Кеден одағына қатысу Қазақстан үшін де, сондай-ақ Ресей мен Беларусь үшін де алдағы онжылдықта бірқатар экономикалық тиімділікке қол жеткізетіні ерекше назар аударуға тұрады. Бұл бірлестік жаңа сауда жолдарын құруға, мемлекеттер арасындағы көптеген экономикалық кедергілерді жоюға жәремдеседі, ал тауарлардың еркін қозғалысы елдер ішінде де және одан тыс жерлерде де бәсекелестіктің өсуіне әкеледі. Елдер арасындағы сауданы жеңілдету мақсатында Ресей мен Қазақстан арасындағы жаңа экономикалық, еркін байланыстардың құрылуы одақ елдерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жолындағы негізгі басты артықшылық болмақ. Одақ Дүниежүзілік сауда ұйымына енген жағдайда әлемдік нарықта еркін, экономикалық жағынан тиімдірек сауда жүргізу құқықтарын бірлесе қорғайтын болады.