5. Академия қызметін ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
51. Академияның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.
52. Академияның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, әртүрлі деректерді, олардың жинау әдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді.
53. Ақпараттық ресурстар кез-келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік) толық мәтіндік, фактографиялық және библиографиялық деректер базасын; анықтамалық-іздестіру жүйелерін; оның ішінде дәстүрлі және электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды; жергілікті қолжетімділіктегі электронды ресурстарды; білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды; ақпаратты тарату арналарын; білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды.
54. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетті, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.
55. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына, еркін қол жеткізумен қамтамасыз етіледі.
56. Академия кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми және ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды.
Ғылыми қорға сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын әдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сәйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді.
57. Академияның оқу әдебиеті басылымдарын: оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды және оқу пәндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша басқа да оқу басылымдары қамтиды.
58. Академиядағы оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері Академияда өздігінен жүзеге асырылады.
59. Академияда оқу сабақтарын жүргізу және басқа білім беру шаралары үшін қажетті аудиториялық базалар, оқу кабинеттері, спорт залдары, полигондар мен басқа да үй-жайлар орналасады.