Сұрақ. Ата-анаңыздың жиі айтатын тәрбиелік жақсы сөздері қандай?
Сабағыңды жақсы оқы, тентек болма, өтірік айтпа, таза жүр, ешкімнің еңбегін жеме, адал бол.
Сұрақ. Ата-анаңыздың қандай жаман қылықтары ұнамайды?
Арақ ішкені, шылым шекккені, карта ойнағаны, үйде болмауы.
Ұрсуы, ұрғаны.
Сабырсыздығы, шыдамсыздығы, ашуланшақтығы.
Осы анкета сұрақтарын қорыта келе ата-аналарымыздың көпшілігі өз бойларындағы қасиеттерін көрсете алмағандығын
байқап отырамыз. Балаларын бір жақты тәрбиелегендігі көрініп тұр. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан
дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескен кезде олардың пікірлерімен
санасып отырған орынды. Әке мен шеше ұл-қызымен үй шаруасында әңгімелесіп ой бөлісуге болады. Баланың бойына
барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мін беру, табиғат силаған дарыны болса дамыту,
дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты парызы.
Ойландырған сұрақтар. Біздің халқымыз ер-азаматы “Шаңырақ иесі” десе, әйел ананы “Отбасының алтын қазығы” дейді.
“Халық айтса, қалт айтпайды” дегендей ерлі-зайыптыларға осы бір тамаша теңеулер тереңнен толғанып, өмір тәжірибесін
алынған болса керек. Ер азамат шаңырақ тірегі екені дәлелдеуде қажет етпейді. Ал отбасын шашау шығармай, бәрін де
белгілі бір тәртіпке салып, тура жолдан тайдырмай ұстап отыратын әйел-ананы алтын қазыққа теңеу де дәл басып айтылған
сөз екенін күнделікті тұрмыста көріп жүрміз. Демек отбасының ұйтқысы мықты болса, шаңырақ шайқалмай, түтіні де түзу
шығады.
Олай болса, құрметті ата-аналар, біздің әйел адамдарымыз, яғни аналарымыздың бойынан осындай қасиеттер үнемі табыла
бере ме?
Сұрақ. Отбасындағы әйел-ана қандай болуы керек деп ойлайсыз?
Бала тәрбиесінің ең үлкені мектебі- әке мен шешенің бір-бірімен қарым-қатынасы. Біз ата-аналар осы мәселеде қателіктер
жіберіп жүрген жоқпыз ба?
Жанұядағы адамдарыдың бір-бірімен қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері бар ма?
Ата-аналардың құқықтарымен, міндеттерімен таныстыру, оқушы ережесі туралы әңгімелесу.
Баланы білім шыңына көтеру үшін ата-ана мен мұғалім бірлесе қолдау көрсете жұмылғанда ғана еңбектері күткен нәтижеге
22
қол жетері хақ. Сондықтан да ендігі кезекте ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты (яғни жаңағы кесте де көрсетілген
үзік сызықты қалай жалғаймыз) қалай нығайтамыз? Ол үшін алдымен ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін, оқушы
ережесін еске түсіріп өтейік.
Жағдаяттар. Құрметті ата-аналар, сіздерде бала тәрбиесінде күнделікті әр сағатта, жыл бойы кездеседі. Сондықтан кейбір
кездесетін жағдаяттарды қалай шешесіздер, соны білгім келеді.
Сіз үйде тығыз бір жүмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көніл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?
Қызыңыз немесе ұлыңыз сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі келеді. Сіз не айтар едіңіз?
Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз. Не істер едіңіз. Өзіңіз темекі тартар ма едіңіз?
Бүгін балаңыздың досының туған күні еді. Соған достары жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа машинамен алып
шықпақшы болып достарына уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрады. Сіз не істер едіңіз?
Телефон шырылдайды. Анасы немесе әкесі баласына “Мені жоқ дей салшы ” деді. Теріс тәрбие беріп тұрған жоқсыз ба?
Сіздің жанұяңызда үлкен анаңыз бар. Ол кісімен сіздер үнемі келіспей қаласыздар. Сондықтан да жанұяда үнемі ұрыс-керіс
туындайды. Үлкен кісіге қатты-қатты сөздер айтасыздар. Бұл бала тәрбиесіне әсер етеді деп ойлайсыз ба?
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен құрметті ата-аналар, бүгінгі кезекте жиналысымызда мектеп пен отбасымыздың ынтымағын арттыра отырып,
баланы қалай азамат етіп тәрбиелейміз деген мәселені шешуге тырыстық. Бірлесе отырып осындай тығырықтан шығудың
жолын іздедік. Сондықтан бұдан әрі де осы істерімізді аяқсыз қалдырмай, дәстүрге айналдырамыз деп ойлаймын.
Балалырымыздың жарқын болашағынының мәнді болуына атсалысайық.Ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақтылы
білім алуларына күш салайық. Ұлағатты ата-ана,әже, асқар таудай әке, парасатты ана бола білейік.“Ел болу үшін бесігіңді
түзе” деген, ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, парасатты ұрпақ
тәрбиелеу ұлы парызымыз деп білейік.
Тақырыбы: Білімді азамат-ел ертеңі.
Мақсаты:
Білімділік:ата-аналар балаларына ғылыми көзқарасын,өмірлік ұстанымын қалыптастыру.
Дамытушылық балаларының ойлау деңгейін,дербес ерекшіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: балаларының денсаулығына көбірек көңіл бөле отырып, адамгершілігі мол,
азамат етіп тәрбиелеу
Сабақтың әдісі
Пікіралмасу
Сабақтың көрнекілігі
Сызбалар, нақыл сөздер,мониторингтер.
Жиналысқа қатысушылар: ата-аналар, пән мұғалімдері топ жетекшілер, психолог
Ұйымдастыру кезеңі
Ата-аналармен сәлемдесіп,түгендеу,ата-аналарды жиналыс мақсатымен таныстыру
4.2 Мұғалім баяндама оқу
Ия, осы миуа ағашымыз колледж болса , ондағы жас жеткіншек жемісі деп , қарап , жемісі шырынды болу
үшін,білімді,тәрбиелі,адамгершілігі мол азамат қалыптасуы керек .Ырыс алды ынтымақ демекші,ынтымақ–істі бітірер ата-
анамен ұстаз арасындағы байланыс жалғасын тауып жатса,нұр үстіне нұр ғой.қандайда азамат, қоғам мүшесі,сол болашақ
қоғамның қандай болуын,бүгінгі мектептегі тәрбиеден басталады.Солардың ішінен бүгінгі пікіралыс
тәрбие,денсаулық,оқу,ұқыптылық бағыттары талқыланады.
Осы зерттеулерге сәйкес адам бойындағы адамгершілік асыл қасиеттеріне арнағым келеді .Адамгершілік тәрбиесі –адамның
моральдық қасиеттерін,мінез-құлқы мен
тәртібін, адамгершілік сезімі мен санасы белгілі бір мақсатқа бағыттап қарастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына,ең алдымен,Отанға,елге деген сүйіспеншілік,борыш сезімін
тәрбиелеу,жолдастық,достық,жанашырлыққа баулу,ұлкенді сыйлау,тыңдау,беделін мойындау,еңбек адамдарын құрметтеу,
қамқорлық,жасау,адалдыққа,шыншылдыққа,қарапайымдылыққа,мақсаттылық-қа,табандылыққа,
белсенділікке,батылдыққа,ұстамдылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу жатады.Осы тәрбиенің негізгі жолы – оқу процесі мен
оқушылардың күнделікті өмірін , іс -әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. .Адамгершілік тәрбиесі имандылық
тұрғысынан,адамның барлық әдетіне және барлық мінез-құлығына дұрыс бағыт беріпжөн сілтеп отыратын , Отанын ,
халқын сүюге үйрететін тәрбие.студенттердің адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті , тәртібі
біліміне сәйкес келмейтін жайлар кездеседі.Олар жақсы,жаман әдеттерді білгенімен,оны өз өмірін сәйкестендіре, тәртібінде
іске асыра алмайды.өйткені ережені есте сақтау оңай,да оны іске асыру қиын.Сондықтан адамгершілік жайында түсінік
білім берумен қатар дұрыс тәртібін,іс- әрекетін ұйымдастыруды көздейді,өйткені бүгінгі бала -ертенгі ата-ана ,бала
тәрбиелеуші ұлт рухындағы халық өкілі , ел намысын қорғаушы ата-бабаларымыздың ісін жалғастырушы мәңгілік күш.
Отан –отбасынан басталады демекші.тәрбиенің бастауын ата-аналардан бастайық.Бүгін сіздер ,,Жас ұрпақтың рухани
сәулеткері,, атты клубына жиналып отырсыздар .Мұнда 4- секция мына бағыттар бойынша жұмыс істейді. 1) тәрбие ,
2)денсаулық, 3) оқу( мектеп ) ,4) ұқыптылық ( гүл) бағыттары.
Бүгінгі біздің мақсатымыз : мына миуалы ағаштағы жеміс – баламыз деп , қарап суыққа үсітпей , құртқа жегізбей,
шырынды да , тәтті алма қылып пісіруіміз керек .
Тапсырма.
-Тәрбие бағытына
Бала тәрбиесінің жоғары болуындағы менің ықпалым
..
-Денсаулық бағытына :Баланың дені сау болуына отбасының ықпалы.
-Білім бағытына: Өз баламның оқу үлгерімі жоғары денгейде болуына отбасымның ықпалы .
-Ұқыптылық бағытына : қоғам мүлкіне ,жеке меншік мүлкіне деген, жауапкершілігіне менің ықпалым .
(әр топ өз бағыттары бойынша жұмыс жасайды , алдарына плакат , маркер таратылады , ойларын сурет салама ,сөзбен
жазасыздарма өз еріктеріңіз )
-белгілі уақыт беріледі .(10-мин )
23
Адамға ең бірінші білім емес , тәрбие берілуі керек . Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы . Ол келешекте оның
өміріне апат әкеледі ,, ( Әбу Насыр Әл-Фараби) айтқандай ең бірінші тәрбие бағытына сөз берейік .
ата-ана( топ жетекшісі ) плакат бойынша топ алдына шағып қорғайды.
Басқа бағыттағы топтар толықтырады.
Бейне таспаға назар аударыңыздар.Осы көрініс қазақ қызына тән өасиет не ? сіздердің ойларыңыз .Тәрбие деңгейін
диагностикалық зерттеу бойынша айту.
Білім бағытына сөз берейік
Ұлы данышпан \Ұстаздар әңгімесінен :
-Ұлы Ұстаз Ыбрай Алтынсариннің мысалынан үзінді тыңдаңыздар .Бір жорыққа үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің
байымен сөйлесіп тұрады қасынан жарлы кісі өтіп бара жатып,оқымыстыға иіліп сәлем береді.Оған оқымысты одан да
төменірек басын иіп қайтара сәлем береді.Сонда қасындағы бай :
-Тақсыр,осынша біліміңіз бар ғалымсыз,сөйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп,неге сәлем бергеніңіз не? – деп
сұрапты.Сонда ғалым тұрып :
- Ешбір ғылым – білім үйренбеген кісі сонша иіліп,әдептілігін көрсеткенде , менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз
болған болар еді ,- депті .
Тәрбие бағыты:
Тәрбие көзі ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек , ата-ана – сол насихатты жүргізуші.
Тәрбиелі – тәртіптің құлы ,
Тәртіпті – елдің ұлы . (Б. Момышұлы )
Тәртіп-адамдардың қоғамдағы келісімді іс-қимылын реттейтін тетік,соны іске қосу ережелерінің сөзсіз орындалуы мен
барысын қадағалайтын қоғамдық құрал.Ол адамның жеке және қоғамдық өмірінде,күнделікті тұрмыс пен рухани
тіршілікте,ұжымдық,қоғамдық және мемлекеттік ерекше маңызды
болып көбі тәртіпсіздіктен туындайды . Алғашында тәртіпті босаңсытып алып,қайтып оны жолға қоя алмай жатқан қазіргі
кезде тәртіпсіздіктен қандай бейберекет істер,қайғылы оқиғалар туындағаны баршаға аян.Тәртіп - өзіңді-өзің қадағалаудың,
өзіңді-өзің басқарудың көрінісі мен құралы . Бұл өз иланымыңмен,саналы түрде істелмесе,сырттан танылған,күштің,зорлау
ретінде қабылданса,жағымсыз ауыртпалыққа немесе іс жүзінде мәні жоқ бос сөзге айналады .
-плакаттағы ағаштың жапырағына тәрбие сөзін жазу
Денсаулық бағыты:
Баланың саулығы –ұлттық байлығы .Денсаулық бағытына сөз берейік . 2-сұрақ
Баланың дені сау болуына отбасының ықпалы .
Данышпан сөздеріне сүйенсек ...
Денсаулыққа зор кесел,
үйрене көрме шылымға
Насыбай ,арақ , анаша,
қайшы келер ғылымға ,, - деп ақын айтқандай , бүгінгі қоғамымыздағы жастардың ауруы – темекі , арақ , есірткі, жұқпалы
ауру болып отыр . қазақта атадан балаға мирас болып келе жатқан ,, аурудың алдын ал ,, деген сөз бар.Осыны біз еске
алайық ағайын.Адамның денсаулығы –ол тазалық , өң түсінің шырайлылығы.Өмір жасының ұзақтығы,тұла бойының
сәнділігі,өз қадыр қасиетінің бағалануы,айналасына тартымдылығы сүйкімділігі деген Плкаттағы ағаштың жапырағына
денсаулық деген сөз жазу керек
топ жетекшісі қорғайды,басқа топтар толықтырады. (Бейне таспадан үзінді ).
Білім бақыты өз баламның оқу үлгерімі жоғары денгейде болуына отбасының ықпалы .
-ата-ана қорғауы .
-толықтырады .
Сіздің балаңыз үйге «2» алып келсе,сіз не айтасыз ?
Плакаттың екінші жағына,ата-ана,неге оқымайсың,ақылсызсың , қолыңнан ештеңе келмейді,ұятқа қалдырасың,енді еш
жерге бармайсың-деп айтамыз.
Осындай жағдайда мінез –құлқымызды түзетіп көрейік.Ол үшін байланыста болу керек,көмектесу керек,сену керек.
Бірақ сенбейміз,ерінеміз,уақытымыз жоқ.Осы бірақты жойсақ,бала екісін жояды,талпыну деңгейін де көтереді.
Плакаттағы ағаштың жапырағына білім деген сөз жазу керек
Ұқыптылық бағыты : қоғам мүлкіне ,жеке меншік мүлкіне деген, жауапкершілігіне менің ықпалым .
-Ата-ана сөзі.
-толықтыру ( мектеп мүлкі ; парта , кітабы,дәптері, мектеп киімі , екінші аяқ киім , қоғамдық және бөтен жеке меншікке
үнемділігі)
-пайдалы ұсыныстар:Бала – жастан -демекші мектеп жасындағы бала ең алдымен өзінің жеке мүлкін,оқу құралдарын,киім–
кешегін, төсек орнын таза ұстап дағдыланса ,өсе келе,осыны өзінің өмірлік нормасына айналдырады да,күнбе–күн бұрын
солай болуға тиісті нәрсе деп есептеп,айттырмай-ақ істей беретін болады .
Плакаттағы ағаштың жапырағына ұқыптылық деген сөз жазу керек
Тест .
“Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?
Тест қорытындысы:
4-6 “а” жауабы болса-ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Ең дұрысы Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы
толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.
3 немесе одан аз “а” жауабы-өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары
жөнінде көбірек білуге тырысыңыз
Ия, бүгінгі өткізілген жиналысымызды қортындылай келе адамзат қоғамының алдында тұрған ұлы міндеттердің бірі-өзінің
ұрпағын жалғастыратын,саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу үшін – адамгершілік тәрбиесінің маңызын аштық деп айта
аламыз.Адам мен қоғам үнемі дамуға қарай өзгерісте болса,кешегі күнге қарағанда бүгінгі күннің талабы өте
жоғары,яғни,жетілген,саналы ,жан-жақты дамыған ,,Ел ертегі – саналы азаматты тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеттерін
24
қалыптастыру екендігін,оған әсер ететін факторлар :орта, колледж, ата-ана
5. ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі отбасында ата-аналар балалар іс-әрекетін ұйымдастырудағы басты міндеттері:
Баланы үйлесімді дамыту,бала денсаулығына қамқорлық жасау,оқуына көмек көрсету,еңбек тәрбиесін жүзеге
асыру,мамандық таңдауға көмектесу,қызығушылығы
қабілеті,шығармашылығы мен бейімділігін дамыту,өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі
дамытуға дайындау,болашақ отбасылық өмірге даярлау.
6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Ислам өркениеті газеті
2 Тәрбие құралы журналы
3 Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ш - ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Батыр ата ауылы «І.Есенберлин атындағы жалпы орта
мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш пәнің мұғалімі Асанханова Жанзухра
Сабақтың тақырыбы: Ш - дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ш- дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Ш-дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.
Ш-дыбысының орнын анықтату, сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, шана, шортан, шар, шахмат, шегіртке, шаянсуреттері, кеспеәріптер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сөздік, көрнекілік, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру. 27-бетіндегі буындарды оқып, сызба бойынша сөйлем құрау.
1-слайд. Сабақты жұмбақ жасырумен бастау.
Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып, байлауға болады. (Шар)
Мұғалім оқушылардан шар сөзін бірнеше реет қайталату арқылы жаңа дыбысты шығарып алуға болады. (Ш-ш-ш-ар).
Сөйтіп, оқушылардың өздеріне тапқызып, дыбыстату арқылы жаттығужұмыстарын бастау керек. Дыбыстың әрпімен
таныстыра отырып, оқулықтың 28-бетіндегі суреттерге байланысты сөздермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар сөздің
алғашқы екі дыбысын жалғастыра оқу арқылы келесі дыбыстарды табады. Мұнда жаңа сабақ тақырыбы назарда болу керек.
2-слайд. Оқулықтың 28-бетіндегі баған түрінде берілген буындарды оқу және оларға дыбыстық талдау жасау. Мазмұнды
суретке байланысты мәтінді оқыту.
3-слайд. Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
4-слайд. Жазу дәптерінің 25-бетіндегі Ш,ш-әрпінің жазба, баспа түрін салыстыра отырып, графикалык талдау жұмыстары
жүргізіледі. Осы беттегі тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен жүйелі орындалады.
Оқуға жаттықтыру үшін берілген буындар мен сөздерді оқыту арқылы мұғалім оқушыларды сөздерді тұтас оқуға үйретеді.
Сызба үлгісіне қарап, сөйлем құрау, оны талдау жұмыстары ұйымдастырылады.
Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.
Сергіту сәті Отырып-ақ орнымда,
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең, егер де,
Былай ескек есемін.
5-слайд. Оқулықтың 29-бетіндегі баған түріндегі берілген буындар мен сөздерді оқушыларға оқытып, жаттықтыру
жұмыстары жүргізіледі. Мұндай сөздердің дыбыстық құрамына қарай айтылуындағы ұқсастықтары мен
айырмашылықтарына баса назар аударылады. Сызбаға сәйкес сөйлем құрау.
Тапқышбектің тапсырмасын орындау. Жауабы:
Ол - көгершін. Ол – шаян. Ол - қайшы. Ол - шегіртке.
Сөз, сөйлемдерді талдаужұмыстарын жүргізу.
Дәптердің 26 –бетіндегі үлгі бойынша, Ш-ш-әрпін жазуды үйрету. Олардың ішінде шапан, шие сөздеріне байланысты
шығармашылық бағытта жұмыстар орындалады. Дыбыстық, буындық талдау орындау.
«Әліппе серігіндегі» «Шие тергенде» мәтінін оқып береді.
Ш –дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Сабақ – әріптерге байланысты ойын түрлерінің аяқталады .
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау
* * * * *
25
ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ҚАРАЕВ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫП
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Батыр ата ауылы «І.Еенберлин атындағы жалпы орта
мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Физика пәнінің мұғалімі Ахметова Жазира Оркеновна
Бақылаңыз, зерттеңіз, жұмыс істеңіз! М Фарадей
Сынып: 7 Пәні :Физика
Сабақтың тақырыбы: §43.Қысым Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Қысым Қысымның қатты денелер, сұйықтар және
газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.
Дамытушылық: Есептеу дағдыларын және логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, ойын
толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа,
тәрбиелеу.
Функционалдық сауаттылық: шығармашылық потенциалдарын ашуга көмектесу, пәнге, окуға деген дүрыс
көзқарастарын ныгайту, өзіндік және өзара бақылау қабілеттерін қалыптастырып, пікірлесу арқылы коммуникативті
құзырлықтарын жетілдіру.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, кеспе кағаздар. ашық журнал.
Оқытудың әдісі: Ж.Т, Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі»
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: логика, информатика,математика
Сабақтың материалды- техникалық қамтамасыз етілуі:
компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың жоспары:
I кезең (3-5минут)
1. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.
а )Оқушыларды түгелдеу.
ә) оқушыларды сабаққа дайындау (толқа бөлу)
сергіту сәті: би билеу «қара жорға»
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а).Кеспе қағаздар
б).Сұрақ жауап
3. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.
1.Қандай күшті тең әрекетті күш дейміз?
2.Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші неге тең?
3.Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекетті күші неге тең?
II кезең (20-25 минут)
1. 5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа такырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (топтық жұмыс)
2. Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
3. Жаңа тақырып бойынша алынған тоериялык білімді практика жүзінде пысықтау.
а) Оқулықпен жұмыс, есептер шығару
III кезең (12-15 минут)
1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
Анаграмманы шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын шығарамыз:
ысымқ ысныңқм тақыт ендерле ұйықтарс әнеж даргаз ықлыар ерібулі альсакп аңыз
«Қысым Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.»
2. Жаңа сабақ:. Қысым Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы. Тәжірибе жасап
көрейік. Бұрыштарына төрт шеге қағылған кішілеу тақтайшаны алып, ұштарын жоғары қаратып, құмға орналастырайық.
Тақтайшаның үстіне кір тасын қоялық (81-сурет). Біз шегелердіњ қалпақтарының ќұмѓа болар-болмас енгенін көреміз. Егер
біз тақтайшаны аударып және жүкті қоя отырып құмѓа орналастырсаќ, онда бұл жолы шегелер құмѓа тереңірек енеді (82-
сурет). Екі жағдайда да тақтайшаның салмағы бір, бірақ әсері әр түрлі. Неге бұлай болады? Қысым күшін қысыммен
шатастыруға болмайды. Қысым бұл бетке тұсірілген күштің сол беттін ауданына қатынасына тең физикалық шама:
Мұндағы: р — қысым, F — қысым күші, S — аудан.
Сонымен, қысымды анықтау үшін қысым қүшін қысым түсірілген беттің ауданына бөлу керек.
Бірдей күш әсер еткенде бетіні ауданы кіші болса қысым көп болады, керісінше беттің ауданы көп болса, қысымы аз
болады.
Егер р қысым және S аудан белгілі болса, F ќысым күшін табуға болады. Ол үшін қысымды ауданға көбейтеміз: F =pS.
қысым күші (кез-келген күш тәрізді) ньютонмен өлшенеді. қысым болса паскальмен өлшенеді. 1Па — 1м
2
бет ауданына 1Н
күштің түсірген қысымы:1 Па = 1 Н/м
2
.
Тағы да басқа қысымның бірліктері қолданылады: гектопаскаль (гПа) және килопаскаль (кПа):1 гПа = 100 Па, 1 кПа = 1000
Па.
Бөлме бұрышындағы үстелге кітаптар бумасын ќойсаңыз оның еденге түсіретін қысымын өсіресіз, ал үстелге тиіп тұрған
қабырға оны “байқамайды”. Ал егер поршеннің көмегімен ыдыстағы сұйыќќа немесе газѓа қысым түсірсек, нәтиже мүлдем
26
басқаша болады.емес, барлық тесігінен су шашырайды (95-сурет). Бұл кезде сыртқы тесіктен атқылаған судың қысымы
бірдей болады.
3.Сабақты бекіту кезеңі:
1. Қысымды қалай анықтайды?
2. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?
3. Қысымды арттырып немесе кемітуге болама?
4. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?
5. Паскаль заңы қалай айтылады.
6. Қысымның формуласы. Өлшем бірлігі.
7. Қысым сұйықтар мен газдарда қалай тарайды
///. Деңгейлік тапсырмалар:
I деңгей
1.Қысымның формуласы.
2. күштің формуласын жаз
3. Ауырлық күшінің формуласы қандай?
4. Гук заңының формуласы?
5. денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін тең әрекеттің формуласы
II деңгей
1.қысымның өлшем бірлігі?
2.Қысым деген не?
3.Қысым сұйықтар мен газдарда қалай тарайды
4.Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?
/// деңгей
№ 1 есеп. 100 см
2
ауданға 50н күш әрекет етеді. Қысымды анықта.
№ 2 есеп. Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78 Н, оның шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Қар бетіне
түскен қысымды тап. Тақтаға екі оқушы шығады.
4. Сабақты қорытындылау:
5. Оқушыларды бағалау.
6. Үйге тапсырма
* Деңгейлік тапсырмалардың қалғаны
v * 10 тест құрастыру
v § 32,34
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |