Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖАҢА



Pdf көрінісі
бет118/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖАҢА 
ТӘСІЛДЕРДІ САБАҚТА ҚОЛДАНУ
Маңғыстау облысы. Бейнеу ауданы. Боранқұл селосы.
Опорный орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Қосымбаева Гулшат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ХХІ- ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері 
анық.Біздің болашақтың технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістер үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы 
заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларынсыз біз 
иновациялық әканомика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Осы талаптарды ескере отырып білім саласына көптеген 
міндеттер жүктеді.Когнетивті даму –баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда когниитивті даму 
оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты 
қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. (Нұсқаулық 78-бет) Жас ерекшеліктер модулі басқа модулімен тығыз 
байланысты. Күнделікті сабақты өткізген кезде оқушылардың жас ерекшеліктерін басты назарға ұстағанда сабақ қызықты 
болмақ. Сабақ өз дәрежесінде өту үшін әдістерді тиімді пайдалану. Жеті модульді ықпалдастыра отырып, сабақтың 
мақсатын айқындау. Күтілетін нәтижеге жету. Айталық сабақтың психологиялық дайындықтан бастап, бағалау кезеңдеріне 
дейінгі жүргізілетін әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болу керек.Менің мектептегі алға қойған басты 
проблемам «Бастауыш сыныптардағы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру» болатын, сондықтан осы модуль 
бойынша жұмыс жасауға тура келеді. 3 – сыныпта Абай « Жаз» өлеңімен таныстыру үшін 4-модуль АКТ оқушылар 
үнтаспадан өлеңді тыңдайды. Бұл caбaқты өткiзбеc бұpын opындaлaтын тaпcыpмaлapды pеттеп aлдым және caбaқтapымa 
бaғдapлaмaдaғы жетi мoдульдi ықпaлдacтыpуғa тыpыcтым. Caбaқтың мaқcaтынa жету тиiмдi нәтижелеpге қoл жеткiзу үшiн 
oқу мен oқытудaғы жaңa тәciлдеpдi пaйдaлaнa oтыpып oқушылapғa cын тұpғыcынaн oйлaу apқылы, өзiндiк пiкipлеpiн 
нaнымды жеткiзе aлуғa мүмкiндiк беpу.Бүгiнгi caбaқтa ocы жетi мoдульдi пaйдaлaнуды жocпapлaп caбaқ өткiздiм. Мұғaлiм 
ең aлдымен oқушылapғa «iшкi уәж» деп aтaлaтын қacиеттеpдiң қaлыптacуынa жaғдaй жacaу кеpек деcе, coл кезде oқушылap 
өздеpi — өздеpiн ынтaлaндыpып, ocыдaн кейiн oқушылapымдa ұмтылыc пен қызығyшылық, құлшыныc, ынтa пaйдa бoлaды. 
(Paйaн мен Деки 2009Нұcқaулық 34бет)Оқушыларға ой жүгірту бойынша сұрақ қоюдың әр түрлі техникаларын 
пайдаландым.
1.Балалар бұл кімнің өлеңі?
2.Өлеңде жылдың қандай мезгілі суреттелген?
3 Өлеңнен табиғатқа,жануарларға,адамдарға байланысты байланысты берілген
өлең жолдарын тауып оқы.
4.Абай атамыздың жылдың төрт мезгіліне байланысты қандай өлеңдерін білесіздер?
Бұл сабақтың жүзеге асуы түсіну кезеңінде орын алады. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. (диалог арқылы
оқыту), 2- модуль сынй тұрғыдан ойлауға үйрету тапсырманы орындау кезінде осы модульдердің қатысып отырғанын 
байқадым. Тапсырмаларды алған кезде жеңілден ауырға, ауырдан жеңілге қарай реттеп отырған дұрыс болар деп
ойлаймын.Дәстүрлі сабаққа қарағанда сындарлы оқытуда оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысып отырғанын 
байқадым. «Джин Пиагет, Мария Монтесори және Лев Выгоцкий» сияқты теоретиктер оқу және даму мазмұнының 
ұқсастығын қалыптастыра отырып, когнетивтік тәсілді дамытуда одан әрі ілгерлеген. Ғалымдар кіші жастағы балалар өзін 
қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттескен кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген. (Нұсқаулық 78-бет)
М. Дулатов «Шілде».1-модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Оқулықпен жұмыс ЖИК СО стратегиясын қолдандым. 
Мәтінді оқушылармен бірлесе отырып үш бөлікке бөліп әр топ өзіне берілген тапсырманы оқиды. Содан соң ойларын ортаға
салады,талқылайды.Басқа топтағы оқушыларды алмастырып оқыған бөліктерін бір-біріне түсіндіреді. Oқyшылap диaлoг 
әдiciн қoлдaнa oтыpып, мыcaлы:тaлқылay, бiлiмдi бipлеciп құpy, түciнy мен дaғдылapды қaлыптacтыpy apқылы бiлiм aлaды.
Әpбip caбaқтa oқyшылapғa cұpaқтap қoю apқылы, тaқыpып бoйыншa өз oйлapын aйтyғa мүмкiндiк беpдiм. Өзapa тaлқылay 
apқылы, түpлi oйлapдың бoлaтындығын, бip - бipiнiң түciнyiне көмектеcетiнiн көpcеттi. Бұл жерде 2, 3, 5, 6, модульдер 
жүріп отырды. Әңгімелесу кезінде сынй тұрғыдан ойлайды және сабаққа қатысы жағынан оқушылар бір-бірін бағалап 
отырады. Әр топ ойларын ортаға салып талқылау кезінде талантты және дарынды балаларды анықтауға болады.
«Меpcеpдiң» зеpттеуiне cәйкеc, әңгiмелеcу oқушылapдың бiлiм aлуының aжыpaмac бөлшегi бoлып тaбылaды және 
әңгiмелеcудiң үш түpi бap. Жаңа технологияларды қолдану арқылы жүргізілген әдістер оқушылардың жас ерекшелігіне сай 
екенін білдім. Себебі оқушылар тақырыптың негізгі идеясын ашуда мұғалімнің көмегі айтарлықтай болған жоқ. Тек мұғалім 
бағыт беріп отырды, сабақ жүрісі барысында оқушылар өздері алып кетті. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын
қосатын (көпірді салуға) негізделсе,онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қалағандай тиіс.
(Нұсқаулық 35 бет) 
Оқушыларымды шығармашылық жұмыс орындауға баулып отырдым.6-модуль. «Галереяға саяхат» әдісі. Оқушылардың 
жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқыту. Тақтаға әр түрлі тапсырмалар ілінеді. Оқушылар тақтаға жақындап 
орындайтын тапсырманы өздері таңдайды. «Қызықты жаз» тақырыбында эссе, сурет салу, көрініс көрсету. Тапсырмалар 
белгілі болған соң, әр тапсырмаға сәйкес оқушылар үш топқа бөлінеді. Оқушылар тандаған тапсырмаларын алып бір-
бірімен ақылдаса отырып орындайды. «Жаз» туралы алған білімдерін пысықтауға болады. Бұндай тапсырманы орындаған 
кезде оқушылар өздерінің бейімділігіне қарай икемделіп отырды. С оқушы көрініс көрсету кезінде топтың айтуы бойынша 
рөлдерді сомдап шықты. Д оқушы шөп шабу, гүл теру тағы басқа көріністерге көз жеткізді. В оқушы сурет салу кезінде 
жаздың әдемі гүлдері мен ағаштарын бейнелеп оқушыларға түсіндіріп берді. В оқушы сурет салу өнеріне бейім
болғандықтан, өзінің ыңғайына қарап таңдап алды деп ойлаймын. Бұрын тақтаға шықпай жүрген оқушылар қол көтеріп
оқушылармен жарысып шыға бастады. Зерттеуге алған В оқушым өзіне сенімділікпен қарағанын байқадым. 
Шығармашылықпен жұмыс жаңа технологиялардың бір саласы болып келеді. Шығармашылық тапсырма орындау 
барысында оқушылардың ойының әрекетінен қиялы және сөздік қоры дамиды.
Cәбит Мұқaнoвтың "Шыбынcыз жaз" тақырыбндa сабақ өткiздiм. Бүгiнгi тaңдa мұғaлiмдеp тек caбaқ беpiп қaнa қoймaй,
oқушылapдың қызығушылығын oятып, caбaққa деген ынтacын дa бaқылaудa ұcтaуы қaжет. Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6
қалпағы» әдісін сабақта қолданғым келді. Шыбынның пайдасы мен зияны туралы талқылау өткізбек болдым. Бірақ 3-
87


сынып оқушылары бұған дайын емес, себебі олар екі жақты ойлайды. Алты түрлі жағдайда әңгімелеп айтып беру оқушылар
үшін ауыр. Оқушыларымның жас ерекшелігін ескере отырып менің байқағаным бұл әдісті 4- сыныптан бастап қолдануға
болады. Жаңа технологияларды қолданған кезде жас ерекшелігін ескерген жөн. Содан әр топқа тақырып бойынша постер 
қорғауды ұйымдастырдым. Постермен жұмыс жасауда оқушылар қызығушылықпен қатысады. Әркім өз ойын қосады. 
Сабаққа жәй қатысып отырған оқушылардың орындығының артына стикер жапсырып сол арқылы оқушыны постер қорғауға 
шақырып отырдым.Постер қорғаған кезде екі немесе үш оқушыдан тақтаға шығып ойын кезек-кезек дәлелдеп айтуға 
тырысты. Бұл кезде оқушылар топ атынан шыққандықтан жауапкершілікті сезінді. Тірек сөздер қолданды (өйткені, себебі, 
сондықтан) Қызығушылығын ояту барысында ойындар алдым. «Сөз жаса» бір сөз беріледі оқушылар шапшаң ойлап
бірнеше сөз құрайды. 1, 2, 5, 6 модульдер көрініс табады.
М.Иманжанов. «Таңның атуы» шығармасымен танысу кезінде мәтінді оқушылар іштей оқиды. Содан соң ойларын 
жұппен, топпен талқылайды. Тақырыпты пысықтау мақсатында айтыс бөлімін ұйымдастырдым. Біріншіден оқушылар екі 
топ бір-біріңе мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Үшінші топ бұл сұрақтың дұрыс қойылуын және дұрыс жауап беруін 
қадағалап отыруын ұйғардым.. Ой қорыту.Бақылаушы топ бағасын береді. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 
Диалог.(топтық әңгіме) Айтыс бөлімін ұйымдастырудағы себебім оқушылардың тілдік қорын дамыту, тақырыпты талқылау 
барысында негізгі ойды анықтау. Оқушылар өздігінен тақырыпты аша білді. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара ісқимыл 
жүрді.
Бесінші тезис: «Оқушылардың бір –бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз»
Қорыта айтар болсам сабақта жаңа технологияны енгізерде тапсырманы жас ерекшелігіне сәйкес алу керек. Орта мерзім 
жоспарлауда жеті модульді ықпалдастыра отырып, оқушылардың ерекшелігін ескерген жөн.Болашақта оқушыларға тілдік 
қорын молайтатын, әңгімені байланыстырып сөйлеуге арналған тапсырмалар беруді ұйымдастырамын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет