1.1 Жемдік қоспалардың түрлері Жемдік қоспа өндірісі ауыл шаруашылық жануарларына арнап келесідей өнім түрлерін шығарады. Олар:
o құрама жем (кон - центраттар);
o нәруызды-витаминді қоспалар (НВҚ);
o жемдік қоспалар;
o премикстер, микроқоспалар; карбамидті концентрат;
o карбамидті концентратнегізіндегі НВҚ;
Кейбір елдерде жемдік қоспаларды дайындайтын кәсіпорындарда қайнатылған және қабыршықты талшық негіздегі өнім түрінде (Ұлыбритания, Италия) алады. Бұдан басқа сұйық күйдегі жемдік қоспаларды (АҚШ) кездестіруге болады.
Құрама жем. Қажетті ірілікте тазартылған және қиыршық түрінде кездесетін, ғылыми негіздегі рецепт бойынша дайындалған күрделі біркелкі қоспа түріндегі кездеседі. Мал шаруашылығындағы жануарларға арналып дайындалады.
Құрама жем барлық ауыл шаруашылық жануарларына арналып дайындалады. Сонымен қатар суық аймақтарда өсірілетін солтүстік бұғылар мен қойларға жылдық қор ретінде жиналады. Құрама жемдер түйіршіктелген және бос күйінде дайындалады. Құрама жемді екі үлкен тоқа жіктеуге болады: толық рационды және концентратты түрдегі құрама жемдер.
Толық рационды құрама жем жануарлардың тағамдық және биологиялық активті заттарға деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Олар тұқымдық және генетикалық қасиеттеріне жауап берумен қатар, шаруашылықтың жоғары өнімділік нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оларды бірінші кезекте құс шаруашылығы үшін өндіреді.
Концентратты түрдегі құрама жемдер ірі қара малдарға, шошқаға және тағы басқа ауыл шаруашылық жануарларына арналған. Олар өзінің бойында жоғары дәрежеде протеин, микроқоспалар және минералды заттарды ұзақ уақытқа дейін сақтайды. Концентратты құрама жемді астыққа, шырынды жем-шөпке қажетті рационды тағамдық көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында қосымша түрде береді.
Жемдік қоспалар. Көбінесе ірі қара мал жануарларына арналған. Қоспаларды арнайы зауыттардың қондырғыларында өндіруге болады. Егер құрама жемдерді нормативті-техникалық немесе басқада себептермен зоотехникалық талаптарға сай болмаса оны жемдік қоспалар қатарына жатқызуға болады.