Қазақстан республикасы қарақалпақтары арасындағы этно-мәдени үрдістер кіріспе


Диссертациялық зерттеудің құрылымы



бет10/30
Дата07.01.2022
өлшемі214,19 Kb.
#18388
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Диссертациялық зерттеудің құрылымы Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған деректер және қосымшадан тұрады.

Диссертацияның көлемі 100 беттен тұрады.



І. ҚАРАҚАЛПАҚТАРДЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


    1. Қарақалпақтардың Қазақстанда XVIII-XX ғғ. басында қоныстануы мен тарихи жағдайы

Ғасырлар бойына қазақтармен тарихы мен тағдыры біте қайнасып жатқан қарақалпақ халқының этникалық тарихы өз алдына көлемді бір тарихты құрайды. Қарақалпақтардың шығу тегі, қайдан келгені, қайда пайда болғаны және жалпы этникалық тарихы ғылымда маңызды сұрақтардың бірі ретінде саналады. Әрбір халық пен оның атауының шығуы, тегінің немесе қалыптасу тарихы болғанындай, қарақалпақтардың да өзіне тән этникалық дамуы мен халық атауының этимологиялық пайда болу тарихы бар.

Қарақалпақтар – Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Республикасын мекендейтін түркі тілдес халық және Қазақстанда өмір сүріп жатқан 25 түркі халықтарының бірі болып табылады. Тарихшылар мен этнографтардың ғылыми пайымдауы мен пікірінше, қарақалпақтардың арғы тегі – б.з.б. Арыс жағалауынан бастап Жайық өзенінің аралығын, Солтүстік Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонған тайпаларға саяды. XVI ғасырларда Үлкен Ноғай ордасынан қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бөлініп шыққан. Қазақ және қарақалпақ түркілері этностық қалыптасу кезеңдеінен бастап қоян-қолтық араласып, саяси-әлеуметтік, экономикалық және тілдік тұрғыдан ылғи да өзара ықпалдастықта дамыды. XVIII-XIX ғасырларда жоңғарлардың, орыстардың және аймақта өзге де халықтардың қысымына ұшыраған қазақтармен бірге қарақалпақтар да Орта Азияның ішкі аудандарына ауа көшті. Кіші жүз қазақтарымен күш біріктіріп, қалмақтарды Жайық пен Жем бойынан ығыстырды. Осындай саяси факторлардың негізінде қазіргі ел болып отырған территорияларында тұрақтап қалды. Тағы бір айта кетерлігі қарақалпақтар ноғайлармен өздері өмір сүріп отырған территорияда тұрақтап қалды.

Қарақалпақ халқының этникалық атауы мен этимологиялық атауына келсек, ол туралы бірнеше нұсқаларды ұсынуға болады. «Қарақалпақ» атауы «қара» мен «қалпақ» сөздерінің бірігуінен туған. Жоғарыда көрсеткендей, Рашид ад-Диннің дерегі бойынша, қарақалпақ атауы қара қалпақты халық деген атаумен байланысты. Ерте орта ғасырларда қара бөрікті (Karaborkli) тайпасы Арал теңізі маңында печенег (бажанак) деген атпен өмір сүрген. Ғылыми зерттеулерде қара бөрікті, қарақалпақ және қарақұлахан деген этноним бір мағынада қолданылған. Қарақалпақ атауы туралы келесі бір нұсқалар орыс жылнамаларында «черные клобуки», «чёрный колпак», ал араб дереккөздерінде «karabörklü» атауларымен кездеседі. Бүгінгі қарақалпақ этнонимімен танылып отырған халық, тарихи деректерде, осы атаумен алғаш рет XVI ғасырдың соңында (1578 жылы) аталына бастады [17, 125 б].

Ұзақ уақыт бойы қарақалпақ халқының шығу тегі туралы нақты тұжырымдама болған жоқ. ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін олар туралы ғылыми әдебиеттер өте аз болып, олар «қарақалпақ» этнонимін сипаттаудан аспады. Белгілі шығыстанушы Д’Оссон «Монғолдар тарихы» деген еңбегінде Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағын» талдай отырып, орыс жылнамаларында черные клобуки деген атпен белгілі болған халықтың қарақалпақ екендігін анықтайды [18; 45]. Қарақалпақтардың этникалық атауы туралы Н.И. Березин де «Нашествие Батыя» деген еңбегінде сондай қорытындыға келеді.

Қарақалпақтардың этникалық шығу тегі туралы кейбір ғылыми еңбектерде қарақалпақтардың төркіні печенегтерден, қыпшақтардан ізделді. Мысалы мажар түркітанушысы А.Вамбери [19; 78] қарақалпақтардың түпкі шығу негізін печенег деп білсе, кейбір батыс тарихшылары печенегтердің тікелей ұрпағы қарақалпақтар емес ноғайлар деп көрсетіп, қарақалпақтарды қыпшақтардан тарауы мүмкін деген ғылыми болжам жасайды.

Кейінгі зерттеу нәтижелері қарақалпақ этногенезінің қалыптасуында оғыз-печенег, қыпшақ және ноғайлардың үлкен рөл ойнағанын көрсетті.Алайда қарақалпақтарды аталған тайпалардың тікелей ұрпағы деп санау мүмкін емес.

Өйткені ғылыми ізденістер бұл халықтың этникалық қалыптасу процесіне жергілікті және басқа да тайпалардың қатыстылығын дәлелдеп отыр. Мысалы сенімді дереккөздер қарақалпақ халқының этникалық құрылымын мынадай онторт уру (он төрт ру) құрайтынын көрсетеді: – анна, құйын, боклы-хытай, мәңжүлі, кырк, черучи, ай-теке, аралбай, беш-сары, кайчилы, еки-шейх, казаяклы, қаңлы, қыпшақ, кенегес, маңғыт. Бұл тізімнен қарақалпақ халқының этногенезінің күрделі екендігін және тарихи қалыптасу үдерісіне көптеген ру-тайпалардың қатысқандығын көруге болады [20, 142 б].

Қарақалпақтар қазіргі қазақ жерін ертеден қоныстанған деп қорытынды жасауға жоғарыда аталған мәліметтер толықтай мүмкіндік береді. Ол жоғарыда аталғандай Арал маңы мен Амудария мен Сырдың төменгі ағыстары және Орта Азияның шөлді аймақтары болып саналады.

Ең көп таралған нұсқа бойынша, қарақалпақтардың жеке этнос болып құрылуы 1556 жылы Ноғай Ордасының құлап, оның құрамынан бөлініп шыққан «алты арыс» - мүйтен, қоңырат, қытай, қыпшақ, кенегес, маңғыт руларымен байланысты. XVII ғасырдың басында қарақалпақтар Түркістан жерінде үстемдік етуге тырысып, Ташкентпен бірге бірнеше қалаларды басып алады, алайда олардың билеушісі Әбдал Ғаппар жалған төре танылып, көп ұзамай қазақ төрелері тарапынан өлтіріледі де, нәтижесінде Қазақ хандығына бағындырылады.

XVII ғасырдың екінші жартысында Сырдарияның орта және төменгі сағасында қоныстанған қарақалпақтар Сібір ханы Күшімнің билігіне мойынсұнады. Сібір хандығының қарақалпақтарға жүргізген үстемдігі Күшік, Жәңгір, Есім Мұхаммет, Қайып, Шайбақ деген хандарының билігімен XVIII ғасырдың екінші жартысында дейін созылды. 1723 жылы жоңғарлардың қазақтарға шабуылы қарақалпақтарға да үлкен шығын алып келді. Қазақты қырғынға ұшыратқан жоңғар шапқыншылығы қарақалпақтарды жоғарғы және төменгі деген екі топқа бөлінуіне әкеп соқты. Жоғарғы қарақалпақтар жоңғарға бағынса, төменгі қарақалпақтар Қазақ хандығынан алыстау үшін Жаңадарияға көшеді. XVIII ғасырдың соңына қарай қарақалпақтар Хиуа хандығының иелігіне, Әмударияны жағалай қоныс аударады. Осыдан бастап қарақалпақтардың қазақтардың жеріне өтуі кең өріс алады.

XVII-XVIII ғасырларда қарақалпақтар Бұхара, Қазақ, Хиуа және Сібір хандығының саяси және әскери қызметіне белсенді араласып халықтардың наразылық көтерілісіне қатысты. Қарақалпақтардың тәуелсіздік үшін күресі, негізінен, хиуалықтарға қарсы бағытталды. Мысалы 1827 жылы Айдос Би, 1855-1856 жылдары Ерназар Алакөз, 1858-1859 жылдары Мұхаммет Фен бастаған бірнеше ірі көтерілістері болды. 1873 жылы Әмударияның оң жағалауын мекендеген қарақалпақтар Ресей империясының құрамына енсе, сол жағалауындағылар Хиуа хандығының құрамында қалып қойды. Кеңес билігіне дейін қарақалпақтар осылай екі бөлек билік қарамағында болды.

Қарақалпақстанның жалпы жер көлемі - 165,6 мың шаршы шақырым Географиялық жағынан айтсақ, Қызылқұм мен үстіртің барханды құмдары, яғни шөлді аймақ, территорияның 70 %-н, 14 % Арал теңізінің сулы жері,ал 16 %-н Амударияның мәдени ауданы құрайды. Қарақалпақ ұлты тек өз елінде ғана емес, Өзбекстанның Ферғана, Хорезм облыстарында, Түркменстан, Ауғаныстан, тіпті біздің елімізде де тұрады.

Қарақалпақтар-Қарақалпақ Автономиясының негізгі халқын құрайтын ұлт.Жалпы саны 236 мың адам.(1970 жылғы санақ бойынша).Олар қарақалпақ тілінде сөйлеп, ислам дінін ұстайды.

Антропологиялық түрінде 2 пласттың болуы айқындалған: 1.Қола дәуірі мен антик заманынан бері мекендеп келе жатқан жергілікті тау тұрғындарымен байланыст-европоидтық және келімсек тау тайпаларымен байланысты монголоидтық “Қола дәуіріне жататын Хорезмдегі тазабағым мәдениетінің ескерткіштері Қазақстандағы андронов мәдениетінің ескерткіштеріне өте ұқсас келеді” деп көрсетеді зерттеуші Толстов С.П [21, 58 б]

Антропологиялық жағынан қарақалпақтар негізінен қазақтарға өте ұқсас. Қарақалпақтар мен қазақтарда ал, әсіресе қырғыздарда монголойдтық нәсілдің белгілері басым келеді. Бұл типтің сипатты ерекшелігі-бас көлемінің үлкен және беттің жалпақ болуы.

Европеоидтық нәсілдің кейбір элементтеріде кездеседі. Территориялық жағынан оқшауланған Ферғана аңғарының қарақалпақтарында европеоидтық нәсіл элементтері басым. Олардың беттері сопақтау келеді. Бұл олардың Орта Азиялық қосөзенде орналасуымен түсіндіріледі [22, 410 б].

Этнограф Ю.В. Бромлей қарақалпақтардың этногенездік тарихына төмендегідей тоқ-талады: «Қарақалпақтардың көне ата-бабалары қатарына біздің заманымыздан бұрын 7 - 2 ғасырларында Арал теңізінің оңтүстік жағалауында мекендеген сақ – массагет (апасияки) тайпалары жатады.Біздің заманымыздың 2 - 4 ғасырларында Арал маңына шығыстан ғұндар, ал 6-7 ғасырларда түріктер шабуыл жасап,жергілікті тайпалармен араласып кеткен. Бұл уақытта Арал маңында ерте орта ғасырлық халықтар оғыздар мен печенегтер қалыптасып, 8 - 10 ғасырларда осы халықтар қарақалпақ этносының негізін қалады.

X ғасырдың басында печенегтердің жартысы Батысқа, яғни Оңтүстік орыс далаларына кетеді: Киев Русінде тұрақтап қалған тайпаларды “черные клобуки” деп атап кеткен. Еділ мен Жайық арасында қалып қойған печенегтердің шығыс бөлігі Ертіс бассейнінен келген қыпшақтармен біртіндеп сіңісіп, олардың тілдерін қабылдап алды [23, 132 б]. Деректерде қыпшақ ру-тайпалық одағының құрамында “қара бөркілі ” этнонимі де кездеседі. XIV-XV ғасырларда қарақалпақтар этногенезіне ноғайлармен байланысы біршама әсерін тигізген. Көп деректерде көрсетілгендей, қазақ халқының негізін құраушылардың бірі ноғайлар екені Б. Б. Ирмухановтың еңбегінде дәлелдене түскен: “Шығу тегі ортақ үш халықтың (қазақ, өзбек, ноғай) ішіндегі әсіресе туыс халық болып қазақтар мен ноғайлар есептелді”. Тіпті, Ш.Уәлиханов қазақтар мен ноғайлардың бірігу кезеңін (XV ғ. II-ші жартысы) “Алтын ғасыр” деп атаған [22, 191 б]. Демек, қарақалпақ пен қазақ халқының, тек мәдени, территориялық ғана емес, этногенездік туыстығына да ноғайлар елеулі ықпал еткен.

Қарақалпақтар мен қазақтардың туыстық байланыстары халық аңыздарында да көрініс тапқан. Ол аңыз Қара-Қалпақ пен Қызыл-Қалпақ туралы:

“Бір бай адамның екі ұлы болған екен. Бір ұлы Қара-Қалпақ, бір ұлы Қызыл-Қалпақ киген. Атасы өлген. Бұның түйесі, жылқысы, қойы көп болған. Қойды, түйені, Қызыл-Қалпаққа берген. Ол тау жағалаған. Оны қазақ деген. Атасынан бөліп қара малды Қара-Қызыл-Қалпақ (қазақ) аталас болған”.

Бұл генеалогиялық аңыз қарақалпақтар мен қазақтардың туыстық және мал шаруашылықтарының ерекшеліктерін аңғартады.

XVI ғасырдың аяғында Ортаазиялық деректерде қарақалпақтар қазіргі атаумен кездеседі.XVIII ғасырда олар Сырдарияның орталық және төменгі ағыстары жағалауын мекен еткен.XVIII ғасырдың ортасында қарақалпақтардың көп бөлігі Сырдария сағасының батыс сағасы Жаңдарияға көшеді. 1811 жылға қарай қарақалпақ ұлты хиуалық ханның билігінде болып, Амудария сағасына көшірілді. 1873 жылы Амудария жағасындағы Қарақалпақ территориясы Ресей құрамына енді. XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы қоғамдық құрылымы патриархалдық-туыстық қалдықтары сақталған феодалдық түрде еді. 1932 жылы Қарақалпақ автономиялық мемлекет болып қалыптасты.

XIX ғасырдың аяғы – XX басында Хорезм оазисіндегі қарақалпақтар төмендегідей топтарға бөлінген:

Бұхарлықтар – бұл топқа жататын қарақалпақтар Бұхар хандығының солтүстік бөлігінде, оңтүстік Қызылқұмда, Кенимех пен Нұр-Аты аудандарында тұрады.

Ферғаналық. Ферғана аңғарының қарақалпақтары зерттеулер дерегіне сүйенсек, негізінен Сыр-Дария мен Қара-Дария өзендерінің бойына, шығыста-Андижаннан батыста-Қоқан хандығына дейін орналасқан. Ферғана аңғарының қарақалпақтары ру-тайпалық бөлініс сақталмаған отырықшы өзбек халқының арасында тұрды. Сондықтан отбасылық салт-дәстүрінде өзбектік ықпал басым келеді.

Самарқандық қарақалпақтар Самарқандықтар шығысындағы Миянкөле аралы, Зеравшанның солтүстігі мен Ақ - Дарияны мекен еткен. Бұл қарақалпақтар өздерін тіпті “өзбек - қарақалпақтар” деп атап кеткен.

Сырдариялық қарақалпақтар Ташкент аумағында және соның солтүстігінде, Сырдария өзенінің бойында және Қазалының оңтүстігінде қоныс тепкен. Сырдариялық қарақалпақтар өзбектер мен қазақтар арасында кішігерім топтар болып өмір сүргендіктен, өздерінің ұлттық мәдениетінің негізгі белгілерін жоғалтқан.



Оңтүстік бұхарлық қарақалпақтар Бұхар хандығының оңтүстігінде орналасқан [24, 8 б]. Қарақалпақтар – Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Республикасын мекендейтін түркі тілдес халық және Қазақстанда өмір сүріп жатқан 25 түркі халықтарының бірі болып табылады. Зерттеушілердің пікірінше, қарақалпақтардың арғы тегі – б.з.б. Арыс жағалауынан бастап Жайық өзенінің аралығын, Солтүстік Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонған тайпаларға саяды. XVI ғасырларда Үлкен Ноғай ордасынан қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бөлініп шыққан. Қазақ және қарақалпақ түркілері этностық қалыптасу кезеңдерінен бастап қоян-қолтық араласып, саяси-әлеуметтік, экономикалық және тілдік тұрғыдан ылғи да өзара ықпалдастықта дамыды. Мысалы, 1723 жылғы Жоңғарлардың шабуылынан «ақтабан шұбырындыға» ұшыраған қазақтармен бірге қарақалпақтар да Орта Азияның ішкі аудандарына, Ресей шекарасына ауа көшті, Кіші жүз қазақтарымен күш біріктіріп, қалмақтарды Жайық пен Жем бойынан ығыстырды. Осылай қазіргі ел болып отырған территорияларында тұрақтап қалды. Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының шоғырланған орындары Маңғыстау, ОҚО және Жамбыл облыстары болып табылуы да тегін емес. Яғни қарақалпақтар елдерімен шекаралас қазақ жеріне көптеп қоныстанып отыр. Қарақалпақтар Қазақстанға қашан және не үшін келді деген сұрақтарға нақты жауап беру мүмкін емес. Қарақалпақ халқының туыстас қазақтармен жақын әлеуметтік-лингвистикалық байланысы өте ерте кезден жалғасып келеді. 

«Қарақалпақ» атауы қара мен қалпақ сөздерінің бірігуінен туған. Рашид ад-Диннің дерегі бойынша, монғол шапқыншылығы кезінде қарақалпақтар "Kavm-i külah-i siyah" (қара қалпақты халық) деген атаумен танылған. Ерте орта ғасырларда қара бөрікті (Karaborkli) тайпасы Арал теңізі маңында печенег (бажанақ) деген атпен өмір сүрген. Ғылыми әдебиеттерде қарабөрікті, қарақалпақ және қарақұлахан деген этноним бір мағынада қолданылған . Ескі орыс жылнамаларында черные клобуки, чёрный колпак, ал араб дереккөздерінде karabörklü атауларымен кездеседі. Бүгінгі қарақалпақ этнонимімен танылып отырған халық, тарихи деректерде, осы атаумен алғаш рет XVI ғасырдың соңында (1578 жылы) аталына бастады [25, 15 б].

Ұзақ уақыт бойы қарақалпақ халқының шығу тегі туралы нақты тұжырымдама болған жоқ. ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін олар туралы ғылыми әдебиеттер өте аз болып, олар «қарақалпақ» этнонимін сипаттаудан аспады. Белгілі шығыстанушы Дассон «Монғолдар тарихы» деген еңбегінде Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағын» талдай отырып, орыс жылнамаларында черные клобуки деген атпен белгілі болған халықтың қарақалпақ екендігін анықтайды. Н.И.Березин де «Нашествие Батыя» деген еңбегінде сондай қорытындыға келеді.

Кейбір ғылыми әдебиеттерде қарақалпақтардың төркіні печенегтерден, қыпшақтардан ізделді. Мысалы мажар түркітанушысы А.Вамбери мен Н.Аристов печенег деп білсе, ағылшын тарихшысы Ховорос печенегтердің тікелей ұрпағы ноғайлар деп, қарақалпақтардың қыпшақтардан тарауы мүмкін деген болжам [20, 87 б].

Кейінгі зерттеу нәтижелері қарақалпақ этногенезінің қалыптасуында оғыз-печенег, қыпшақ және ноғайлардың үлкен рөл ойнағанын көрсетті. Алайда қарақалпақтарды аталған тайпалардың тікелей ұрпағы деп санау мүмкін емес. Өйткені ғылыми ізденістер бұл халықтың этникалық қалыптасу процесіне жергілікті және басқа да тайпалардың қатыстылығын дәлелдеп отыр. Мысалы сенімді дереккөздер қарақалпақ халқының этникалық құрылымын мынадай онторт уру (он төрт ру) құрайтынын көрсетеді: – анна, құйын, боклы-хытай, мәңжүлі, кырк, черучи, ай-теке, аралбай, беш-сары, кайчилы, еки-шейх, казаяклы, қаңлы, қыпшақ, кенегес, манғыт. Бұл тізімнен қарақалпақ халқының этногенезінің күрделі екендігін және тарихи қалыптасу үдерісіне көптеген ру-тайпалардың қатысқандығын көруге болады [20, 100 б].

Тарихи деректерге сүйенсек, Қарақалпақстан аумағында адамдар неолит кезеңінен бері өмір сүріп келеді. Б.э.д. V ғасырға тиесілі Дарий І қорғанының ақпараты бойынша, Арал маңы мен Сырдарияның төменгі ағысы аумағында (қазіргі Қарақалпақстан территориясы) тиграхауд (шошақ бөрікті) сақтар өмір сүрген. II-VI ғасырларда бұл аймаққа Алтай мен Шығыс Түркістан аумағынан көшкен түркі тайпалары қоныстанды. Тұрғылықты сақ тайпалары мен көшпелі түрк тайпаларының ассимиляциялануы нәтижесінде печенег және оғыз деген екі жаңа этникалық қауымдастық пайда болды. Қарақалпақтардың этникалық құрылымының негізін осы печенег тайпасы құрады. Тарихи деректер Х ғасырларда печенег тайпасының шығыс түркі тайпаларының жаңа шапқыншылығы салдарынан қазіргі қарақалпақ топырағынан орыс жерінің оңтүстігіне көшкенін көрсетеді. Олар жаңа қонысында Ноғай Ордасының құрамында болады. Печенегтер Ноғай Ордасы құлаған соң, атақонысына оралады және осы кезден бастап «қарақалпақ» деген атаумен белгілі бола бастайды.

Ең көп таралған нұсқа бойынша, қарақалпақтардың жеке этнос болып құрылуы 1556 жылы Ноғай Ордасының құлап, оның құрамынан бөлініп шыққан «алты арыс» - мүйтен, қоңырат, қытай, қыпшақ, кенегес, маңғыт руларымен байланысты. XVII ғасырдың басында қарақалпақтар Түркістан жерінде үстемдік етуге тырысып, Ташкентпен бірге бірнеше қалаларды басып алады, алайда олардың билеушісі Әбдал Ғаппар жалған төре танылып, көп ұзамай қазақ төрелері тарапынан өлтіріледі де, нәтижесінде Қазақ хандығына бағындырылады. XVII ғасырдың екінші жартысында Сырдарияның орта және төменгі сағасында қоныстанған қарақалпақтар Сібір ханы Күшімнің билігіне мойынсұнады. Сібір хандығының қарақалпақтарға жүргізген үстемдігі Күшік, Жәңгір, Есім Мұхаммет, Қайып, Шайбақ деген хандарының билігімен XVIII ғасырдың екінші жартысында дейін созылды.
1723 жылы қарақалпақтарды үлкен шығынға ұшыратқан жоңғар шапқыншылығы басталып, оларды жоғарғы және төменгі деген екі топқа бөлуге әкеп соқты. Жоғарғы қарақалпақтар жоңғарға бағынса, төменгі қарақалпақтар Қазақ хандығынан алыстау үшін Жаңадарияға көшеді. XVIII ғасырдың соңына қарай қарақалпақтар Хиуа хандығының иелігіне, Әмударияны жағалай қоныс аударады.

XVII-XVIII ғасырларда қарақалпақтар Бұхара, Қазақ, Хиуа және Сібір хандығының саяси және әскери қызметіне белсенді араласып, башқұрт көтерілісіне қатысты. Қарақалпақтардың тәуелсіздік үшін күресі, негізінен, хиуалықтарға қарсы бағытталды. Мысалы 1827 жылы Айдос Би,  1855-56 жылдары Ерназар Алакөз, 1858-59 жылдары Мұхаммет Фен бастаған бірнеше ірі көтерілістері болды. 1873 жылы Әмударияның оң жағалауын мекендеген қарақалпақтар Ресей империясының құрамына енсе, сол жағалауындағылар Хиуа құрамында қалды. Кеңес билігіне дейін қарақалпақтар осылай екі бөлек билік қарамағында болды.
Қарақалпақ автономды облысы ҚазССР құрамында 1924 жылы құрылып, ол 1930 жылы тікелей Кеңес Одағының құрамында деп танылды. 1932 жылы 20 наурызда Қарақалпақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды. 1936 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Өзбек КСРО-ның құрамына кірді. 1992 жылдан бастап Өзбекстан Республикасы қарамағындағы Қарақалпақстан мемлекеті.

Қарақалпақ халқы мәдени және антропологиялық тұрпатына  қарай көршілес жатқан өзге де ортаазиялық  халықтардан ерекшеленбейді. Олардың бет әлпеті көршілес қазақ, түрікмен және т.б. ұлттарға ұқсас, монғолдық нәсілдің орта-азиялық  тобына жатады. Қарақалпақтардың антропологиялық типі орта-азиялық көне еуропалық нәсіл мен кейінірек келген монғол тектес нәсілдің араласуы нәтижесінде пайда болған.
Қарақалпақтардың антропологиясы туралы ең ауқымды материалдарды А.И. Ярхо  жинақтады. Ол 1928 жылы бастапқыда Қарақалпақстан территориясындағы 305 ер адамды, кейін Ферғанаға көшкен 100 ер адамды зерттеген болатын. Кейінірек, 1946 жылы, Өзбек КСР Ғылым академиясының Тарих және археология институтының тапсырмасымен ғылым кандидаты В.Я.Зезенкова аталған екі аймақтағы қарақалпақтардың (Қарақалпақ жерінің 86 ері мен 139 әйелін, Ферғана алқабында 85 ер және 115 әйелдің) антропологиялық ерекшеліктерін зерттеуді жалғастырды. Қарақалпақтар мен қыпшақтар эпикантус дамуы, сақалы, көлденең профильді бет-жүзі және мұрын қуыстары мен биіктігі, бет сүйегінің диаметрі мен биіктігі, бастың морфологиялық және көлденең диаметрі секілді өте маңызды таксономиялық белгілері бойынша көршілес монғол текті қазақтар мен монғолдық ықпалы аздап байқалатын еуропатектес хорезмдік өзбектердің ортасындағы аралық нәсіл болып табылады.

Қазіргі таңда қарақалпақтардың барлығы ханафи масхабын ұстанатын суннит мұсылмандары. Олардың ислам дінін қабылдай бастауы нақты белгілі болмаса да, зерттеушілердің болжауынша, қарақалпақтар да басқа түркі халықтары секілді Х –ХІІІ ғасырларда мұсылмандықты қабылдады. Халықаралық жобаның сауалнамасына қатысқандардың 86,5%-ы ислам дінін ұстанып, діни әдет-ғұрыптарды орындайтындарын және тек мұсылмандармен некелесетінін білдірді. Сауалнамада қандай діни (немесе дәстүрлі) әдет-ғұрыптардың орындалуы туралы сұраққа 45 респондент мынадай сипатта жауап берген: «орындамаймын» - 9 адам (20%); айтты тойлап,ораза ұстап,  садақа беретіндер – 7 адам (15,%); діни мейрамдарды ұстанатындар – 4 адам  (8,8%); намаз оқитындар – 3 адам  (6,6%); құран оқитындар – 3 адам  (6,6%); бес парызды орындайтындар – 2 адам  (4,4%); сирек орындайтындар – 1 адам  (2,2%);  16 адамның  (35,5%) жауап мәліметтері көрсетілмеген. Бұл талдауда жауап мәліметтері көрсетілмеген қарақалпақтардан тыс 20 адамның (44,4%) ислам дінінің ғұрыптарын, парыздарын орындайтындығын көреміз.
«Сіздерде діни қызметкерлерді (немесе дін басыларын) оқыту қалай іске асады?» деген сұраққа тартылған 42 респонденттің жауаптары да мынадай болып келеді: «білмеймін» - 8 адам (19%); медресе секілді арнайы орындарда – 6 адам (14,2%); «жақсы» - 2 адам  (4,7%); «кітаппен, мешітке барумен» - 2 адам  (4,7%); «құран оқып» – 1 адам  (2,3%) ; «оқымаймын» – 1 адам  (2,3%); 22 адамның  (52,3%) жауап мәліметтері көрсетілмеген. Бұл сұрақ жауабынан тек 26% қарақалпақ респонденттің діни сауаттылық туралы пікір білдіре алғандығын көреміз.

Қазақ халқымен тілдік тұрғыда аса жақын болған қарақалпақтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары қазақтардың салт-дәстүріне өте ұқсас. Қарақалпақтардың дәстүрлерінің көбі, негізінен тұрмыстық дәстүрлермен байланысты болып табылады. Халық арасында сақталған ең негізгі дәстүр мен әдет-ғұрыпқа кезек берсек, онда баланың тууынан бастап бесік той, шілдехана, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндет той, үйлену тойы, беташар және осы сынды өзге де салт-дәстүрдің негізгі түрлерін көрсетуге болады [26, 120 б].

Дегенмен де қарақалпақ диаспорасының салт-дәстүрлерінде өздеріне тән ерекшеліктер де бар, мысалы ұзатылатын қыздың ата-анасы оның екі қалтасына алты асыл тас немесе қымбат әшекейлер салады, оны күйеу жігіттің әке-шешесі, яғни құдалары бағалап, сол бағаға сатып алады, осы ғұрыптан кейін күйеу жігіт қалыңдығын өзімен алып кете алады. Жаңа түскен келінді қауымға таныстыру, сәлемдестіру мақсатында және оған өсиет айту үшін беташар айтылады. Беташар мазмұны жағынан басқа кейбір халықтардағы жырларға аздап ұқсағанымен, түр, орындалу жағдайы жағынан тек қазақтар мен қарақалпақтарда ғана кездеседі [27, 12 б].

Қарақалпақ халқы өзінің мәдениетін, тарихын, шұғылданған кәсібін, шаруашылығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ешқашан ұмытқан емес. Сондай дәстүрлі кәсіптерінің бірі қолөнер болып табылады. Қарақалпақтарда қолөнер

дәстүрі ерте кезден дамыды. Ерлері көбіне ағаш ұсталығы, ершілік, зергерлікпен, ал әйелдері тоқымашылық, кілем тоқу, киіз басумен айналысты [28, 120 б]. Ұста шеберханасы «дукан» деп аталып, ол жер адамдардың бас қосатын беделді кісілер жиналатын орынға айналған.

Ұсталық кәсібі әкеден балаға немесе кіші інісіне мұрагерлікпен қалып отырды, кейде туыс адамдардың балаларын шәкірт қылып алды. Олар бірнеше жыл ұстаның үйінде тегін жұмыс істеді. Ұстаның құралдарының бастысы төс пен көрік және тағы басқа саймандар болды. Төстен басқа негізгі саймандардың барлығын ұста өз жасады, ал төсті Хиуа, Бұқара, Түркістан немесе Орынбор сияқты Ресейдің қалаларынан жеткізілді.

Киіз үйдің ағаш бөліктерін жасайтын шеберді үйші деп атады. Халық түсінігінде олардың Ибрахим Халил (ең алғашқы киіз үйді жасаушы) деп аталатын қоғаушы пірі болды. Үйді жасауды бастар алдында шебер піріне дұға жасайтын. Үйшілер көбінесе бес, алты, жеті қанатты киіз үйлерді жасады [29, 22].

Қарақалпақ халқында ағаш өңдеу шеберлері алуан түрлі ауылшаруашылық құралдарын жасаумен айналысты, олардың ең бастылары – ала, шығыр, арба, қайық және т.б. болды. Сонымен қатар, олар үй өндірісінде қолданылатын өрмек, мақта тазалайтын шығыршық, ыдыс сияқты ағаш заттарды жасаумен айналысты, ал кейбір ұсталар өте нәзік шеберлікті қажет ететін музыкалық аспаптарды (дутар, қобыз) жасады.

Сондай-ақ олар көне заманнан бері мал шаруашылығымен, суармалы егіншілікпен және балық аулаумен шұғылданып келеді. Дәнді дақылдардан бидай, арпа, күріш, тары екті, бақша жемістерін, әсіресе жүзім өсірді, әр отбасының өз бау-бақшасы болды. Мысалы, КСРО тұсында Өзбекстанда ауланатын балықтың 90%-ын қарақалпақтар беріп келді. Алайда Арал апатына байланысты балық аулау кәсібі үлкен күйзеліске ұшырады.

Атап отырғанымыздай, қарақалпақтар негізінен егіншілікпен және мал шаруашылығымен, сондай-ақ бау-бақша ісімен айналысады. Бау-бақша мен күнделікті тұрмысқа қажетті болып саналатын арпа, бидай, жүгері, бұршақ, асқабақ, пияз, тары өсіреді. Су жетпеген жерде жасанды суғару жүйелерін жүргізіп, диханшылықпен де танымал болған. Кеңес үкіметінің орнаған жылдарынан бастап қарақалпақтардың мемлекет үшін өндірген басты шаруашылық өнімдері мақта мен күріш болды. Қазақстанда тұратын қарақалпақтар егіншілік пен мал шаруашылығына қатысты аталып отырған барлық шаруашылық түрлерін жетік меңгерген. Соның негізінде олар кеңестік кезеңде және қазіргі уақытқа дейін қой мен сиырлар өсіріп, өздерін етпен, сүтпен, терімен қамтамасыз етіп отырады. Қарақалпақ шаруашылықтағы басты ерекшеліктерінің бірі ол түйе өсіру болды. Арал маңын мекендеген олар алыс шөл далада түйе өсіруді өте терең меңгерген.

Қолөнер қарақалпақ халқының дәстүрлі кәсібі болды. Ел арасында ұсталар, ағаш ұстасы, ерші, зергерлер сияқты көптеген шеберлер болды. Әйелдер тоқымашылық, кілем тоқу, киіз басумен айналысты.

ХІХ-ХХ ғ. басында қолөнершілер негізінен Чимбай, Кунград, Ходжеили қалаларында шоғырланды. Алайда қолөнершілердің көбі ауылды жерлерде көбірек болды [28, 23 б].

Қарақалпақ ұсталарының өздерінің жеке шеберхналары болды. Бірақ жеке шеберханасы жоқ кейбір ұсталар ашық аспан астында, үйінің жанында жұмыс жасай берді, ал суық түсісімен жұмысын үйінде жалғастырды немесе тапсырыс қабылдауын тоқтатты.

Ұста шеберханасын дукан деп атады. Барлық Орта Азия халықтарына тән түсініктегідей дүкен киелі орын болып саналды.

Ұсталық кәсібі әкеден балаға немесе кіші інісіне мұрагерлікпен қалып отырды, кейде туыс адамдардың балаларын шәкірт қылып алды. Олар бірнеше жыл ұстаның үйінде тегін жұмыс істеді.

Ұстаның құралдарының бастысы төс пен көрік және тағы басқа саймандар болды. Төстен басқа негізгі саймандардың барлығын ұста өз жасады, ал төсті Хиуа, Бұқара, Түркістан немесе Орынбор сияқты Ресейдің қалаларынан жеткізілді.

Төс те басқа құрал-саймандар сияқты киелі болып саналды, оның үстіне отыруға болмайтын. Отты үрлеуге арналаған көрік 7-8 ешкі немесе қой терісінен жасалды және қазақ көріктерімен өте ұқсас болды.

Әр түрлі көлемдегі сабы ағаштан жасалған бірнеше темір балғалар да ұстаның құралдарының бірі болды. Қарақалпақтар олардың көлеміне қарай «үлкен балға» немесе «кіші балға» деп атады. Бұдан басқа ұстаның құралдары кескіш, қашау, қысқыш, тескіш, көсеу, бұрғы, дәнекер, егеу және т.б. болды. Аталған саймандарың көмегімен олар кетпен, орақ, күрек сияқты ауыл шаруашылық құралдар мен күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарды жасады.

Қарақалпақ ұсталары қолданған техникалық әдістер, құралдың атаулары, формаларының Орта Азияның басқа халықтарымен айырмашылығы аз болды.

Қарастырылып отырған кезеңде әр түрлі көлемдегі және үлгідегі, оынң ішінде арба дөңгелектеріне арналған шегелерге деген сұраныс жоғары болды. Мұндай шегелерді қарақалпақтар гулмыйык шеге деп атады. Шегенің барлық түрін шеге қалып арқылы соқты.

Ұсталар сонымен қатар, балық аулау құралдары шанышқы, ілме және қой қырқуға арналған қырықтық, аңшының қақпанын жасады.

Жергілкті ұсталар халықты үй тұрмысында қолданылатын қысқаш, қайшы, құлып, қырғыш, кепсер, темирошақ, пышақ, біз, ұстара сияқты металл заттармен де қамтамасыз етті. Әсіресе, халық арасында ұстара мен пышаққа деген сұраныс жоғары болды. Ұстараны болаттан, ал пышақты темірден кейде болаттан жасады.

Қарақалпақтар зергерлік өнермен Орта Азия және Қазақстан халықтары сияқты өте ертеден айналысты. Қарақалпақ халқының зергерлік өнері туралы аз зерттелген. Дей тұрғанмен, олардың зергерлік бұйымдарының Орта Азия халықтарының бұйымдарынан өзінше ерекшелігі болды.

ХІХ-ХХ ғ. басында қарақалпақтар арасында зергерлік өнер өте жоғары деңгейде дамыған болатын. Олар негізінен әйелдің әшекей бұйымдары мен ер-тұрман, белбеу және т.б. заттарды жасаумен айналысты. Күмістен және алтыннан жасалған бұйымдар жоғары сұраныста болды. Әр бір үлкен ауылдың өзінің зергері болды. Ол көршілес ұсақ ауылдардың да талаптарын қанағаттандырып отырды[27, 23 б].

Зергерлер тапсырысты өзінің үйінде дайындады, кейде тапсырыс берушінің үйінде жұмыс істеуге де шақыратын. Сирек жағдайларда зергер өзінің құрал-саймандарын ала жүріп, ауыл-ауылдарды аралап, тапсырыс қабылдайтын, жұмыс біткен соң зергерге ақшалай, бидаймен немесе малмен ақысын қайтаратын. Кейбір зергерлер күміспен қайтаруды талап етті.

Әшекей бұйымдарға деген сұраныс үлкен болды, сондықтан тапсырыс беруші өзінің тапсырысын бірнеше ай күтуге тура келетін жағдайлар да болды. Зергерлердің бұйымдарында айырмашылық аз болды. Шебер өз ісіне өзінің баласын, жақын туысының баласын үйретуге тырысты.

Алайда зергерлердің көбі осы кәсіптен түскен пайдаға күн көре алмады, сондықтан егіншілік, малшылық, балықшылықпен қоса айналысты.

Қарақалпақ зергерлері әр түрлі әйел әшекейлері: сырға, білезік, жүзік, қапсырма, әйкел, өңірмоншақ, түйме, тұмар, кілтбау және т.б. жасады. Көптеген зергерлер мыс құман, леген, насыбай шақша, сандықтың құлпы және т.б. заттарды жасады. Олар негізінен бай адамдардың тапсырысы бойынша жасалды. Асыл тастармен, алтын, күміспен безендірілген белбеулер, ер-тұрмандарды жасату тек ауқатты адамдардың ғана қалтасы көтеретін.

Кейбір зергерлердің арнайы шеберханасы болмады, ондай жағдайда олар бұйымдарды өзінің үйінде жасай беретін. Арнайы шеберханалар саз балшықтан жасалған ескі үйлер немесе киіз үйлер болды.

Зергердің құралдарын ұсталар жасап беретін, кейде өздері де жасай беретін. Зергердің құралдары ұрпақтан ұрпаққа қалып отырды. Зергердің құралдары төс, балға, көрік, қалып, егеу, қашау, қысқыш, іскенже, сымтараш, тескіш көсеу, дәнекер болды.

Әр бір зергердің міндетті түрде асыл металдар мен тастарды өлшеуге арналған таразысы болуы тиіс болды.

Зергерлік бұйымдарды жасайтын негізгі материал күміс болды, алтын сирек қолданылды. Кейде күміс пен алтынның ерітінділерін қосып, ашық сары түсті металды дайындады, оны «тилла» деп атады. Одан сырға, жүзік, білезік жасады.

Қарақалпақ зергерлернің техникалық әдістері сан алуан болды. Олар қақтау, құю, оймалау, сіркелеу, қалыптау, шекіме, қақтау, алтын, күміс жалату, сым кәптәу және т.б.әдістерді қолданды.

Қарақалпақ зергерлері өздерінің бұйымдарын ақық, перуза, меруерт, маржан, гаухар сияқты асыл тастармен қатар түрлі түсті шынымен де безендірді. Тасты бұйымның ортасындағы ұяға немесе жан-жағына қондырды.

Қарақалпақ халқының зергерлік бұйымдары Орта Азия халықтарының бұйымдарынан көркемдік өзінділігімен және орындалу техникасымен ерекшеленеді. Олар көбінесе күмістен жасалып, ірі, өрнектелген, көптеген күміс салпыншақтармен безендірілген болып келеді. Кейбір бұйымдар түркмен және қазақ халқының зергерлік бұйымдарымен ұқсас болып келеді .

Қалайы өңдеу қарақалпақтарда аз таралған еді. Қалайы өңдеумен айналысатын шеберді мыскер деп атады. Бұл металл Ресейден Орынбор және Ташкент темір жолдары арқылы жеткізіліп отырды. Одан негізінен мысқұмған, шәйнек, насыбай шақша, леген, шелек сияқты тұрмыстық заттарды жасады.

Қарақалпақ халқында ағаш өңдеу шеберлері алуан түрлі ауылшаруашылық құралдарын жасаумен айналысты, олардың ең бастылары – ала, шығыр, арба, қайық және т.б. болды. Сонымен қатар, олар үй өндірісінде қолданылатын өрмек, мақта тазалайтын шығыршық, ыдыс сияқты ағаш заттарды жасаумен айналысты, ал кейбір ұсталар өте нәзік шеберлікті қажет ететін музыкалық аспаптарды (дутар, қобыз) жасады. Ұсталардың барлығы дерлік ағаш оюдың шебері болды және сандық, киіз үй есігі, сабаяқ, келінің бетін көркем оюмен өрнектеді.

Шеберлер жұмыстарын ұстаханада жүргізді, олар тек тапсырысқа ғана жұмыс істеді. Тапсырыс беруші ағаш материалдарды өзі әкелді.

Арба жасауда жергілікті үйеңкі, өрік, жиде талдарын қолданды. Арбаның бөлшектерін бөлек-бөлек жасап, одан кейін бір-біріне қосты. Бір арбаны жасауға 30-35 күн кетті.

Ер-тұрманды жасауға ақ тал мен теректі қолданды. Ер тоқымның бөліктерін бөлек жасап, одан соң желімдеп жапсырды.

Киіз үйдің ағаш бөліктерін жасайтын шеберді үйші деп атады. Халық түсінігінде олардың өзінің қоғаушы пірі болды, оны Ибрахим Халил деп атады, ол ең алғашқы киіз үйді жасаушы болып табылады. Үйді жасауды бастар алдында шебер оған сиынатын. Үйшілер көбінесе бес, алты, жеті қанатты киіз үйлерді жасады.

Сонымен қатар қарақалпақтардың мәдени шаруашылығының басты түрлерінің бірі киім тігу болды. Қарақалпақтардың ұлттық киімдері қазақ және өзбек халықтарыныкіне өте ұқсас. Бұған осы халықтардың географиялық және мәдени жақындығы ықпал еткені айтпаса да түсінікті. Алдымен ұлттық киімдерден бастасақ, қарақалпақтарда Ұлттық киім үлгілері тек үлкен буын өкілдерінде көрінді. Көне қарақалпақ киімдері өте сәнді, әсіресе әйелдердің бас киімдері мен жамылғылары алуан түрлі болды. Көне қарақалпақ киімдерінің жұрнағын тек қазіргі әйел көйлектерінен ғана байқауға болады [30, 12].

Қарақалпақ халқы орта азиялық түркі халықтарының бірі болғандықтан, ол да өзге түркі тілдес халықтармен бірге Ислам дінін сонау орта ғасырларда қабылдаған. Орта Азияда исламның дамуы олардың да діни өмірін өзгерткен және дамытқан. Қазіргі таңда қарақалпақтардың барлығы Исламның Ханафи мәзхабын ұстанатын суннит мұсылмандары болып табылады. Олардың ислам дінін қабылдай бастауы нақты белгілі болмаса да, зерттеушілердің болжауынша, қарақалпақтар да басқа түркі халықтары секілді Х-ХІІІ ғасырларда мұсылмандықты қабылдады. Халықаралық жобаның сауалнамасына қатысқандардың 86,5%-ы ислам дінін ұстанып, діни әдет-ғұрыптарды орындайтындарын және тек мұсылмандармен некелесетінін білдірді.

Өзге ортаазиялық халықтардағы сияқты қарақалпақтарда да отбасындағы әйел адамның орны көбінесе оның өндіріске қатысуына байланысты болды.



Осы тұрғыдан алғанда регион халықтарын екі үлкен топқа бөлуге болатын сияқты. Бірінші топқа мал шаруашылығымен айналысқан, көшпелі немесе жартылай көшпелі тұрмыста өмір сүрген қарақалпақтардың басым көпшілігін жатқызамыз. Әдетте мал шаруашылығында – малды сауу, төлін күту, мал өнімдерін шығару, өңдеу жұмысында әйел затының алатын орны маңызды. Қоғамдық өндірістегі орнына қарай бұл халықтардың әйелдерінің отбасындағы орны да аса төмендетілген жоқ. Олар отырықшы-қалалық халықтардағы сияқты қапаста өмір сүрмеді, бетін пердемен жаппады. Патриархалдық, исламдық заңдар бойынша осылай істеу керек болса да көшпелі тұрмыста оған жағдай болмады. Сондықтан көшпелі, жартылай көшпелі, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан халықтарда әйелдің қоғамдағы, отбасындағы орны отырықшыларға, қалалықтарға қарағанда объективті түрде жоғары болды [16, 21 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет