5.1.2.28
ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке
көбейтуді орындау;
Сабақтың мақсаты:
1.Ондық бөлшектерді көбейту ережесін әртүрлі есептеулерді шығару кезінде тиімді пайдалана білу және өтілген сабақты оқушы санасына ұғындыру.
2.өз бетімен ойлау қабілетін арттыру және өз білімін тексеру,есте сақтау қабілетін жетілдіру;
3.Оқушыларға сандар тізбегі туралы түсінуге, олардың берілу тәсілдерінің түрлерімен танысуға мүмкіндік туғызу.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі:Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Көршіңді бағала әдісі бойынша үй жұмысын тексеремін.
1.Жай сандар дегеніміз не?
2.ҚҰрама сандар дегеніміз не?
3.Шаршының периметрі?
4.Шаршының ауданы?
5.
6. = ?
7. = ?
8. = ?
9. 5-ке бөлінгіштік белгісі қандай?
10. Кубтың көлемін табу формуласы?