5- бөлім «Тұлғаны танып біл» Оқушылар суретке қарап кімнің бейнесі екенін тауып,материкті зерттеуге қосқан үлесі
жайында баяндаулары керек.(Ш.Ш.Уәлиханов, Н.М.Прежевальский)
Оқушылардың жинаған ұпайларын есептеп,оқушыларды бағалау.
* * * * *
ҰСТАЗЫМ- МӘҢГІЛІК, ЖАДЫМДА ҚАЛАР ЖАҢҒЫРЫП! Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің тәлімгері Жанасбаева Назым Көпірбайқызы Мақсаты: Оқушылардың ұстазға деген көзқарасын дамыту. Ұстаздың әр шәкірт үшін орнының ерекше екенін және
білімнің көзі тек осынау асыл жандар арқылы оқушы жүрегіне берілетінін түсіндіру.
1-Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Құрметті ардақты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Ұстаздар күніне арналған мерекелік
кешімізді Қазақстан Республикасының Гимнімен бастаймыз.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы,--деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан үні ән ұстаздардың бар
болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен
әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан
дүниесін түсініп ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт
шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,
адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде
ерекшеленеді. Олай болса, қадірлі ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің
шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, жас буынға дұрыс бақыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана
берсін.
Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін дей оырып, сіздерге оқушылардың
дайындаған шағын концертімізді тарту етеміз. Соны қабыл алыңыздар.
Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,
Артсын сенің абыройың, берекең,
Осы күні ұлы тойды тойлайық,
Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!
Өнерпаздар жарысып сан-саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады. Алдарыңызда әнші қыздарыңыз