Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет2/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Қымбатты қазақстандықтар! 
2  мың  жылдан  астам  тарихы  бар  ежелгі  Таразда  бір  айдан 
кейін  Қазақ  хандығының  550  жылдығына  арналған  монумент 
салтанатты  түрде  ашылатын  болады.  Біз  өзіміздің  қасиетті 
жеріміздің  тарихы  бірнеше  мыңдаған  жылдарға  кететінін 
есте  сақтай  отырып,  өз  бабаларымыздың  естеліктері  мен 
істеріне тиісті баға береміз. Ол Еуразияның өткен және қазіргі 
өркениетінің  өсіп-өркендеуінде  өзінің  айрықша  ою-өрнегімен 
шебер  өрілген.  Хроностың  көзге  көрінбейтін  арқауы  бізді 
Қытайдың  мыңжылдық  тарихымен  және  қазіргі  кезімен,  Таяу 
және  Орта  Шығыс,  Азия  құрлығының  басқа  да  бөліктерінің 
өткенімен және бүгінімен байланыстырады. Тілдік және мәдени 
байланыстар  мириадасы  арқылы  біз  өз  бауырларымызбен  – 
бүгінде Мұзды мұхит жағалауларынан Жерорта теңізіне дейінгі 
жерді  мекендейтін  түркі  халықтарымен  байланысамыз.  Ұлы 
Түркі  елі  –  ол  біздің  ортақ  бабаларымыз  бен 
батырларымыз, ортақ рухани байлықтарымыз 
бар ортақ арғы Отанымыз. Ол біздің бірлескен 
ұлы мұрамыз. 
Біздің  Ресей  халықтарымен,  бірінші 
кезекте,  орыс  халқымен  жүздеген  жылдарға 
созылатын  бірлескен  тарихи  жолымыз  бар. 
Тәуелсіздік  жылдары  ішінде  біз  Еуропалық 
одақ,  Америка,  Ислам  әлемі  елдерімен 
тарихымыздың  бірлескен  парақтарына  ие 
болдық. Олар жаңа заман уақытының көптеген 
халықаралық  оқиғалары,  оның  ішінде,  біздің 
елімізде  болған  оқиғалар  туралы  баяндайды. 
Қазақстан әрқашанда өз көршілерімен арадағы 
достықты және сенімді көздің қарашығындай 
сақтап,  одан  әрі  дамыта  береді,  әлемнің 
бүкіл  елдерімен  ізгілікті  қарым-қатынастар 
орнатады. 
ХХІ  ғасырда  да  біздің  жаһандық  дамуға 
қосар  үлесіміздің  тек  қана  арта  беретініне  және  әлемнің  оны 
лайықты  бағалайтынына  сенімім  мол.  Біздің  жеріміздің  жүріп 
өткен және алда тұрған тарихи жолын ой елегінен өткізе отырып, 
бізге  Қазақстанның  жаһандық  қоғамдастықта  танымалдығы 
мен мәшһүрлігін кеңейе түсетіндей етудің маңызы зор. Әлемде 
қандай да бір халықтың өз мемлекетінің ресми атауымен бірге 
айрықша бейресми ұғымды пайдаланатын мысалдары көп. Біздің 
қасиетті  жерімізді  ежелден  Ұлы  Дала,  ал  біздерді  –  Ұлы  Дала 
ұрпағы деп атады. Оны сонау ерте замандардан бері туған жерге 
деген халықтық махаббатты домбыраның, қобыз бен жетігеннің 
жүректі  арбайтын  әуеніне  айналдыра  отырып  ақындар  жырға 
қосты. 
Біз  бабаларымызда  ешқашан  болмаған  адам  айтқысыз 
жаңа  мүмкіндіктер  мен  перспективалар  бар  жаңа  Қазақстанды 
құрудамыз. Біздің көптеген мыңжылдық тарихы бар жеріміз көз 
алдымызда  өзгеруде.  Қазіргі  заманғы  Қазақстанның  әр  ауылы 
мен  қаласында  болып  жатқан  өзгерістерге  көк  аспан  куә.  Дала 
көгіндегі  Күн  біздің  ізгі  істерімізге  нұрын  шашуда.  Аспан  мен 
Күн – біздің Туымыздың түсі. 
ХХІ  ғасырда  далалық  Еуразияның  құшақ  жетпес  кеңістігі 
қайтадан  түлеп,  өркендеуде.  Біз  өз  Тарихымыздың  жаңа 
Шамшырағын жақтық. Сондықтан да бүгінде және әр кезде де 
біздің  Қазақстан  –  ол  Ұлы  Дала  Елі!  Ол  –  түлеген  Ұлы  Дала 
Елі. Біздің сүйікті Отанымыздың халықтық аты да дәл осы. Ол 
біздің  Отанымыздың  өткенін  де,  қазіргісін  де,  болашағын  да 
бейнелейді. Онда қазақстандық мінез бен оның негізгі сипаттары 
көрініс  тапқан.  Олар  –  біздің  жан-дүниеміздің  ашықтығы  мен 
кеңдігі,  біздің  жүректеріміздің  жылуы,  қонақжайлылық  пен 
бейбітсүйгіштік,  кемеңгерлік  пен  ойшылдық,  еңбексүйгіштік 
пен  іскерлік.  Ол  –  сүйікті  жеріміздің  өркендеуіне  осы 
уақытқа  дейін  болмаған  қол  жеткізудегі  өзіміздің  күшіміз  бен 
мүмкіндіктерімізге деген сенім. Мен біздің жаңа Қазақстанның 
осындай бейнесінің әрбір қазақстандықтың ой-санасы мен жан 
дүниесінен  орын  табатынына,  бүкіл  әлемде  мойындалатынына 
сенімдімін. Тағы да қайталап айтайын, біздің қасиетті жерімізді 
ықылым  замандардан  Ұлы  Дала  деп,  ал  бабаларымызды  Ұлы 
Даланың  ұрпақтары  деп  атаған.  Біз  –  солардың  жалғасымыз, 
Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең-байтақ Ұлы Даланың 
көгінде  халқымыздың  бақ  жұлдызы  болып  Жаңа  Қазақстан 
дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы 
болған  Ұлы  Дала  Елі!  Бұл  –  біздің  тағдырымыз!  Бұл  –  біздің 
таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! 
Халқымыз аман болсын! 
Суреттерді түсіргендер
 С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

7
Қазақ  хандығының  550  жылдығына  орай  елордадағы 
«Назарбаев  Университетте»  «Мәңгілік  Ел»  халықаралық 
ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 
Конференцияның  ашылу  салтанатында  алғашқы  сөзді 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  хатшысы  Гүлшара 
Әбдіқалықова алып, бұл конференция қазіргі заманның талабына 
сай  салынған  еліміздің  білім  мен  ғылым  орталығы  «Назарбаев 
Университетте»  болып  отырғанын,  алқалы  жиынға  1500  адам 
қатысса,  оның  900-і  этнологтар  мен  археологтар,  философ 
және  саясаттанушы  ғалымдар,  белгілі  мемлекет,  қоғам  және 
өнер  қайраткерлері  екенін  еске  салды.  Ол,  сонымен  бірге, 
конференцияға  43  шет  ел  қызығушылық  танытқанын,  318 
танымал  тарихшы-ғалымдар  және  басқа  қонақтар  келгенін, 
олардың  қатарында  Иран,  Түркия,  Әзербайжан,  Моңғолия, 
Болгария, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, 
Италия,  Қырғыз  Республикасы,  Қытай,  Беларусь,  Тәжікстан, 
Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Франция, Швейцария сынды 
мемлекеттерден  тарих  пен  мемлекеттіліктің  проблемаларын 
зерттейтін  ірі  ғылыми-зерттеушілер  келгенін  атап  өтті.  Белгілі 
ортағасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и 
Рашиди»  атты  еңбегінде  Қазақ  хандығының  1465  жылы 
құрылғандығы  туралы  мәлімет  берілгенін,  Қазақ  хандығы 
кейінгі  ғасырларда  қазақ  халқының  ұлт  болып  қалыптасуына, 
оның  этностық  аумағының  түзілуі  мен  қорғалуына,  қазақтың 
материалдық  және  рухани  мәдениетінің  дамуына  мүмкіндік 
жасағанын жеткізді. Бұл конференцияның жалпыұлттық идеясы 
ұлы  тарихи  мұраларды  және  Қазақстан  халқының  жоғары 
адамгершілік  мұраттарын  болашақ  ұрпаққа  жеткізу.  Оларға 
отаншылдық  тәрбие  беру  ісіндегі  жұмыстың  мән-мағынасын 
арттыруды да көздейді, деді. 
Бұдан  кейін  Мемлекеттік  хатшы  Қазақстан  Президенті 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  конференцияға  қатысушыларға  және 
шетелдік  қонақтарға  арнаған  құттықтау  хатын  оқып  берді. 
Мемлекет  басшысы  құттықтауында  былай  делінген:  «Қазақ 
хандығы  құрылуының  550  жылдығын  бүкіл  халық  болып 
мерекелеу – бір шаңырақтың астында өзара келісімде өмір сүріп 
жатқан барша қазақстандықтардың бірлігінің жарқын көрінісі. 
Біз  өткенімізді  мақтан  тұтамыз  және  ата-бабаларымыздың 
сан ғасырлық армандарын ақиқатқа айналдыра отырып, олардың 
асыл мұраларын қастерлейміз. 
Бүгінде Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет, әлемдік 
қоғам дастықтың тең құқылы мүшесі. 
Тәуелсіздік жылдарында біз ұлттық тарихи сананы жаңғырту 
жолында дәйекті саясат жүргізудеміз. Мұның жарқын бір дәлелі 
– «Мәдени мұра» бағдарламасын табысты іске асырғанымыз. 
Қазіргі  таңда  «Халық  тарих  толқынында»  атты  ғылыми 
жобаның  аясында  ғалымдар  отандық  тарихты  зерделейтін 
ғылыми еңбектер әзірлеуде.
Қазақстан  тарихын  ежелгі  дәуірден  қазіргі  күнге  дейін 
қамтитын  академиялық  басылымдар  мен  оқулықтардың  жаңа 
легі дайындалуда. 
Біз  үш  мың  жылдан  әріден  бастау  алатын  ұлы  тарихтың 
иесіміз. 
Қазақ хандығы – тұтас Еуразия құрлығын алып жатқан сақ, 
ғұн  мемлекеттерінің,  одан  кейінгі  Түрік  қағанаты  мен  Алтын 
Орданың заңды мұрагері. 
Біз,  бүгінгі  қазақстандықтар  ұрпақ  сабақтастығын  берік 
ұстап,  ұлы  бабаларымыздың  жасампаз  жолын  лайықты 
жалғастырушылармыз.
«Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясы  тарихи  сананың  берік 
іргетасына арқа сүйейді. 
Бұл қазақстандық патриотизмнің маңызды қыры. 
Қазақстандық 
тарихшылардың 
Қазақ 
хандығының 
құрылуының,  қалыптасуы  мен  дамуының  тарихи  үдерісіне, 
халқымыздың  тарихи  жолына  терең  талдау  жасап,  зерттеу 
жұмыстарын жалғастыра беруі маңызды.
Конференция  жалпықазақстандық  бірегейлікті  бекемдей 
түсетін  құндылықтар  мен  бағдарларды  нығайтуға  өз  үлесін 
қосады деп сенемін.
Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тілеймін». 
«МәҢгІЛІк ЕЛ» МәйЕгІ – 
ТАРихТЫҢ АЛТЫН ДәйЕгІ

8
Халықаралық  ғылыми  форумның  өтуі  халықтың  ерлікпен 
өткен  тарихын  зерттеуге,  әрбір  қазақстандықтың  басты 
мерейтойлы датасына құрмет көрсетуіне қосымша серпін берері 
анық.  Қазақстан  аумағы  мың  жыл  бойы  өркениеттің  торабы 
болды, халықтардың ұлы көшінің легіне айналды. Тұрмыстық-
материалдық және рухани мәдениет қалыптасты. 
550  жыл  бұрын  Жәнібек  пен  Керей  құрған  Қазақ  хандығы 
алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының 
тәуелсіздік  үшін  көп  ғасырлық  күрес  жолында  ұлы  жеңістер 
мен  ауыр  жеңілістер  болды.  Осы  үздіксіз  күрестің  тарихи 
тәжірибесі  «Мәңгілік  Ел»  өзекті  идеясының  маңыздылығын 
–  халық  бірлігін  дәлелдейді.  Тарихи  дата  –  Қазақ  хандығы 
құрылуының  550  жылдығын  тойлау  –  өткен,  осы  және  келер 
шақтың  мирасқорлығын  және  ұрпақтың  бабалар  алдындағы 
қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы датадан бұрын 
есептелетін  мызғымас  негізі  мен  дәстүрін  сақтаудағы  ерекше 
жауапкершілігін айрықша көрсетеді. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  заманауи  қазақстандық 
мемлекеттілік  құрудағы  сіңірген  тарихи  еңбегіне  ешкімнің 
таласы  жоқ.  Күшті  қайраты  мен  стратегиялық  көріпкелдігінің 
арқасында Қазақстан заңды ресімделген шекарасы бар, жемісті, 
тұрақты,  беделді  мемлекетке  айналды.  Қазақстандықтардың 
ұлттық  идеясы  мен  тарихи  санасын  қалыптастыруда, 
және  халықтың  бірлігін  нығайтуда  Қазақстан  Президенті 
Н.Назарбаевтың  ерекше  рөлін  атап  көрсету  қажет.  Қазақстан 
«Мәңгілік  Ел»  идеясына  біріккен  көп  ұлттың  өкілдеріне  Отан 
болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, 
ұлттық қауымдастықта лайықты орын алды. Бұған жету жолы да 
оңай болмағаны аян. 
Иә, ел болып еңсе тіктедік дегенде – арғы жағында арқасүйер, 
табан тірер не бар екенін алдымызға тартқан тарихи конференция 
қазақ  жұрты  мен  қазақстандықтардың  жарасымды  тіршілігінің 
тағы бір куәсі болды. Бір кездері Алаш арысы Міржақып Дулатов 
«Түрік  баласы»  атты  жазбасында:  «Келешек  күннің  қандай 
болашағын  білуге  тарих  анық  құрал  болады.  Өзінің  тарихын 
жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда 
тұрғандығын,  не  істеп,  не  қойғандығын  білмейді,  келешекте 
басына  қандай  күн  туатынына  көзі  жетпейді.  Бір  халық  өзінің 
тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша 
өзі  де  жоғалуға  ыңғайлы  болып  тұрады»,  –  деп,  одан  кейін 
Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына байланыс ты жазған 
мақаласында:  «Тарихы,  әдебиеті  жоқ  халықтың  дүниеде  өмір 
сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ 
халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады», – деп алып, 
араға жыл салып: «Бір жұрттың қайдан тарауы, өніп-өсуі, ресімі, 
мінезі, тілі, әдебиеті – осының бәрі әрқайсысы тарих мүшелері, 
барлығын жиғанда – сол жұрттың тарихы. Тарихын жоғалтқан 
жұрт – жоғалған жұрт», – деген еді. Конференция рухында ұлт 
арысының  осы  байламдары  әр  қырынан  көрініс  тапты  десек, 
артық  айтқандық  емес.  Хандардың  ханы  саналған  Абылай  хан 
туралы  1940  жылы  қазақ  әдебиеті  ғылымының  көрнекті  өкілі 
Бейсембай  Кенжебаев  тарихи  очерк  жазып,  онда:  «Абылайға 
дейін  болсын,  Абылайдың  тұсында  болсын  қазақ  халқының 
арман еткені: 1) өз алдына ерікті ел болып, өзін өзі меңгеру, 2) ата 
қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етіп, шаруашылық шалқыту, 
3) бір ауызды, ынтымақты болып, отанын, елдігін қорғау» деген 
еді.  Міне,  осы  үш  қағида  тәуелсіздігімізді  алып,  бодандықтан 
құтылғаннан кейінгі жерде салтанат құрып келе жатыр. 
Осындай  береке-бірліктің,  татулығы  жарасқан  тірліктің, 
яғни  қазақ  жерін  мекен  еткен  қазақстандықтардың  ортақ 
мерекесіне  айналған  бес  жарым  ғасырлық  ел  тарихы  талқыға 
түскен  алқалы  жиындағы  алғашқы  баяндаманы  Түркия  ғылым 
академиясының  президенті  Аджар  Ахмет  Джеват  «Түркия 
мен  Қазақстан  тарихының  ұштасу  кезеңдері»  деген  тақырыпта 
жасап, Қазақ хандығының 550 жылдығы бұл қазақ жұртының өз 
тарихын  түгендеудегі  ерекше  ұмтылысы  екенін,  бұған  жоғары 
мән  беріп,  аталы  сөз  айтқан  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
ерекше  қарым-қабілетіне  ілтипат  танытып,  түбі  бір  түркі 
жұртының туыстас халқы кеңестік құрылым шайқалған тұстан 
берік қарым-қатынаста болғанын, 1990 жылдың желтоқсанында 
ресми  байланыс  орнатылғанын,  мәдениет,  білім  беру,  ғылыми 
жобалар бойынша қарым-қатынастардың жүргізіле бастағанын, 
сол  тұстағы  Түркияның  мемлекет  басшысы  Тұрғыт  Өзал  мен 
Нұрсұлтан  Назарбаев  арасындағы  әңгімелерде  Түркияның 
нарықтық  экономикаға  көшу  жолы,  болашақта  түрік 
кәсіпкерлерімен  байланыстар  күн  тәртібіне  қойылғанын  тілге 
тиек етті. 
Академик бұдан кейінгі жерде екі мемлекет арасында саяси, 
сауда-экономикалық,  ғылыми-техникалық  байланыстардың 
жақсы  жолға  қойылғанына  нақты  мысалдар  келтіріп,  1991 
жылдың  қыркүйегінде  ғылыми  симпозиум  өткенін,  Қазақ  елі 
тәуелсіздігін  жариялағанда  алғаш  рет  танып,  тілектестіктерін 
білдіргенін  жеткізді.  1991  жылы  Қазақстан  Президенті 
Н.Назарбаев пен сол кездегі Түрік Республикасының Премьер-
министрі  С.Демирелдің  екіжақты  келісімінің  арқасында 
киелі  Түркістанда  Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  Қазақ-
түрік  университеті  бой  көтергенін  атап  өтті.  Соңғы  жылдары 
Қазақстанның  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  пен 
Түркия  Президенті  Реджеп  Тайып  Ердоған  арасындағы  жылы 
шырайлы  жүздесулер  көптеген  игілікті  істерге  жол  ашып 
отырғанын  назарға  салды.  Ұлтымыздың  ұлы  ақыны  Мағжан 
Жұмабаев:  «Түркістан  –  екі  дүние  есігі  ғой,  Түркістан  –  ер 
Түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің 
тәңір берген несібі ғой», деп жырға қосқан қасиетті мекенге түрік 
халқының  президентінен  бастап,  үлкен-кішісі  ерекше  ілтипат 
танытатынын атады. 
Сөз  кезегі  өзіне  тигенде  Моңғолия  Ғылым  академиясының 
президенті Батболдин Энхтувшин моңғол мен қазақ арасындағы 
байланыстар  орта  ғасырлардың  ерте  кезеңінен  басталатынын 
айтты.  Орталық  Азияда  сарматтардың  ең  алғашқы  мемлекеті 

9
ұйымдасқан  кезден  бастап  екі  халықтың  араласу  дәуірі  арна 
тартқан.  VI  ғасырдың  ортасына  дейін  түркітілдес  тайпалар 
қазіргі  Моңғолия  аумағында  қоныстанған.  Ол  тайпалардың 
атаулары  қыпшақ,  қырғыз,  ұйғыр,  авар,  қидан  және  т.б. 
Моңғолияда  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
2002 жылы жарияланған «Түркістан – Орталық Азияның мәдени 
ошағы»  атты  мақаласымен  жақсы  таныстық.  Онда  Президент 
Н.Назарбаев VI ғасырда Орталық Азиядағы халықтардың тарай 
орналасу  қалыптары  өзгергенін  атап  өтеді.  Осы  кезден  бастап 
түркітілдес  халықтар  өздерінің  төл  мемлекетін  құруды  қолға 
алған,  деді  Б.Энхтувшин.  Одан  әрі  шешен  Шыңғыс  хан  Ұлы 
моңғол  мемлекетін  құрғанға  дейін  екі  халықтың  арасындағы 
байланыстардың  тығыз  болмағандығын  айтты.  Ал  Шыңғыс 
дәуірінен басталған екі халықтың араласуы Жошы мен Шағатай 
ұлыстарында жалғасын тауыпты. 
Сол  ХІІІ  ғасырда  басталған  тығыз  байланыстар  әлі  күнге 
жалғасып  келе  жатқанын  айтқан  шешен  қазақ  пен  монғол 
халықтарының ортақ тамыры, ортақ тарихы бар екенін жеткізді. 
Сөзінің  соңында  ол  бүгінгі  қазақ  елі  қуатты  мемлекет  құру 
жолында тер төгіп келе жатқанын айтты. Мен оның осы жолдағы 
қадамдарына  құтты  болсын  айтамын,  деді  шешен  сөзінің 
соңында.
Одан  кейін  сөзді  Иран  Ислам  Республикасы  Ғылым, 
зерттеулер  және  технологиялар  министрі  Моджтаба  Шариати 
Ниасар  алды.  Өзінің  сөзін  осындай  ауқымды  форумға 
шақырылғаны  үшін  алғыс  білдіруден  бастаған  шешен  одан  әрі 
Қазақ хандығының 550 жылдығымен барша қазақстандықтарды 
құттықтайтынын  жеткізді.  Өзінің  өткен  тарихын  халықаралық 
деңгейде таныстырып жатқаны – Қазақстанның мемлекет ретінде 
алға басқандығын көрсетеді. Батыс пен Шығыстың, Түстік пен 
Терістіктің арасындағы ұлан-ғайыр жерді алып жатқан Қазақ елі 
өзінің төл мәдениетін, салты мен дәстүрін орнықтыру және оны 
сақтау үшін аз тер төкпегені белгілі. Сонымен бірге, қазақ халқы 
астрономия,  тарих,  медицина,  этнология  секілді  ғылымдарды 
да  өз  қажетіне  қарай  дамытып  отырғаны  көрініп  тұр.  Қазақ 
халқының осындай терең дәстүрлі өмір салтын қалыптастыруына 
көрші халықтардың, аралас-құраласы болған алыстағы елдердің 
де  ықпалы  аз  емес. 
Сондықтан  осы  өлкені 
ғасырлар  бойы  ұстап, 
жат 
жұрттан 
барлық 
құндылықтарын 
қорғап 
келген  қазақ  халқы  –  ұлы 
тарихи  өңірдің  өкілдері 
деп айту толық негізді. 
Қазақ 
халқының 
қалыптасуы 
мен 
орнығуына 
осындай 
баға  берген  шешен  одан 
әрі  қазақ  халқы  тарихының  зерттелуі  мәселесіне  де  тоқталып 
өтті.  Соның  ішінде  Шығыстың  бірнеше  ғалымының  есімдерін 
атап  өтті.  Сондай-ақ,  алғаш  рет  ХVІ  ғасырда  парсы  тілінде 
жарық көрген Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» 
еңбегінің  де  маңыздылығын  айтты.  Одан  әрі  ол  бүгінгі  күннің 
проблемаларына  ойысып,  Қазақстан  мен  Иран  арасындағы 
әріптестіктің  дамуы  жақсы  жолда  екенін  жеткізді.  Біздің 
жоғары  технологияларды  қолдануға  және  оларды  өзіміздің 
экономикамызға енгізуімізге басқалармен бірдей толық құқымыз 
бар. Алайда, соған кесір келтіргісі келетін күштер бар. Қазақстан 
–  Иранның  жоғары  технологияларды  қолдануын  қолдайтынын 
ашық айтқан мемлекеттердің бірі. Сондықтан біздің алғысымыз 
шексіз, деді ол. 
Келесі  сөз  Ресей  Ғылым  академиясы  Жалпы  тарих 
институты  директорының  орынбасары  Ирина  Коноваловаға 
берілді.  Кез  келген  халық  өзінің  тарихын  ұзақ  жылдар  бойы 
жасайды.  Әрине,  Қазақ  хандығының  құрылуы  мен  ұйымдасуы 
жөнінде  де  ғалымдар  арасында  талас  пікірлер  болуы  мүмкін. 
Ондай  көзқарастардың  болуы  да  заңды  және  олардың  бәрі 
де  ғылымның  зерттеу  материалына  айналуы  қажет.  Сонымен 
қатар,  ондай  талас  пікірлердің  шешімі  мәдениеттанушылар, 
географтар және саясаткер ғалымдардың қатысуымен табылғаны 
дұрыс.  Қазақ  хандығының  құрылуымен  осы  аймақтың  саяси 
картасы  түбегейлі  өзгеріске  ұшырағаны  сөзсіз.  Әрине,  Қазақ 
хандығының құрылуына 550 жыл болды деген шартты көзқарас. 

10
Өйткені,  хандық  бір  күнде  немесе  бір  айда  құрыла  қоймайды. 
Мемлекеттік  құрылым  бір  сәттік  шешім  емес,  ол  –  ұзақ 
жылдардың  талқысынан  өткен  шешім.  Кеше  Мемлекет  тарихы 
институтында болған дөңгелек үстелде де осы туралы айтылып, 
Қазақ хандығының түп атасы Жошы ұлысы немесе Алтын Орда 
екендігі аталып өтті. Демек, қазақ халқы Қазақ хандығына дейін 
де  мемлекет  құрып,  оның  қатарында  өмір  сүріп  келген.  Қазақ 
хандығының  ең  үлкен  айырмашылығы  сол  –  онда  хандыққа 
алғаш рет қазақ атауы қолданылды, деді ол. 
Одан  әрі  шешен  Қазақ  хандығы  мен  Ресей  патшалығының 
арасындағы қарым-қатынасқа тоқталды. Бұл қатынастар тұрақты 
болмаса  да  әр  кезеңде  өзінің  тікелей  мақсатын  көздеді.  Осы 
қатынастарды  түбегейлі  зерттеуді  әлі  де  жетілдіре  түскен  жөн. 
Қазақстан  мен  Ресей  Федерациясы  арасындағы  бүгінгі  тығыз 
әріптестік  пен  достықтың  түп  негізін  осы  қатынастар  қалаған, 
дей келіп, шешен сөзінің соңында екі елдің арасындағы осындай 
қатынастар  болашақта  да  жалғасын  тапқанын  қалайтынын 
жеткізді. 
Ал  Париждің  Шығыс  тілдері  және  өркениеттері  Ұлттық 
институтынан  (INALCO)  келген  тарихшы  Катрин  Пужоль, 
мемлекет  тарихын  түгендеу  жолындағы  осындай  ауқымды 
халықаралық конференцияға қатысуды өзі мәртебе санайтынын, 
әйтсе де, аз уақыт ішінде тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр әлі 
бола қоймаған мемлекеттің өткені туралы толық әңгіме айту өзіне 
қиын тиіп тұрғанын алға тартып, «Менің байқауымша Қазақстан 
тарихы  бірегей,  өте  қуатты  тарих.  Ол  Еуразия  кеңістігінде 
өткен  бір  кезең  ғана  емес,  көшпенділердің  өркениетіне  тәнті 
ететін кемел тарих деп білемін. Жерінің аумағы кең бола тұрып 
адамдарының білімдарлығымен өзіндік жолын қалыптастырған. 
Елінің  де  бітім-болмысын  кейінгіге  өшпестей  із  етіп  жеткізе 
алған.  Менің  зерттеп,  зерделеуімше,  қазақ  тарихы  небір  терең 
пайымдауды қажет ететін материалдық құндылықтардан тұрады. 
Иә,  қазақ  көшпенді  жұрт.  Бірақ  қала  құрылысын  да  дамытқан, 
жер иесі де бола білген. Соған сай экономикасын да өрістеткен», 
дей келіп, халқымыздың табиғатқа жанашырлықпен қарағанын, 
мәдениетін  өркендеткенін,  «Номад  елі  болу  қандай  ғажап 
нәрсе!  Мұны  неге  қозғап  отырмын.  Себебі,  қазақтың  дәстүрлі 
мәдениетін қалай сипаттасаң да жарасады. Оны танып білу үшін 
үлкен білімдарлық керек. Ең бастысы, қазақтың прагматикалық 
қасиеттері  қызықтырады.  Мұнда  ұлттың  жеке  өмір  сүру 
ерекшелігі,  экономикасын  қалыпты  жүргізіп  отыруы,  екінші 
бойларындағы  жылдамдық,  алғырлық,  қозғалысқа  әрқашан 
бейім  тұратындығы,  үшінші,  ашықтығы,  қонақжайлылығы, 
төртінші, Еуразиялық кеңестікте ол қай дәуірде де алтын арқау 
болып келеді. Жібек Жолы да қазақ байтағымен өтеді. Қазірдің 
өзінде  Еуропа  мен  Қытайдың  арасындағы  алтын  көпір  де 
Қазақ елі болып отыр. Тағы бір айтайын дегенім», деді Катрин 
Пужоль:  «Байтақ  далада  өмір  сүрудің  өзіндік  экономикасын 
қалыптастыруы  мені  қатты  қызықтырды.  Экологиясын  таза 
ұстауы,  соны  осы  күндері  жаңғыртып  отырғаны  сүйсінтеді. 
Гендерлік  саясатты  дұрыс  жолға  қою,  ядролық  апатқа  қарсы 
тұру, бейбіт өмірді жақтау – мұның бәрі адами өмірге деген қазақ 
халқының талпынысы деп білемін». 
Шетелдік  ғалым  кең  далада  өмір  сүру  адамның  бойына 
мықты  күш-қуат  беретініне,  осы  арқылы  адамдар  өзін  берік 
сақтайтынына  да  дәлелдер  келтірді.  «Франция  тарихшылары 
Еуропадағы  көрікті  ескерткіштерді  айтса,  ал  мен  Қазақстанда 
қазақ  халқының  ішкі  дүниесінен  рухани  бай  «ескерткіштерді» 
көремін.  Ол  өте  нәзік  қасиет  қой.  Уақыт  қаупінен  аман  өтіп, 
бүгінге  жеткен  ондай  адамдық  асыл  қасиеттер  барлық  жұртта 
кездесе  бермейді»,  деп:  «Мені  таңғалдырған  тағы  бір  нәрсе 
халық  бірлігі,  қазақ  тілінің  қуаттылығы  еді.  Сол  қазақ  тілінде 
диалекті  жоқ  екен.  Бұл  халықтың  түп-тамырының  тұтастығын 
көрсетеді. Қазақ қандай қиындықты да еңсере білген. Осындай 
жетістігімен қатар, бір «кемшілігін» де айта кетсем деймін. Көп 
уақытқа созылған бодандықтан ба екен, көшпенді елдің адамдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет