Рұқсат етілген және тыйым салынған спектрлер. β-ыдырауларда жұптылықтың сақталмауы.
Бета-сәулесі- шапшаң электрондар ағыны, оның α-бөлшегімен салыстырғанда иондаушы қабілеттілігі шамалы (~ 2 дәреже), бірақ өткіш қабілеттілігі α-бөлшегінен басыңқы келеді.
Дәріс № 6. Ядролардың γ-нұрлануы Жоспары:
Электрлік және магниттік өтулер. γ-өтулер үшін момент пен жұптылық бойынша сұрыптау ережелері және әр түрлі мультипольдік өтулер үшін өту ықтималдықтары.
Ядролық изомерия. γ-кванттардың ішкі конверсиясы. Мессбауер эффектісі.
3. Гамма-сәулесі – қысқа толқынды электромагниттік сәуле, толқын ұзындықтары λ< 10-10 м, негізінде, бөлшектер ағыны (γ-кванттар немесе фотондар), электр және магнит өрістерінде ауытқымайды және иондаушы қабілеттілігі нашарлау, бірақ өткіш қабілеттілігі өте жоғары (қалыңдығы 5 см қорғасыннан өтіп кетеді).
Ядролық реакциялардың кинематикасы. Сақталу заңдары.
Ядролық реакцияларды жазу алғашқы заттар мен реакциялар өнімдері үшін массаның (массалық санның) сақталу заңы және
зарядтың (зарядтық санның) сақталу заңдарына негізделеді, яғни мынадай типті реакциялар жүреді :
(1)
және мына теңдіктер орындалуы керек:
(2)
Нақта айтқанда, 1932 жылы, бериллийді α-бөлшектермен атқылау кезінде нейтрон ашылды, мына реакцияға сәйкес
(3)
Сондай-ақ, ядролық реакциялар алғашқы заттар атомдарын протондармен, нейтрондармен, дейтрондармен атқылау нәтижесінде және осы атомдарды γ- сәулелендіру кезінде де орын алады. Мұндай реакцияларға мысалдар келтірейік:
(4)
(5)
(6)
(7)
Ядролық реакциялардың (4) - (7) көрсетілген мысалдарынан элементті бір бөлшекпен атқылау арқылы реакция өнімі ретінде басқа бөлшектерді алуға болатынын көреміз.