Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Тақырыбы: Ата-ананың аяулы алақаны



Pdf көрінісі
бет4/33
Дата28.01.2017
өлшемі9,52 Mb.
#2929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Тақырыбы: Ата-ананың аяулы алақаны
Мақсаты:
Білімділік Әротбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді 
сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру 
Дамытушылық:Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өзбойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білу. 
Тәрбиелілік: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әркезде уақыт тауып, мейірімділік 
көрсетуге баулу.
Көрнекілігі Интерактивті тақта, слаидтар,бала тәрбиесі жөнінде жазылған сөздер
Жиналыстың барысы мен мазмұны 
Ұйымдастыру кезеңі
Ата-аналармен сәлемдесіп, түгендеп,күн тәртібіндегі мәселермен таныстыру.
Күн тәртібінде:
 -Кіріспе сөз (5-минут)
-Баяндама(10-15 минут)
-Өзіңді-өзің танысаң-істің басы (20 минут)
- Сауалнама(5-10минут)
- Студенттердің үлгерімі мен тәртібін талдау(10минут)
- Қорытынды (5минут)
Өзіңді-өзің танысаң істің басы (20 минут)
-Шаттық шеңбер
-Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг
-Ойқозғау:
-Аялы алақан (тренинг)
-Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үйсияқты біздің колледжіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы 
биік болсын дегім келеді.
Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өзесіміңіздің алдына сын 
есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз 
орнымызға жайғасайық.
Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг— Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.
Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.
Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан 
олекеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оңжағына жақсы , сол жағына 
жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3мин
Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?
Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз
Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңізбе?
(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келеме? Ендеше жаман 
қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын»— деп айтып ұсақтап жыртып 
тастаймыз.
Сіздің бойыңыздағы қасиеттер сәйкес келеме, жоқ паанықтау мақсатында шағын психологиялық тест жүргізіп көрейік. 
(ауызша тест)
.Ойқозғау:
Ата-аналар 4-топқа бөлінеді. Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет 
арқылы қорғап шығады.Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?
Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым— қатынасы әсерін тигіземе?Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер 
алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
Балаңыз бүгінгі барлық сабаққа қатыспай сабақтан кетіп қалды делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?
Аялы алақан (тренинг):
Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әркезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.
5 ата-ананы балаларымен ортаға шақырамыз. (Ата— аналардың көздері байлаулы өзбаласын қолынан танып алу керек)
Балаңызды қалай таныдыңыз?
18

Балаңызды тани алмаймын —ау деген қорқыныш болдыма?
Балаңызды тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?
Балаңызды қолынан ұстап танитыныңызға сенімді болдыңызба?
Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.
Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның 
озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды даалып береді. Бірақ баласы 
осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, 
ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала 
сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-
анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. 
(қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?)
Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін 
емес.
Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
Сіз балаңызбен түнде келе жатырсыз,түнкі клубтың қасынан өтіп бара жатырсыз.. Балаңыз қызыққаны соншалық клубқа 
қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
Қарасаңыз балаңыз темекі тартып отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
Жұмыстан шаршап келсеңіз,еш тірлік істемей бала компьютордан не теледидардан бір сөзбен айтқанда кино көріп отыр. 
Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз олемес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
Балаңыз досымен келіспей қалдыда, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» 
сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
Слайд көрсету (ата-анаға кеңес). Слайдқа назар аударыңыздар.Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы 
балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашты 
көркейтейік.Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім 
келеді.
Ризамын әні.
Ата-аналарға сауалнама беру және оны талдау.
Психолог:сауалнаманының қорытындысын шығарып,ата-аналарға жариялады.
Студенттердің үлгерімі мен тәртібін талдау
Алдымен жағымды нәтижелерден бастап,талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс
арқылы түзеуге болатынына көздерін жеткізгендей,сенімді түрде айтылып өтілді.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
4 Тәрбие отбасынан басталады
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық 
жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби ең 
бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға 
тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген 
сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй 
ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны 
ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, 
тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - 
атаның парызы.
Жиналыстың тақырыбы: Отбасы- тәрбиенің ұясы
Мақсаты: 
Білімділік:Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Дамытушылық:Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл 
- күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу; ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген 
жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Түрі: топтастыру 
Көрнекілігі: карточка,дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар; қағаз қалам. 
Күн тәртібінде
1.Кіріспе сөз: Ата- ананың басты қуанышы бала 
2.Ата аналармен ойын өткізіледі.
3 Әртүрлі мәселелер
4 Қорытынды 
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ата-ананың басты қуанышы-бала. Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын 
кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан 
жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің 
қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық,әділдік,ұйымшылдық мәдениеттік қасиеттері 
және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде 
мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. 
19

Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиісБала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат 
мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады. Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың 
қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? 
Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар.Сол жүректің ішінде өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне 
салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың 
махаббаты,сүйіспеншілігі бала үшін бақыт.Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі. Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз 
балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? 
Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне 
салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек қорыта айтқанда ата-ананың 
махаббаты,сүйіспеншілігі балүшін бақыт.осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
Дидактикалық ойын
 
  «Отбасылық махаббат үйі» Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын 
өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар. Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде 
емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу 
ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал 
қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, 
түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу. Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай 
салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі. 
Ойын тапсырмалары; 
«Парасатты» кірпіші 
Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту. 
«Достық» кірпіші 
«Үй» деген сөзді қалай түсінесіз? 
Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы 
«Махаббат» кірпіші 
Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз 
«Тапқырлық» кірпіші 
Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз. 
«Түсінушілік» 
Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек 
ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын. 
Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. 
Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. 
Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын 
қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. 
Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның 
көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың 
тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет
Тақырыбы: Баланың бас ұстазы-ата-анасы
Мақсаты:
Білімділік:Отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау.
Дамытушылық::Ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын , белсенді педагогикалық ұстанымдарын 
қалыптастыру.
Тәрбиелік:Үлкенді сыйлауға ,ілтипатты болуға ата ана алдындағы парызын түсінуге тәрбиелеу. 
Мұғалімнің сөзі:
Ой санасы дамыған,адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты , мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды 
көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді.Тәрбие жұмысының табысты 
болуының басты кепілі мектеп пен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.Өйткені адамзат бесігін 
тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға 
деген ыстық сезім жақындарына ,туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп елбасы айтқандай , бала 
әкеден ақыл, анадан мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі,білімді, мәдениетті, ... болуын қалайды. 
Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы,адамның келешегіне сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып ,өзінің перзенттік 
қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Сол себепті бүгінгі жиналысты ата - ана туралы ұлағатты сөздерден бастауға 
рұқсат етіңіздер.
Студенттер сөйлейді : 
1 Ата- ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.(Ғ.Мұстафин) 
2 Ата- ана қадірін білмеген – халық қадірін білмес (Ғ.Мұстафин) 
3 Ата- бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі. (Ғ.Мұстафин) 
4 Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата- ананың абыройы ; жаманы- қайғысы,азап- соры.( В.А.Сухомлинский) 
5 Балаға берілетін бірінші тәрбие ата- анасын ,туған- туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын 
сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.(Ы.Алтынсарин.) 
6 Адамның қалыптасуы бала кезден басталады.Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі.Ол жылдар өте келе 
,өніп шығады.Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі 
болады. (С.В. Михалков) 
7 Ана жүрегін сезе біл,оның жанарындағы шапағатпен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен 
мазасыздықты ,абыржу мен ренішті көре біл.Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді 
үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.(В.А.Сухомлинский) 
20

8 Кімде – кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы »болса,ол- үйіне 
олардан артық құдайдың құрметті өкілі деп ойламасын ,егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап,қамқорлық жасаса,ата- анасы 
оның отбасының құты болып табылады.( Платон) 
9 Тәртіп көрген адам бала күнінде, 
Өнерімен қуандырар түбінде.( Ж.Баласағұн) 
10 Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, 
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.( Ғ.Мұстафин) 
11 Тәртіпті ең тамаша мектебі – отбасы. (С.Смайлс)  
Мұғалім:Рақмет, балалар, ата аналар алдындағы әдептіліктерің бармақтай кездеріңнен бойларыңа дарыған қасиеттерің 
болып қала берсін.
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға 
тәрбиелеу.Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, колледж, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп 
жүзеге асуы тиіс. Өйткені,отбасына колледж тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің 
арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады..
Ал енді А.С.Макаренко: « Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен ,оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие – 
тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде » , -деген ғой. Сіздердің 
отбастарыңызда да осындай дәстүр қалыптасқан шығар. Сол туралы балалардың қояр сұрақтарына жауап берсеңіздер.
Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыздар?
1.Баланы жас кезіне бастап сыйлап, қадір қасиетін ,ар намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым қатынас жасаған абзал.
2. Әдепсіз сөз ,дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді. 
3.Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген ілтипат,құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
4.Баланың айтайын деген өтінішін,ақылдасқысы келген мәселесін ата анасы тыңдап,ақыл кеңес беруі керек.
5.Ата ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондайға ұмтылады.
Ата-анаға сұрақ:Балалардың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз? 
Теріс әрекет жасаса ,қатесін айтып, түсіндіріп, екінші қайталамауын талап еткен дұрыс. «Жақсы отбасында жазалау деген 
атымен болмайды және бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Өз балаларыңызды ұрмаңыздар.Олар өскенде сіздер 
олардан қуаныш, махаббат күте алмайсыз, дене жазасы мен тым қаталдықтың салдарынан сіз баланың жүрегін жаралайсыз 
», - деген А.С.Макаренко.
Тоқсан қорытындысының нәтижесі туралы мұғалімнің сөзі.
Колледж психологінің сауалнамасы. Біз қандай ата- анамыз? 
Мұғалімнің қорытынды сөзі: 
Бала нені білсе жастан,ұядан, 
Өле өлгенше соны таныр қиядан – дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың 
саналы тәрбие , білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.Себепсіз сабақты босатпауларын 
қадағалауларыңызды сұраймыз. 
Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаның ісі
Мақсаты:
Білімділік:Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,ұрпақ мәселесі-ол еліміздің 
болашағының, ертеңінің қамы үшін өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті үйретіп, бала бойына 
сіңіріп отыру керектігін түсіндіру.
Тәрбиелік:Ата-аналардың коллелжбен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, тиімді модельдерін іздестіру арқылы 
ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін арттыру..
Дамытушылық:Студенттер өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікір алмасу, балалардың 
дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақтың ой өрісін дамыту. 
Сабақтың әдісі
Пікіралмасу
Сабақтың көрнекілігі
Сызбалар, нақыл сөздер,мониторингтер.
Жиналысқа қатысушылар: ата-аналар, пән мұғалімдері топ жетекшілер, психолог
Ұйымдастыру кезеңі
Ата-аналармен сәлемдесіп,түгендеу,ата-аналарды жиналыс мақсатымен таныстыру
4.2 Мұғалім баяндама оқу
Бала тәрбиесі баршаның ісі
Ой-толғаныс
Бала тәрбиесі туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер туралы өз ойларын айту.
Студенттердің ой-пікірлері 
Сұхбат бөлімі. Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады.
а)Жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдау, сұрақтар қою, пікір айту.
Б)Ата-ана туралы жазған студент шығармаларын тыңдау.
В)Ойландырған сұрақтар.
Ата-аналардың құқықтарымен, міндеттерімен танысу, оқушы ережесі туралы әңгімелесу.
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі: деген 
ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырын аңғарға білейік. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана 
болсын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал бар тәрбиеміздің көзі –ата-бабаларымыздан қалған асыл да дана 
сөздер, яғни небір кереметтің барлығы айтылған нақыл сөздер мен мақал – мәтелдерде екені сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі 
жиынымыздың алғашқы бөлімінде айтылар әңгімеміз де осы төңіректе болмақ. (Тақтаға жазылған нақыл сөздер мен мақал-
мәтелдерге байланысты өз ойларын айтады.)
Ой-толғаныс.
21

Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы.
Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек.
Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса,15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.
Сұқбат бөлім Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады.
 Ата-ана Оқушы  Мұғалім
Құметті ата-аналар! Осы көрсетілген сызба-нұсқада оқушы –мұғалім-ата-ана байланысының дұрыс қалыптаспағаны үздік 
сызықтардан көрініп тұр. Сондықтан да осы мәселе төңірегінде дөңгелек үстел басында ата-аналарымызды қатыстыра 
отырып ой бөлісейік дейміз. 
Бірінші кезекте ата-ана мен бала арасындағы үзік сызықтың пайда болуы себептеріне тоқталып көрейік.
Сұрақ. Баласын сүймейтін ата – ана бола ма? Әрине болмайды. Бірақ ата – анасын сүймейтін бала болуы мүмкін. Бұған ата 
– ана өзіміз кінәлі емеспіз бе? 
Ата – ананың балаға деген махабаты 2 түрлі болады. 
Саналы махаббат.
Санасыз махаббат.
Санасыз махаббат мынадай түрде болады. Қатыгез махаббат: ұрып соғып тәрбиелеу. Сатулы махаббат: жақсы көргенін 
ақшаға сатып алу арқылы білдіреді. Осындай түрдегі ата – ананың балаға деген махаббаты арқылы баланың болашақта 
дұрыс тәрбие алмайтыны дәлелденген.
 Ата – ананың махаббаты
  Санасыз Саналы
 1) қатыгез 1 имандылық
 2) сатулы 2 тұрақтылық
 3 сенімділік
Ендеше бүгінгі бала тәрбиесі туралы пікірталасымызды әрі қарай қозғау үшін жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тыңдайық.
Жұмбақ кейіпкер: Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтағанда төбем көкке бір 
– ақ елі жетпей қалушы еді. Оның алып келген 5 – тік бағаларына ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім, өйткені ол 
менің жалгыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтардан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайтын болды, неге 
керегін сұрасам,»Мектепте мереке күніне»,»Туылған күнге баруым керке сол үшін» дейді. Бір күні сынып жетекшісі үйге 
келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтары (темекі шегіп, сабақтан қашатындығы) туралы айтты. Бұл жайлы әкесіне 
айттым. Әкесі қатал кісі еді. Баламды ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай 
еркелемейді, ашылып әңгіме айтпайды. Мектепке барғысы келмейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?
Сұрақ.  Сіз бұған кімді кінәлайсыз?  Балаңыздың достары қандай балалар?
(Ата-аналар пікірі тыңдалады.)
Писихолог қорытындысы.
Ата-ана туралы жазған оқушы шығармаларын тыңдау
Зерттеудің қорытындысы. (Психолог сөзі)
Ф-71топ оқушылыр мен ата-аналардың қарым-қатынасын анықтау үшін анкета сұрақтарын беру арқылы оқушылардың 
ойларын еркін ашық айтуын қадағалап отырдым.
Сұрақ.  Сіз ата-анаңыздың қандай қасиетін қалар едіңіз?
Ата-аналарымыздың бізді жақсылыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке үлкенді сыйлауға, кішіге көмек көрсетуге, 
ақылды болуға тәрбиелегенін қалар едім.
Ата-анамыздыдың өтірік айтпағандығын, өз сөзіне сенімді болғанын қалар едім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет