Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

 МҰҒАЛІМ НЕ ҮШІН ӨЗГЕРУ КЕРЕК?
Атырау облысы, Мақат ауданы, Х.Санбаев атындағы 
орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі 
Жукесова Ләззат Айжарыққызы. Санатты: Жоғары
   
Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде 
болмақ» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, әрбір мемлекеттің болашағы мектептен басталады. Бүгінгі 
жаңа   қоғамда   мұғалімнің   ішкі   жан   дүниесі   де   жаңаша,   демек   болашақ   ұрпақтан   үлкен   үміт   күтілуде.  
«Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр» деп   түсінемін. Сондықтан мектептегі 
басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің 
келешектегі   мақсатымыз   –   рухани   жан   дүниесі   бай,   жан-жақты   жарасымды   дамыған   жеке   тұлғаны 
қалыптастыру. І деңгейлі мұғалімдерді даярлайтын курстың алғашқы күнінен бастап,   қазіргі заманауи білім 
кеңістігінде жаңашыл, озық ойлы, білімі мен білігі ұштасқан ұстаздарға деген қажеттіліктің басым екендігіне 
көзіміз жетті.
Бұл   курс   бағдарламасының   мақсатымен   танысқан   соң,   мұғалімдерге   берген   құзіреттілік   өз   мектебінің 
аясында нақты жұмыстар жүргізілуді, жоспарланған үрдістердің дені бүкіл ұжымды тартуды талап ететіндігінде 
болып отырғанын түсіндік. Бір сөзбен айтқанда, мектепке өзгерісті енгізу, сыни тұрғыда бағалау, қадағалау. 
Аталған үрдістер оқушы білімін жақсартудың тиімділігін көрсететін тәжірибеге бағытталуы керек екені даусыз. 
Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты 
түрде   қолданып,   басқа   мұғалімдерге   үлгі   болып,   озат   тәжірибесі   басқа   мектептерге   таратылады.    Идеясы-
51

мектепті   әр   бала   жүрегіне   сезімталдықпен   қарайтын   ұстаздар   ордасына   айналдыру,   жаңалыққа   ұмтылуды 
мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеуге үйрету. 
Халқымыздың данышпан ұлы Бауыржан Момышұлының мына сөзінде «Ұстаз-ұлық емес, ұлы қызмет» деп жай 
айтылмаған. Себебі, «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар қашанда» деген сөздің өзі-ақ айтып тұрғандай, қоғамда 
өз мәртебесін басқалардан анағұрлым жоғары қоятын ұстаздық мамандығы қандай құрметке де лайық. Олай 
болса,  қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.
     Уақытпен санаспай дамып жатқан қазіргі заман әр тұлғаның заман          ағымына сай болуын талап етеді.  
Тұлғаның өз орны, қолтаңбасы болу үшін білім, іскерлік, біліктілік сияқты қабілеттер кажет-ақ. Ендігі әңгіме 
желісін білім беру жүйесіндегі негізгі ұстанымдарды қарастырып, өзгерістің қажеттілігі бар ма деген сауалға 
қарай   ойыссам   деймін.   Әрине,   өзгермелі     қоғамдағы   жаңа   өзгерістер   ұстаздардың   кәсіби   біліміндегі 
жаңашылдықты   талап   етеді.   Өздігінен   білім   алуға   талпынатын,   ізденімпаздық   танытатын,   болашағының 
жарқын болу-болмауын өзі болжай алатын, кез келген қиындыққа төтеп бере аларлық білімі мен білігі, дағдысы  
мен іскерлігі қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу-білім саласының қызметкерлерінің қолында. Оқушы білімінің 
сапалы   болуы   мұғалімнің   сабақ   беру   шеберлігі   мен   жаңа   педагогикалық   технологияның   тиімділігіне   де 
байланысты.
         Қазір бүкіл әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет  
екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер 
үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты,маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХI   ғасырда нені 
оқыту керек?»,  «Мұғалімдер оқушыларды ХХI ғасырға қалай дайындайды?».  
      Олай  болса, әлем елдерінің білім беру жүйесін саралай қарасақ, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру  
жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әрқайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымының бар екенін 
байқаймыз. Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде-АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда 
жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда-14 жыл,  ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, 
Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық. 
     Орта білім сапасын анықтайтын PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің соңғы 20 жылдағы нәтижелері бойынша 
мына   елдердің   білім   жүйелері   озық   екенін   анықталған.   Дүниежүзі   бойынша   Финляндия,   Гонконг   (Қытай), 
Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Канада, Жаңа Зеландия, Шанхай (Қытай) елдерінің орта білім 
беру   жүйелерінің   білім   сапасы,   барлық   көрсеткіштер   бойынша,   басқа   елдерге   қарағанда   жоғары   нәтиже 
көрсетуде. Оның себебін зерделеген кезде, бұл елдерде білім беру жүйесінің басты мақсаты жастарға ұлттық 
рухани-адамгершілік тәрбие беретіндігінде екенін аңғарған екен. Демек, жастарына өркениетті ұлттық тәрбие 
беру мәселесін білім беру жүйесінің басты қағидасы ретінде ұстанған елдердің білім сапасы басқа елдерге 
қарағанда көш ілгері болып отыр. 
          Мысалы,   Сингапурде   қабылдаған   оқу   бағдарламасы,   ана   тілімен   қатар,   ағылшын   тілі,   математика, 
жаратылыстану мен қоғамдық гуманитарлық пәндер және адамгершілік тәрбие секілді пәндердің қатарымен 
толыса түскен. Ана тілін үйренудің қажеттілігі өз халқының мәдени мұрасы мен тарихын оқушыларға танытуға 
деген   мақсатпен   оқытылады   екен.   Оқыту   ағылшын   тілінде   ғана   жүргізіледі,   өйткені   Сингапур   білім   беру 
жүйесінде   қос   тілде   оқи   да,   жаза   да,   сөйлей   де   білуге   басымдық   беретіндігі   айтылған.   Бұл   оқушының 
адамгершілік тәрбиесімен қатар, шығармашылық және дербес ойлауын дамытуды көздейтіндігінде деп ой түюге 
болады.
          Сингапур  білім   беру  жүйесінің   өзгешеліктерін   сараласақ,  мына   аспектілерге   назар  аударып  отырмын: 
ағылшын   тілі   мен   жаратылыстану   математика   ғылымдарын   үйретуге   деген   басымдық;   техникалық   білім 
жүйесінің   мықтылығы;   ұлттық   білім   беру   бағдарламасының   желісімен   Сингапур   тарихы   мен   адами 
құндылықтарды   меңгерту;   өмір   бойы   үздіксіз   білім   алу   қажеттілігі.   Аталған   ерекшеліктер   арқылы   оқыту 
үрдісінде шынайы білім алуды көздеген мақсаты айқын екенін көруге болады. Оқытудың ұлттық моделін құру 
арқылы   оқушылардың   ғылымға   ден   қойып   ізденушілкке,   зерттеушілікке   бет   бұрғаны   болашақта   ешкімге 
тәуелді болмаудың алғышарты деп түсінер едім.  
         Ал, Канадада 12 жылдық білім беру әр аймақта өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Балалар мектепке 6 
жастан   барады   да,   басқа   мемлекеттердегі   сияқты   Канадада   білім   беру   бастауыш,   орта   және   жоғарғы 
сыныптардан тұрады. Мектептегі білім берудің құрылымы мынадай: бастауыш 1-6 сыныптар, жалпы орта білім 
7-9 сыныптар, толық орта білім 10-12 сыныптар. Міндетті білім беру 16 жасқа дейін деп бекітілген. Толық орта  
білімді жас ерекшеліктеріне сәйкес оқушылардың 90% бітіреді. Мектептегі білім алу ақысыз және он жылдық 
оқу міндетті, кейін оқушылар өз білімдерін 11-12 (13) сыныптарда жалғастыруы мүмкін, болмаса колледжге 
барып оқуға құқығы бар. Біздің елімізден өзгешелігі бұл елдің бастауыш сыныптарында 6 жыл белгіленген, бұл  
аралықта оқушы ғылымның алғышарттарымен танысуға, зерделеуге толық мүмкіндік болады деп есептеймін. 
Еліміздегі   бастауыш   сыныптың   4   жылдық   екенін   ескерсек,   әр   пәннің   өзектілігін   түсіндіруге   мүмкіндік 
болмайын секілді, орта буынға келгенде ғана оқушыға түрлі пәндер енгізілетіні тағы да қиындықтарға әкеліп 
соқтырады.  Осыдан-ақ бастапқыда қаланған білімнің іргетасы мықты болу керектігін баса айтар едім.
         Норвегияда 1994 мен 1998 жылдар аралығында орта білім берудің   реформасы жүргізілген. Мемлекеттік 
мектептерде білім алу ақысыз.  Орта білім жүйесі 13 жылға дейін бекітілген. Он жылдыққа бастауыш және орта  
сыныптар   кіреді,   қалған   үш   жыл   жоғары   сыныптар   болып   саналады.   Бастауыш   мектепте   сурет,   музыка, 
математика және физика, ағылшын тілі мен ана тілінен басқа   христиандық дінтану, үй экономикасы және  
52

таңдау пәндері міндетті түрде оқытылады. 
           Норвегиялық мектептерде оқушыға баға қою тек 8-сыныпта ғана басталатыны оқушыларды оқыту үшін 
бағалауға негізделгенін байқауға болады. 8-сыныпта баға қоюмен қатар жаңа пәндер енгізіледі: бухгалтерлік 
есеп,   экономика,   әрі   алғашқы   кәсіби   бағдар   беретін   пәндер.   Мұғалім   оқушының   жетістіктерін   арнайы 
дәптерлерде   жинақтайды,   егер   қажет   болса   оқушыда   оқу-тәрбие   үдерісі   барысында   кездейсоқ   жағдайлар,  
көкейкесті мәселелер туындаса, мұғалім ата-анамен жазбаша түрде байланыс жасай алады. Бұл мұғалім мен  
оқушы,   мұғалім   мен   ата-ана   арсындағы   кері   байланыс   расымен,   оқушының   тиімді   оқуына   негізделгенінен 
көрініс береді.                                         Мектептерде 16 мен 19 жас аралығындағы оқушылардың толық орта білімді 
тәмамдап шығуы заңды түрде бекітілген, ол 3 жылдық білім берумен шектеледі. Жоғары сыныптарда кәсіби 
бағдар беру тереңнен қарастырылады. Оқу жоспарын  мұғалімдер мемлекеттік  бағдарламаға сүйене отырып 
жарты жылға жоспарлайды, ал әр аптаның жұмасында әр пәнге сәйкес тақырыптар таңдалады. Мұғалімдер 
тақырыптық   күнтізбелік жоспарлар жазбайды. Бұл елдің осындай ерекшеліктері жұмыстың шынайылығын 
көрсетеді деп есептеймін. Себебі, алдын-ала жоспарланған сабақ оқушының қажеттілігін қанағаттандырмаса, 
олардың тиімді оқуына, сапалы әңгіме үрдісіне көшуге мүмкіндік бермеуі мүмкін. Сондықтан оқу мен оқыту 
үрдісінде   оқушының   тақырып   төңірегіндегі   ойларымен   бөлісіп,   дәлелді   зерттеушілік   тұрғыда   диалогтер 
жүргізілсе, мұғалім білімі мен білігіне сүйену керек деп есептеймін. Тосын сұраққа мұғалім бағыт бере алмаса,  
оқушының әрі қарай дамуына септігін тигізе алмай қалуы, оқушының оқуға деген ынтасын басып тастауы да 
ғажап   емес.   Сонымен   қатар,   Норвегияның   жоғары   сыныптарында   оқушылардың   мектепті   бітіріп   ЖОО-ға 
түсуіне   көп   көңіл   бөлінген,   оқушылардың   өздері   таңдаған   пәндері   сабақ   кестесіне   қойылып   жүргізіледі. 
Оқушылардың пәнді қаншалықты меңгергенін анықтау үшін Норвегияның емтихандық секретариаты таңдау 
емтихан-сынағын   жүргізеді.   Емтиханның   негізгі   мақсаты-   ұлттық   білім   деңгейін   анықтау.   Норвегияда 
университеттер мен колледждерге түсуге емтихан тапсырылмайды. ЖОО түсуде оқушының мектепті бітіруі 
туралы алған аттестаты негізгі рөл атқарады екен. Бұдан шығатын қорытынды орта мектепте берілетін білімге 
маңыздылық   беріледі   де,   алған   білім,   дағды   болашақ   оқуда   өз   қолданысын   табады.   Сөйтіп,   оқушы   өзінің  
болашағы үшін, мектептегі оқуына жауапты болатынға саяды.
          Осылай   қарқынды   дамып   жатқан   өзгерістер   Қазақстанның   да   білім   беру   жүйесін   айналып   өтпейтіні 
бесенеден белгілі. 
         Жер көлемі кең, халқы аз, табиғи байлығы мол, бірақ білікті ұлттық мамандары және өндірістік жаңа  
технологиялары қалыптасып үлгермеген Қазақстан мемлекетінің жаһандану үрдісіндегі бәсекелестікке төзіп, 
саяси-экономикалық,   рухани-әлеуметтік   іргелі   және   түйінді   проблемаларды   шешуші,   ел   ішінде   және   басқа  
елдермен бейбіт өмір сүруді, яғни тұрақты даму жолына түсуді қатамасыз ету үшін ең пәрменді және сенімді 
құралы есебінде отандық білім жүйесін дамытудың өзектілігі ерекше екендігі анық.
     Қазіргі кезде қолданыстағы білім жүйесі жан-жақты сынға алынғанда, орта мектептегі білім мазмұны көбіне 
жарамсыз білім жиынтығын беруге лайықталып келгендіктен, ол білім жүйесі сапасының сын көтермейтіндей 
дәрежеде төмендеуінің және оның қазіргі қоғам талаптарына сәйкес келмеуінің негізгі себебі деп есептелуде.  
Осыған байланысты еліміздің орта мектебін әдіснамалық құрылымдық  және мазмұндық  тұрғыдан  түгелдей 
қайта құру ұсынылуда. Олай болса, бұл мәселенің маңыздылығын ел ішінде жасалып жатқан игі істерден көруге 
болады.
     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да айтылғандай, мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш  
рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті 
мәселелер енгізіліп отыр. ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. 
Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы 
негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан 
тұлға тәрбиелеу
         Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында да «Орта білім  
берудің мақсаты – терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-
өзі  дамыту  және   өз   бетінше   дұрыс  адамгершілік   тұрғысынан  шешім   қабылдауға   қабілетті   жеке  тұлғаны  
қалыптастыру» көрсетілген. Енді осы тұста ұстаздар қауымына жүк түседі, өйткені ұстаздың педагогикалық  
ұстанымы   өзгеріп,   жеке   тұлғаның   алдымен   өзіне,   қоғамға   қажетті   қабілет-дағдыларын   қалыптастыру, 
дамыту және өздігінен білім алуына, өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай туғызу керек.Уақыттың еншісінде  
тұрмай,   бір-екі   жыл   бұрын     жаңа   форматта   оқыту   мен   оқудың   кембридждік   әдіс-тәсілін   қазақстандық  
мұғалімдерге   меңгерту   қолға   алынғанын   естіп-біліп   отырдық.   Олай   болса,   Қазақстанның   білім   беру  
жүйесіне өзгерістер басталып кетті деп есептеймін.
           ЭЫДҰ ұсынып  отырған кембридждік  тәсіл яғни, сындарлы оқыту идеясын  Қазақстанның  білім беру 
жүйесіне енгізудің қажеттілігі бар. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарындағы мазмұны 
жағынан   маңызды  мәселе   «Мұғалімдер   оқушыларды   ХХІ   ғасырға   қалай   дайындайды?»   деген   проблемадан 
Қазақстанға   осы   Кембридждік   тәсіл   ХХІ   ғасыр   оқушысы   меңгеру   керек   дағдыларды   игертудің   өзектілігін 
айқындап отыр. 
         Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған 
білімге   көшуді   көздейді.   Бұл   білім   беру   жаңаша   ұйымдастыру-   оның   философиялық   ,   психологиялық, 
педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
53

          Сындарлы   оқытудың   мақсаты-оқушының   пәнді   терең   түсіну   қабілетін   дамыту,   алған   білімдерін  
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету»   деген сөздер діттеген 
мақсатқа жетуге алғашқы  қадамдар  жасалады дегенді  білдіреді  емес пе?!  Бізге,  енді  тәуекел  жасап, осы  
оқыту   мен   оқудың   педагогикалық   тәсілдерін   білім   беру   жүйемізге   енгізу   қалды.Өзгерістен   ешқашан  
қорықпау   керек,   өйткені   өзгерісті   қалай   жасайтынымызды   ойланудың   өзі   де   санамызға,   қалыптасқан  
ұстанымызға өзгеріс енгізуді бастап та кетті. Жалпы түсінген адамға осы бағдарламаның оқушы үшін де,  
мұғалім үшін  де   тиімді болары, оған  қоса білім мен тәрбие берудегі зор үлесі бары сезіліп тұр. «Дала  
қоңырауы» атанған Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп халқының болашағы үшін білім  
нәрімен сусындатар мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершіліктің иесі болуды үндейді.
          Бағдарламада   «Шульманның   көмекшілері»   туралы   жақсы   айтылған.   Зерттеуші-психолог   Шульман  
түсінік,   дағды   және   тұтастықты   «мұғалімнің   үш   көмекшісі»   деп   атаған.   Оны:кәсіби   түсінік,   оқытудың 
тәжірибелік   дағдылары,   кәсіби-өнегелік   тұтастық   деп   түсіндіреді.   Бұдан   шығатын   қорытынды,   бұрын 
оқушы үшін жауапкершілікті мұғалім алса, енді оқушы өз оқуы үшін жауапты. Түйін; әр мұғалім теория мен  
тәжірибені ұштастыра отырып, шын ықыласымен оқушыларға мейірімділік, құрмет таныта білуі тиіс. Бұл  
біздің біліктілігіміз бен қатар рухани құндылығымыз жоғары деңгейде болуы керек дегенге саяды. Социолог  
мамандар   ұстанымды   «құндылық»   есебінде,   ал   психолог   мамандар   адамның   іс-әрекетке   бейімділігімен  
байланыстырады. Пажарес оқу стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігі емес, ұстанымға негізделген ой-
тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді. Пажарестің тұжырымды ойынан соң, дайын білім беретін  
мұғалімдер   сын   тұрғысынан   ойлауға   қабілеттері   дамыған   оқушыларды   қалыптастырғысы   келсе,   сын  
тұрғысынан   ойлау   қабілеттерін   дамытуды   өздерінен   бастап,   жаңашыл   идеяларға   мойын   бұрып,   білімді  
көңілге қонымды етуге тырысу керектігін байқадым.
      Бірінші деңгей бағдарламасының  алғашқы «Бетпе-бет» оқыту кезеңінен кейін мектептегі қазіргі ахуалын 
салыстырғанда, санамда шешуін күтіп тұрған сұрақтар мен мәселелерді ойша сараладым. Мен бұл сұрақтардың 
туындауының  өзі  заңдылық  екенін  түсіндім.  Ал оның  жауаптарын  табуға    бірінші  деңгейлі  бағдарламаның 
көмектесетініне нық сенімдімін. Өйткені, оқу үдерісіндегі   мәселелерді сыни тұрғыдан ой елегінен өткізуге 
мүмкіндік берді. 
     Әріптестеріммен бірлесе отырып, 7 модульді оқыту үрдісіне ықпалдастыру арқылы оқушыларға қалай оқу 
керектігін үйрену, бірлескен оқу, сыни ойлау, бағалауды мектептің оқу үрдісіне енгізу қажет деп ойлаймын.
      Мектептегі   тәжірибемнің   алғашқы   қадамы   оқыту   үрдісіндегі   мәселелерді   анықтап,   өзгерістер   туралы 
ұжыммен   кеңесу   арқылы   келісімге   келу   және   нақты   жоспар   құру   болып   табылады.   Жоспарымды   жүзеге 
асыруда әріптестерімнен қолдау табамын деп ойлаймын.
 ШЕБЕР-СЫНЫП ТАҚЫРЫБЫ:
"ДИАЛОГ  -АДАМ ӨМІРІНІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТЫ"
Атырау облысы, Мақат ауданы Х.Санбаев атындағ
 орта мектептің бастауыш сынып, бірлестік жетекшісі  
Сапарова Лаура Асылбековна. Санаты: І
Жалпымақсат: Мұғалімдерге диалог түрінде оқыту туралы түсінікберіп, сабақтарда диалогтың жұмыс 
түрлерін қолдана отырып, іс-әрекеттің өнімді тәсілін көрсету, қатысушылардың өзіндік оқуға, өзіндік 
жетілдіруіне, өзіндік дамуына деген ынтасын қалыптастыру.
Сілтеме: 1.Мұғалімге арналғаннұсқаулық, ресурстар
Оқунәтижесі: «Диалог түріндеоқыту» модуліментанысуарқылыелестетуге, баламалышешімдерқабылдауға, іс-
әрекеттің түрлендірілгентәсілдеріненгізугеықпалетеді, 
қатысушылардыңойлауқабілеттеріндамытады,функционалдықсауаттылыққабейімділіктіқалыптастырады.
Қолданылатынматериалдар:А- 4 парақтары, стикер, интерактивтітақта, флипчарт,маркер, қалам, слайдтар, 
таныстырылым, суреттер,бейнероликтер
Оқытуәдістері: 1. Диалог2. Жеке жұмыс3. Топтықжұмыс
Тапсырмалар: Сұрақтарғажауапіздеу, маңыздыжауап беру, сынитұрғыданойлану, жауаптардыдәлелдеу; 
формативтібағалау, өзін-өзіжәнебірін-бірібағалау; топтықтапсырмажәнеқорғау, рефлексия
Мұғалімдердіңіс-әрекеті: 
I. Ұйымдастырукезеңі:
1. Мұғалімдергежағымды психологиялықахуалтуғызу.«Комплименттердің бұрқасыны» тренингін ұйымдастыру. 
2. Топқа бөлу «Әдемі», «Көңілді», «Қуаныш сыйлау»
3. Даналық сөздер ұсыну(афермациялар)
Өмірде ең керекті білім – қоғамда қарым-қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу. «Өмір мәні – араласу, 
қатынасу, іштесу, қауышу, дидарласу, жүздесу, яғни, түсінісу», -деп түсінген ата-бабаларымыз осы әрекеттер 
арқылы көздерін жеткізген. Бөлтірік шешеннің келесі сөздерінде де терең мағыналы идея жатыр: «Қарт 
шешеннен: «Өмірдің мәні не: бала ма, бақ па, дәулет пе?»- деп сұрағанда ол былай деп жауап берген екен.ұл 
өмірдің мәні – сіз бен біз емес пе?!»
54

«Ассосация» әдісі.
Тұлға аралық қарым-қатынас жасау.
Әр топтан қатысушыларды шығарып маңдайларына сурет жапсыру. (нан, тарақ, баланың суреті)
 «Жарнама құрастыру» ойынында әр топ қатысушыларын атақпен бөлу. 
17.
«Суретші» - тауардың суретін салады. 
18.
«Ақын» - 4 жол өлең шығарады.
19.
«Тілші» - мәтін құрастырады.
“Синкуейн” әдісі бойынша сахналау. (Аспазшы, Дәрігер, Шаштараз)
1.Тауардың сипаттары
2.Тауардың артықшылықтары
3.Тауарды тұтынудың пайдасы
Сергіту сәті
Рефлексия. «Кір жуу» 
7.
Диалогтік оқу оқушыларға не береді?
8.
Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
Қорыту.Жай мұғалім – хабарлайды, Жақсы мұғалім – түсіндіреді.
Керемет мұғалім – көрсетеді, Ұлы мұғалім – шабыттандырады. Уильям УОРД.
30.01.14 ж.
Мұғалімдерге арналған коучинг сессиясы
Сабақтыңтақырыбы:
Оқытуда диалогтікоқытудыңтиімділігі
Сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу және сабақта әңгімелесуді 
пайдалану туралы мұғалімдер коучингісі.
Жалпымақсаты:
Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып диалогтің білім берудегі тиімді 
педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру.Диалогтік тәілдердің түрлерін 
тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.
Оқунәтижелері:
Мұғалімдер:
оқыту мен оқудағы тілдіңбастырөлінтүсінуге;

білімберудеоқушығажекекөңілбөлудідамытуғаықпалететіноқытуәдісіретіндеәңгі

мелесуді, мысалы, жауапалу мен 
шағынтоптажұмысістеуәдістерінқалайшатиімдіқолдануғаболатынытуралыөзтүсі
нігінқалыптастыруға;

оқу үдерісінедиалогтікәдістердіенгізуге;
сыныптағыдиалогтікәдістердібағалауға;

диалогтікәдістердің оқуғакөмегін түсіндіругедайынболады.

Түйіндіидеялар: 1-сабақ
Әңгімелесу – 
мұғалімдербалалардыңоқуғадегенынтасыноятаалатынпәрмендітетік. 
Сыныптадиалогтіқолдануарқылымұғалімдербалалардыңбілімалусапасына 
үлкенықпалетеалады. Балалардыңбілімімен 
идеясынанықтауғабағытталғаншынайыәрекетолардыоқытуүдерісінемейліншетар
туғакөмектеседі. Ойлаудың осы бағатынаорай, 
55

сұраужәнетоптықжұмыссияқтыдиалогтіктәсілдің 
балалардыоқытусапасынарттыруүшінәлеуеті бар.
Жаттығулар:1 мин
 1 мин
5мин
1. Топ құру. (сурет қиындыларын құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді)
2. Топ мүшелері қызметтер бөліседі, міндеттері түсіндіріледі
3. Әр топ мүшелері ойша сурет салады да келесі топ мүшесімен алмастыра 
отырып, сұрақ қою арқылы бейнені табуы керек.
Дереккөздер арқы-
лытаныстырылым 3 мин
Бірлескен жұмысқа 
негізделген тәсіл:
 5мин+2мин
Проблеманы шешу жолдарын 
анықтау тапсырмасы 3 мин
5+3 мин
Зерттеу материалдарын презентация арқылы түсіндіріп өту. 6 түрлі сұрақпен 
танысады және сурет бойынша ауызша диалог жүреді.
Таныстырылымды пысықтау үшін алдарындағы парақшаға сұрақтың 6 түрін 
өздері кеңесе отырып орналастырады , дәлелдейді (берілген сұрақтарды қиып, 
жапсырады)
Мұғалімдерге топтық жұмыс бойынша«Табыс критерийін» құруға бағыт беру.
(интерактивтік тақтада тұрады)
Шағын топтарда жұмыс істейтін мұғалімдерге сыныпта әңгімелесуді 
пайдаланған кезде оқушыда туындайтынқиындықтармен жауап алуда 
мұғалімнің жіберетінкемшіліктерінқарастыруға арналған зерттеушілік 
сипаттағы постер жасау ұсынылады. Қорғайды.
1 мин
Топтардың өзара ФБ жасауы (стикер жапсыру)
Қорытынды 2мин
Диалогты сабақ уақытында жүргізу кезеңдері туралы бейнеролик (тәжірибеден)
 5мин
Әр топ мүшесі өзіне тән жақсы 3 мінезін жазып, бүктейді де екі топ жауаптары 
ауыстырылады. Бір- бірінің жазған жауаптарынан жауап иесін тауып алады
Кері байланыс
2 мин
Стикердің екінші бетіне
1 тілек, 2 ұсыныс.
Бағалау парағы
Бағалау парағы толтырылады

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет