Қорытынды. Машина–трактор паркінің жай-күйін талдау:
Тракторлар мен комбайндар паркiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмi 7-10 жыл бола тұрса да, олардың қазiргi орташа пайдаланылуы 13-14 жылға созылып отыр. Қолда бар техниканың техникалық әзiрлiк коэффициентi 0,7-ден аспайды және техника бiрлiгiне жүктеме нормативтен 1,2-1,6 есе артық.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң техникалық жарақтандырылуының қазiргi деңгейi оны тиiмдi дамытудың тежеушi факторы, ауыл шаруашылығы дақылдарын егiп өсiру технологияларын қарап байырландырудың, өсiмдiктер зиянкестерi, аурулары таралуының, топырақтағы қара шiрiк жоғалуының және түптеп келгенде өнiм сапасы төмендеуiнiң себепшiсi болып табылады.
Мен орындаған курстық жобамның тақырыбы «Кәсіпорындардың орталық жөндеу шеберханаларында машина-трактор паркіне техникалық қызмет көрсетуді жөндеуді жобалау және ұйымдастыру майлау жүйесінің бөлшектеріне техникалық қызмет көрсету». Еңбек сыйымдылықтарды шеберхана бөлімдеріне бөлу арқылы өндірістік жұмысшылар санын анықтадық Р=15 адам. Шыққан есеп бойынша шеберхананың жүктеу графигін тұрғыздым. Технологиялық бөлімде шеберхана жобасын жоспарладым. Болашақта орындалған курстық жобам өндірістегі жұмыстарды ұйымдастыруға көп әсер етеді деп сенемін.