Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


І кезең. Командалар өз командасының атын, эмблемасын, девизін таныстырады. ІІ кезең



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата24.12.2016
өлшемі1,22 Mb.
#355
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

І кезең. Командалар өз командасының атын, эмблемасын, девизін таныстырады.
ІІ кезең. «Ақ сүтіндей ұрпағына жағызған,
       Ел мұрасын көрші ертек-аңыздан!» дегендей ата-бабамыздың ұрпағына қалдырған тамаша ертегілері аз емес. Бұл 
кезеңде қазақ халқының ертегілерінен үзінділер оқылады. Команда оның қай ертегіден алынғанын анықтайды.
1. Ерте-ерте-ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қарасудың бойында, Қаратаудың ойында Қазанғап деген бір кедей болыпты. 
Қазанғап құс атып, балық аулап күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды. Осылай өз күндерін өздері көріп жүре 
беріпті. Күндерде бір күн Қазанғаптың әйелі жүкті болып, тоғыз ай, тоғыз күн дегенде торсық шеке, аппақ ұл туыпты. 
(Кер ла атты Кендебай)
құ
2. Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні 
жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары өкпеден 
үркіп суға жуымайды. (Алтын са а)
қ
3. Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Балалары болмапты. Мал дегенде бес ешкі, бір қартайған қара 
нары ғана бар екен. Бес ешкінің біреуі қашаған болыпты. Бір күні шал оны сауғызайын деп қуаласа, оңайлықпен 
ұстатпайды. Діңкесі құрып, ыза болған шал:
- Әй, шешек келгір! – деп құйрығынан шап беріп ұстап алыпты. ( йыршы )
Құ
қ
2. Бұл ұлы ғалым Отырарда дүниеге келген. Бастауыш білімді туған жерінде алып, кейіннен ғылымды өз бетінше оқып 
үйренген. Оны Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атайды. Оның Аристотельдің «Жан туралы» дейтін еңбегін 100 
рет, «Физикасын» 40 рет, «Риторикасын» 200 рет оқығандығы айтылады. (Әбу Насыр әл-Фараби)
«Достық» тобына:
1. Қазақтың аса көрнекті ақыны. Кішкентайынан зерек болғандықтан, 4 жасында ауыл мектебінің есігін ашқан. Өз ұлтын 
өте жақсы көрген. Өлеңдерінде туған елінің болашағына сенген. Жастарға үміт артқан. Балаларға арналған «Қарағым»,  
«Аққала» сынды өлеңдері бар. Ол жалған жаламен ұсталып, жазықсыз құрбан болды. (М. Жұмабаев)
2. Оқиға кейіпкерін ата.
             Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
             Өкінгеннен не пайда?
             Суыққа тоңған қарны ашқан,
             Ойын қайда, ән қайда?
             Оныменен тұрмады,
             Қар көрінді, қыс болды.
             Сауықшыл сорлы бүкшиді,
             Тым-ақ қиын іс болды. (Шегіртке)
«Жұлдыз» тобына:
1. Бұл кісі қазақтың аса көрнекті ақыны, ірі қоғам қайраткері, өте білімдар ғалым. Араб әрпі негізінде балаларға арнап 
тұңғыш қазақ «Әліппесін» жазған. Сондықтан ол кісіні «Әліппенің атасы» деп атайды. «Қазақ» деген атпен газет 
шығарды. Халықтың көзін ашу мақсатында «Маса» атты өлеңдер жинағын шығарды. Ол жалған жаламен ұсталып, 
жазықсыз қазаға ұшырады. (А.Байтұрсынов)
VІІ кезең.  Ата-аналарға арналған.
«Білімдіден ақыл шығар,
               Ақылды қарттан нақыл шығар» - демекші, ақын-жазушылардың халық санасында жатталып нақылға айналған 
ұлағатты сөздері аз емес. Бұл кезеңде қанатты сөздердің кімдікі екенін анықтауымыз керек.
«А ыл-парасат» тобына:
қ
1. Сен де бір кірпіш дүниеге,
    Кетігін тап та, бар қалан.        /Абай/
2. Отан үшін отқа түс, күймейсің,
    Арың үшін алыссаң, өлмейсің.             /Б.Момышұлы/
«Алтын  я» тобына:
ұ
1. Ана тілің – арың бұл,
    Ұятың боп тұр бетте.
    Өзге тілдің бәрін біл,
    Өз тіліңді құрметте!                  /Қ.Мырзалиев/
2. Еңбек етсең, ерінбей,
   Тояды қарның тіленбей.          /Абай/
«Маржан с з» тобына:
ө
1. Жұмысы жоқтық,
    Тамағы тоқтық,
    Аздырар адам баласын.        /Абай/
2. Ереуіл атқа ер салмай.
   Егеулі найза қолға алмай,
   Еңку-еңку жер шалмай,
    Ерлердің ісі бітер ме?
VІІІ кезең.  Оқушылар сахналық көріністер көрсетеді.
«Бірлік» тобы – Оқушы мен кітаптың диалогы.  А. 
Асылбеков
Оқушы:
Асыл ойдың иесі, бар ғылымның жүйесі,
Қуанышы көңілдің, баспалдағы өмірдің.
Жан азығым, серігім, ардақтамас сані кім?
Кітап:
Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,
Көптің тауып керегін, кезінде айтып келемін,
Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.
Оқушы:
Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,
Жан азығым, серігім, ренжіткім сені  кім?
Кітап:
Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,
Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.
Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.
Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,
Налымайын неге мен, бұл секілді пендеге.
Оқушы:
Сені сүймес адам аз,
Ақылды көп, надан аз.
Ондайлардан түңілме,
Сені сыйлар түбінде.   
  Қорытынды.
Әділ қазылар алқасы сайысты қорытындылап, жүлдегерлерді марапаттайды. Ата-аналарға алғыс хаттар тапсырылады.
 
121

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, 
Никонор бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Көшекенова Алтынай Талапқызы
Тақырыбы: Лепті сөйлем
Мақсаты: - сөйлем түрлерін қайталау;
- лепті сөйлеммен танысу;
- сөйлемдерді бір - бірінен ажырата алуы;
- қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілік: суреттер.
ОТҚ: интерактивті тақта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
III. Үй тапсырмасын тексеру, дәптер ауыстыру, ескертулер айту.
IV. Дәптердегі жұмыс: күнді, тақырыпты жазу, көркем жазу: Лл қала.
V. Өткен тақырыпты қайталау: сөйлем, хабарлы сөйлем, мысалдар келтіру.
Тамаша ғой қыс деген!
Аяз бетті тістеген!
Келе жатыр қасқыр,
Тұр, қасқырды басқа ұр!
– Қандай көңіл - күймен оқыдым? Қандай тыныс белгісін қойдым? Ендеше, бұл – сөйлемнің үшінші түрі, ол лепті 
сөйлем деп аталады. Адамның көтеріңкі көңіл күйімен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейді. Лепті сөйлемнің соңына 
леп (!) белгісі қойылады.
VI. Кітаппен жұмыс.
Ережені оқу: Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. 
Лепті сөйлемнен соң леп белгісі(!) қойылады.
Ауызша 240 жаттығуды орындау, мұғалім бастайды, оқушылар жалғастырады.
241 жаттығуды орындау.
242 жаттығу. Алақай, ура, жасасын сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
VI. Мына сөйлемдердің соңына тыныс белгісін қой
Жасасын тәуелсіз Қазақстан
Он алтыншы желтоқсанда Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне жиырма бір жыл толады
Сен осы мерекеге не дайындадың
VII Төмендегі сөйлемді аяқтаңдаңдар:
Сөйлемнің неше түрін...?
Ауа қандай...!
Біздің сыныпта он сегіз бала....
VIII. Кітаппен жұмыс.
244 жаттығу.
IX. Үйге тапсырма: № 246, ережені оқу
X. Бағалау, қорытындылау
Саған бүгінгі сабақ ұнады ма?
Алақай, бізге қонақтар келді!
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы
А.Хұсайынов ат.жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ахметкалиева Жанна  Тасқалиқызы      
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушылар сөйлем, сөйлем түрлерімен танысады. Сөйлемдерді тыныс белгілеріне қарай ажырата 
алады.
Міндеті: 1. Мазмұнына байланысты міндет:
Тапсырмаларды орындату арқылы сөйлем түрлерін табады.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:
Оқушылардың ой-өрісі артады, өзара пікір алмасады.
3. Топтық міндет:
Оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: Жаңа оқу - материалдарын оқып –үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: Тірек сызба, деңгейлік тапсырма,
топтастыру, еркін жазу, түсіндіру, ойын, кезекпен қайталау т.б
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, топтық тапсырмалар, суреттер,
адасқан сөздер, суреттер топтамасы.
122

Бағалау: Ойды еркін жеткізе білдіру қабілеттеріне қарай
Сабақтың құрылымы
І Қызығушылықты ояту
1.Оқушыларды 3топқа бөлу
Шаттық шеңберін құрып, топ оқушылары бір-біріне тілек айтады.
2. Ой ашар.
21-жаттығу тексеру
Жоспар:
1. Күзгі дала көрінісі
2. Құстардың жылы жаққа қайтуы
3. Күзгі еңбек
Тапсырма: Берілген жоспар бойынша әңгіме құра.
3. Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
-Мәтін
«Топтастыру» стратегиясы
Мәтін түрлері
Ой қозғау
Ребус
ІІ. Мағынаны тану.
Сөйлем
Айтылу мақсатына қарай
Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем
Аяқталған ойды білдіреді
Жазылуына қарай
Сөйлем сөздерден құралады
Бірінші сөзі бас әріппен жазылады
Бірінші сөзі бас әріппен жазылады
Сөздер бір-бірінен бөлек жазылады
Толықтыру сынамасы:
1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
2.Сөйлем сөздерден құралады.
3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады
4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады
5.Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады
Нүкте(.) , сұрау(?) , Леп белгісі (!)
6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табамыз
7.Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте 
(.) қойылады
8.Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) 
қойылады.
9.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп 
белгісі (!) қойылады.
Кітаппен жұмыс
1-жаттығу.
1. Білім, кітап, бұлақ
2. Кітап - білім бұлағы
*Деңгейлік тапсырма
I деңгей:
• Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықта
II деңгей
• Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндір
III деңгей
• Өзің бір сөйлем ойлап жаз (хабарлы, сұраулы, лепті)
III Ой толғаныс  “Жылдам құрастыр” ойыны Сөздер беріледі, соларды қатыстырып сөйлем ойлап, тыныс белгісін қояды.
Әже, наурыз, кебеже, Астана, Атырау , Туған жер.
IV Үйге тапсырма беру: 7-жаттығу
V Бағалау
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы
А.Хұсайынов ат.жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Гумарова Айымжан Сүйеуғалиқызы
Сабақтың тақырыбы:   Суды  ма ызы
ң
ң
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік. Оқушыларға су қоймаларын ластанудан сақтандыру шаралары туралы әңгімені жалғастыру. Суды 
үнемдеп пайдалану және оны босқа шығындауға болмайтындығын түсіндіру.
2.Дамытушылық. Оқушылардың ой–өрісін, танымдық  белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту. 
3.  Тәрбиелік. Алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуге баулу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: пысықтау сабақ
Қолданылатын құрал – жабдықтар: суреттер, слайд, плакат тар.
        Сабақтың жоспары:                 І Ұйымдастыру кезеңі
                                                              ІІ Үй тапсырмасын тексеру 
                                                              ІІІ Қайталау
                                                             ІV Қорытынды
    Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру  
Сынып оқушыларының сабақ алды даярлықтарын тексеру.
123

Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Су туралы мақал – мәтелдер айтып жарысу;
Су туралы өлеңдер, әңгіме, ертегі айту;
Сұрақ – жауап:           Су табиғатта қандай күйде кездеседі?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Кесте толтыру: судың күйі
түрлі күйде болуының себептері
атты / 
қ
температура 0 градустан төмен болған кезде
с йы  / 
ұ қ температура 0 градустан жоғары болған кезде
газ т різді / 
ә
Температура, 100 градуста қайнайды. Буға айналады.
ІІІ. Қайталау
 
Пікірталас ұйымдастыру:
«Су – тіршілік көзі» деген пікірді дәлелдеңдер.
Су жер бетінен жойылып кетсе не болады?
Сұрақ – жауап:
- Мемлекет тарапынан суды қорғауға қандай шаралар жасалынады?
- Әрбір оқушы, әрбір адам суды сақтауы және қорғауы үшін не істеу керек?
 
 Оқулықпен жұмыс:
Мәтінмен жұмыс
 ІV Қорытынды: Сұрақ – жауап:
-          «Суға қауіп төніп тұр» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар «Суға қауіп төніп тұр» тақырыбында сурет салып, қорғайды.
 Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беру.
 -------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Бестерек ауылы
Бестерек бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сүндетова Нұргүл Айтқалиқызы
Тақырыбы: Күзде жапырақтар неге сарғаяды?
Мақсаты: Жыл мезгілдеріндегі өсімдіктер өмірінде болатын өзгерістер жөнінде түсінік беру. 
Міндеті: 1. Оқушылар жапырақтардың негізгі қызметін атайды.
                2. Оқушылар «Күзгі жапырақтың түсуі» суреті арқылы табиғи құбылысты түсіндіреді.
Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:

Оқушылар өзара бірін – бірі оқытады;

Өзіндік ой – пікірлерін ортаға салады;

Топта ұйымдастырған жұмыс нәтижесін көрсете алады.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасы бойынша топтық жұмыстар.
Қолданатын стратегиялар: «Топтастыру», «Кең ауқымды лекция», «Алма –  кезек оқыту».
Қызығушылықты ояту.
1. Психологиялық икем.
                                                   
                                                 Алтын, сары, қызыл, көк...
                                                 Алуан-алуан жапырақ,
                                                 Күзгі бақта күлімдеп,
                                                 Көз тартады атырап.
                                                 Ағаштардан жамырап,
                                                 Ұшты кенет жапырақ.
2. Топтарға бөлу. 4 түрлі жапырақтарды балалар өздері таңдап алады да сол бойынша топқа бөлінеді.
1.
Балалар, бүгінгі сабақты мынадай мақалмен бастаймыз.
Жеке жүріп жол тапқанша, Көппен жүріп адас.
2.
Балалар, біздің сынып қандай?
«Біздің сынып» өлеңін жатқа айту.
3. Топтастыру.                                                                                    Слайд №1.
1.
_____________         1. _______________       1. ________________
2.
_____________         2. _______________       2. ________________
3.
_____________         3. _______________       3. ________________
4.
_____________         4. _______________       4. ________________
5.
_____________         5. _______________       5. ________________
4. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдай қажет?             Слайд №2. 55-бет
5. Сұрақ-жауап. Күз аяқталды. Күз қандай болғанын талқылау. Слайд 
                                                                                                                              №3
Күздің қай айы ең суық, қай айы ең жаңбырлы (қай айы ең) екенін анықтау.
3.
Ең алғашқы қар қашан түсті?
124

6. Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар.
1-
Мағынаны тану.
1.
Сұрақ – жауап.
a.
Еске түсірейік жапырақ – бұл жер үсті немесе жер асты мүшесі ме?
b.
Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
2.
Күзгі орманға саяхат.
a.
Сонымен күзде жапырақтар неге сарғаяды екен?
3.
Оқулықпен жұмыс. «Алма – кезек оқыту».
4.
«Кең ауқымды лекция».
a.
Қазір балалар, оқығанымызды қорытындылайық. Әр топ бір – біріне сұрақ қойып, жауаптар беріледі.
b.
Қандай ағаштардың жапырақтарын көрдіңдер?
c.
Қалай ойлайсыңдар, жапырақтар неге өз түсін өзгертеді, олар неге түседі?
Ағаш жапырақтарына жазылған сөздерді сұраққа байланысты өздері табады.          
                                                                                                                  Слайд №5.
2-
Ойтолғаныс. 
1. Орны ауысқан сөздерден өлең құрастыру.                                 Слайд №6.
                                       Ағады, аулаққа, бұлт,
                                       Бау-баққа, келіпті, күз
                                       Жаңғақ та, піскен, жаздай,
                                       Жан-жаққа шашылады.
2. Қатесін табу.                                                                                      Слайд №7.
                                       Қыста - жапырақтар түседі;
                                       Күзде - өсімдіктер көктеп шығады;
                                       Көктемде - өсімдіктер пісіп жетіледі;
                                       Жазда - өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды.
3. Рефлексия. Түскен жапырақтардың пайдасы бар ма?
4. Үйге тапсырма: Кесте толтыру. 60,65-беттерді оқу.
5. Бағалау. Балалар бір-бірін өздері бағалайды.
    Күзде бау-бақшадағы жапырақтарды сыпырып, жинауға көмектесесіңдер. Оларды жиған соң жерге көметінін 
білесіңдер. Неге көміп, сыпыру керектігін үлкендерден сұрап біліңдер
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қайшақұдық ауылы
Қайшақұдық бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Атауова Жұмагүл Кенжеғалиқызы
Тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі
Мақсаты: «Ю» дыбысын меңгертіп, әрпін таныту.
Міндеттері:
1. Сөздер оқыту, сөйлемдер құрату.
2. Сөздік қорын, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.
Сауатты көркем жазуға төселдіру.
3. Еңбексүйгіштікке, шабыттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, ю дыбысы бар суреттер, жұмбақ.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдістері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық даярлық жасау.
Сабақтың ұранын еске түсіру.
Әнімізге ұласар
Әннің аты Әліппе.
Бәрімізге тілашар
Кітабымыз Әліппе.
Балалар, бүгінгі сабағымызға «Сиқырлы әріптер» бізге тапсырмалар дайындапты. Біз сол тапсырмалардың жауабын 
дұрыс тапқанда сабағымызды ары қарай жалғастыра аламыз. Тақтадағы жасырынған заттың атын табу үшін мына 
берілген қима әріптерден сөз құрап, ол сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Сонда тақтадағы жасырын заттың аты 
табылады.
Қима әріптерден құрастырған сөз (қоян)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
2.1«Сұр қоян» өлеңін жатқа айту.
- Балалар, байқайсыңдар ма, «Сиқырлы әріптердің» бізге берген тапсырмасы да қоянға байланысты екен, ендеше осы 
өлеңді қимылмен, хормен жатқа айтайық.
2.2 Ендігі тапсырма «Бес сөз» ойыны.
« Я» дыбысы бар сөздерді ойлап табу
1- қатар – Бес қыздың аты;
2- қатар – Бес ұлдың аты;
125

3- қатар – Жер - су аттары.
Сонымен, балалар, өткен сабақта біз қандай дыбысты оқып үйрендік?
Я дыбысы қандай дыбысқа жатады?
Қандай дыбыстардың қосылуы арқылы жасалады?
И + У әрпінің қосындысы.
- Балалар, бұл қандай дыбыс?
(Дауысты дыбыс, қосарлы дыбыс).
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, тақтаға қараңдаршы «Сиқырлы әріптер» бізге тағы да тапсырма дайындапты.
Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
- Ою.
- Астындағы тапсырманың сырын табалық, мұнда бір дыбыс белгілі,
ол – О, ал белгісіз дыбыс қандай дыбыс?
- Белгісіз дыбыс – Ю. Ендеше, балалар бүгінгі өтетін, танысатын дыбысымыз – Ю. (Оқушылармен Ю дыбысын хормен 
айтып, дыбыстық мінездеме жасаймыз).
Дауысты дыбысты айтқанда өкпедегі ауа ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай шығады, яғни Ю – дауысты дыбыс.
Ю дыбысы тағы қандай сөздерде кездесуі мүмкін?
Мынау ненің суреті ? (Аю)
Қанша дыбыс естіліп тұр? (Яғни бұл дыбыс қосарлы дыбыс)
3.1. Ю дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Ю – Й + У
3.2. Сергіту сәті.
3.3. Балалар, тағы да «Сиқырлы әріптердің» тапсырмасы. Қима буын арқылы сөз жазу.
1 – қатар 2 – қатар 3 – қатар
Со То Ба
3.4 «Мағынаны тану»
Оқулықпен жұмыс:
• Сөздерді оқыту
• Мәтінді оқыту
• Жазба сөйлемді оқыту.
4. Жаңа сабақты бекіту.
«Ой толғаныс»
4.1. Суретпен жұмыс. «Әжемнің оюы».
4.2. «Әжеме көмек» ойыны.
Әжеміздің оюы сияқты біз де дәптерімізге әдемілеп, Ю ю әрпін,және Ю әрпі бар сөз жазайық.
5. Сабақты қорытындылау.
Бұл «Сиқырлы әріптердің» соңғы тапсырмасы.
«Топтастыру»
5.1. Сызбамен жұмыс.
5.2. Жұмбақ шешу.
Ұстап әкеп шеңберді,
Байлап қойдым бағанға (Ю)
6. Мадақтау.
«Сиқырлы әріптер» ұлтымыздың ою - өрнектерін сыйға тартады.
7. Үйге тапсырма.
Ю дыбысы бар жұмбақ жаттап келу.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы, Қайшақұдық ауылы
Қайшақұдық бастауыш жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тапалова Алия Алиханқызы
Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1) 10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру
2) Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілет, математикалық тілін дамыту
3)Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ  Сабақтың түрі: түсіндіру,ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд), жеке суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа әзірлену
126

Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Қыс мезгілінде балалардың асыға күтетін қандай мерекесі бар?
- «Қазақстан Тәуелсіздік» күні және «Жаңа жыл» мерекесі
- Қане балалар тақтаға қарайықшы, кімнің суретін және нелерді көріп тұрсыңдар?
- ҚР -сын кім басқарды?
- ҚР рәміздерін кім атап береді?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Ендеше балалар, биыл 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл толады?
- 20 жыл толады екен?
- Өте жақсы
- Балалар тағы қыс мезгілінде қандай мереке бар?
- Жаңа жыл мерекесінде ортаға не құрамыз?
- Ендеше бүгін бізде ортаға жасыл шырша құрамыз
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Шырша құрастыру арқылы, кестелік қосу және азайту ( +1, -1) есептеу.
7 + 1 =
9 – 1 =
10 – 1 =
8 + 1 =
2 + 1 =
5 – 1 =
9 + 1 =
4 – 1 =
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
Математикалық жұмбақ
ІV. Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау
2 + 4 = 6
2 + 3 =
2 + 2 =
6 – 2 = 4
5 – 2 =
4 – 2 =
- Енді шыршаны безендірейік. Шыршаға ойыншықтар ілу. Ойыншықтардағы тапсырмалар жасырын тұрады, соны өздері 
орындап шығады.
- Балалар, шыршаны безендірдік, енді «баспалдақ» ойыны арқылы шыршаға жұлдызды ілу керек.
Ережені қорытындылап айтқан балаға жұлдыз беріледі, ол жұлдызды шыршаның басына іледі
V. Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, біздің әсем шыршамызға аяз ата мен ақшалар келуге асығуда, ендеше ортаға аяз атамыз бен ақшақарды 
шақырайық.
- Аяз ата мен ақшақар келіп, қонақтар мен оқушылармен амандасып, жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, 
оқушыларға тапсырма ала келгені туралы айтады. Тапсырмасын орындаған оқушыларға өз сыйлығын береді.
VІ. Сергіту сәті Ән айтылады, оқушылар билейді.
VІІ. Дәптермен жұмыс
1-тапсырма.
Қосылғыштардың бірі 2 болатын қосындыларды кесте арқылы жазу.
2-тапсырма.
Азайтқышы 2 болатын айырмаларды жаз.
3 – тапсырма.
Сурет бойынша өрнек құрастыр.
4 –тапсырма.
«Қар жауар» оны арқылы математикалық диктант жазу.
Логикалық тапсырмаларды орындату.
VІІІ. Қорытынды
- Балалар, бүгінгі сабақта нені үйрендік? Нені білдік?
- Қандай мерекені есімізге түсірдік?
- Сонымен бүгін не құрастырып шығардық?
- Шыршамызға кімдерді шақырдық?
- Аяз ата қандай тақырыпқа байланысты тапсырмалар берді?
ІV. Бекіту.- Балалар, осы шыршамызға келген аяз аталарының сыйлықтары бар екен, сол сыйлықтарды аяз - ата сабаққа 
қатысқан оқушыларға үлестіреді.
- Балалар сабақ ұнады ма?
- Сендер шаршадыңдар ма?
- Қандай көңіл-күй сендерге көмек береді?
- Бір күліп сергіп алайық
Х. Мадақтау.
Қонақтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ашық хат беріледі.
Сабағымыз аяқталды. Рахмет! Сау болыңыздар!
127


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет