Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы мұғалім:
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттайды;
оқушының дайындық деңгейі мен өсу динамикасын анықтайды;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізеді;
түрлі формадағы бақылау жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткізеді;
Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау арқылы оқушының еңбегін анықтайды;
Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын алуға қол жеткізеді.
«Шәкірттің ойлау қабілетіне еркіндік беріп, шектемей, жетелеп, адастырмай бақылап, керек кезінде жолын көрсетіп отыру
дұрыс»,
деген Ы. Алтынсариннің сөзі бағалаудың мәніне сай келмей ме. Яғни біз ұстаздар қауымы бағалауды өткізу үшін,
оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін
екендігін анықтауымыз қажет.
Ұшып келе жатқан әрбір тырна алдыңғы тырнаның ауа толқынын сезіп отырады. Артында ұшып келе жатқан құс ауаны
қалыпты жағдайына келгенше қырындап отырады. Алдында ересек құс, соңында жастары ұшып отырады. Ересек ауаны
жарып отырады. Яғни осы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің деңгейлі
бағдарламасы бойынша
біліктілігін арттыру курсын
аяқтаған мұғалімдер бірігіп, желелік қоғамдастық
арқылы тырналардай тізбектеліп,
ынтымақтаса жұмыс жасасақ Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын білімді ұрпақты тәрбиелеп шығатынымызға кәміл
сенемін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгері) деңгей, екінші басылым
2.Физика және математика журналы 2014ж. №1
* * * * *
ТАҚЫРЫБЫ: Ч Ч ДЫБЫСЫМЕН ӘРПІ
Елемесова Алмагүл Ғабділмәлікқызы
Астана қаласы №53 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: