Тостағанша
көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады.
Күлте
– тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте түбіндегі жіңішкерген
жерде тәтті шірне бөлетін
шірнеліктер орналасады.
Қос гүлсерікті
гүлде
тостағанша да, күлте де болады.( алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің
екеуі де
болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер дейді.
Аталық
– гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады.
Аналық -
гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады.
Аналықтың ұшын
– ауыз,
ортаңғы
жіңішкерген жерін
мойын,
түп
жағындағы жуандаған жерін
жатын
дейді. Аналық аузы өсімдік түріне
қарай
түрліше ( домалақ, үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т. Б) болып келеді.
Дұрысгүл мен бұрысгүл
- гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе –
дұрысгүл.
Гүл
бөлімдеріне бір сызық жүргізуге
ғана болса,бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл деп аталады.
IV.Жаңа сабақты бекіту: «Ойын-жұмбақ» гүл теру.
Әр топтан оқушылар гүл шоқтарын (қағаздан құрастырылған гүл бөліктері) алып шығады. Оның арғы бетінде сұрақтар
мен жұмбақтар бар. Соған жауап берді.
● Сұрақтар:
1. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар?
2. Гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақшалары қандай қызмет атқарады?
3. Күлте қайда орналасқан ?
●
Оқушылар оқулықпен жұмыс істейді. «Білімінді тексер» деңгейлік тапсырмасы оқушылар білімін жүйелеуге арналды.
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. (Ж)
2. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы. (Г)
3. Тозаң ұясы бар. (А)
4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. (К.Т)
5. Үлпекке айналған. (Т)
6. Бунақденелілер қоректенеді. (К)
7. Шірне бөледі. (К)
8. Жабысқақ сұйықтық бөледі.(Ж)
9. Ұшы ілмекке айналған. (Т)
10. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. (Ж)
11. Хош иісті. (К)
12. Мойны бар. (Ж)
●
Жұмбақтар:
1. Жарғанат арқылы тозаңданатын өсімдік. (Баобаб)
2. Дара жынысты, гүлді өсімдік. (Асқабақ)
3. Жел арқылы тозаңданатын өсімдік. (Түймедақ)
4. көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады. ( Алма)
5.Жезге ұқсас сабағы
Дәні халық тамағы. ( Бидай)
●
Достарыңызбен бөлісу: