(1897-1961жж.)
М.Әуезов жыраулар заманының келелі мәселесіне үн қосып, болжам жасап, тарихтың бағасын береді. Осы жәйттар толғауларында көрініс тауып жатады, яғни, заман мәселесін күн тәртібіне қояды деп ой түйген.
Әдебиеттің тарихына байланысты тиянақты зерттеу жұмыстарын жазып, арнайы еңбектер жазған Х.Сүйіншәлиев кеңес дәуірінің 60- жылдарында «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты мақала, содан соң 1967 жылы монографиясын жариялады. Зерттеуші ғалым Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зерттеу еңбегі оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық ретінде ұсынылды.
(1918-2006жж.)
Х.Сүйіншалиев: «XIV - XV ғасырда қалыптасқан қазақтың өзіндік төл әдебиетінің іргесі қаланып, әдеби тілі қалыптасады. Осы кезден бастап, әдебиет тарихында қазақ авторлары, жеке жыраулар мен ақындардың есімі белгілі болады» деп өкілдерін ғылыми жүйеде саралайды.
Белгілі ғалым Р.Бердібай: «Жыраудың философ ойшылдығы мен ғибратшылдығы дүние сырын кеңінен шолып, терең салыстырулар жасайтындығы толғаулардан айрықша көрініс береді. Мұндай жырау жеке адамдағы немесе топтарға қарап емес, биік мінбеден бүкіл халыққа арнап сөйлегендей болады», - дейді.
(1927-2012жж.)
Ғалымның осы пікірі жыраудың бүкіл табиғатын ашып тұрғандай. Демек, жыраулар толғаулары арқылы дүние сырына шолып, әр заманның тарихи оқиғаларына үн қосқан. Мысалы: Жәнібек ханның адами қасиеттерін халық жоғары бағалап, есіміне «әз» - араб тілінде ғазиз, ардақты, қадірлі деген мағынан білдіретінін сөзді қосып айтқан.
Әдебиет зерттеуші ғалым Е.Ысмайлов: «Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып, көбінесе заман – дәуір өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған», - дейді.
(1911-1966жж.)
Жыраулардың қоғамдағы рөлін аса жоғары бағалай келіп, Ә.Марғұлан: «Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейкесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана жыр тудырған», - деп ой түйеді. Ш.Уәлихановтың пікіріне сүйене отырып, Ә.Марғұлан XVІ – XV ғасырда өмір сүрген Сыпыра жырау, Тоқтамыс хан тұсында өмір сүрген десе, Б.Кенжебаев та Сыпыра тарихта болған, бірнеше хандардың тұсында өмір сүрген, деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |