Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет251/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

ШАХМАТ ҮЙІРМЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Жанғанашова Нұржамал Қасымханқызы 
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 қазақ орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды»,- деген 
педагог В.И.Сухомлинский.
Ойын дегеніміз- адамның ақыл ойын дамытатын,қызықтыра отырып ойдан – ойға жетелейтін, тынысы кең,алысқа 
меңзейтін,қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаттылығы ойын арқылы байи түседі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше 
зерделейді сөйтіп , өмірден байқағандарын іске асырып,көргендерін санасына түйе бастайды. Мысалы, «волейбол», 
«футбол» сияқты ойындар баланың қимыл-қозғалыс қасиеттерін дамытатын ойын болса «Алтын сақа», «Көкпар» т.б. 
ұлттық ойындары ұлтжандылыққа тәрбиелейді. Ал «тоғызқұмалақ», «дойбы», « шахмат» ойындары логикалық,
математикалық ойын .Бұл ойындар баланың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілеттерін арттырады.
Шахмат - математикалық, логикалық ойын . Математиктердің шахмат тақтасындағы бір аттың жүру маршрутын 30 
миллионға жуық деп атап өткен .
Шахмат ойыны V-ғасырда Үнді елінде дүнеге келген, кейін бүкіл елді жаулап алған.
Бұл ойынның шығу тарыхы өте күрделі, ол туралы көптеген аңыздар бар. Соның ішінде бір аңызға тоқталатын болсақ ол 
шахмат тақтасының пайда болуы. Бір патша жарлық береді «кімде кім қызықты ойын тапса соған сұрағанын берем» деген. 
Сонан бір данышпан шахматтың әрбір шаршысына астықты есптеп қоя бастайды: бірінші шаршыға бір дән , екінші 
шаршыға 2 дән, үшінші шаршыға 4 дән, төртінші шаршыға 4х4=16, 16х16=256 сөйтіп шахмат тақтасындағы 64 шаршыға
дәндерді қоя бастағанда әлгі патшаның жинаған барлық астығы жетпей қалады. Осылай, ойынды ойлап шығарған 
186


данышпан патшаның байлығына ие болады екен дейді аңызда. Міне, шахмат ойыны математикалық есеп: шахмат тақтасы, 
оның бетінде орналасқан шахмат фигуралары, олардың жүрісі, жеу жолдары бәрі математикалық есепке келіп тіреледі. 
Сосын болар Н.Назарбаев «Қазақстан білім қоғамына барар жолда» тақырыбында өткен онлайн режиміндегі дәрісінде 
мектептерде шахмат ойынын пән ретінде енгізуді қолдайтынын айтқан болатын.Таяуда мен Әлемдік шахмат 
қауымдылығының басшыларымен ,гроссмейстерлермен кездескен болатынмын. Олар балаларды жастайынан шахматқа әуес 
келетін елдер мен аумақтарда оқу үлгерім артатындығын жәнеде математикалық пәнінен білімдері жақсаратынын алға 
тартқан.Шахмат ойыны бірнеше қадам алда жүріп,шешімді қабылдай білуге үйретеді»- деген және Астанада қаласында 
шахмат Академиясының ашылатынында айта кеткен.
Тамыз айында өткен облыстық Білім беру қызметкерлерінің педагогикалық кеңесінде облыс әкімі А. Мұхаметов 
«Математикалық білімді көтеруге бағытталған облыстық жоспарда» шахмат ойынына үлкен мән берілді.Көршілес елдерде 
шахматты енгізген мектептердің педагогикалық тәжірибелерін зерттеп, облыс әкімінің тапсырмасына байланысты облыстық 
оқу әдістемелік орталығы 1-11- сыныптарға арналған «Шахмат курсы» бағдарламасын әзірледі. Ел басшысының ұсынысы 
мен облыс әкімінің тапсырмасын,және облыстық оқу- әдістемелік орталығының әзірлеген бағдарламасын басшылыққа ала 
отырып, біздің мектеп басшылары шахмат үйірмесін енгізуді ұйғарды және шахматан үйірме сағаттарын маған ұсынды.
Шахмат үйірмесін «Ақ ладья» деп алдым. Ладья - шахмат ойынында жүрісі тіке «тура» жүретін ауыр фигура.
«Ақ ладья» шахмат үйірмесі 1-11 сыныптар үшін шахматтық білім беру курсы болып табылады. Бұл бағдарлама 
арқылы балалардың жалпы білім деңгейі арттырылады, ойлау қабілеті мен интеллектуальдық әлеулеті дамиды.
Шахмат ойыны бір мезгілде әрі оқитын , ой-өрісін ұштайтын және тәрбиелейтін ойын. Шахмат ойыны арқылы тек қана
ойлау деңгейі ғана емес , сонымен қатар зейіні,еркі, ынтасы дамиды.
Бұл бағдарлама теориялық сұрақтармен қатар үш деңгейдегі логикаға сәйкес шахмат ойынының практикасын қамтиды:
- шахмат ойынының тарихын, шахмат әліппесін, шахмат тактикасын , психологиясын, этикасын, жарыстарға қатысуын 
қамтиды.
-салыстырмалы талдау әдісін меңгеріп, шахмат тастарын орналыстыра білу, бастапқы позицияларын және комбинация 
негіздерін байланыстыра білу нәтижесінде білім деңгейін меңгеруге қол жеткізеді. 
- қорытындысында шахмат ойынының «стратегия негіздерін»және барлық курсын толық меңгеру нәтижесінде , логикалық 
ойлауды, көп күш жұмсамай қиындықсыз тек шахмат ойыны бойынша емес үлкен көлемдегі ақпаратты есте сақтау, өзге де 
білім аясын, соның ішінде математиканы ешқандай қиындықсыз есте сақтауына мүмкіндік алады
. Шахмат –шешімді зерттеуге, әртүрлі жүріс нұсқасын қайта-қайта таңдауға, өз бетімен есеп шығару қабілетін дамытуға, 
қорытындауға үйретеді.
Шахмат сабағы арқылы жеке тұлғаны жан-жақты етіп қалыптастыру өте күрделі жұмыс, ол жетекші педагогтан 
шахматқа оқытып қана қоймай жеке тұлғаны тәрбиелеуді және ойлау, іздену қабілетін дамыту арқылы салауатты өмір 
салтын қалыптастыру, ой еңбегіне тәрбиелеу. Осы бағдарлама балаларды оқытуды топтарға бөліп оларға теориялық
білім беріп қана қоймай практикалық тұрғыда да материалды толық меңгеруге мүмкіндік береді.
Мақсаты: Оқушылардың бос уақыттарын босқа өткізбей оларды шығармашылық ізденімпаздыққа, қиялын ояту арқылы 
ой еңбегіне тәрбиелеу.
Оқыту арқылы- шахматтың шығу тарихымен таныстыру.Шахмат ойынынан теориялық білім беріп қана қоймай оның ойын 
ережелерін үйрету, сөйтіп оларды әртүрлі жарыстарға қатынастырып қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелеу арқылы- шахмат ойынын оқып үйретіп қана қоймай, оны сүйе білуге және оның жеке бастың мінез- құлқының 
қалыптасуына ұстамды және ізденімпаз болуына, ойлау қабілетінің артуына әсер ететіндігіне көзін жеткізу; әртүрлі
жағдайларда өзгенің қателіктерін және өзінің қатесін түсіне білуіне, одан дұрыс қорытынды жасауға үйреті; қарсыласты 
сыйлай білуге үйрету.
Дамыту-жеке тұлғаны ойлау қабілетн арттыру арқылы есте ұстау, барлық жағдайларға көңіл аудара үйрену арқылы
жекетұлғаны қалыптастыру; дүниеге ойлы қарап, әсемдік тұрмысты танып қана қоймай, өзінің ойлау қабілетін, 
танымдық ерекшеліктерін қалыптастыру; айналадағы дүниені танымдық қабілет арқылы дұрыс түсіне білу.
Міндеттері:
- дүниежүзілік, халықаралық озық педагогикалық тәжірибелер жетістіктерін пайдалана отырып, шахмат ойынын
жете меңгерген оны ардақтап, сүйе білетін және әлемдік дәрежеге көтеруге ұмтылатын жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны тәрбиелеу;
- жасөспірім жеткіншектерде салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, олардың шығармашылық 
ізденімпаздығын, қиялын ояту арқылы ой еңбегіне тәрбиелеу;
- әрбір курс мүшелерімен жеке- жеке жұмыс жүргізу арқылы оларды тез есептеуге жаттықтыру;
- дүниежүзілік және Отандық шахмат майталмандары-Капабланка, Алехин, Ботвиник, Таль, Смыклов, Корчной, 
Пепаросян, Спаский, Карпов, Каспаров, Крамник, Ананд, Садвакасов біздің жерлесіміз-Середенко, Кубеновтер т.б. Олардың 
ойындарымен өмірін үлгі ету арқылы оқушылардың қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттырып, жоғары дәрежелі
адамгершілігі мол, дені сау спортшы жеке тұлғаны қалыптастыру;
- курс мүшелерін мектеп аралық, ауылдық, қалалық, облыстық жарыстарға қатыстыра отырып, жеңімпаздарды анықтап 
қана қоймай олардың тактикалық және стратегиялық ойын шеберліктерін жетіктіре түсу.
Курс мазмұны бағдарламаға сәйкес 1-4–сынып, 5-9-сынып оқушыларына бөліп оқытылады және мына бөлімдерді 
қамтиды.
Кіріспе.(1) Шахмат ойынының даму тарихы. Мұнда оқушыларға жалпы шахмат ойынының шығу тарихы, аңыздар ,әлем
чемпиондары туралы терең мағұлымат алады
Шахмат тақтасы (1). Шахмат тақтасының көлемі,оның құрылымы (ақ қара жолақтар, горизанталь, вертикаль, диоганаль).
Әрбір 64 шаршылардың аттары оның 32-ақ, 32-қара шаршыдан тұратындығын үйренеді.
Фигуралар бастапқы орналасуы (10). Аты, орналасуы, жүрісі мен фигураларды алу(жеу) жолдарын меңгереді . 
Шахмат партияларын жазу. Нотацияның маңызы (1). Жасалған жүрісті жазып отыру ережесін меңгеру. Бұл ережені -
шахмат нотациясы деп атайды.Бұл ереже арқылы ойын кезінде жинақылыққа үйренеді , аяқталмай қалған ойынды келесі 
күні жалғастыруға көп көмегі тиетін ереже болып танылады.
187


Фигуралардың салыстырмалы құндылығы (2). Фигураларды ойынға қатыстыра отырып, мат, пат және рокировка қоя
білуге үйренеді. Фигуралардың салыстырмалы құндылығын айыра білуге үйренеді. Мысалы , Ат пен Піл фигурасының 
күші 3 пешкаға тати тып, жеңіл фигураға жатса, Ферзь 10(он)пешкаға татиды , Ладья 5 пешкаға татиды және екеуіде ауыр 
фигураларға жатады. Ойын кезінде осы фигуралардың салыстырмалы күштерін есептеп отыруға үйренеді. Сонымен қатар 
пешканы ферзаға шығаруда квадрат ережесін меңгереді. . Шахмат партиясы: дебют,миттельшпиль, эндшпиль (7)
Ойынның бастапқы позициясы - дебют, ортаңғы позиция- миттельшпиль ,- ойының соңы аяқталуы- эндишпиль туралы
түсіне отырып, есептер шығарады.
Шахмат есептерін шешу (10). Бір жүрісте, екі жүрісте, үш жүрісте мат қою есептерін өз бетімен шешу . «детский 
маттан» қалай қорғану керектігін ойлану, шешу жолдарын меңгереді. 
Өз-ара жарыстар өткізу (2). Алған білімдерін пайдалана отырып, өз-ара білімдерін жарыс арқылы қорытындылау.
Шахмат курсы арқылы оқушының білім деңгейі артады. Олар алған теориялық білімі мен практикалық білімдерін, 
жетістіктері мен кемшіліктерін танып білуіне мүмкіндік береді. Оқушылар бір- бірімен кездесіп ойнайды, әртүрлі есептер 
шешеді, сосын жетекшімен ойнайды. Әр баламен жеке-жеке жұмыс жасаймын . Сөйтіп, оқушылардың деңгейін анықтап , 
үш топқа бөліп оқытамын. Мәселен, Iтоп- жақсы меңгерген оқушылар оларды бірінші қатарға орналастырам , IIтоп- 
орташа меңгерген оқушылар, оларды екінші қатарға, III топ- кеш қабылдайтын оқушыларды үшінші қатарға орналастырып, 
ойын ережелерін қабылдау деңгейлеріне сәйкес тапсырма беріп отырам. 
Шахмат ойынының пайдасы зор. Мысалы, шахмат ойнап отырып баланың «мен» деген түсінігі қалыптасады жеке тұлға
болып даму сатысы қаланады. «жеңіс», «жеңіліс» ұғымдарды түсіне бастайды.
Шахмат ойыны – адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған 
негізіндегі іс әрекеттің бір түрі. Сондықтан, шахмат ойыны адам баласының дүние танымын кеңейтеді, сөздік қорын 
байытады, ойлау қабілеттерін артып, ой-өрісін дамытады.
Шахмат математика, физика, химия, геометрия сияқты негізгі пәндерге көп септігін тигізетін матеметикалық, 
логикалық ойын !
Сондықтан , ШАХМАТ үйірмесі оқушылардың білім деңгейін артып, болашақта математика пәні бойынша тест
көрсеткіштеріне жақсы ықпал тигізеді деген ойдамын.
Сөз соңында М. Омарханұлының сөзімен аяқтағым келеді « ойы ұшқыр ........ »


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет