Сынып жетекшісі: Т. А.Ә



Дата15.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#123892
Байланысты:
Сынып сағат жоспары




Сынып жетекшісі: Т.А.Ә.

Тенселбаева Жазира Альмахуновна

Күні:

11.09.2023 ж.

Сынып: 5 «Б»

Қатысушылар саны:17

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Менің отбасым»

Құндылық:

ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

Мақсаттары

Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.




Сынып сағат түрі: дөңгелек үстел

Кіріспе: «Адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ұлы ғұлама әл - Фараби.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің отбасым – менің тірегім». Осы тәрбие сағаты барысында біз отбасы туралы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы сөз қозғаймыз. Адамдар арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік жайында айтамыз. Ал осы адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік мен қайырымдылық қайдан басталады?
Сынып сағатының барысы:
Ойтүрткі: Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру)
Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)
«Ойланайық, пікірлесейік». Сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады
Мақалды тез жалғастыр (мақалдың жалғасын табу).
Отбасы -...
Отан -...
Әке -...
Аға -...
Іні -...
Ана -...
«Менің отбасым» галарея аралау. Отбасы суреттерімен таныстыру.
Оқушы:_Мерей_Ыстық_ұя_ұйытқысы_ғазиз_ана,_Анадан_туылады_небір_дана._Жүрегінің_төрінде_біздер_бармыз_Жүректен_орын_алсын_асыл_ана._Оқушы'>Оқушы:_Айжан_Бауырларым_мақсаттары_ұштасқан,_Жұлдызы_боп_жайнайды_түнгі_аспан._Сағынысып_бір_-_бірін_іздейді_олар,_Əуелі_өзгелерді_бір_құшпастан._Оқушы'>Оқушы:_Өрлен_Отбасы_-_ол,_Отаным_бақ_мекені,_Хақ_тағала_қияды_ақ_некені._Отбасы_-_бір_мемлекет_шағын_ғана,_Одан_асқан_жоқ_бақ-_мекені._Оқушы'>Оқушы:Өрлен
Отбасы - ол, Отаным бақ мекені,
Хақ тағала қияды ақ некені.
Отбасы - бір мемлекет шағын ғана,
Одан асқан жоқ бақ- мекені.
Оқушы: Асхат
Отбасы тату бір ел тұнып тұрған,
Қамқор ата - аналар билік құрған.
Анаң мейір - шапағат нұр төгуші,
Əкең қамқор қолдаушың, алып тұлғаң.
Оқушы:Айжан
Бауырларым мақсаттары ұштасқан,
Жұлдызы боп жайнайды түнгі аспан.
Сағынысып бір - бірін іздейді олар,
Əуелі өзгелерді бір құшпастан.
Оқушы:Балауса
Əкең бақыт, береке бастамасы,
Жүрегі шаңырақтың астанасы.
Əкеміз бола білсін Ұлы патша,
Балалар болсын оның жас қаласы.
Оқушы:Мерей
Ыстық ұя ұйытқысы ғазиз ана,
Анадан туылады небір дана.
Жүрегінің төрінде біздер бармыз
Жүректен орын алсын асыл ана.
Оқушы:Даяна
Тəрбиенің бастауы ыстық ұя,
Біз құрақпыз, ата - ана бір дария.
Ғылым білген ғалым да тағзым етер,
Отбасы, ошаққасы, ол - жанұя.
Оқушы:Айару Қ.
Том тарихты ақтарсаң Абай өскен,
Шаңырақтан жылылық желдей ескен.
Тəрбие мен бірліктің туы биік,
Татулық шықпасыншы үнемі естен.
Оқушы:Айару Ш.
Ұлт рухының айнасы саналатын,
Ол жаңарса мемлекет жаңаратын.
Отбасының байлығы ата - ана,
Қадірлейміз олардың ғазал атын!
«Мейірім» (жылы сөздер айтқызу). Жанұя (Абдрахман Асылбек)
Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя.
Үлкенде де, кішіде,
Жанұя – бар кісіде.
Жанұя бары шуақ қой,
Қуаныш пен қуат қой.
Қорытынды: Отбасы – ұшқанұя, жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, от деген сөздің үлкен маңызы, мәні бар екенін сеземіз. Сондықтан да оттың басы ошағымыздың түтіні түзу болсын!

«Менің отбасым»
5 «Б» сынып оқушылары










Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет