, күзет әнi тектес 
ән басталған. Бiз Мақаңа өлең оқытып, өз алдымызға даурығып 
отырған  едiк.  Ендi  сол  ән  үйдiң  желкесiнен  естiлдi,  сөзi  өте 
айқын, арнаған ат, адресі де белгiлi болды. 
Келдi Оразан мектептен-ей, шаң бастанып,
Ен дарада сүзiскен аң бастанып,
                                дей салдым - ау.
Ғалымы мен Мақатан-ау, тағы да отыр,
Танымайтын кiсiнi паң бастанып,
                               дей салдым - ау. 
Екеуiм-ай, сенi ойласам кетедi
Кетеуiм-ай,  дей  салдым-ай!  –  дейді  екі  келіншке  жарыса 
әндетіп.
  Мәнсия  жымия  бетiн  сызып,  ыдыс  аяқты  жиыстыра  терiс 
айналып барады.
-  Не  дейдi  мына  арам  қатқырлар!  -  деп  бүлкiлдеп  күлдi 
бәйбiше.
Ол  кезде  Мақатан  Бәтiшке  қырындап  жүрген  кезi, 
еренқабырғалықтар соны естiп жездесiнiп ойнайтын секiлдi.
-  Ойбай-ау,  апатай-ау,  ендi  қай  көзiмдi  жыртитайын!  -  дедi 
Мақатан өтiрiк сасқалақтап.
-  Қай  көзiңдi  жыртитсаң,  ол  көзiндi  жыртит!  Өзiм  айтыса 
бiлмеймiн! -  дедiм мен. Мақатан да өлеңмен айтысуға шорқақ 
екен.  Оразан  ғана  жауап  қайтарды.  Сөйтіп  қара  өлеңдi  айтыс 
ұзаққа  созылды.  Қыза  келе  қора  шетiндегiлер  үйге  кiрiп 
санымызға өлеңмен бұрау салды. Бiз жеңiлiп қалдық.
Шiркiн  халық,  өмiрдiң  тас  таразы,  әдiлқазысы  бiр  өзiңсiң 
ғой.  Мақатан  екеумiзге  айып  кесiп,  жеңген  екi  келiншекке 
арнап  мал  сойдырып,  қымыз  құйдырды.  Сауықтың  соңы  «дөп 
соқты», «балтам тап», «дүзiк тастаумен» таң атқанша жалғасты. 
Халық  екi  ақынын  жеңгенiне  мәз,  бiз  халықтан  жеңiлiп  айып 
төлегенiмiзге мәз болып тарастық.
Ертеңiнде Сардауан бастауыш мектебiне барып, бiздi тосып 
жүрген  оқушылардан  емтихан  алып,  орта  мектепке  қабылдап 
қайттық. Бастауыш  мектептiң меңгерушiсi Жолтан қажының ұлы 
Хамит  деген  кiсi  екен.  Аузың  қайсы  десе  мұрынын  көрсететiн 
жуас жан. Дiни медреседен ғана  қойғаттық сауат ашқан көрiнедi.
-  Қайтсек  болады  қарағым,  Мәнсия?  -  деп  қымс  еткендi 
Мәнсияға салатын көрiнедi.
- Емтиханнан өткенi кетедi, өтпегенi қалады! – дейдi Мәнсия 
күлiмсiреп. 
-  Е,  е  өзi  де  солай  болады!  -  деп  сөз  түйедi  Хамит.  Сонда 
да  балаларды  айналып  үйрiлiп,  бар  жұмысқа  өзi  бәйек  болып 
жүредi. Шұнаңдаған  құртымыштай құлағы да, аңқау, адал мiнезi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет