Қорыта айтқанда, Қазақ хандық дәуірі әдебиетін зерттеуші ғалымдар зерттеулерінде жыраулар поэзиясының қоғамдық – әлеуметтік мәніне талдау мен көркемдік эстетикалық талап біте қайнасып жатады. Бұл ретте хандық дәуір әдебиетін зерттеушілердің поэзиялық тұрақтылық, мәселе нақтылығы, ой – пікір қанықтығы, тұжырым дәйектілігін танытады.
Ғалымдардардың әр жылдарда жазған зерттеу еңбектерінде XV ғасырда құрылған хандық мемлекет қазақтың ұлттық әдебиетінің қалыптасуына негіз болған деп тұжырымдаған.
Бүгінгі таңда ұлтымыздың рухани қазынасына айналыа отырған хандық дәуірдегі әдебиетті білу, тереңінен бойлап зерделеу басты назарда болатын кезек күттірмейтін іс деп білеміз.
550 жылдың тарихы бар хандық дәуір қазақ ұлтының қалыптасу, даму тарихын айқындап, әдеби даму өрлеуді ұрпақ игілігіне айналдыруда маңызды мәселе екені сөзсіз.