Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


 тапсырма: Жұмбақ шешу Орындық тұр – қарайық Ұқсайды оған қай әріп? (Ч) 2-тапсырма



Pdf көрінісі
бет116/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

тапсырма:
Жұмбақ шешу
Орындық тұр – қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Ч)
2-тапсырма:
Ч ч дыбысы қандай дыбыс 
деп ойлайсыңдар?
3- тапсырма:
Ч ч дыбысы буын бола 
алама?
4-тапсырма:
Еске сақтау диктанты. 
(ауызша)
Чек, чемпион, чемодан, Мичурин – осы 
сөздерді балалар шатыспай айтып беру 
керек.
Осы тапсырмалар орындалған соң гүл 
щоғы балаларға қалады.
Тапсырманы орындаған балалар 
жұлдызшамен бағаланады.
2. Ч ч әрпін ауаға, тақтаға жазып көрсету, 
екі элементтен тұратынын, айтылу 
артикуляциясын түсіндіру.
Чемодан, чемпион, чек.(Сөздерге
дыбыстық талдау)
3.Сергіту сәті:
Төрт қадам әні бойынша 
бойларын сергітіп билету.
4. Орталықпен жұмыс:
Чупа- чупс:
Алдарында берілген “чупа-
чупс” кәмпиті туралы зерттеу жасап
пайдасы зияны туралы айтқызу
Чипсы:
Чипсы туралы айту 
Чак чак :
Чак чак туралы айту
6. Ойын “Бинго”
(алдын – ала әзірленген “чек” бойынша 
ойналады)
Егер бала дайындалған сұрақтарға жауап 
берсе тиісті чек-ті алып, чак-чак тағамын 
жеуге рұқсат алады.
Ойынның мақсаты:
балаларға еңбектің 
наны тәтті екенін түсіндіру, 
шапшаңдыққа үйрету. Сөйлеу қабілетін, 
тілін дамыту.
Бағалау
Белсенділік көрсеткен балалармен топты мадақтап, “ЧЕМПИОН” атағын беру.
Рефлексия
Смайликтер арқылы
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
Екібастұз қаласы №26 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Кояганова Бақыт Зиятаевна
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Оқу-
тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша
қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны
өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілуде. 
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы 
болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға,
проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. 
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, 
білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз
бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың
танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, 
оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі
тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту 
барысында келесі міндеттерді анықтадым. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты: Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту,
84


қиялын шарықтату және сезімін ояту. Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту 
деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне 
байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік
берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарлайды.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технология стратегияларын ұтымды қолдану оқушылардың
танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыратынына көзім жетті. Осыған дәлел ретінде сабақтарымда қолданып 
жүрген бірнеше стратегияларды мысалға келтіргім келеді. 
«Құбылыстар» тақырыбын ББҮ - Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясын қолданып өткіздім. 
Сұрақ: - Қандай табиғат құбылыстарын білеміз? 
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Жаңбыр жауады.
Жел соғады. 
Қар жауады.
Тағы қандай табиғат құбылыстары 
бар?
Жер сілкіну, су тасқыны, дауыл, сел сияқты 
табиғат құбылыстары апат деп аталады .
Баланың шығармашылығын дамытуда мынадай әдістерді қолдандым. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері
ашады. Кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады. Мысалы:
«Торғай» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы тақырыпты оқушылар өздері ашты. Ол үшін «Торғай, жылан, бала» сөздерін
алдым. Бұл сабақта Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Болжау кестесі» стратегиясын қолдандым. 
Не болады?
Дәлел.
Не болды?
Торғайға бір қауіп төніп тұр. Жылан 
торғайды жемекші, не бала торғайдың 
жұмыртқасын жармақшы. 
Торғайдың ащы шырылы құлаққа 
тиді. Жаны ашыған торғайлар 
жанында жүр. 
Торғай тастай ағып жерге топ ете 
түсті.
Талқылау кестесі арқылы проблемалық сұрақ туғыза отырып, талқылау: 
1) Торғай аман, тірі қалсын ба? - Тірі қалсын. 
2) Әлде жылан торғайды жеп қойсын ба? - Жоқ. 
3) Бала торғайды құтқарсын ба? - Құтқарсын. 
4) Бала мақсатына жетті ме? - Бала мақсатына жетті. 
5) Бала неге қуанды? - Бала торғайды аман алып қалғанына қуанды. 
Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Тірек 
сөздерді пайдалана отырып жазуға төселеді. Тапсырма түрлері өзгертіледі. Кейіпкерге мінездеме беру, автордың ойына өз 
ойларын қосу, мәтінді жалғастыру, кейіпкерге сипаттама беру, өзіндік көзқарастарын білдіру, авторға хат жазу, автор 
орындығы т.б. арқылы шығармашылығын арттырып, қызықтырып отырамын. 
Сонымен бірге 5 жол өлең құрастыру арқылы да оқушылардың тақырып бойынша ойын жинақтап, шығармашылығын 
дамыту жолын сабақта жиі қолданамын. 
Мысалы: l.Көбелек. 
2. Ақ, қызыл. 
3. Ұшады, қонады, ұстап алдым. 
4. Гүлге ұқсас 
5. Жәндікті. 
Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен
бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын. Мысалы: «қырбық қар» - жаңа түскен қар. 
1. Ақша қар 
2. Мамық, ақ жібектей, 
3. Себелеп, ұшып жүріп жауады 
4. Жайнатады даланы. 
5. Қырбық қар – деп құрастырды.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке
жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. 
Мысалы: «Бесік жыры» тақырыбын ББҮ –Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясын қолданып өткіздім.
Сұрақ: - Бесік жырында не туралы айтылады? 
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Анасы баласын ән айтып
уатады.
Ақ бесікке жат бөпем,
әлди-әлди ақ бөпем – дейді.
Неге «Бесік жыры»
деп аталған.
Сәбиін бесікке салып, жақсы көрген сезімін 
білдірген. 
Өскенде кім болатынын армандаған.
Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, эссе жазады. 
СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, 
шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім. 
Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін
еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет