2.4 Жемдік қомпалардағы минералды заттар Ауыл шаруашылық жануарларының өнімділігіне және өмір сүруіне ауадай қажетті элементтер тізімі бар. Олар жануарларың өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл заттар тірі ағзаларда міндетті түрде болып, оларды биоэлементтер деп атайды. Жануарлардың ағзалардың пайдаланылуына байланысты биоэлементтерді макроэлементтер және микроэлементтер деп екіге ажыратады.
Ауыл шаруашылық жануарларының ағзасындағы минеалды заттар келесідей іс-әрекеттер орындайды:
-тіреуші қызметтің атқарылуы. Бұл ағзадағы ерімейтін минералды тұздардың қаңқаның түзілу қызметімен байланысты.
-судың қасиетінің өзгеруі. Ерітінді күйдегі минералды заттар электролиттер болып есептелінеді. Соның әсерінен судың химиялық және физикалық қасиеттерінің өзгеруіне алып келеді.
Макроэлементтер. Макроэлементтерге кальций, фосфор, магний, натрий, калий және хлор жатады. Олар жануарлар және жемдік қоспалар құрамында микроэлементтерге қарағанда едәуір көп шамада кездеседі.
Магний Сүйектерде, тістерде, бұлшық еттерде
Қаңқаның құрылымында, аралық зат алмасу, ферменттер активтендіру, бұлшық еттер мен жүйкелердіңдің қозғыштығының тежелуі, аммиак және зәр қышқылын залалсыздандыру
Қысқартылған жем-қоректік заттардың төмендетілген дәрежеде пайдаланылуы, терінің беттерінің бұзылуы, дене температурасының төмендету, өте баяу өсу
Фосфор Жасуша талшығын-
да, қаңқада және қанда
Қаңқаның құрылымында, энергия сақтау, буферлік белоктар, липидтер, ферменттер, гормондар мен витаминдер синтездеуде, көмірсу және май алмасуының ажырамас бөлігі ретінде
Сүйектері жұмсарып, морт сынуы, бедеулік, жемшөп қорының азаюы
Кальций Қаңқада және қанда
Қаңқаның құрылымында, сүт секрециясын, ынталандыру бұлшық ет пен жүйкені ынталандыру, жұмыртқаның қалыптастыру
Сүйектердің жұмсарып, морт сынуы
Натрий Ағзадағы сұйықтарда және бұлшық еттерде
Іс-қимылды, қан осмостық қысымын реттейтін буферлік әрекет, асқазан сөлінің секрециясын тиімді бөлінуі, ферменттер белсендіру (мысалы амилаза), жүйке және бұлшық демпферлік қозғыштығының артуы, электролит балансының реттелуі
Жемдік қоспалардың пайдаланылуының төмендеуі, өсім депресиясы, сүтті өнімдердің өнімділігінің төмендеуі, құстарда канибализмнің пайда болуы
Микроэлементтер. Микроэлементтерге темір, мыс, мырыш, марганец, селен, солибден және фтор жатады. Микроэлементтер деп аталу себебі олар ауыл шаруашылық жануарлар ағзасында және жемдік қоспа құрамында өте аз мөлшерде кездеседі. Макроэлементтерге қарағанда жемдік азықтардың ішінде өте аз мөлшерде кездеседі. Макроэлементтермен салыстырғанда олардың пайыздық мөлшері 0,1-0,5% шамасында кездеседі. Дегенмен олардың жануар ағзасында атқаратын қызметі өте маңызды. Микроэлементтердің қажеттілігі жануарлар ағзасына өте аз мөлшерде қажет. Олардың жетіспеуі әр түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Өмірлік қажеттілігі бар кейбір микроэлементтерді шамадан тыс қабылдау уландыратын әсерге алып келуі мүмкін. Мысалға, мыс, кобальт, йод, селен және молибден.
Бөлек микроэлементтердің қайда кездетіндігі, жануарлар ағзасындағы басты қызметтері, жемдік қоспа өндірісіндегі компоненттері келтірілген.
Макроэлементтердің жануар ағзасындағы қызметі мен жетіспеушілік кезіндегі әсері
Темір
Гемоглобин, миоглобин, бауыр
Тыныс алу мүшелеріне қажетті ферменттерді бөлуде, жемдік қоспа құрамында болатын токсинді және полифенолды заттарды бейтараптауда қызмет жасайды.
Анемия, асқазан мүшелерінің аурулары
Мыс
Қан
Артериядағы эластигагың түзілуіне әсері, бактериялық әсер нәтижесінде шошқалардың салмақ жинауында, темір қатысында жүретін зат алмасу үрдістеріне қатысуы, аралық зат алмасудаңы ферменттер құрамындағы басты заттар болып табылады.
Анемия, азыққа тәбетінің жоғалуы, қойлардың жүнінің өсуінің нашарлауы
Тері, қан тамырларда және асқазан мүшелерінде
Инсулин құрамындағы ферменттер, көмірсулы және нәруызды зат алмасуда, паракератоз және ірі қараның тезірек салмақ жинауында
Шошқалардағы паракератоз, сауынды сиырлардың сүтті беруінің нашарлауы, ірі қарада тері аурулары, етті және жұмыртқа алу мақсатындағы тауықтардың тері аурулары