Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет12/33
Дата28.01.2017
өлшемі9,52 Mb.
#2929
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

    1-Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
    Көңілді күндер тусын алдын әлі
    Ән-шашу әсем әуне, түрлі өнер,
    Бүгінгі күн сіздерге арналады,-дей отырып алдарыңызда 
Айсұлудың орындауындағы  «Ұстазым менің » атты әнді 
қабыл алыңыздар.
      1-Жүргізуші: Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне   ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын 
тынымсыз лаулаған жалын иесі.
    
 2-Жүргізуші: Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан 
басталады.
     Ғұлама, білгіш ғалым да,
     Оқушы жас жалын да,
     Мархаббаты ойшыл да,
     Мал өсірген қойшы да,
     Жазушы да, ақын да,
     Ғарышкер де, батыр да,
     Өнері тасқан актер да,
     Көмір қазған шахтер де,
     Мың бұрылған биші де,
     Ой тербеткен күйші де,
     Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан сіздерге 
бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
    1-Жүргізуші:  Жүрегі кең, ұстаздар, данасың ғой!
    Қомқор болған біздерге баласындай.
   Сынып жетекшілері, ыстық ықыласымызды
   Қабыл алыңыздар, 
   Аялаған біздерді баласындай.
   1-Жүргізуші:  Ұрпақ қамын анасындай ойлайды,
   Болашаққа жетелейді, толғайды.
   Өркениетті адам болам десеңіз,
   Шет тілін білсең артық болмайды.
   2-Жүгізуші:  Бастауышым  - бал бұлағым,
   Алдым сенен балдың дәмін.
   Әріп танып білім алдық,
   Рахмет көп жаудыратын.
   1-Жүргізуші: Шынығамыз жүгіріп, ойнаймыз көп,
   Тартыламыз турникке, қуамыз доп.
   Барлық бала ол пәнді жақсы көреді,
   Барлығымыз спротшы боламыз деп.
  2-Жүгізуші: Сіздерден бастау алар бізге ілім,
  Ізденіспен өтеді әрбір күнің.
  Әуелеген әсем ән сіздерге арналады.
  Басшылары білім ордасының.
  2-Жүгізуші:Мектеп-үйім, ұстаздарым ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған
Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға.Себебі ұлттың болашағы-ұрпағыңда болса, ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз 
қолында.   
1-Жүргізуші:  Келесі құттықтау сөзді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жоланов Батырхан ағайға және 
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Нәзігай апайға сөз береміз.
 2-Жүргізуші: Сіздерге арналған ән-шашуымызды қабыл алыңыздар!
 Алдарыңызда ұстаздарға арналған жаңа әнімен Малтабар Айзаттың орындауында:  «Мектебім, аяулы мектебім» әні.
 1-Жүгізуші: Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз!Сіздердің әрқайсыларыңыз біздерге қымбатсыздар!Бүгінгі төл 
мерекелеріңіз құтты болсын!Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық 
тілейміз.
«Мектеп-білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» демекші, ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз лаулап жана берсін!Ұлағатты ұстаздар! 
Сіздердің әрқайсыларыңыз біздерге қымбатсыздар! 
  2-Жүргізуші: Ұстаздар қартаймасын , қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын,
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан сіздерді айырмасын.
Жақсылық атаулыға жақсы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар,
Баланы сусындатып өсіруге.
Білімнің бұлақ көзін аршығандар.
Құрметті оқушылар, ұстаздарымызды әрқашанда құрметтеп сыйлап, олардан алған білімімізді іске жарата білуіміз керек.
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеміз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз.
Екі жүргізуші:  Мерекелеріңіз құтты болсын! Келесі кездескенше, хош сау болыңыздар!
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МЕХАНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
                 Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
              Физика пәнінің мұғалімі Жиембаева Гүлмира Іскендірқызы
Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға механикалық қозғалыс тақырыбын түсіндіру арқылы нақты білімді жеткізе 
отырып тұжырымдау.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын дамыту. Оқушының физика пәніне ынтасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:  Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз бетінше оқуға, 
ізденуге тәрбиелеу.
60

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдісі: топтық, жеке жұмыстар, сұрақ-жауап, есептер шығару
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, сәйкестендіру тесті, тест, «ойымды жалғастыр» ойыны
Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3.Сабаққа көңілін аудару
4. Балаларға бағалау парағын таратып, түсіндіру
 І. Жеке жұмыс  Тест
Қайсысы зат болып табылады?
Жарық
Ауа 
Трактор &
Булану 
2.   Физикалық шаманы көрсет?
Уақыт&
Темір 
Тікұшақ
Үстел 
3. Қайсысы физикалық шама?
А.Қағаз 
   В.Дәптер
С.Жылдамдық &
D.Қайнау
4. Жүрілген жолдың өлшем  бірлігін көрсет:
км, см, м &
км/сағ, м/с, см/с.
м
3
, см
3
, мм
3
сағат, минут, секунд
5.Мына сандарды стандарт түрде жазылуын көрсет: 6000; 
0,00003; 9250000
6∙10
3
, 3∙10
5
, 925∙10
4
6∙10
-3
, 3∙10
-5
, 925∙10
4
6∙10
3
, 3∙10
-5
, 925∙10

&
6∙10
3
, 3∙10
-5
, 925∙10
-4
6. Диффузия құбылысы дегеніміз - 
A. Бөлшектердің тез қозғалысы.
B. Газдағы (сұйықтағы) бөлшектердің ретсіз қозғалысы. &
C. Қатты денедегі бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
D. Бөлшектердің баяу қозғалысы.
E. Бөлшектердің ретсіз қозғалысы.
7. Температура нені сипаттайды?
A. Дененің  қозғалыс әреткетін.
B.  Дененің жылдамдығын
C.  Дененің ыстық, суық екендігін 
D.  Дененің  температурасын &
E. Дененің қызулық дәрежесін
“Ой қозғау” сөз жұмбақ шешу
Оқушылар бұл сөз жұмбақты шешу арқылы, өткен сабақтағы білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсетеді.
м
е
т
Р
д
е
н
е
м
ұ
х
а
м
м
е
д
з
а
т
а
с
т
р
о
н
о
м
и
я
д
и
ф
ф
у
з
и
я
ф
и
з
и
к
а
г
р
а
д
у
с
Жолдың өлшем бірлігі?
Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе?
Астрономияда өшпес із қалдырған Ұлықбектің аты?
Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрі?
Аспан денелері туралы ғылым?
Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуы қандай құбылыс?
Табиғат туралы ғылым?
Термометрдің өлшем бірлігі?
Жаңа сабақ
Сергіту сәті –бәріміз орнымыздан тұрамыз қолымызды алға созып тігінен тұрамыз да 3 рет отырып тұрамыз.
Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар?
Оқушылар жауабының жобасы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды
Олай болса бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
61

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен
салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.
Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің:жүретін, ұшатын,суда жүзетін көліктердің 
зымырандардың,планеталардың,аспан денелерінің қозғалысын зерттейді.Бұл денелердің қозғалысын м е х а н и к а л ы қ 
қозғалыс деп атайды.
Сонымен, дененің немесе дене бөліктерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруін 
механикалық қозғалыс деп атайды.
Санақ денесі-қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене.
Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы екен.Тек қозғалыс салыстырмалы емес тыныштықта 
салыстырмалы.Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.
Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне,бүкіл материялық дүнйеге тән қасиет.
Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін, яғни дененің уақытқа байланысты орнын қалай өзгерткенін білу үшін санақ 
жүйесі ұғымын енгізу крек.Кординаттар жүйесі+санақ денесі+сағат үшеуі бірігіп санақ жүйесін құрайды.Қозғалысты 
сипаттау үшін әр түрлі санақ жүйесін таңдап алуға болады.Бірғана дененің қозғалысын бақылау үшін әр түрлі таңдап 
алынған жүйе әр түрлі көрніс береді.
Жаңа сабақты түсінгендерін анықтау: Оқушыларды «Молекула» ойынын ойната отырып, 3 топқа бөліп аламыз. 
Постер қорғау
1-топ .Механикалық қозғалыс
2-топ.Санақ жүйесі 
3-топ. Дене қозғалысын қозғалмайтын денемен салыстыру не үшін қажет?
Жаңа сабақты бекіту:  Сәйкестендіру тесті  Жеке жұмыс
Ядро
А) Сутегі
Дене
Ә) Уран
Диффузия
Б) Газ
Атом
В) Пішіні мен көлемін сақтайды
Температура
Г) Атомның орталық бөлігі
Ең жеңіл элемент
Ғ) Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама
Қатты дене қасиеті
Д) Зат молекулаларының бір-біріне жайылуы, енуі
Аққыштық
Е) Әртүрлі заттардан құралады
Ең ауыр элемент
Ж) Химиялық элементтің ең кіші бөлшегі
Су буы
К) Сұйыққа тән қасиет
Сабақты қорытындылау: 
 «Ойымды жалғастыр» ойыны
1. Механикалық қозғалыс дегеніміз____________________________________________
2. Санақ денесі дегеніміз______________________________________________________
3. Материялық нүкте деген не? ________________________________________________
4. Координата жүйесі дегеніміз ________________________________________________
Бағалау.  Бағалау парағы
Р/с
Аты - жөні
Тест
Сөзжұмбақ
Сәйкестендіру тесті
«Ойымды 
жалғастыр» 
ойыны
Қорытынды
 Үйге тапсырма: Механикалық қозғалыс. Санақ жүйесі
Шығaрмашылық тапсырма: Планеталардың қозғалысы жайлы қосымша мәлімет жинақтап келу
* * * * *
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ
Қызылода облысы, Жаңақорған ауданы,Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Оқу ісінің меңгерушісі Жоланов Батырхан
Қоғамның   дамуына   сәйкес   мектепті   қайта   жаңарту   жағдайында   педагог   кадрлармен   жұмысты   олардың   кәсіби 
құзырлылығы негізінде ұйымдастыру және мұғалімдер мен мектеп басшыларының жұмыс үрдісі мен үйреншікті дәстүрді 
тұтасымен өзгерту мәнді де өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде 
де   күрделі   және   қарама   –   қайшылықтарға   толы.   Қоғамның   дамуы   білім   беру   сапасынан   үнемі   алды   болды,   тіпті   бұл 
алшақтық   кейбір   кездерде   ондаған   жылдармен   өлшенді.   Күн   сайын   адамға   көптеген   ақпарат   тасқыны   келеді.   Ал   оқу 
мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті  
қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп 
мұғалімдерінің   әдістемелік   шығармашылығын   дамытуды   педагог   –   мамандардың   біліктілігін   жетілдіру   жүйесінде 
ұйымдастыруды олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Қазіргі ақпараттық қоғам барлық типті оқу орындарының, оның ішінде орта білім беретін мектептер алдына 
мынадай:
- қажетті білімді өз бетінше ала отырып, пайда болған сан алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде 
біліктілікпен пайдалануға, жылдам өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделуге;
62

- дербес сыни тұрғыда ойлай білуге, пайда болған мәселелерді көре білуге және жаңа технологияларды пайдалана отырып, 
оларды шешудің тиімді жолдарын табуға, өзінің алған білімдерін қоршаған ортада қай жерде, қалай пайдалануға болатынын 
саналы түрде түсіне білуге;
- ақпараттармен сауатты жұмыс жасай білуге: ақпараттарды іздеу, өңдеу, ой елегінен өткізу, қолдану, сақтау және тарату;
- әртүрлі әлеуметтік топтарда коммуникабельді, тез тіл табыса алатындай болуға, кез келген жанжалды жағдайларды 
болдырмауға немесе ондай жағдайлардан біліктілікпен шыға алуға;
- өз адамгершілік қасиеттерін, интеллектісін, мәдени деңгейін дамыту бойынша өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті 
бітірушілерді дайындау міндетін қояды.
Өркениет көшіндегі озық тәжірибеге негізделген құзыретті тұлға дайындауға бағытталған білім беру жүйесі еліміздегі білім 
беру жүйесінің бұрынғы қалпында қала алмайтындығын, оның әлемдік тәжірибелерді негізге ала отырып даму қажеттігін 
көрсетеді.
Бүгінгі таңда білімнің стратегиялық маңызы  орасан артқандығын байқаймыз. Еліміздегі оң өзгерістерді, әлемдік 
тәжірибелерді ескере отырып, білімнің басым мәнін ой елегінен өткізу арқылы мынадай оң тенденцияларды байқауға 
болады:
- білім қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени процестің қозғаушы күші ретінде қарастырылады;
- білімнің әлеуеті қоғамды топтастыру, әлеуметтік-мәдени кеңістіктің тұтастығын сақтау,әлеуметтік жанжалдарды 
болдырмау, ұлттық мәдениеттердің және алуан түрлі конференциялардың тең құқықтығын сақтау үшін пайдаланылады;
- білім жекелеген ұлттардың және барлық адамзаттың қауіпсіздігін сақтаудың экономикалық факторы ретінде бағаланады.
Халықаралық білімдік тәжірибеден белгілі болып отырғандай білім беру жүйесін «шығу» көрсеткіштері бойынша реттеу 
нәтижеге бағдарланған білім (НББ) моделі арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың басты құзыреттерін қалыптастыруға 
бағытталғандығына қарай нәтижеге бағдарланған білімді «нәтижеге бағдарланған құзіретті білім» деп те атайды. Бұл 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2001-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 
көрсетілген.
Мектептегі білім беру жүйесін басқару мен бақылауды нәтижеге бағыттау бүгінгі күннің және ақпараттық жедел даму 
кезеңінің талаптарына толықтай жауап бере алатын болуы шарт. Әсіресе, шағын жинақталған мектептердегі білім беру 
жүйесін басқарудың 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкен жағдайда қандай болу керектігінің өзектілігі алаңдатарлық 
жағдайда болып отыр.
Құзырлылық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады 
деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру – бүгінгі білім саласының өзекті мәселелерінің бірі. 
Құзырлылық тәсілді, жоғарыдағы айтқанымыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту 
арқылы шешудің арасындағы қарама – қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға 
болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің  көптігімен емес, сол білімді 
қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзырлылық деңгейі қандай болмақ? Педагогикалық зерттеулерге 
жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми – теориялық 
тұрғыда аз зерттелуі мұғалімге құзыреттілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде 
мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың теориялық негізін жасау міндетін қойды.
Т.М.Баймолдаев «Жалпы білім беретін мектепті басқарудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері» еңбегінде:
Көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігін 
қамтамасыз ету сияқты басым міндеттерін іске асырудың негізгі тетіктерінің бірі – білім берудің мазмұнын «білім үстемдігі» 
деңгейінен нәтижеге бағдарланған «құзыретті» білімге өзгерту.
Нәтижеге бағдарланған білім  моделінде басты ұстаным болып мыналар саналады:
- ұлттық деңгейдегі мақсаттар;
- күтілген нәтижелер ретінде мақсаттардың көпдеңгейлі жүйесі;
- білімдік бағдарламалардың әр алуандығы;
- мектептің құрылымын жетілдіру;
- оқуды ұйымдастырудың принципін өзгерту;
- ағымдық және қорытынды бағалаудың келісілген жүйесі;
- білім сапасын мониторингілеу жүйесі;
- білім беру ашық жүйе ретінде:жұртшылықты тарту;
- халықаралық салыстырмалы зерттеу;
Нәтижеге бағдарланған білім моделі шеңберінде ұлттық деңгейдегі білім мақсаты мектеп бітірушілердің сапалы 
мінездемесінің құрамдас элементтері ретінде басты құзыреттерді сипаттау түрінде нақтыланады.
Білімнің ұлттық мақсаттары басты құзыреттер түрінде білімдік кеңістіктің және пәндік модульдердің мақсаттарына 
айналады. Оқытудың бұл күтілетін нәтижелері әрбір екі-үш жылға белгіленеді. Оқытудың күтілетін нәтижелерінің көп 
деңгейлі жүйесін түзу, барлығы үшін жалпы орта білім мазмұнының көлемін реттеп отыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 
әртүрлі білімдік бағдарламалар жасалады. Бұл бағдарламалар оқушылардың әртүрлі қабілеттерін ескеруді және әртүрлі 
әлеуметтік, этникалық топтардың білімдік сұраныстарын қанағаттандыруды; оқушылар, мұғалімдер, мектептер қызметі 
деңгейінде ақпараттық кеңістік әлеуетін пайдалану жолымен күтілетін нәтижелерге қол жеткізудің сан алуан жолдарын 
қамтамасыз етеді.
Нәтижеге бағдарланған білім моделін жүзеге асыру шеңберінде мектеп құрылымын жетілдіру бойынша келесі жалпы 
тенденциялар байқалады:
- бастауыш білім беруді ұзарту;
- міндетті білімді заңмен белгілеу;
- мектептің жоғары сатысында бейімдеп оқыту;
- тұтастай алғанда мектептік білім беруді ұзарту;
Біздің елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 12 жылдық білім 
беруге көшу кезең – кезеңімен жүзеге асырылатын болып отыр. Осы орайда материалдық-техникалық базасы 12 жылдық 
білім беруге жауап бере алмайтын мектептердегі, әсіресе, шағын жинақталған мектептердегі бейіндік оқыту мәселесі қандай 
63

болмақ. Жинақталған сыныптардағы сабақ беру мәселесі тіпті күрделеніп, қоғамның дамуына ілесу мәселесі туындап 
кетпейді ме деген сұрақ туындайды. Осы орайда есте болатын бір жай ауыл мектептерінде, оның ішінде шалғай 
ауылдардағы білім берудің кейбір тиімді жақтарын ескеру қажеттігі. Олар:
-    мұғалімнің ата – анамен тығыз байланыста болатындығы;
-    Бала саны аз, қиын баланың жоқтығы;
-    Ауылдағы адамдар түгел таныс, жұмыс жасаудың тиімділігі;
-    Қабілетті  баламен  жеке жұмыс жасау мүмкіндігі мол;
-    Мектеп  елдің әлеуметтік-эканомикалық өмірінде шешуші рөл атқарады;
-    Табиғатпен етене жақындығы;
-    Жергілікті кәсіпшілікті меңгеруге ( балық  аулау,  аңшылық) бейімділігі;
-    Ауылдық еңбекпен етене араласады (мал өсіру, егін егу, үй шаруасы)
Жоғарыдағы ауыл мектептерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа бағдарлама нәтижеге бағдарланған ұлттық білім 
моделінің басты ұстанымы болуы қажет:
•    Диагностикалық, яғни ойлаудың диагностикаланған нәтижелеріне қол жеткізуге ұмтылушылық;
•    Кешендік пәнаралық, яғни білімдік факторлармен бірге сыртқы факторлардың ортаға әсерін есепке алу;
•    Құзырлылық тек бір ғана білікпен сипатталмайды. Өйткені құзырлылық кез  келген кәсіби педагогикалық мәселелерді 
шеше алу қабілетімен де анықталады, сондықтан көп функционалдық білім беру;
•    Ұйымдастыру қарым – қабілеті бар, яғни құрастырушылық, кәсіби, әлеуметтік, жеке тұрмыстық құзырлылықтарға ие 
тұлға даярлау;
•    Кәсіби (бейіндік) білім беруді қазіргі заманғы модернизациялау міндетінің өзі қоғамның талабы және жеке тұлғаның 
қажетсінуіне сәйкес келетіндей  жаңаша ұйымдастыру мен оның мақсатын, мазмұнын анықтауды қажет етіп отыр.
Осы орайда біздің мектебімізде өткен кіріктірілген сабақ гуманитарлық ғылымдарды біріктіре отырып, бір шығарманың 
төңірегінде оның тарихи құндылығы мен өміршеңдігі, өнер саласында да алатын орны жайлы кең мағлұмат алуға мүмкіндік 
бере алды. Абылай (Сабалақ) ұлы тұлға ретінде осында қамтылған барлық ғылымдар саласында таныла білді. Сол секілді 
өзін-өзі тану пәнінен, бастауыш сыныптарда «Сыни тұрғыда ойлау мен жазу», политехникалық пәндер бірлестігіндегі 
«Ақпараттық технологияның тиімділігі» және пәндік апталықтардағы үш тілде ұйымдастырылып жүрген шаралар мен 
тәрбие саласындағы сан түрлі танымдық ойындар мен сайыстар баланың жан-жақты дамуына және өз өміріне қажетті 
бағыт-бағдар алуына үлкен септігін тигізіп жүр деп айтуға толық негіз бар. Мемлекетіміз көтеріп отырған саяси-әлеуметтік 
жағдайдағы құзырлылыққа бағыттаушы құрал- нәтижеге бағытталған білім берудегі жан-жақтылықты қажет ететін бүнігі 
күн талабы.
* * * * *
САБАҚТЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ: ДОС СӨЗІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Каимова Жанар Әзімханқызы
Пәні:    Әдебиеттік оқулық
Сыныбы:  3
Сабақтың  тақырыбы:
Дос сөзі
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты:
 Нығмет Ғабдуллиннің өмірбаянымен танысады. «Дос сөзі» 
әңгімесінің мазмұнын  түсінеді, ақпарат алады.  Достардың  өзара 
ренжісуі туралы  әңгіме барысында білетін болады.
 
Күтілетін нәтиже:
Нығмет Ғабдуллиннің бірнеше шығармаларымен танысатын 
болады.  Достардың бір –біріне айтылған сыни көз-қарастарын 
дұрыс қабылдау  керек  екенін түсінеді.  Оқушылар топта бірлесіп 
жұмыс жасауды үйренеді.
Негізгі идеялар:
 Сынып оқушыларының арасында да Нұрлан сияқты достарының 
кемшілігін дұрыстап, досының жасап жүрген іс-әрекеті теріс 
екендігін ұғындыратын  достардың болуы керек екенін   түсінетін 
болады. 
Тапсырмалар:
1. «Миға шабуыл »  видеоролик  сұрақ – жауап  АКТ  пайдалану
2. Жұптық жұмыс  «мәтінмен жұмыс»
3. Топтық жұмыс  «мақал сөздің – мәйегі» сайысы
4. Жеке жұмыс «Блум гүлі» ой толғаныс
І. Ұйымдастыру кезеңі:  2 минут
 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу,  назарын сабаққа аудару , жұпқа  бөлу.   
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! 
Үй тапсырмасын шолу жасау.
ІІ .Талқылау үшін сұрақтар беріледі «Миға шабуыл» видеоролик көрсету   (3минут)
1.   Көріп отырған  Видеороликтен нені түсіндіңдер?
Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.
2.  Олай болса бүгінгі өтілетін жаңа сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?
Мадақтау. Ендеше біз бүгін  Нығмет Ғабдуллиннің «Дос сөзі» әңгімесі  тақырыбында  жаңа сабақ өтеміз.
64

Нығмет Ғабдуллиннің өмірі мен шығармаларымен танысатын боламыз.
ІІІ Жаңа сабақ  (3минут)
 Мұғалім:  Нығмет  Ғабдуллин (26.12.1927жылы Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылында дүниеге келген,  
11.07.2005 жылы  78 жасында  өмірден озды.) Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері (1998жыл).  Менің достарым, Жаңа 
таны отыр, Құрбылар әңгімелер. Өмір, қымбатсың маған  повесть  жинақтары бар.
ІҮ . Жұптық жұмыс (мәтінмен жұмыс жасайды) 20 минут
1- жұп.  Мәтінді талдау.
2-жұп. Мәтін бойынша постер қорғайды.
3-жұп. Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс  арқылы  формативті бағалау
Ү. Сергіту сәті  3 минут
Жігіттер квартетінің  орындауындағы  «Жан досым» әнін орындайды
ҮІ. Топтық жұмыс   «Мақал сөздің - мәйегі» сайысы (8минут)
 Әр топ мәтінге сәйкес келетін  мақал – мәтелдер айтады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет