ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
ЖАҢА ҒАСЫРДА ЖАҢА БІЛІМ
ҰСТАЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
45MINUT.ORG ТОПТАМАСЫ
Шығармашылық еңбектердің
іс-тәжірибелік жинағы
РЕДАКТОР: НАҒИЕВ ІЗГІЛІК
БАЙДРАХМАНҰЛЫ
Алматы, 2014
УДК 37
ББК 74.00
Ж 28
Жаңа ғасырда жаңа білім. Ұстаз шығармашылығы 45minut.org топтамасы.
Ж 28 Шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы/Редактор Нағиев. І. Б
– Алматы, 2014. – 200 б.
ISBN 978-601-06-3148-9
Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім
беруге жағдай жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру
көзделіп отыр. Педагогикалық іс- тәжірибені насихаттау, педагогтың әдістемесін
және шығармашылық байланысын кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі
бір білім көзін меңгерген тұлға ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге,
таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу – бүгінгі күннің
қағидасы. Ал мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу керек.
Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,
алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жаағдайда тиімді пайдалана
білуін қамтамасыз етеді деп түсіндіреді. Ал, мұғалімнің сыни ойлануы-оқыту мен
оқу тәжірибесіндегі проблемаларды анықтауға, оны шешудің тиімді жолдарын
табуға, тәжірибеде болып жатқан өзгерістер жайлы орынды дәлелдемелерді
жинап, жіктеуге және сенімді қорытындылар жасауға негізделетіндігін
айқындайды.
Іс-тәжірибелік жинақ қазіргі күнгі талаптарға сәйкес құрастырылған,
енгізілген ақпараттар жеткілікті, теориялық және тәжірибелік мағынасы бар.
Республика көлемінде таратуға ұсынылатын ұстаздардың көмекші құралы.
УДК 37
ББК 74.00
ISBN 978-601-06-3148-9
© Нагиев И.Б., 2014
БАСТАУ СӨЗ
Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай
жасайтын, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған білім беру көзделіп отыр.
Осы орайда 2014 жылы білім беру мекемелерінде «Қазақстандық жол — 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауын қолдау барысында Республикалық 45minut.kz басылымы және жергілікті білім
бөлімдерінің қолдауымен «Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбында ғылыми практикалық
семинарлар өткізілді.
Семинар мақсаты: Педагогикалық кадрлар біліктілігін көтерудегі 7 модулдік бағдарламаның
негізгі идеясын жүзеге асырып, мұғалімдердің кәсіби тәжірибесіне енгізу. Семинар барысында ІІ —
ІІІ – деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер мен біліктілігін арттырудың негізгі тұғырына
байланысты тақырыптарында шебер кластарын ұйымдастыру.
Педагогикалық іс-тәжірибені насихаттау, педагогтың әдістемесін және шығармашылық
байланысын кеңейту. Осы мақсатты жүзеге асыруда, белгілі бір білім көзін меңгерген тұлға ғана емес,
сонымен бірге өзін-өзі жетілдіруге, таратуға, дамытуға, қолдана білуге қабілетті шәкіртті тәрбиелеу –
бүгінгі күннің қағидасы. Ал мұндай тұлғаны тәрбиелеу үшін мұғалім құзыретті болу керек.
Педагогтың кәсіби құзыреттілік ұғымы тұлғаның біртұтас құрылымындағы теориялық және
практикалық дайындығының бірлігі, кәсібилігі арқылы жүзеге асыру және тәжірибесін ортаға салу.
Семинар жұмысы пленарлық және секциялық бөлімдер бойынша өткізілді.
http://www.45minut.kz арқылы онлайн түрде басқа да облыстардан қатысушылар қатысуға
мүмкіндік жасалған.
Семинар бағдарламасы аясында білім мекемелерінің көрмесі ұйымдастырылып, семинар
қатысушылары және онлайн түрде http://www.45minut.kz (Күнделікті 40 мыңнан астам қолданушы)
Республика ұстаздарына ұсынылады. Cеминардың материалдары негізінде топтастырылған ұстаздар
жинағы шығарылды.
Тәжірибе алмасу бағытында топтама жинаққа Қызылорда облысы ұстаздарының материалдары
және Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе т.б облыс ұстаздарының еңбектері қосылды.
Семинар барысында көңілге түйгенім, ұстаздар арасында тәжірибе алмасу бағытында тақырыптық
семинарларға сұраныс бар. Семинардың мақсатына сай деңгейлік курстардан өткен ұстаздар
деңгейлік курстарға оқуға талаптанып жүрген әріптестеріне барынша қолдау көрсетіп, алған
білімдерімен бөлісуге әзір екендіктерін білдірді.
Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді қолдану арқылы жоспарланған сабақтарының оқушылар
үшін қызықты да пайдалы екендігін өз тәжірибелерінде дәлелдеп, жаңашыл көшбасшы ретінде
әріптестеріне тәжірибе таратты. Ал, талаптанушы ұстаздар болса білім алуға деген құштарлығын
көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты кезекті Жолдауда айтылғандай: Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың
әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз –
белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің
барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай
Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту
жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар
ұсыну маңызды.
Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту
деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды
оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын
игеру болуға тиіс.
Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев
Республикалық 45minut.kz басылымы редакторы
3
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ: КЕШЕ,БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ... ( баяндама)
Баймбетова Гүлбаршын Қаржаубайқызы
Қызылорда қаласы №187 Мұстафа Шоқай атындағы
қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бұрынғылар «Қилы – заман болар, қарағай басын шортан шолар» - деген екен. Шынында да біздерге дейін
кейбір аумалы – төкпелі замандардың өткені белгілі.
Енді міне, біздер тәуелсіз елдің жас ұландарымыз. Сонау кездері қазақтың ақиық ақыны Қасым Аманжолов:
«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап» - деп тебіне жырлаған еді. Айтса – айтқандай, осындай бақытты заманда
өмір сүріп жатқанымызға қуаныштымыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та білім алыңдар, болашақ білімді
жастардың қолында дейді. Біздің заманымыз білім мен ғылымның заманы болып тұр.
Білім саласының қай кезде де ауқымы үлкен, көкжиегі кең. Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік
экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.
Ол үшін болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек. Рухани жан – дүниесі бай, халқын сүйген ата – баба жерін
қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің,
қоғамның экономикалық саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтерілетін,
парасатты денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға
жетпес міндеті. Сондықтан мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі талабы таудай, жеке тұлғаны іздеп
табу, оны өсіру жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін метептердің
педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және
оны мектеп тәжіибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық. Қазіргі замандағы білім беру
тұжырымдамасының бағыты- ізгілік және тұлғаны қалыптастыру.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін- білім» де ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай,
Қазақстанның өркениеті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірігуінің басты
тетігі-білім екендігі анық.
Адам өмірінің, адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі білімнің даму деңгейіне тікелей қатысты дүние.
Мұғалімнің барлық білім қызметкерлерінің, халықтың, мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі-жас ұрпақ
тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен, ұстаздық даналықпен қарау, заман талабына лайықты қызмет етуі қоғам
дамуын алға бастайды.
Биылғы жыл –аса ірі маңызды оқиғаларға бай болды. Солардың бірі ел Президенті Н.Назарбаевтың
«Мәңгілік ел» атты Қазақстан халқына биылғы жолдауы Отанымызда ерекше серпіліс туғызды.
Еліміздің сапалы дамуының жаңа сатысына, биік белестерге көтерілуіне бағыт берген бұл маңызды құжатта
еліміздің бәсекеге шынайы қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру жүйесін реформалау қажеттігі
атап көрсетілді.
Иә, Елбасы ата көрсеткендей, білім беру реформасы – қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігі қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне
сай келетін осы заманға білім беру жүйесі қажет. Осыған орай білім және ғылым министрлігінің алдына
ауқымды міндеттер қойылды.
Мектептегі білім мазмұнын және құрылымын жаңартудың негізгі бағыттары жалпы орта білімніңмемлекеттік
жалпығаміндетті стандартының жаңа жобасында толық берілген.
ХХІ ғасырдағы әлемдік жіне Қазақстандық білім беру жүйесі дамуының негізгі басымдықтары:
Біріншіден – білім сапасын арттыру; мемлекеттік тіл, жаратылыстану – математикалық, техникалық
пәндерді, шет тілдерін оқыту сапасын жақсарту;
Екіншіден – білімде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану, жаңа технологияларды
тиімді қолдану, жаңа технологияларды жасау және тарату, инновацияларды өрістеру және ынталандыру;
Үшіншіден –оқыту, жұмыс орнын дайындау және жұмыс нарығы арасындағы өзара байланысты нығайту;
Төртіншіден –мұғалімдер мен оқытушылардың білім мен біліктілігін жетілдіру;
Бесіншіден –қоғамдық ресурстарды, сондай-ақ білімдегі инвестицияларды біріктіретін сектораралық
қатынастарды тиімді қолдану және т.б болып табылады.
Келешек еліміз 2016 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді. Ғалымдардың пайымдауына
қарасақ, бастауыш сынып 6 жастан басталады. Оған дейін оқушылар бала-бақшада не мектепалды даярлық
тобында болады. 12 жылдық білім берудегі мақсат -білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын
жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру.
«Мектептің жаны мұғалім»- деп ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы айтқандай, тәуелсіз Отанымызды күні
ертеңгі тұтқасын ұстайтын ұрпақтың білімді де білікті болып шығуында ұстаздың орны бөлек екенін
айтуды жөн санаймын.
4
АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Атырау облысы, Мақат ауданы, Х.Санбаев атындағы орта мектептің
Жоғарғы санатты мұғалім Камидуллина Маруа Жұлдызбайқызы
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке адамның
шығармашылық, рухани және ден мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектісін дамыту» деп атап көрсетеді.
Сондықтан, жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге,
оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
Білім беруді демократияландырудың, ізгілендірудің тетігі – оқушыны өз әрекетінің иесі деп тану, тілді ұлттық
құндылық, ділді қалыптастырудың тіні деп санау секілді жаңа парадигмаларды оқыту үрдісінде ұстану.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол
арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдар мен ғалымдардың назарындағы нысан
болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды – тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі
ретінде қарастырады, өйткені, шығармашылық іс-әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен,
бірегейлігімен ерекшеленеді.
Психологиялық сөздікте «Шығармашылық іс-әрекет нәтижесінде жаңа материалдық және рухани байлық
пайда болатын әрекет. Осының негізінде мәдени-тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың
психологиялық аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің жаңалығымен,
бөлектігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті қабілеттердің, білімнің, икемділіктің және дағдылардың
болуын талап етеді» деп берілген.
М.Махмутов шығармашылықтың келесі анықтамасын ұсынған: «Шығармашылық – эвристикалық қызмет,
оның мәнін тез түсінуден, негізгі идеяны, ұғымның мәнін аңғара қоюдан, күтпеген жерден әрекет тәсілін тауып
алудан тұрады. Шығармашылықпен ойлаудың белгісі үйреншікті нәрседен аулақтап, одан дер кезінде қол үзе
білу, басқаша емес, солай ғана ойлау – әдет күшін жеңе білу.»
Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекетті» атаған.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әр қилы шығармашылық әрекет барысында жүзеге асады. Оқушының
шығармашылық әрекеті – оның мұғаліммен бірлесе отырып, білім үрдісіндегі материалдық және рухани мәдени
нысандарын жаңаша сапалық тұрғыдан тануға, жасауға, өзгертуге бағытталған әрекетінің өнімді түрі.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап-тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға
тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.
Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның
шығармашылығын дамыту адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді.
Педагогиканың негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу. Тұлға – сана иесі.
Шығармашыл адам – жасампаз тұлға. Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.
Біз тұлғаны толыққанды жүйе деп есептесек, оның психикалық қасиеттері негізгі орынды алады. Бұл жүйе
табиғи қасиеттері мен қоғамдық тәжірибені меңгеру барысында дамиды. Тұлғаның тұтастығы мен бірлігі әр
алуан және қарама-қайшылықтардың жиынтығы болып табылады. Тұлға жеке оқиғалар ғана емес, қоғамдық
өмірдегі маңызды оқиғаларға да байланысты әсерленіп, ашылады. Соған сәйкес туындайтын көзқарас пен іс-
әрекет те әр алуан болады. Тұлға іс-әрекеті, өзіне және айналасына қарым-қатынасы арқылы, шығармашылық
қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Сондықтан, баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты,
әлеуметтік құнды шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің
маңызы зор.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, еркіндігін қалыптастыру, өз
бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау,
тұлғалыққа бағыттау.
Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезінуі мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына
байланысты. Шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметініңШығармашылық
бағыттың дамуына денсаулығы, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты – әлеуметтік даму жағдайы негіз
болады.
Баланың шығармашылық қасиеті кіщкентайынан көріне бастайды, себебі, шығармашылық – бала дамуының
қалыпты жағдайы. Алайда, шығармашылыққа бейімділік бірте-бірте жоғала бастайды, ол балаға да, қоғамға да
кері әсер етеді. Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін жұзеге асыра
алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез бейімделеді.
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарын жүзеге асыру барысында өз
жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.
Балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу-тәрбие үрдісінде тиімді дамиды. Нәтижесінде баланың білімі,
белгілі-бір қабілеттері артады. Ол әр алуан жолмен, әсіресе, эстетикалық тәрбие құралдары арқылы жүзеге
5
асады.
Сонымен, шығармашыл тұлға болу дегеніміз – дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның болмысқа
көзқарасын айқындауы.
Ана тілі сабағында күнтізбелік жоспар тақырыптарды топтап, тиісті бөлімдерге бөлініп жасалынады. Сол
бөлімдер бойынша ақын-жазушылардың суреттері мен қосымша деректер, топтамалар, көрнекіліктер арқылы
сабақтың шығармашылық мақсатын арттыруға болады.
Осы мақсатты жүзеге асыру баланың білім игеру кезінде өзіндік іс-әрекеттері мен ізденуін белсендіріп,
шығармашыл қабілетін дамыту шешілмек.
Жас ұрпаққа білім беру жолында «Сын тұрғысынан ойлау», «Дамыта оқыту», «Ойын арқылы оқыту»,
«Деңгейлеп оқыту» тағы басқа оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен
табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол
ашу.
Сөз байлығы жеткілікті бала әңгіме, шығарма, мазмұндаманы еркін жазатыны белгілі. Бағдарлама бойынша
ана тілі пәнінде тарау біткеннен кейін алған білімді шығармамен, мазмұндамамен қорытындылап отыру
көзделген.
Бастауыш сыныптың ана тілінен оқушылар қоғам, Отан, табиғат, сондай-ақ, сондай-ақ, жануарлар дүниесі
жайлы әңгімелермен танысады. Өмірдегі сан алуан құбылыстардан хабардар болады. Соның нәтижесінде
баланың оқуға деген ынтасы, белгілі-бір мамандыққа деген құмарлығы артады. Ана тілін оқыту сабақтарының
мәне ерекше. Өйткені, ол сабақтарда оқушылардың ой-өрісі, сөйлеу тілі дамып, жеке мәтінмен, кітаппен,
өздігімен жұмыс істеуге үйренеді. Кітапты түсініп оқу балалардың алған білімдерін тереңдетіп, дүние танымын
арттырады. Д.Писаревтің «Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң да көп оқу керек» деген сөзі бар, яғни,
баланың сыныптағыдан тыс қосымша материалдар игеруіне, өздігінен білім алу мәселелеріне ерекше назар
аударғанымыз абзал.
В.Сухомлинский «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды
адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі
мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету» деп атап көрсеткен.
Оқушы шығармашылығын дамыту – білімдік үрдіс субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара
әрекеттесу аймағы. Сондықтан, оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалімнің
педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы,
шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген
сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетін қалыптастыруға болады.
Дарынды, талапты жастар – бүгінгі егемен еліміздің жарқын болашағы. Сондықтан да Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев «Бізге керегі – шын дарындылар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің
талантты ұлдары мен қыздарын, тапланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті» деп жас ұрпаққа үлкен мән
беріп келеді.
Бала бойындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту, олардың қабілеттерін зерттеу – ең басты мәселе. Бала
бойындағы күш-қуатты жетілдіру, оның қолынан бәрі келетініне сендіре білу – ұстазға жүктелген міндет десе де
болады, ал сенім бар жерде «алынбайтын қамал жоқ».
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы. Өмірде дұрыс жол табу үшін
адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Оқушының
шығармашылығына бағыт беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Ол баланың ойын
дамыту туралы «Ойлау-жанның өте бір қиын, терең ісі»,-деп атап көрсете келіп, мұғалім баланың ойлап
үйренуіне көп күш жұмсауы керек деді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту – баланы ойлай білуге үйрету.
Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға,
практикалық дайын болуға үйрету. Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін,
ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын
да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу,
оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге,
сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру,
алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б.
оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады.
Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен – өзі пайда болмайды, ол
мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі
тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады. Оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын
қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік
апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың
маңызы зор. Педагогика ғылымы ешнәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті
балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық сөзінің мәні
6
«шығару», «іздену», «ойлау» дегенге саяды. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда
оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау
білім беруде жеке оқытудың дамуына көзделуі керек. Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту
жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері ізденіске түседі. Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа
біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның
біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Шығармашылық қасиетті адам баласының
бойында қалыптастыруда сөз өнерінің берері мол. Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу
керек. Шығармашылыққа үйрету үшін мынандай жағдайларды ескеру керек.
•
Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге
бағыттау керек;
•
Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне,
қызығушылығына үйлесу керек;
•
Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу.
Шығармашылық бағытта баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру керек.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді»
деген қорқыныш сезімі, екіншісі - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі - жалқаулық.
Оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық
шеберлігі қажет. Іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынандай
талаптар қойылады:
-Шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке
сипатын, мазмұнын ескеру;
-Шығармашылық тапсырмалардың түрлі деңгейде болуы;
- Кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір
жүйеде берілуі;
-Білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;
-Тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;
-Оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде
болуы керек.
Оқушының шығармашылық дербестігін қалыптастыру мәні:
-Қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым
жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;
-білім алуға, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық,
-оқу – танымдық міндеттер мен мақсаттарын орындауға талпыну;
-жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен
қасиеттерінің дамуына;
-жеке тұлғаның дербес интеллектуалдык ой-өрісінің кеңеюіне;
-тұрақты ізденімпаздық шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі
дамуына әсер етеді.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра
түсу үшін шығармашылықтарын, қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-
тәсілдер қолдануға болады.
Олар мынандай:
-тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
-арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
-логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
-берілген тапсырманы түрленудіру бағытындағы жұмыс;
-әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
-қиялдау арқылы сурет салғызу;
-ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;
-ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шығармаларын құрастыру;
-мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамытудың жұмыс түрлері:
-мұражайға апару;
-әртүрлі кездесулер өткізу;
-әртүрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;
-балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығуын арттыра түсу үшін,
шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта әртүрлі әдіс - тәсілдерді
қолдануға болады. Осы орайда шығармашылыққа баулудың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың сынынан
7
өткен мынандай түрлерін атап айтқым келеді.
1.Мәтінге ат қояды, жинақтайды.
2.Өз ойын еркін жеткізуге берілген ізденіс бағытындағы тапсырмалар;
3.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, жоспар құру.
4.Әңгіме құрастыру;
5.Әңгімені жалғастыру;
6.Ертегі мәтінін құрастыру;
7.Қиялдау арқылы сурет салу.
«Қиялдамасаң қызыл тіл сайрамайды» дегендей, оқушыны көркемдік шешім табуға жетелеу үшін қиял,
ұшқыр ой туу қажет. Мұнда оқушының өзіндік ізденісі, пікірі, айтары байқалады. Оқушыға өз бетінше ертегі,
әңгіме, мәтінді жалғастыра жазу және аяқтау тапсырылады. Аяқталмаған мәтін бойынша жұмыс жүргізудегі
мақсат -оқушыларды өз бетінше сюжет ойлап, әңгімені әрі қарай жалғастыра отырып, сәтті шешім тауып
аяқтауға дағдыландыру. Бұл жұмыста оқиғаға тән көріністер, суреттер, түрлі сюжеттер орын алады. Оқушылар
да сол көріністерді қиялмен суреттеп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді.
Шығармашылық қабілетті ашудың көзі - оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Бұл бағытта төмендегідей
жұмыстар
арқылы
таным
көкжиегін
арттыра
түсеміз.
I. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар.
1) Сөзжұмбақ.
2) Ребус.
3) Мақал-мәтел, жұмбақ.
4) Ұйқасын тап.
II. Берілген тапсырманы түрлендіру.
3. Мәтін мазмұнын өңдеу.
4. Өлеңді қара сөзге айналдырып жазу.
III. Әдеби шығармашылық жұмыс.
1) Әңгіме, ертегі жазу.
2) Жаңылтпаш, жұмбақ, өлең құрастыру.
3) Шығарма, ой толғаныс, эссе.
Оқушыларға тапсырмаларды өтілген тақырыпқа немесе белгілі бір тақырыппен жаздыруға болады.
«Қысқы демалыста» тақырыбы бойынша оқушылар табиғатты суреттей отырып, демалыс күнгі сәттері мен
есте қалар қызықты оқиғалар, серуен кезіндегі іс-әрекеттерін қара сөзбен көркемдеп жеткізеді. Табиғат туралы
қанатты сөздерді іздестіру, қысқы демалыс күндерін баяндау арқылы оқушы бойында табиғатқа, айналасына
мейіріммен қарау сезімдері қалыптасады. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шәкірт бойындағы қабілет
көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық оқушыны
ізденуге жетелеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге, өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады.
Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың
табиғи мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім
қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді әрекет жасайтын,
шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс. Бастауыш
сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістерінің қолдану жолдары мынандай үлгіде
болуы тиіс:
1. Қарапайым оқу тапсырмаларын орындау;
2. Проблемалық оқу тапсырмаларын орындау;
3. Эвристикалы (ізденімпаздық) оқу тапсырмаларын орындау;
4. Шығармашылық оқу тапсырмаларын орындау.
Бұл аталған танымдық үрдістердің оқушы шығармашылығын дамытуда алатын орындары зор. Өйткені,
оқушылардың сабақ барысындағы байқағыштығы, зейін тұрақтылығы, ұғым жасау қабілеттері, есте сақтау
және еске түсіру, қиялдау, ойлау әрекеттері, қабылдау дәлдігі шапшаңдықпен жұмыс істеуі үшін маңызды.
«Шығармашылық қабілеттері дамыған оқушының болмысы қандай болуы тиіс?»
Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушы:
1. Талдау және жинақтау, салыстыру әдістерін шебер қолданады. Оқу мазмұнын тани алады, басқа
ақпараттардың ішінен бөліп ала алады. Тез ойлайды, сөзі жүйелі, ойы икемді болып келеді.
2. Оқу тапсырмасын өз бетімен орындай алады. Оқу тапсырмасында берілетін проблемалық тапсырмаларды
орындауда өзінің біліміне сүйене отырып, проблеманы шешудің стандартты емес жолдарын өз бетімен ұсына
алады.
3. Мінез - құлықтары тәртіпті, белсенді, жинақы, іскер, кішіпейіл, қасындағы сыныптас достарына достық
көзқарас ұстанатын, танымдық қызығуы жоғары дәрежеде дамыған болып келеді.
4. Адамдарға, қоршаған ортаға, қоғамға, мектебіне, ұстаздарына, жақын достары мен туыстарына деген
көзқарастары адамгершілікке негізделген болып келеді.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас
8
кезең. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлесу, оқу, қоршаған ортаға
дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға, ойын дұрыс айтуға, салыстыра
білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға
тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау,
яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту
көзделуі қажет. Л.С.Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға
берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Егер оқушы алған білімінің мәнін терең
сезінсе, демек, ол мәнді мәселені мәнсізден айыра біледі, бұл байланыстың қалыптасуын көре біледі, білімнің
ақиқаттығын дәлелдей алады».
Шығармашылық қабілетті дамытуда қазіргі заман талабына сай білім берудің озық технологияларын
пайдалану өте қажет. Ол үшін бастауыш сынып оқушысының ой-өрісін деңгейіне сай технология
түрін таңдап алған орынды. Қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы дамытушы тұлға
ретінде қабылдап, олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы да осыған лайық өзгерістерге ұшырап, қазіргі
педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізу талабы туындап отыр.
Шығармашылық дарынды дамыту, мақсатты және жүйелі жүргізілуі тиіс. Шығармашылық қабілетті
дамытуда оқушыларға жан-жақты тапсырма беру арқылы мысалы: жұмбақ, ребус, сөзжұмбақ, тест сұрақтарын
қолданған жөн. Оқушының сабаққа қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге осы аталған
жұмыстарды пайдаланып қана қоймай, қазіргі заман талабына сай білім технологияларын, яғни салауатты хат,
инсерт стратегиясы, бес жолды өлеңді үнемі пайдаланып отырамын. Ана тілі пәнінде оқушыларым өткен
тақырыптағы мәтініндегі кейіпкерлерге салауатты хат жазуды әдетке айналдырған.
Оқушы қиялын дамыту жұмыстарын ана тілі пәнінде көп қолданамын. Берілген мәтіндегі бір көріністі көз
алдарына елестеткіземін. Оқушылар тыныштықта отырып, көздерін жұмып, әрбір мен айтқан нәрсені
елестетуге тапсырамын. Мысалы: «Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап-жасыл. Бір ауыл көрінеді. Нұрдәулеттің
әкесі Сейілхан машинаны ауылға қарай бұрды. Олар бір үй маңына тоқтады. Нұрдәулет машинадан түсті де,
көрмеде байлаулы тұрған ботаға бұрылды. Бота өте әдемі...»
Оқушылар осындай кез-келген көріністі көз алдарына елестете алады, өздері сол елестен үлкен қуанышқа
бөленеді. Олардың алғашқы әсерлері мынадай сөздерден байқалады: «кино көргендей болдым», «суретке
түсіріп алғандай болып елестеттім...» т.б.
Осындай оқушы шығрмашылығын дамытатын қызықты тапсырма, ойындар көп –ақ. Оларды сабақ
барысында қолдануға уақыт жетіспей жатады. Себебі сабақ барысында ғылымилық, білімдік мақсатын
алға қоямыз.Оқушының шығармашылық қабілетін, қиял-елес бейімділігін, сөйлеу шеберлігін дамыту
мақсатында аптасына бір сағат «Оқушылардың шығармашылығын, қиял-елесін дамыту» сабағын өткізіп
тұрамын.
Мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек етуі керек. Дарынды
оқушыны дамыту үшін үнемі шығармашылықпен ізденісте болуы тиіс. Ол үшін мұғалім оқытудың дәстүрлі
емес түрлерін, жаңа педагогикалық технология, әртүрлі нұсқаларын сабақта жүйелі түрде пайдалануы тиіс.
Енді өзім пайдаланып жүрген «Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың» бірнеше тәсілдеріне
тоқтала кетейін.
1.Оқушы білімінің өмірмен байланыстылығы.
2.Берілген білімді оқушының сапалы, жүйелі меңгеруі.
3.Өздігінен жоспар жасауы.
4.Оқушылардың кітапханамен, әдеби кітаптармен жұмыс істеп үйренуі.
Қазіргі кезде қоғамда қажетті мамандықтар тез бейімделуді, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ойлау
қабілетін, қиындықтан шыға білуді, адамдармен тіл табыса білу өнерін қажет етеді. Бұл қасиеттердің
барлығы да шығармашылық жолдан бастау алады.
Әрбір ұлттың ұрпағы ана тілін терең оқып үйреніп, сол арқылы Отанын, елін, туған жерін сүюге тәрбиеленуі
тиіс. Ал, бала - біздің болашағымыз десек, болашақ ұрпаққа заман
талабына сай білім беру - кез келген мұғалімнің міндеті.
Ұстаз - белсенді шығармашылық іс-әрекетке талпынған оқушының кеңесшісі, әрі көмекшісі. Әрбір мұғалім
сабақ жүргізу барысында жаңа технологияға сүйене отырып, тосын идеялар мен проблемалық ой тудырып
отырса, оқушылардың да пәнге қызығушылығын арттыруға болады.
Шығармашылық - бұл адам іс әрекетінің түрі, бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімді дер кезінде
қабылдай білуге үйренуі керек.
Өзім жетекшілік ететін сыныбымда ана тілін терең оқыту арқылы баланы шығармашылыққа баулуды мақсат
тұттым. Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс шәкірттерге қосымша тапсырма беріп отыруға тура
келді.
Сонымен, тілді тереңдетіп оқыту арқылы шығармашылыққа үйрету мақсатымызды жүзеге асыру үшін
мұғалімге ізденіс керек.
9
Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қаланатыны анық. Осы жастағы балалар бойында
шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара дүниетаным, дара эстетикалық
көзқарастың жетімсіздігінен олар бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. «Бұлақ
көрсең, көзін аш» дейді халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге
тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болдуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы,
ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек.
Ұстаз еңбегі – шәкірт білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба
білуінде.
Мұғалімдік қызметімде Макаренконың «40 жыл мұғалім болсаң да, 45 минуттық сабағыңа дайындал» деген
қағидасын еш жадымнан шығарған емеспін.
Шынайы сабақ – бұл оқушы мен шәкірттердің бірлескен ізденісінің нәтижесі, мұғалімнің шығармашылық
жұмысының жемісі. Отанын, елін, туған жерін сүйетін шәкіртті ана тілін терең оқыту арқылы тәрбиелей
аламыз. Сол шәкірт бойындағы шығармашылық ізденісті тереңдете түсу – менің негізгі мақсаттарымның бірі.
Осындай тынымсыз еңбектенудің нәтижесінже бүгінгі таңда оқушыларым өз бетімен ертегі, әңгіме, мақал
жазып, өлең, өтірік өлең шығаруға бейімделіп келеді. Мұның дәлелі ретінде оқушыларымның аудандық «Мақат
тынысы» газетінде жарық көрген шығармаларын, сондай-ақ, оқушылар шығармашылығынан жинақталған
кітапшамды айта аламын.
Қорыта келгенде, Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын
ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар
өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған.
Достарыңызбен бөлісу: |