Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет14/20
Дата22.01.2017
өлшемі10,09 Mb.
#2475
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
§1.Негізгі математикалық ұғымдар
12
           Егер а,в,с-бүтін сандар болса,онда а=вс (в ≠0) болған жағдайда а саны в-ге бөлінеді,немесе  а саны в-нің
еселігі болады дейді.
а-ның в-ге бөлінетінін ав символымен белгілейтін боламыз (ол былай оқылады: «а саны в-ге бөлінеді»).
Егер а саны в-ге бөлінбесе  ав символымен белгілейміз.
Мысалы, 426,себебі 42=6·7;
85(-5),себебі 85=-5·(-17);
-142, себебі -14=2·(-7)
253
Бөлінгіштіктің қасиеттері
1°. Егер ас, вс,онда (а+в)с және (а-в)с
2°. Егер ав, вс, онда ас
3°. Егер ав, ва, онда а=в немесе а= -в
Теорема (қалдық пен бөлу туралы теорема)
Егер а-бүтін сан,в-натурал сан болса,онда а=вq+r, 0≤ r<в,
мұнда q-бөлінді,  r-қалдық.
Мысалы,59=11·5+4, 0< 4<11;
а=59, в=11, q=5, r=4
-70=48· (-2)+26,   0<26<48;
35=50·0+35,   0<35<50;
-60=81· (-1)+21,   0<21<81;
100=50·2,  r=0.
2.   а,в,с,m,n- натурал  сандар.
Егер ас, вс, онда с санын а мен в-нің ортақ бөлгіші деп атайды.
Егер с
1

2

3
,...,с
n
 натурал сандары а мен в-нің ортақ бөлгіштері болып табылса, онда олардың ең үлкенін а мен в-нің ең
үлкен ортақ бөлгіші (ЕҮОБ) деп атайды да,оны былай белгілейді:
ЕҮОБ (а;в)=d
§2.Анықталмаған сызықтық теңдеулер мен теңдеулер жүйелерінің бүтін шешімдері
Құрамында белгісіздерінің саны бірден көп болатын теңдеуді анықталмаған теңдеу деп атайды.
Шешімдері бүтін (немесе рационал) сандар жиынында ізделінетін анықталмаған теңдеулерді диофанттық теңдеулер деп
атайды.
Теңдеулерінің санынан белгісіздерінің саны көп болатын теңдеулер жүйесін анықталмаған теңдеулер жүйесі деп атайды.
ах+ву=с                    (1)
түріндегі   анықталмаған   сызықтық   (немесе   бірінші   дәрежелі)   теңдеуді   қарастырайық.Мұндағы   х,у-айнымалылар
(белгісіздер);а,в,с-бүтін сандар (а≠0≠0).
§3. Екінші дәрежелі анықталмаған теңдеулер мен теңдеулер жүйелерінің бүтін шешімдері.
Мұнда   екінші   дәрежелі   теңдеулердің   және   теңдеулер   жүйелерінің   бүтін   шешімдерін   табудың   әртүрлі   тәсілдерін
қарастырамыз.
9-есеп. ху-6х-7у=-44 теңдеуінің бүтін оң шешімдерін табыңыз.
69

Шешуі. Бірінші тәсіл.
у= = =6- , €Z, яғни х-7=±1;±2; х,у €N.
Жауабы:  (5;7),(6;8),(9;5),(8;4).
§4. Жоғары дәрежелі анықталмаған теңдеулердің бүтін шешімдері.
Құрамында екі,үш белгісізі бар жоғары дәрежелі анықталмаған теңдеулерді қарастырайық.
15-есеп. 5х
3
+ху-17=0 теңдеуінің бүтін шешімін табыңыз.
Шешуі:  Бұл теңдеуді жоғарыда көрсетілген тәсілдермен шығаруға болады:
х(5х
2
+у)=17

     х=1,                                       х
1
=1,
            5х
2
+у=17;                                 у
1
=12;

     х=-1,                                      х
2
=-1,
            5х
2
+у=-17;                                у
2
=-22;

     х=17,                                     х
3
=17,
            5х
2
+у=1;                                   у
3
=-1444;

     х=-17                                     х
4
=-17,
            5х
2
+у=-1 ;                                 у
4
=-1446;
Жауабы: (1;12), (-1;-22), (17;-1444), (-17;-1446)
§5. Анықталмаған теңдеулер арқылы шығарылатын мәтін есептер.
21-есеп.  Жүк   сыймдылығы   3,5т   және   4,5т   жүк   автокөліктері   бар   транспорт   кәсіпорнына   53т   жүк   тасу
тапсырылған.Көрсетілген жүкті бекітілген барлық автокөліктердің жүк сыймдылығы толық пайдаланылатындай етіп бір
рейспен апару үшін диспетчер осы екі тип автокөліктің қаншасын бекітуі керек?
Шешуі:  Жүк сыймдылығы 3,5т болатын автокөлікті –х, 4,5т болатын автокөлікті – у деп белгілеп,теңдеу құрамыз:
3,5х+4,5у=53  немесе  7х+9у=106,
Мұндағы х,у- бүтін оң сандар,өйткені олар автокөліктердің санын білдіреді.
ЕҮОБ(7;9)=1 болғандықтан 1-теорема (§2) бойынша теңдеудің бүтін шешімі бар болады.
Теңдеуді шешеміз: 
х= (7·15+1-7у-2у)=15-у+ ,     =t  (t €Z),  у= = -3t+ ,
=n (n€Z),  t=1-2n;
у=-3(1-2n)+n=-3+7n, х=15+3-7n+1-2n=19-9n,  осыдан
у=-3+7n,  х=19-9n – теңдеудің жалпы шешімі.Шарт бойынша х≥0, у≥0, сондықтан келесі теңсіздіктер жүйесін шешеміз:
19-9n ≥0,       n ≥ ,
-3+7n ≥0;      n ≥  , мұндағы   n=1;2
n=1 болғанда:  х
1
=10,  у
1
=4;
n=2 болғанда:  х
2
=1,    у
2
=11.
Жауабы: (10;4),(1;11) сандар жұбындағы бірінші элемент жүк сыймдылығы 3,5т, ал екіншісі 4,5т автокөліктердің саны.
Қорытынды
Анықталмаған теңдеулерді шешу шығармашылықты, білімнің терендігін талап ететін дүниелердің бірі.Бұған құштарлық
таусылған емес.
Сандар әлемі қызықтырады әрі терең ойландырады.Анықталмаған теңдеулердің шешімдері бар ма,болса,оның түбірлерін
қалай табуға болады деген сұраққа жауап ізделінді.
Анықталмаған (диофанттық) теңдеулер туралы тарихи материалдарды оқып-біліп, олардың түбірлерін табу мәселелері
қарастырылып, есептер жинақталды.
Бірінші,екінші және жоғары дәрежелі анықталмаған теңдеулер мен   теңдеулер жүйелерінің бүтін шешімдерін табудың
әртүрлі тәсілдері көрсетілді:

іріктеп алу;

көбейткіштерге жіктеу;

сынау немесе белгісіздерге мән беру;

толық квадратқа келтіру;

квадрат теңдеуге келтіру;

теңдеудің ерекшеліктерін  пайдалану;

теңдеуді белгісіздердің біреуіне тәуелді көпмүшелік түрінде қарастыру;

теңдеудің симметриялылығын пайдалану.
Осындай   есептер   оқушылардың   математиканы   білуге   деген   құштарлығын   дамытуға,дүние-танымын   кеңейтуге,
шығармашылыққа бағыттайды.
Қазіргі   кездегі   барлық   білім   беру   технологияларының   алдына   қоятын   мақсаты-білім   алушының   өз   бетінше   ізденуін
арттырып,шығармашылығын   қалыптастыру   болып   табылады.Мұндай   теңдеулерді   шешуді   үйрену   логикалық
ойлауға,білімді пайдалана білуге,математикалық мәдениетке үйретеді.
70

ҰЛТТЫҚ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ ЖАҺАНДАНУ 
ЖАҒДАЙЫНА ҚАРАЙ БИСЕРМЕН ӘШЕКЕЙЛЕУ
Теміршиева Айнұр Келдібайқызы
технология пәнінің мұғалімі
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі,
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосы
І Кіріспе
Дәстүрлі   қолөнерімізді   дамытып,   жас   ұрпаққа   тәлім   –   тәрбие   берудің   маңызы   зор.
Бүгінгі   қолөнердің   халық   қажетін   өтейтін   тамаша   үлгілері   көп   –ақ.   Осындай   мәдени
мұраны   көне   деп   қарамай,   оны   байырғы   байлығымыз   деп   бағалап,   халқымыздың
тұрмысына, қажетіне тиімді   пайдаланып, сол жолда оқушыларды эстетикалық жағынан
дамытып, он саусағынан өнер тамған қыздар тәрбиелеу - басты мақсатымыз. 
«Өнер-  таусылмас   қазына,   жұтамас  байлық»  - дейді   дана   халқымыз.   Қазақ   қолөнері
өзінің   төлтума   бітім   қасиетімен,   көркемдік   мән   –   мағынасымен,   шын   мәнінде
халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі бисермен кестелеу
өнері.     Сол   бисермен   кестелеу   өнері   жоғалтпай   үйреніп,   әрі   қарай   дамыту   біздің
міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған бұйымдарының бәрін дерлік кестемен әшекейлеп
безендірілген. Мысалы, әсіресе ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды бисермен кестелеуге болады.
Кестелеу   өнері   –   дүние   жүзінің   әр   халқында   бар.   Сонымен   қатар,   әр   халықтың   тарихи   дамуына,   тұрмысына   тарихи
ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты. Өзіндік ерешелігімен ерекшеленеді. [1,29 бет]
Қазақтың зергерл зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халыөтар мәдениетінің өзара ықпалы
арқылы қалыптасқан. 
Зергерлердің жасайтын заттарының түрлері өте көп болған. Оған (әйелдердің) қыздардың әшекейлері, киім -   кешекке
тағатын түрлі сәндік бұйымдары. [2,15 бет]
Зергерлердің көп жасаған бұйымдары -  әйелдерге арналған әшекейлердің бұл түрі тек сән -  салтанат үшін ғана емес, әдет
– ғұрып, наным – сеніміне тікелей қатысты болғандықтан кез келген әлеуметтік ортаның өтілі өз хал – қадірінше әр түрлі
әшекейлер   иемденуге,   тағуға   тырысқан.   Әшекейлерді   қасиетті   тұмар   ретінде   ұстаудың   алғашқы   белгілері   палеолит
дәуірінен басталады. [3,49 бет]
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл,
кермаикалы материалдардан жасалады. 
Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады? Әйелдердің, қыз – келіншектердің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және
көзәйнектің қабын, сөмке, әмиян, комзол, сәукеле, жейде, аяқкиімдерді сәндеуге қолданылады. 
Қазақ зергерлері көбінесе қыз-келіншектердің ажарын ашатын сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол
зергерлік  бұйымдардың сәнін келтіруге  моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ, әйел  бас  киіміне тағатын  үлкен
моншақ маржанды –былқылдақ, сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды – жырға деп атаған. Шолпы,
шашбаудағы алтын, күмістен жасаған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара қосып әшекейлеген. [5,11
бет]
Зерттеу мақсаты:
Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасын жаңарту-ұлттық дәстүрімізді жалғастыру. Бисермен жасалатын
бұйымдар түрін дамытып, көз тұнар көркемдігін, жан сергітер әсемдігін, өміршеңдігімен, халқымыздың тірлік-тынысына
мән-мағына қосып, заттық және рухани өмірін әсерлей түсу, сән-салтанатын арттыру. Өнердің мәңгі өшпейтін осы түрінің
сыры мен қырын үйрену.
Болжамы:  Сәндік-қолданбалы өнердің түрлері көп. Солардың ішінде бисер өнерін қолданудың тәрбиелік мәні үлкен.
Осы зерттеп жатқан ғылыми жобамды, жұмысымды тоқтатпай, әрі қарай дамыту.
Зерттеу міндеті:  Зергерлік тәсілдерін жаһандану жағдайына қарай бисермен қолдана отырып, қазақ қыздарының сәндік
бұйымдарына айналдыру. 
Зертеу әдісі:  Бисер өнерін зерттеу, анықтау, мата бетіне бисермен кестелеу, түрлі түсті сымдармен әшекейлеу. Ұлттық
ою - өрнекпен әшекейлеп, бисер тігу арқылы теория мен сарамандық жұмысты ұштастыру.
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі: Қазіргі заман талабына сай бұйымдарды түрлендіріп жасап, тұрмыста
қолдану.
Жұмыстың нәтижесі және қорытынды:  Кіріспе, зерттеу бөлімдері өз бетінше орындалды, ғылыми жетекшімен бірге
отырып, бисер бұйымының көркем, эстетикалық талғаммен өрнектеп, әшекейленгендігінің маңыздылығын анықтау жүзеге
асырылды.
ІІ. Негізгі бөлім
Ұлттық зергерлік бұйымдарды жаһандану жағдайына қарай бисермен әшекейлеу
Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдарды жасаудың сан алуан техникалық тәсілдерін жетік меңгерген. Олардың көшпелі
өнер салтына қарамастан, осыншама бүгінгі   техникалық және эстетикалық деңгейге қарай көтерілгеніне таң қалғаннан
басқа шара жоқ. Олар өрнектеу, кестелеу, сымдармен әшекейлеу, әсемдеу сияқты толып жатқан әшекейлеудің незәк те
күрделі тәсілдері үйреншікті машық болған. 
Қазақстанның сәндік қол өнері – біздің түрлі ұлттық мазмұнды мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып жер
– жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнері бұйымдарының сапасын арттыра беру аса
құрметті және игілікті іс болмақ.  [4,18 бет]
71

Технология   пәні   жеке   адамның   дамып   жетілуінде   еңбектің   негізгі   құрал   екенін,   еңбек   ету   арқылы   өз   қабілеттерін
дамытуда  ата - бабасының ұлттық  дәстүрлері мен өнерін одан ары дамытуға  бағытталғандығын  түсіне отырып жұмыс
жасаймын.
Дәстүрлі қолөнерімізді дамытып, жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие берудің маңызы зор екендігін ұғындым. Бүгінгі
қолөнердің   халық   қажетін   өтейтін   тамаша   үлгілері   көп-ақ.   Осындай   мәдени   мұраны   көне   деп   қарамай,   оны   байырға
байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмысына, қажетіне тиімді пайдалану басты мақсатымыз.
  «Өнер   таусылмас   қазына,   жұталмас   байлық»   -   дейді   дана   халқымыз.   Қазақ   қолөнері   өзінің   төлтума   бітім
қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның
бірі жаһандану жағдайына қарай бисермен әшекейлеу, сымдарды пайдалана отырып безендіру, зергерлік бұйымдарды жаңа
заман талабына сай түрлендіріп, жаңартып қолданысқа   пайдалану   өнері. Сол бисермен кестелеу өнері жоғалтпай үйреніп,
ары   қарай   дамыту   біздің   міндетіміз.         Ертеде   халқымыз   тұтынған   бұйымдарының   бәрін   дерлік   кестемен   әшекейлеп
безендірілген. Мысалы, әсіресе ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды бисермен кестелеуге болады.
Кестелеу   өнері   –   дүние   жүзінің   әр   халқында   бар.Сонымен   қатар,   әр   халықтың   тарихи   дамуына,   тұрмысына,   тарихи
ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. 
Халық өнерін игеруге, үйренуге деген қыздардың ұмтылысы көңілге керемет сезім ұялатады. Қолөнердің халық қажетін
өтейтін тамаша үлгілері бар. Өрмек тоқу, сырмақ сыру, текемет басу, бисер тоқу, ши орау, құрақ құрау т.б. технология
сабақтарында бисер тоқу өнеріне көп көңіл бөлінеді. 
 
Бисер тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдамдылықты және ойлап табу мен шеберлікті талап етеді. Әр адам
бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білуі
керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да өзіндік ерекшелігі  бар.
         Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны,
металл, кермаикалы материалдардан жасалады. 
Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады? 
Әйелдердің, қыз-келіншектердің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және көзәйнектің қабын, сөмке, әмиян, комзол, сәукеле,
жейде, аяқкиімдерді сәндеуге қолданылады. 
Қазақ зергерлері көбінесе қыз - келіншектердің ажарын ашатын сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол
зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ,   әйел бас қиіміне тағатын үлкен
моншақ  маржанды –  былқылдақ,  сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын  моншақтарды –  жырға  деп атаған.
Шолпы,   шашбаудағы  алтын,   күмістен  жасаған   зергерлік   бағалы   бұйымдарды   тізілген   моншақтармен   өзара   қосып
әшекейлеген. 
Бисер тоқып үйренген кезде өзімнің ісмерлігім, шеберлігім артты, эстетикалық талғамы жоғарылады.
Зергерлік бұйымдарды бисермен әсемдеу
«Болмады әлде күміс әлде алтының, Білезік білегіңе салатұғын..» деп 
Ілияс Жансүгіров айтқандай білезік – дегеніміз әйел адамдардың білек буынына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым. 
«Білезік»   сөзінің   шығу   төркіні   –   білек   және   жүзік
сөздерінен   құралады   ма   деп   топшылаймыз.  Білек   жүзік   –
біле жүзік – біле үзік – білезік.  Ұйғырлар білезікті «биләй
йүзік» деп атайды. 
Білезік те жасалған материалы мен түр – тұлғасына қарай: Алтын білезік, күміс білезік, сом білезік, сағат білезік, құйма
білезік, бұрама білезік, топсалы білезік, қос білезік, жұмыр білезік, бес білезік т.с.с.атала береді. 
Қазіргі бисерден тоқыған білезігімді жіпке түрлі түсті моншақтарды тізу арқылы жасадым. 
                
Алқа  -   әйел   адамдар   мойынына,   омырауына   тағатын
әшекейлі,   сәнді   бұйым.   Кейбір   құлаққа   тағатын   дөңгелек
сырғаны да алқа деп атайды.
Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылғанымен бертін келе оның түр – сипаты өзгеріп, тұмарша түрінде, әртүрлі
үзбелі салпыншақты кейіпке ауысқан. 
Моншақ   –   меруерт,   маржан   т.с.с.асыл   тастарды   жібек   жіпке   тізіп,   мойынға,   сәукеле,   тақия   тәрізді   бас   киімдерге
салбырата төгілдіріп тағатын сәндік бұйым. 
«Моншақ» сөзінің шығуы туралы «мойын- шақ» немесе «мойын- тақ» деген сөздерден құралды деген пікірлер бар. 
Мен жаһандану жағдайына қарай бисермен тоқылған алқа, моншақ, сақина т.б. зергерлік бұйымдарымды қазіргі заман
үлгісіне сай әшекей, сінді бұйымдар қатарына жатқызамын. 
Өзім және сыныптастарым сәнді бұйым ретінде күнделікті өмірде пайдаланып жүр.  
Биылғы Ұлы Жеңістің 70  жылдық мерей тойына арнап, түрлі түсті бисерлермен матаға 70  жылдықтың  символын
бейнеледім. Бұл жұмысыма бір ай жарым уақыт арнадым. Отаныма, еліме деген патриоттық сезімімді өлең жолдарын және
шығармалар арқылы жеткізсем, бисермен әшекейлеу, бұл да менің өз еліме қосқан қол еңбегім деп ойлаймын. Және де
сымдардан, әр түрлі қалдықтардан өз идеяммен бірнеше зергерлік бұйымдарым жарық көрді. 
Қазіргі   жаһандану   заманына   сай   ескінің   көзін   жаңартып,   жаңаны   дамытып   қолданысқа   енгізу   мен   үшін   зор
нәтижелі еңбегім және ұстазымның үлгілі өнегесі, білімділігі, еңбекқорлығы деп ойлаймын. 
72

     
                     ІV. Қорытынды
Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талғай да білген. Өз тұрмысы мен
мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып, жетілдіре білген. Шеберліктің небір сан-саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде
қастерлей   сақтап,   меңгеріп,   біздің   дәуірімізге   ұштастырған.   Халқымыздың   сонау   арғы   кезеңдердегі   мәдени   өміріне   ой
жүгіртіп көрсек, ерте заманда да «он саусағынан өнер тамған» ісмер, зергерлердің, сәулетшілердің, қолөнер шеберлерінің
мыс, қола, алтын-күміс сияқты металдардан қорытып, әсем бұйымдар мен елін қорғаған бытрлар үшін қару-жарақ, сауыт-
сайман,   ер   тұрман   соққаны   таңғажайып   шежіре   болып   шертіледі.   Олардың   көбінің   аттары   аталмай   қалғанымен,
қолтаңбалары түскен өшпес мәдени мұралары кейінгі ұрпақтар өміріне өнегелі үлгі әсемдікке, баулитын өнер салтанатына
айналуда.
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған
немесе түрлі бисерлермен әшекейленген киімдер, аяқкиімдері, сөмкелерді жиі кездестіруге болады. 
Жалпы бисер өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу технологиялық картадары бар. Адам, қоғам үшін
бисер   өнерінің   жасалуын   зерттей   келе,   қолөнер   байлығымыз   екенін   білдік.   Сол   себепті   бисер   өнері   арқылы   біз   осы
жұмысты ары қарай жалғастыру өзіміздің міңндетіміз деп зерттеп онгы ары қарай дамыту, түрлендіру керек екенін білеміз.
Қорыта   келгенде   жұмыстың   жасалуында   біліктілікті,   білімділікті,   нәзіктікті,   әдемілікті,   шыдамдылықты,   қиял   мен
шеберлікті талап етілуін қадағалау. 
* * * * *
АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ 
Ақтөбе қаласы №51 гимназияның
4 «Ә» класс оқушысы Жәнібек Айерке
                                          
   Міне, мен асыға күткен күнде келіп жетті . Жақындап келген сайын күмбірлеген күй , сазды әуен үні оның құлағына
шалына бастады .   Айнала толған гүл шоқтары , әсем безендірілген қызылды жасылды шарлар жап –жасыл әрі ұқыпты
қиылған көгал  мен теректер білім ордасының көркін аша түскендей .Оқушылардың гимназия формасы да сән салтанатқа
толы,   думанның басты көркі еді. Анашымның алақанын барынша ұстап алып ,іштей қобалжумен қатар , сұлулық пен
мейірімділік үйлесім тапқан киелі білім ордасына, көзім тоймай келеді. Өзімді таңғажайып ертегіде жүргендей сезіндім .
Айналаны қызықтап келе жатқан да бір мезетте алдымыздан жүзі жарқын ,мейірімді ,жан қарсы алды .Бұл жарқын жүзді
жан менің алғашқы ұстазым .Оның есімі –Қожаниязова Гүлбану Жәнібекқызы .Гүлбану апай бір көргеннен –ақ маған құдды
бір   ертегінің   көрікті   де   мейірімді   ,   жанашыр   кейіпкеріндей   көрінді.   Ол   айналасына   ерекшеленіп   тұрды.   Ұстазымның
жарқын бейнесін  көргеннен бастап қобалжуым басыла түсті .Маған күлім -сіреп қарап  өзіне қарай шақырды. Анашымның
жылы алақанын барынша ұстап алыппын . Ұстазым маған мейірлене қарап тұр . Кенет арамызда бір тылсым көпір пайда
болғандай болды. Анашымның жылы алақанын байыппен босатып , еріксіз кете бердім. Ұстазымның жарқын бейнесі ,
айтқан жылы лебіздері мені баурап алғаны сонша ,   ұстазымның жанында тұрғанымды түсінбей қалдым. Сонан соң зор
қуаныш пен , еркіндік пен  жылулықпен және үлкен бір үміт пен ұстазым мен бірге алғаш гимназия  табалдырығын аттадым
. Осы бір сәт, әлі де  болса есімде. Бүгінде мен 5-ші класқа аяқ бастым . Алғашқы ұстазым маған оқуды,жазуды, санауды
үйретті .Білімге деген түсінігімді қалыптастырып ғана қоймай, одан әрі құштарлығымды оятты . Гүлбану апайымның тек
маған ғана  емес ,барлық  балаларға деген сіңірген адал еңбегі өте зор. Ол біздің дүниетанымызды   кеңейтті, айналаны
,қоршаған ортаны тануды , оны аялауды үйретті. Ол тек ғана білім нәрін сусындатып қана қоймай , тәлім –тәрбиені қатар
ұстады.Өз   бойындағы бар асыл қасиеттерді бізге дарыта білді. Оның жылы құшағына тек қана зиялы әрі білімді емес ,
сонымен қатар өнегелі, тәлім –тәрбиесі мол бүлдіршіндер ұшып шықты.Ол жай ғана өз жұмысын атқарған жоқ , ол еліміздің
көк туын желбіретер жастарын , болашақта тұтқасын ұстайтын өрендерін мәпелеп өсіруді мақсат етті. Әрқайсысымыздың
бойынан бір ұшқын , болашаққа деген үміт көре білді.Бойымыздғы дарынды одан әрі дамытып, толыққанды азаматтарды
тәрбиелеп шығарды .
Гулбану апайымнан алған күш –қуатым мен білімім маған әлі де сан жылдар қызмет етпек . Мен оның төккен терін ,
жұмсаған күш жігерін, қатты бағалаймын . Алғашқы ұстазымның үмітін ақтауға уәде беремін .
* * * * *
Ақтөбе қаласы №51 гимназияның
2«Ә» класс оқушысы  
Болуспаев  Оралжан
                                                              
                                                              
                                                              
73

 «ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЕМЕН»   (ЕРТЕГІ)
ШҚО  Үржар ауданы Мақаншы ауылы «Мақаншы орта мектеп- бақша» КММ
                                                      4«А» сынып оқушысы  Жүсіпова Мөлдір
                        
Ерте, ерте, ертеде емен ағашы ұсақ түйек ағаштармен бірге өсіп тұрыпты. Емен ағашының керемет қасиеті бар екен.
Оның керемет қасиеті дертке дауа. Мұны көрген адамдар мына емен ағашының тұрысына жандары ашып сөйлеп өтеді екен.
Оны естіген ағаштар:   «Е, байғұс емен ай сенің кімге керегің бар, сенің бізден еш айырмашылығын жоқ, қорегіміз, өсіп
тұрған жеріміз бір, күтім дейтін күтім де жоқ .  Сенде қандай қасиет болсада елеусізсің, себебі, бәріміз бір жерден нәр алып
тұрмыз»-,  депті.  
Содан емен ашуланып тамыры қанша терең болсада, бар күйін салып қопарылып, теңіз жағасына келіп,тамырын тереңге
жіберіп орналасыпты. Сонда жаңағы ағаштар: « Е, сорлы емен ай,  жылы орнынды тастап кеткенде көрерміз жақсы мекен
тапқаныңды, шіріп өлерсің уақыт өтпей» деп келемеждепті. Бірақ емен намыстанып  еш жауап қайырмастан, бұл жер маған
лайық  емес депті ішінен. Бірақ мекенін ауыстырған емен ағашы,жалғыз өзі тұрған жерін   бірер уақыт жайсыз сезінді.
Әйтседе, шулы ағаштардың ішінен , олардың қығанышынан арылғанына риза.  Еменді көргендер сол еменге келіп, ауырып
сырқап қалса арқасын төсеп ауруынан айығыпты.  Бүгін Айша әжей де немересін ертіп осы еменнен дауа іздеп келген еді.
Әжейдің қан қысымы көтеріліп, буын ауруына шалдықққанына біраз уақыт болды.     Келе салсымен немересі әжесіне :
«Әже, бұл ағашты бұрын соңды көрмеппін, бұл не қылған ағаш?» деп сұрайды. 
Әжесі немересін ағаштың саясына қарай тартып отырғызды да, әңгімесін бастады. Әжей немересіне : «балам,бұл емен
деген ағаш, емен баяу жиырма – сексен жылдай өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды.
Әрбір  төрт   –  сегіз   жыл   сайын  жаңғағы   көбейе   береді.   Бұл   емен  ағашы   адам   үшін   қасиетті,   бойындағы   қаситеті   үшін
ешкімнен ақы да сұрамайды.Тек адамдарға саясын төгіп, адамзатқа пайдаға   жарағанына  қуанышты.  Көрдің бе, балам,
ағашта адам сияқты мұңаяды,қуанады. Сондықтан айналамыздағы  тіршілікке мейіріммен қарауымыз керек»-, депті.
 Ауырды көтере білген адамды  «емендей берік» деп еменге теңепті.Емен ағашы діңі берік,тамыры терең,өте мықты да
көрікті болғандықтан басқа ұсақ түйек ағаштың сыбдырын елемей бойын көкке тіреп тұрыпты. Осыны басқа ағаштарда
мойындап  бас   иіпті.Содан біз  еленбейтін  еңбек  болмайтынына   көз   жеткізгендей  болдық.Осы  емен   ағашындай  мықты
болайық, қазақ жастары! 
* * * * *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет