Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


«Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі



Pdf көрінісі
бет61/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

«Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі
Мұғалім сөзі: Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармаларының бірі — "Сұлушаш" 
поэмасы. Оны өлеңмен жазылған роман деп те атайды. Қалай болғанда да осы шығармасы арқылы ақын дәуір шындарын 
тарихи тақырьш тұрғысынан кең қамтып бейнелеуде елеулі табысқа жетті. «Сұлушаш»-мазмұны мен көркемдік кестесі 
жағынан эпикалық дастандар сарынына үндес шығарма. Шығарманың сюжеттік желісін ел аузындағы аңыздан алғанымен, 
ақын оны өз дәуірінің талабымен шебер ұштастырады. Жастардың бостандыққа ұмтылуы арқылы автор жалпы адамзат 
баласына тән азаттыққа ұмтылу идеясын көрсетеді.
Автор аңыздағы халықтық сарынды сақтайды да, оқиға мазмұнына өз жанынан өзгерістер енгізеді. Сол арқылы өмір 
шындығын, әлеуметтік мәселелерді терең бейнелейтін реалистік шығарма жасайды. Олай болса осы шығармаға сатылай 
кешенді талдау жасайық.(оқушылармен бірлесе табу)
2 слайд.
«Сұлушаш»поэмасы
1.авторы- С.Мұқанов- (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы,қоғам 
қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.
2.тақырыбы- әлеуметтік теңсіздік,махаббат
3.Әдеби жанры- трагедия
4. Эпикалық жанр түрі- поэма
5.идеясы- әлеуметтік теңсіздіктің жастардың бас бостандығына 
бөгет болуы.
6.Шығарманың компазициялық құрлысы-
6. 1.Оқиғаның басталуы Бай Тілеуберді мен сұлу Алтынайдың
бас қосуы
6.2.Дамуы Қалындықпен қоса еріп келген
Тезек құл мен Шұнақ күңнің қосылуы
6.3.Өрбуі Екі отбасының балалы 
болуы.Сұлушаш пен Алтайдың 
дүнигег келуі
6.4.Шиеленісуі Екеуінің махаббаты
6.5.Шарықтау шегі Атастырылған жігітінен
безініп,Сұлушашатың 
Алтаймен тауға қашуы
6. 6.Шешімі Қайсар достарының мерт болуы,
Сұлушашатың құздан құлап өлуі,
Қайғыдан құса болған Алтайдың
өзіне қол жұмсауы 
7. кейіпкерлері- Тілеуберді
Алтынай
Тезек құл
Шұнақ күң
Сұлушаш
Алтай
Ермек 
8.Әдеби- теориялық ұғымдар: 
8.1Троп
Ассонанс «Көкей өлген»көш көшкен,тұрмыс көшкен,
«Көкей кескен»тұрмыспен бірге көшкен.
Теңеу Өтке өмір ұқсайды соққан желге,
Оны еске аламыз тап та ,мен де.
Метофора «Табым»десем-бұлақтай таудан аққан
Өн бойымды шырмалап билейді ағын.
9.Фигура
9.1.риторикалық сұраулар Не көрмеді басынан не көшпеді
Октябрьдің өткелін кешкен пенде?
Бұл өткелде кім өліп,кім өшкен жоқ,
Кім түспеді өткелде сергелдеңге?
11.Түсіндірме сөздік
жөргек- бесікке бөленетін сәбиді орайтын, асты-үстіне 
салынатын жұмсақ маталар, баланың бесіктегі 
37


жатын орнының төсеніші мен жамылғы шүберектері.
Шілдехана- өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той.
Аруақ- Жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған 
діни наным бойынша өлген кісінің тіршіліктегі 
адамдарды желеп-жебеп жүретін жаны (аруағы).
Күң-
Құл-
12.Тәрбиелік мәні- Жастарды махаббатты қастерлеуге шақыру.
3 слайд Ауызша жұмыс.Көркем шығарманың мәтінімен жұмыс. «Тауып оқы»
-Портреттер. -Алтайдың монологы
-өлеңді құрлысына қарай талдау поэма(12-16 буынды қара өлең,шұбыртпалы ұйқас)
4-слайд. «Дамыта оқыту»технологиясы бойынша шығармашылық жұмыс
5-слайд.Дебат-пікір-сайыс өткізу.
Алтай мен Сұлушашатың өліміне кім кінәлі?
Қандай жағдайда олар өлмес еді деп ойлайсың?
Сабақты бекіту. Парасатты, көркіне ақылы сай Сұлушаш ғашығы Алтайдың кедейлігін мін санамайды, онын адамгершілік 
қасиеттерін қадірлейді. Алтайдың бойында да байлар әулетіне деген ыза мен кек бар. Өйткені көзін ашқаннан бері көргені – 
байдың есігіндегі жалшылық, жоқшылық, қиянат. Дегенмен шынайы махаббат сезіміне келгенде екі жастың арманы да, 
мақсаты да үндесіп кетеді. Бірлесе отырып өмірдегі қиянат атаулыға қарсы, адамның бас еркіндігі жолында ақтық, сәттеріне 
дейін күреседі.
"Сұлушаш" поэмасында автор тек әлеуметтік мәселелерді, екі ғашықтың махаббат жолындағы трагедиялық тағдырын ғана 
суреттемейді. Поэмада адалдық» ар тазалығы мәселесі бар. Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық арқылы ақын
махаббатқа адалдық, ардын тазалығы туралы мәселе көтерсе, Қайсар образы арқылы досқа адалдық, адамгершілік тазалығы 
жайынан оқырманға ой тастайды. Поэманың композициялық құрылымы шебер, тілі көркем. Бейнелеу құралдары әр алуан. 
Оқиға барысын, кейіпкерлерінің іс-әрекетін баяндағанда, ауыл тіршілігін, жылқышылар өмірін, табиғат көріністерін
сипаттағанда, ақын қарапайым бояумен әдемі өрнек салады. Поэма кейіпкерлерінің ішкі толғаныстарын, сезім күйлерін 
әсерлі бейнелейді. М.Базарбаевтың сөзімен қорытындылау. «Сұлушаш поэмасы нағыз реалистік шығарма. Оның 
қаһармандары – ойдан жасалған, қиялдан шыққан, жансыз, қансыз суреттер емес, өмірдің қайнар бұлағынан алынған таза
жанды,ыстық қанды еңбек адамдары».
6-слайд.Үйге тапсырма: 
1.
 
Поэмадағы әдет-ғұрып, халық психологиясының көрінісін сипаттап жазып келу
2. Поэманың тіл көркемдігіне байланысты көркемдегіш сөздерді табу.
«Сатылай кешенді талдау-тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп,қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен 
шектелмейтін,сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына ,ойлау,есте сақтау,қиялдау,елестету сияқты басқа 
танымдық-психолгиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі»деп,Н.Оразақынова
айтқандай сабақты түрлі тиімді-әдістермен жаңаша өткізу,сатылай кешенді талдауды сабақты тиімді пайдалана білу 
оқушы шығармашылығы мен білімділік-біліктілік қасиетін дамытатын жақсы үрдіс болмақ.Әрбір мұғалімнің өзіндік 
мақсатына,бейіміне қарай өзі ұнатқан технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу,мұғалімнің шеберлігі мен 
шығармашылық жетістігіне ұштасары анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет