Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата21.02.2017
өлшемі9,29 Mb.
#4602
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.«Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2014ж.
2.«Бала тәрбиесі» журналы №12, 2012ж. 
3.«Отбасы және балабақша» №2,3 ,2013ж.
4.«Мектепке дейінгі балалардың психологиясы» В.С.Мухина 1975,9
5.«Мектепке дейінгі білім» №1(7) қаңтар/ақпан 2007ж
6.«Мектепке дейінгі білім» №5(17) қыркүйек/қазан 2008ж
7.Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года - Астана,2004
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы №21  Яссауи атындағы
 жалпы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі 
Тойшиева Есенкүл Бекембайқызы.
Іс  тәжірибесінің тақырыбы: «Ұлттық тәрбие тұлға қалыптастырады»
Білімділік мақсаты: Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен таны деген қазақ халқының 
ұрпағына тән иба мен имандылыққа, үлкенге  құрмет, кішіге изет, мейірімділікке баулу, 
оқушыларды мәдениеттілікке, жауапкершілікке шақыру арқылы Отанын сүюге, халықтың асыл 
мұрасын құрметтеуге үйрету, өзін-өзі басшылыққа алу арқылы ХХІ ғасырдың  зор тұлғасын 
тәрбиелеу.
Бағыты:  Халқымыздың тарихын, мәдениетін салт-дәстүрін, ұлттық тәрбие екершеліктерін терең 
білуге   құрметтеуге үйрету.
Міндеттері:
8.
Оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
9.
Экологиялық, эстетикалық  тәрбие беру;
10.
Оқушының өзін-өзі тануына жан-жақты жағдай туғызу, өзінің бойындағы қабілетінің артуына түрткі болу, мұғалім 
мен оқушы бірін –бір тану, қарым-қатынасын нығайту, құнды ақпараттарды практикада қолдана білу.
Нәтижесі:  Өз ойын дйлелдей алатын, білімді, білімін іс жүзіне асыра алатын, көзқарасы бар мәселелерін шеше алатын, 
өзіне  сенімді тұлға қалыптастыру.
64

Бала тәрбиені қайдан алады?
Өскелең өмірдің жас жеткіншегін тәрбиелеу үлкенге құрмет, еліміздің ертеңі бүгінгі жастар қолында болары сөзсіз. 
Сондықтан тәрбие ісінде жаңа бағыт қажет. Бүгінде аралас мектептер көп. Біздің мектеепте тәжік ұлтының балалары өз 
ұлттық тілінде оқып келеді. Басқа ұлт өкіліне  өзіңді  құрметті еткің келсе, тәрбие  балалар үлгісіне сай болу керек. Рухы 
күшті ел азбайды.
Қазақстан Республикасының   «Білім туралы» заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салаауаттың негізін 
қалыптастыруға ерекше назар аударуда. Оқушылар ұжымын зерттеу процесінде оқушылардың   мұғалімдер  мен айналадағы 
адамдармен қарым – қатынасына ерекше көңіл аударру қажеттігін көрсетеді. Осы қатынастар процесінде адам бойындағы 
қасиеттер мейлінше толық ашылады. Ұжымда  өмір сүріп, жұмыс істей білу шеберлігі адамдарға деген мейірімді қарым-
қатынасы үлкендермен, жолдастарымен араласудың түрлі  формаларын  анықтауға бағыт беруге тиіс. Эксперимент арқылы 
оқушының тәрбиелік дәрежесін олардың қоршаған ортада әр түрлі жағдайда өздерін қалай ұстайтынын, өз бетімен  әрекет 
етуінің даму деңгейін, инициативасын, белсенділігін және мінезін анықтауға көмектеседі.
«Қазақстан жолы-2050 : бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасымыздың Жолдауы еліміздің даму бағытының 
өткенін тағы бір саралап, сонымен бірге алдағы атқарар ісін де айқындап берді. Жолдауда Қазақстан халқының әлеуметтік 
жағдайын арттыру, оқу –тәрбие жұмысын жетілдіру мемлекет саясаттың басты мақсаты екені ерекше атап көрсетілді.
Мектептерде белгілі бір тәрбие жүйесі жинақталған. Экологиялық тәрбие беру педагогтардың ата-аналармен бірлескен іс-
әрекеттері бойынша мектептерде жақсы тәжірибе жинақталған. Педагогика  кәсіби және  тұлғалық  бостандық бере отырып, 
тәрбие үрдісін үздіксіз және  тиімді  болу үшін  жинақталған  тәжірибені  бір жүйеге келтіру қажет. Экологиялық мәдениет 
мектеп бітіруші тұлғасын тәрбиелеу.
Мектеп бітіруші моделі.
Сапалы білім зерделі тәрбие мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Оқу, тәрбие берудің  маңызды шартты –оқу 
процессінде оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту.
Еліміздің болашағы- бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ. Ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық 
өркенниеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі жан-жақты қалыптасуы мемлекеттік маңызы бар іс.
* * * * * * * *
65
Көше
Жанұя
Мектеп
Дін
Орта
Ақпараттар
Ақсақалдар
Медицина
Т рбие 
ә
к здері
ө
Т рбие 
ә
к здері
ө

Атырау қаласы  №34лингвистикалық мектеп – гимназиясы 
Мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Кабулова Сауле 
Та
   қырыбы: 
 
 Аяулы - анашым
 
 
Мақсаты:  Оқушыларға   әлемнің   жарығын   сыйлаған     аналар 
мерекесі туралы түсінік беру.
Көрнекілік:  Сынып   бөлмесін   мерекеге   сай   лайық   безендіру, 
даналық сөздер жазылған плакаттар, шарлар интерактивті тақта.
Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер!
Ана,   ана,   ана!   Не   деген   мейірлі,   не   деген   шапағатты   сөз   еді. 
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде қаншама ұлы 
сезім   жатыр   десеңізші!   Жақсылық   атаулының   бәрі   ананың 
сүтінен жаралған олай болса.
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар!
 Жүздеріңнен Мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты міне бақытты балалар!
1   жүргізуші:   Рафхат  Құрметті   біздің   аналарымыз,   ақ   жаулықты   әжелеріміз,   ақ   жүректі   апайларымыз,   көктегі   күндей  
жарқырап, гүлдей жайнаған төл мерекелеріңіз құтты болсын! 
2 жүргізуші: Әсет Олай болса бүгінгі «Аяулы-анашым» атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
Рафхат:         Қуанышы баланың
                      Қуанышы ананың
Әсет:             Бізді өсірген анашым
                      Еңбегің де зор екен.
Екеуі бірге: Құтты болсын анашым,
                     Құтты болсын мерекең!
Омар:          Бала-бала дегізген
                    Түнде шошып оянған
                    Түн ұйқысын төрт бөліп
                    Түнде бесік таянған.
                    Аялы қолды талпынтқан
                    Қаймақты сүттей балқытқан
                    Суық болса жөргегін
                    Қорғасындай балқытқан.
                  Айналасына ас қойып
                  Иісін жұпар аңқытқан
                  Бұл кім? Барлығы: Ана!
Рамира: Сөздерді ең аяулы 
               Жақсы көріп жаттадым
               Енді білдім оларды 
               Кімнің ойлап тапқанын.
               «Ана» деген сөзді де,
               «Әке» деген сөзді де,
               «Ата» деген сөзді де,
               «Әже» деген сөзді де,
               «Аға» деген сөзді де,
                Ойлап тапқан балалар!
Хор:       «Топ - топ балақан» әні
Ерасыл: Жаным, күнім дегенді
               Құлыншағым дегенді
               Ботақаным дегенді
               Айналайын дегенді 
               Толған айым дегенді 
               Ойлап тапқан аналар!
Мидел:  Анам мені «айым» дейді
              Мен мұңайсам уайым жейді.
              Анам мені «күнім» дейді
              Мен қуансам күлімдейді.
Сұлтанмахмуд: Әлемдегі ең ақылды адам,
                           Бәрінен сол жақын маған.
                           Ол жанымда жүрсе мен де
                           Батырларша батылданам.
Әмина:     Мен ананы шуағы мол күн деймін.
                  Анадан зор құдіретті білмеймін.
                  Анам ылғи қамқор болып жүреді
                  Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін.
                 Ана деген асыл жандар болаттай
                 Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
                 О, адамдар қадірлей біл ананы,
                 Жай қылыққа ақыл - ойды тонатпай!
1 жүргізуші: Рафхат: «Аналар» туралы көркем сөздер
«Анама», «Жылу» Ф. Оңғарсынова оқитын Ілияс пен Нұрқуат.
Алихан:   О, аналар! Құдіретіңе табындым,
                 Қуанышы сіздер мынау жанымның.
                 Ана деген қайталанбас ұлы есім
                 Көкіректен жоғалтардай сағым – мұң.
Фатима:   Ана деген жанып тұрған шырағың,
                 Ана десе сайран салар әнші бақ.
                 Ұлы ананың жылылығын сезгенде
                  Жүрегімнен жыр төгілер сарқырап.
Ақерке:    Жамандықтан сақтандырып,
                  Жақсы ісімді мақтан қылып,
                  Мәпелеген ақ мамады
                  Жүрсем деймін шаттандырып.
Хор:        «Анашым» әні
2 жүргізуші: Әсет:  Біздің тілеуімізді тілеп, еркелігімізді көтере білген, біз ауырсақ жаны ауырған, бір сәт көрмей қалсақ 
сағынған, бар тәттіні аузымызға тосып, бар жақсыны үстімізге кигізіп, еркелетіп өсірген әжелерімізге :
Бәрі бірге: Мың алғыс!
Қуандық:   Әже деген көп шығар,                    Әжемдейі жоқ шығар.
                    Мейірімді бұл кісі                    Қандай ғажап күлкісі
                    Айналайын дегені                     Жанға рахат береді.
Іңкәр:          Менің әжем, бұл әжем,                    Айтқан сөзі дәл әжем.
66

                    Аман болса көреді,                    Қызығымды әлі әже!
Сұлтан:       Өзің мені өсірген                     Айналайын ақ әжем.
                    Тентек болсам кешірген                    Балдай тәтті бал әжем.
Көрініс:      «Әжесі мен Немересі»
Жүрегім кім менің?   Мен! 
Тірегім кім менің?  Мен!
Сәнім кім менің? Мен!
Ботақаным, бағлан қозым,  Не деген тәтті баласың өзің! Ой, қарғам менің!
    -    Жоқ әже қарғаң мен емес!
    -    Жоқ, жоқ! Қарға болмаймын!
         Керегі жоқ ондайдың.
         Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
         Алысқа ұшып кетеді
         Қасыңда боп әрдайым
         Мен ешқайда бармаймын! Әжем!
Айналайын, айналайын! Балам!
Бекарыс:  Әке көрген оқ жонар,
                 Шеше көрген тон пішер.
                 Ешқайсысы жоқ сияқты
                 Бір - бірінен кем түсер.
Хор: «Ата 
 
 – ананы тыңдаймыз»!
 
 
Ойын: Пародиялық сән үлгісін көрсету. (Екі баладан екі топ жарыса киініп сән үлгісін көрсетеді. Жылдам әрі сәнді киінген 
топ жеңіске жетеді.)
Назерке: Анасыздар әр үйге панасыздар.
                Бала десе от болып жанасыздар.
                Сәтті болса ұрпағың мерейі тасып,
               Бал күлкіге сусын ғып қанасызар!          
 Қарақат: Алақаның ыстық маған аясы
               Мәпелеген құшағыңда саялы
               Саған деген жүректегі махаббат
               Ақ қанатын мәңгілікке жаяды.
1 жүргізуші: Рафхат Міне аналарымыз бен әжелерімізді бүгінгі мерекелерімен құттықтадық. Ендігі кезекте тобымыздағы 
11 гүліміз қыздарымызды құттықтайтын да уақыт келіп жетті.
Мансур:   Бұл наурыз қой жылының көктемі
                 Қыстың кетті аязының өктемі
                 Мерекеңіз құтты болсын, қыздарым!
                 Күндей болып жарқыраңдар көктегі.
Ислам:  Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған,
               Шапақтарың бар әлемге таралған.
               Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың
               Орындалсын өмірдегі бар арман!
Қыздарға: Әзіл сықақ әні арналады: «Он алты қыз»
 
 .  
Дария:      Анам менің өмірдегі тірегім
                  Анам менің кеудемдегі жүрегім!
                 Егер менің қасымда сен болмасаң,
                 Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Зейнеп:    Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
                 Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
                 Ана деген бәйтерегі өмірдің
                 Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!
 Шаттық:   Сенен өскен балалар,
                  Батырлар мен даналар.
                  Құттықтаймыз тағы да
                  Құрметті ата – аналар!
Асхат:       Жанымызды жайнатқан
                  Сіздерсіз ғой, аналар!
                  Зор денсаулық, мол бақыт,
                  Тілейміз біз аналар!
Ойын:  Аналарымызбен   ойын.(Ортаға   екі   анамыз   шығып  өз   қыздарының   шашына   бантикті   әдемі   әрі   жылдам   байлауы 
керек.)
«Ақ көгершін» әні. Орындайтын  қыздар тобы    
1    жүргізуші: Рафхат:
 
   Балаға ақ сүт беріп өсірген ана жүрегінің жылуын сезіне отырып  «Әрқашан күн сөнбесін»  әнін 
аналарымызбен бірге шырқайық!
Қорытынды сөз
 
 :   Ата  - аналар өз тілектерін білдіреді. Естелікке фото суреттерге түсу.
* * * * * * * *
67

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы."№17 Байқоңыр ЖББОМ" КММ.
Математика пәнінің мұғалімі Агибаева Бейсенкул
Математика  сабағында  деңгейлік  оқытудың  тиімділігі
      Қазіргі  таңда  орта  мектептің алдында тұрған  негізгі  міндеттердің    бірі -   оқушылардың        шығармашылық 
қабілетін  барынша  ашып,  толыққанды  қоғам  құруға  өзінің   бар        мүмкіндігін  жұмсайтын  шығармашылық  қабілетті 
жеке  тұлға  қалыптастыру. Сондықтан  математиканы  оқытуда  оқушыларға  оқу  материалын  еске  сақтауға  және осы 
материалды  шығармашылықпен  қолдау шеберлігін  қалыптастыруға  көп  көңіл  бөлінеді. Оқушыларда   жоғары 
математикалық  мәдениет, ой  әрекетінің  математикалық  стилін қалыптастырудың  негізгі  жолы -  әр  түрлі  оқу  үрдістерін 
оқушылардың  оқу  әрекетінде  ұтымды да,  тиімді  қолдана  білуге  байланысты. Математика   пәнін оқыту  процесінің 
негізгі  мақсаты-  арнайы  педагогикалық  әдістермен  мақсатты  жүйелі  түрде   пайдаланып  оқушылардың интеллектік, 
шығармашылық  ойлауын,  ғылыми  көзқарасы  мен  белсенділігін  қалыптастыру,  өз  бетімен  білім  алу  дағдыларын 
дамыту  болып  табылады.
         Оқушылардың  өз  бетімен  жұмысын  қалыптастыру  оқушының  пәнге  деген қызушылығынан  және қажеттілігінен 
туады. Өз білімін көтеру  жекелеген  оқушылардың өз бетімен жұмыс  істеу  дағдысын  дамытып,  шығармашылық 
белсенділігін  арттырады   .
В.П. Беспалько  оқушылардың  білімді  қабылдауының  төрт  деңгейлі педагогикалық  комплексін  ұсынып,  оқушылардың 
іс-әрекет  бағалау  жолдарын  көрсетті:
І-деңгей  .Репродуктивті- көмек  беру  арқылы  есте  сақтау.
ІІ- деңгей. Алгоритмдік- базалық   миниумды  білімге  сәйкес
ІІІ-деңгей.Эвристикалық- материалды  сапалы  түрде  меңгеру
ІV-деңгей.Шығармашылық –өз бетімен  ауқымында  оқу материалдарын  меңгеру.
Педагогика  ғылымында  оқу  процесін  оқушылардың оқу  материалын  меңгеру  дәрежесі  бойынша үш  сатыға  бөліп 
қарастыру  қалыптасқан.
І-деңгей : түсіну  деңгейі—Мұғалімнің  айтқанын  қайта  айтып  бере  алады, тапсырманы  үлгі  бойынша  орындайды 
.Есепті  шығарудың  басқа  әдісін  іздестіруге  ұмтылмайды.
ІІ-деңгей: Логикалық  ойлау  деңгейі—Мұғалімнен  алған  ақпаратты  толық  меңгерген,  тапсырманы  өз  бетімен  орындай 
алады,  есепке  анализ  жасай алады
ІІІ-деңгей:Шығармашылықпен  ойлау деңгейі—Оқу  материалын  меңгеріп  қана  қоймай, қосымша  материалды өзі 
пайдалана  біліп, тапсырманы  өз  бетімен  орындай  алады,тиімді  әдістерді  қолдана  біледі. Мұндай  оқушылар 
щығармашылық  жұмыс  дайындап,  олимпиадаға  қатысып,  шығармашылық  ізденісте  болады.
Оқушылардың  шығармашылық  ізденістерінің  деңгейлерін  көтеру  процесі  төрт  кезеңнен  тұрады.
Бірінші  кезең--  бұл кезеңде мүғалім  оқушыға  қарапайым  таным әрекетімен  таныстырады.Ұлы адамдардың өмірінен, 
тарихи  есептерден, ертегі  есептерді  шығару  әдістері  көрсетілген  есептерді  жинақтап  рефераттар дайындауға  үйретеді . 
Логикалық  ойлауды  қажет  ететін  қызықты  есептерді  жеңілдерінен  бастап  тапқырлыққа  жетелейтін  әзіл  есептерді 
шығару  барысында  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  баулу  керек. Оқушының  әрбір 
алға  басқан қадамына көңіл  бөліп,  мадақтап  отырған жөн. Сонда  оқушы  өз  мүмкіндігіне  сеніп,  қызығушылығы 
артады.
Кейбір жеке  есептерді  шығару  барысында кітаппен жұмыс  істеуге, шығарылған  есептерді  оқып  түсінуге  соған  үқсас 
есептерді тауып  шығаруға  көмектеседі. Есептердің шығарылуына  нұсқау  беріп,өз  бетімен орындауына  мүмкіндік  береді.
Екінші  кезең—бұл кезеңде  мұғалім есепті  шығару  тәсілдерін  көрсетіп, талқылай  отырып , қолайлысын,  тиімдісін 
таңдай білуге  үйретеді. Берілген  тапсырмалардың  бірнеше әдіспен  шығарылуын  талап  етеді. Кейбір  жаңа 
материалдарды  оқушының  өз  бетімен оқып, әр түрлі  қиындықтағы  тапсырмаларды  оқу  құралдарын,  анықтамаларды 
пайдаланып  шығаруы  керек.  Есептерді шығарудың   қалыптан  тыс  тәсілдерін  қолдана  білуге  үйретеді.
Үшінші кезең—бұл  кезеңде  оқушыға өте  үлкен  жауапкершілік жүктеледі.Осы  кезеңде  оқушы негізгі  деңгейге  шығады. 
Мұнда  оқушы  сыныптан  тыс  қосымша  оқуға  жалпылама  қорытынды  жасай  білуге  үйрену  керек. Оқушылар  өз 
жұмыстарына   анализ  жасап,  қателіктерді  болдырмау  үшін  нені  әлі  жетік  білмеймін  деген  мақсатта  өз  жұмысын 
қорытындылап,  алдағы  жұмысына  жоспар  құра білуді  үйрену  керек.
Төртінші  кезең—бұл  кезеңде  оқушы жұмысы  шығармашылық  ізденімпаздық  мағына  алады. Математикалық 
заңдылықтарды,  теоремаларды  дәлелдеу  басқа  тәсілдерін  іздестіруге,  есептеулер  жүргізіп,  бақылау  тәжірибелерінің 
қорытындысы  бойынша  формула  құрастыруға  жетелеу  керек.
Мұнда  оқушының   танымдық  қызығушылығы,  қажеттілігі,  кәсіби  бағдары  ескерілген  таңдаған  тақырыбы  бойынша 
шығармашылық  ізденістеріне мұғалім  басшылық  жасап  бағыт- бағдар  беру  керек. Жоғарыда  айтылған  оқушының 
шығармашылық  ізденістерін  көтеру  кезеңдерінен, оқушы  неғұрлым  білімді  болса,  көп  білсе  шығармашылық  есептерді 
шығаруда  қиналмайтындығы  айқын. Бұл  жағдайда шығармашылық  еңбек  ететін  оқушының  ойлау  зеректігі, терең  білім 
қабілетінің  жан-жақтылығы, айналаға  өзіндік  көзқарасы  бірігіп  кететінін, яғни  оқушының  жан-жақты  дамитынын 
көреміз. Сабақтарға Ж.Қараевтің   «Деңгейлеп оқыту» технологияларының    элементтерін енгізудің   шығармашылықпен 
жұмыс  істейтін оқушыға  үлкен  мүмкіндік  береді.  Деңгейлік  оқыту  жүйесінің математика  пәнінің  сапасын  арттырумен 
қатар  көптеген  тиімді  жақтары  бар. Біріншіден сыныптағы барлық  оқушыларды жұмыспен  қамтамасыз  етеді,әрбір 
оқушының белсенді  түрде  қатысуын  қадағалайды, белсенділігінің  оянуына  түрткі  болады. Екіншіден, әр  оқушы  өзіне 
тән  қарқынмен, өз білімінің  деңгейінде  жұмыс  жүргізеді,қойылған  мақсатқа  жету үшін  қажетті төзімділікті 
қалыптастырады.Үшіншіден оқушылар  өз  еңбектерінің  нәтижесін  көріп, өзін-өзі  бағалайды. Өз бетімен жұмыс  істеу 
оқушылардың біліміне  ғана әсер  етпей, сонымен қатар  тәртібі мен  мінез—құлқына  да  тигізер ықпалы  зор. Оқушыарды 
тиянақтылыққа, бастаған  ісін  жемісті  аяқтауға,  төзімділікке,  ұстамдылыққа  тәрбиелейді. Сонымен бірге, өзіндік  жұмыс 
оқушы  бойындағы  жауапкершілікті  оятады. Жауапкершілікті  сезіне  отырып,  оқушының  ізденімпаздығы, 
шығармашылығы  дамиды. Сондықтан да  оқушыларға  жаңа  бағытта  математика пәнін  оқытудың   маңызы  зор.
* * * * * * * *
68

М-С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектеп. Өткізген: Тлепова А.Е
Тақырыбы: «Квартет -өнер көрсетеді»
Сынып: 2 «__б__» сынып Ашық сабақ       Пән: Музыка                         
Өтілетін күні: _24.02.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Квартет өнер көрсетеді
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға квартет туралы шағын мәліметтерді айтып, білімдерін жетілдіру; 
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойларын, танымдық процестерін, дағдыларын  дамыту;
Тәрбиелік:  Музыка сауаттылығын дамыта отырып, сөйлеу, әсерлену, сұрақ қою, ой туғызу арқылы эстетикалық қабілетін 
нығайту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, ән айту,  шығармашылық тапсырмалар орындау 
Сабақтың құрал – жабдығы: кітап, дәптер, плакат, электрондық оқулық
Сабақтың өтілу уақыты: 45 минут.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі:
-  Сәлемдесу.
лкендерге біз
Ү
Кішілерге  сіз
рметпенен бас иіп 
Құ
С лем бердік біз
ә
-  Сынып оқушыларын түгендеу.
-  Сыныпты сабаққа даярлау.
Шаттық шеңбері: «Дос болайық бәріміз» әнін балалар үнтаспаға қосылып бірге орындайды.
Әңгімелесу
- Бұл өлеңде не туралы айтылып тұр? (достық)
- Достық дегенді дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сендердің достарың барма? - Ой, тамаша! Ендеше бүгінгі сабағымызды достасып, топтасып жақсы үлкен көңіл күймен 
бірге өлең айтып. Бүгінгі сабақта
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
Топқа бөлу. 1. Әншілер       2. Бишілер        3.Күйшілер
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)
1-топқа сұрақтар
         1. Хор дегеніміз не? 
         2. Хордың қандай түрлері болады?
         3. Қазақстанда хор капелласына қандай композиторлар шығармалар жазды?
        4. Домбырасыз ән қайда 1-шумақ 
2-топқа сұрақтар
        1. Аралас хордағы әйелдер дауыстары қандай?
        2.  Қазақстанда кімнің атында мемлекеттік хор капелласы бар?
        3. Кәсіби хор құрамында қаншаға дейін адам бола алады?
        4. Домбырасыз ән қайда 2-шумақ 
3-топқа сұрақтар
        1. Аралас хордағы ерлер дауыстары қандай?
        2 Хор капелласының тұңғыш жетекшісі кім?
        3.Аралас хор құрамында кемінде қанша адам бола алады?
        4. Домбырасыз ән қайда 3-шумақ 
Оқушылар өздері бір-бірін смайлик арқылы  бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
-Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын өздерің эстрада деген сөзді қалай түсінесіңдер? Эстаралық әндерді 
орындайтын қандай әншілерді білесіңдер? Өз ойларыңда айтыңдаршы.
-Балалар біздің эстрадада өздері жалғыз ән айтып жүрген және үш, төрт адамнан құралған топтар бар және олардың өз 
аттары болады екен. Мысалы:Дуэт(итал.duettoжәнелат.duo— екі) —музыкалық шығарманыекі әншінің екі дауыспен 
қосылып айтуы немесе екі адамның бірдей екі аспапта не екі түрлі аспапта орындауы. Дуэтопера, оратория, кантата 
жанрларындажиі кездеседі.
ТРИО(итал.trіo, tre– үш) – 3орындаушылардан құрылғанансамбль(музыкааспаптаорындаушылар немесе әншілер тобы), 
сондай-ақ осы ансамбльге арнайы жазылған музыкалық шығарма.
Квартет(итал.quartetto– төртінші) – 1) 4 орындаушыдан (музыкалық аспапта орындаушылар немесе әншілер тобы) 
құрылғанансамбль. Квартет бір тектес не әртүрлі аспаптарда орындаушылардан құралады. Вокалдық музыкада әйелдер 
немесе ерлер тобынан құралған квартеттер, сондай-ақ, аралас квартеттер де болады. 
69

20 ғ-дың 60 – 80-жылдарыҚазақстанда“Алатау” (Жамбыл), “Арай”, 
“Ариран”, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Отырар сазы”, “Яшлық” (Алматы), 
“Жайық қызы” (Атырау), “Жетісу” (Талдықорған), “Сыр сұлуы” 
(Қызылорда), “Ұлытау” (Қарағанды), “Эренгольд” (Павлодар), т.б. Э-лық 
ансамбльдері ұйымдасты.
 КомпозиторларБ.Байқадамов,С.Бәйтереков,Ә.Бейсеуов,Б.Жұманиязов,Ш.
Қалдаяқов,А.Қоразбаев,Н.Тілендиев, т.б. аталмыш ансамбльдерге арнап 
ән жазды.
Қазіргі таңда эстарадалық әндер айтатын әншілер жетерлік.Мысалы: 
«Жігіттер» тобы  Скрипкашылар квартеті

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет